Бақылау сұрақтары:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия мен оның одақтастарының жеңілуі
2. "Жеңгендер мен жеңілгендердің Европасы"
3. Фашистік мемлекеттердің ашық басқыншылыққа көшуі
4. 30-жылдардағы пейілдендіру саясаты және үжымдық қауіпсіздік жүйесін құру әрекеті
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1. Первая мировой война 1914-1918 гг Под ред А.Л. Сидорова М, 1968
2. Первая мировой война: политика, идеология, историография / Под ред Б.Д. Козенко. Куйбышев, 1990
3.Первая мировой война и проблемы полотического переустройства в центральной и Юго-Восточной Европе / Под ред. В.И. Беляева М, 1991
Лекция 16 Америка Құрама Штаттары
Қарастырылатын мәселелер:
1.1929-1933жж. әлемдік экономикалық дағдарыс және оның АҚШ-ғы ерекшеліктері.
2.Ф.Рузвельттің "жаңа бағытының" реформалары-экономиканы мемлекеттік реттеудің либералдык үлгісі
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлi өзгерiске әкелдi - АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуiр айында кiрдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлерi Еуропа құрлығына келiп, шiлде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерiн қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпедi. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өлiп, 230 мың адам жараланды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында АҚШ-тың өнеркә-сiп орындары тоқтаусыз жұмыс iстеп Еуропа елдерiнiң соғыс тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық кор-порация иелерi шексiз таза пайдаға кенелді. 1914-1918 жылдары АҚШ-тың таза кiрiсi 33,5 млрд доллар болды. Өнеркәсiптiң дамуының дүниежүзiлiк саладағы үлес салмағы өстi. 1919 жылы АҚШ дүниежүзiнде өндiрiлген өнеркәсiп өнiмдерiнiң, оның iшiнде көмiрдiң 50%, шойын мен болаттың ; мұнайдың ; автомобильдiң 85% шығарды. Соғыстың қорытындысында АҚШ-тың экономикалық күш қуаты артты. Сонымен қатар, АҚШ қаржы саласында Еуропа елдерiне көптеп инвестиция арқылы көмектесiп, өндiрiсiн дамытуда. Олар қаржы саласында АҚШ-қа тәуелдi болды.
АҚШ инвестициясы Еуропа елдерiне:
– соғысқа қажеттi заем 11 млрд долларға жеттi;
– Канада мен Латын Америка елдерiне жеке инвестиция мөлшерi 7 млрд доллар болса, 20 жылдарда дүниежүзi елдерiндегi АҚШ инвестициясының мөлшерi 18 млрд долларға жеттi.
Соғыстың АҚШ үшiн қорытындысы, Еуропа елдерiне Аме-рика капиталының көп мөлшерде шығарылуы, АҚШ қарыз беретiн елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ дү-ниежүзiне өзiнiң саяси экспанциялық саясатын нығайта түстi. Дүниежүзiлiк рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президентi Вильсонның сөзiмен айтқанда: «Бiздiң мiндетiмiз дүниежүзiне ақша беру болса, ақша берген ел әлемдi билей бiлуi керек». Бұл саясаттың негiзi – АҚШ-тың дүниежүзiлiк гегемондық билiкке шығуы болды.
Соғыстан кейiн АҚШ президентi Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды. Iшкi саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұс-тап, Американың қаржы капиталының мүддесiн қолда-ды. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдерiне қарсы экспанция-лық саясат жүргiздi. 1918 жылы қаңтарда атақты «14 пункт» бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты.
1920-1921 жылдарда АҚШ-та экономикалық дағдарыс кең етек алды. Елде ереуiлдiк қозғалыс күшейдi.
1919 жылы елде 210 мың өнеркәсiп орындары болса, ол 1921 жылы 192 мыңға қысқарды. Жұмыссыздық 5-6 млн адамға жеттi. Ереуiлдiк қозғалысқа қатысқан адамдар саны 4,5 млн жеттi. 1921 жылы АҚШ-та екi коммунистiк партия бiрiгiп, бiр партияға айналды. АҚШ-та дағдарыс жылдарында демократиялық қозғалыс кең етек алды. Ереуiлдiк қозғалысқа Америка Еңбек конфедерациясы (АЕК) кәсiподақ ұйымы басшылық жасады. Экономикалық дағдарыс президенттiк сайлау қарса-ңында демократиялық және республикалық партия арасында саяси күрестi күшейте түстi. Вильсонның демократиялық партия үкiметiнiң, халықтың алдында беделi түсе бастады.
1920 жылы қараша айының 2-і күнi АҚШ-та президенттiк сайлау өттi. Сайлауда республикалық партияны қолдап 16 млн дауыс берсе, демократиялық партияны қолдап 9 млн сайлау-шылар дауыс бердi. 8 жыл елдi басқарған демократиялық партия жеңiлiс тапты. АҚШ президентi болып республика партиясынан Уоррен Гардинг (1865-1923) сайланды. Вице-президентi болып Калвин Кулидж болды. Республикалық партия үкiметi келген-нен кейiн де елдегi экономикалық дағдарыс жалғасты. Iрi монополияға сенiм артқанымен, Гардинг үкiметi қарсылыққа душар болды. 1923 жылы елдi аралап жүрген кезде, аурудан Гардинг қайтыс болып, оның орнына вице-президент Кулидж тағайындалды.
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi АҚШ. 1924 жылы АҚШ-та президенттiк сайлау болып, республикалық партия екiншi рет жеңiске жетiп, Кулидж президент болды.
1924 жылы АҚШ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңiне өттi. Буржуазияның саяси ықпалы күшейдi. Ереуiлдiк қозғалыс жеңiлiс тапты. Жалпы демократиялық қозғалыс сайлаудан кейiн әлсiредi. Экономикалық өрлеу үшін АҚШ буржуазиясы қаржы бөлуге кірісті. Экономика құрылымын өзгертiп, iшкi өндiрiске капиталды салып, жаңа технологияны енгiзiп, өндiргiш күштiң тез өсуiне жағдай жасады. Өнеркәсiптiң жаңа салалары: ауыр өнеркәсiп, автомобиль, машина жасау, энергетиканың дамуына көңiл бөліндi. Өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру тез өстi.
1928 жылы АҚШ-та кезектi президенттiк сайлауда республикалық партия жеңiске жетiп Герберт Гувер елдiң президентi болып сайланды. Гувер үкiметі сайлаушылардың үмiтiн ақтай алмады. Гувер үкiметi iшкi саясатта миллионерлердi қолдап, iрi монополия иелерiне жеңiлдiктер жасады. Жеке меншiк компа-нияларына жеңiлдетiлген несие берсе, корпорация иелерiне салық мөлшерiн азайтты. Шет елдiң тауарларына баж салығын өсiрiп, iрi өнеркәсiп монополиясы тауарларының бағасын көтерді. Iрi монополияларды мемлекеттiк субсидия (көмек) арқылы қолдап отырды. Гувер үкiметi дағдарыс жылдарында мемлекеттiк-монополиялық саясатты жүргiзуге мәжбүр болға-нымен, оған шектеу қойып отырды. Бұл саясатты АҚШ-та кейіннен Рузвельт үкiметi толық жолға қоя алды.
Гувер үкiметiнiң сыртқы саясаты 20-жылдары басталған экспанциялық бағытта жүргiзiлдi. Қаржы-ақша саясаты АҚШ-тың халықаралық қатынастағы орнын нығайтты. Шет елдерге АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшерi 16,5 млрд доллардан 27 млрд долларға өстi. Американ капиталы Латын Америкасы елдерiне көптеп шығарылды. Бұл АҚШ монополистерiне шексiз пайда әкелдi. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейттi.
АҚШ үкiметi Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсiретiп, Вашингтон конференциясынан кейiн Қытайда өз беделiн көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық көтерiлiсiнiң басталуына әкелiп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерiнде беделi нығая түстi. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегi берiлдi. Еуропада Германия арқылы АҚШ-тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзiнiң антисоветтiк саясатын жалғастыра бердi.
Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ. 1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшiн дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшелiктерiне тоқталып өтейiк. Экономикалық дағда-рыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған едi. 20-жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзiнде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшерi 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жеттi.
1929 жылы қазан айының 24-і күнi қор биржасында 12,4 млн акция сатылса, бес күннен кейiн 16,4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция иелерi 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтiп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында 19 млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер еттi. Сөйтiп, дүниежүзiлiк капитализм дағдарысы басталды. Ол АҚШ-тың өнеркәсiп салаларын түгелдей қамтыды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесi айтарлықтай дағдарысқа жеттi. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықтар өздерiнiң банкке салған жинақтары-нан айрылып, қайыршылық жолға түстi. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигiздi. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмiтiн үзе бастады. Американың гүлдену дәуiрiне сенiмсiздiк күшейдi. Индивидуализм идеясына байла-нысты әрбiр американ азаматы өз күшiне сену керек екенiне көздерi жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтiк жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтiк қайшылықтың тереңдеуi, бұқара халықтың күреске шығуына әкелдi. Демократиялық партия АҚШ президенттiгiне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттiң кандидатурасын ұсынды.
Ф.Рузвельт сайлау алдында өзінің жаңа экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негiзгi бағыты миллиондаған кедейленген халықтың мүддесiн қорғау деп түсiндiрдi. Рефор-маның жаңа ұраны тарихта «жаңа бағыт» деп аталды. Ф.Рузвельттiң жаңа бағытын американ қоғамы онша түсiне алған жоқ. Сондықтан бiрден саяси қайраткерге айнала алмады. Бiрақ та сайлау қарсаңындағы үгiт-насихат жұмысының барысында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттiк тұрғыдан реттеу екенiн түсiне бастады. Мемлекеттiк реттеу – экономиканы дағдарыстан шығарудың бiрден-бiр жолы екенiн сайлаушылар да түсiнiп, Ф.Рузвельттiң саяси беделi өсе бастады. Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзiнде Ф.Рузвельт елдегi азаматтық құқықтың сақталуын, оған мемлекеттiк жауапкер-шiлiктi күшейтуi керектігін айтып отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күнi Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзiнде «экономикалық жоспарлау» идеясын ұсынды. ХХ ғасырда американдықтар үшiн тәуелсiздiк Декларациясына өзгерiстер енгiзудiң қажеттiлiгiн айтты. «Әрбiр адам өмiр сүруге құқықты, сондықтан үкiмет әрбiр адамға еңбек етуге, еңбегiнiң нәтижесiн көре бiлуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшiн қызмет жасауы қажет» – деді. Америка мемлекетi халық-тың әлеуметтiк мақсаты үшiн жұмыс атқаруы керек, әрбiр адамды қорғау үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк жүйе қалыптасуы қажет екенiн айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негiзгi мәнi - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реформа жүргiзу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерiнде әр уақытта ескертiп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарла-масы халық алдында сенiмсiздiк тудырып, демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельттiң беделi өстi. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргiзудi талап еттi.
1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттiк сайлау өттi. Ф.Рузвельт жеңiске жеттi. Демократиялық партия АҚШ конгресiнiң екi палатасында да көпшiлiк орын алды. 1933 жылы наурыз айының 4-і күнi Ф.Рузвельт президенттiк қызметiне кiрiстi.
Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясаты. 1933 жылы наурыз айының 9-ы күнi Рузвельт үкiметi АҚШ парламентiнiң арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшiн жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бiрiншi кезеңi 1933-1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнiң негiзгi мақсаты АҚШ-тың қаржы-экономикалық да-муында корпоративтiк құрылымын нығайту болды. Капита-лизмнiң әлеуметтiк негiзiне өзгерiстер жасау арқылы, либерал-дық реформалар жасауға кiрiстi. Жаңа бағыт саясатының алғаш-қы күнiнен бастап АҚШ-та қаржы-банк жүйесiнде қайта құру шаралары жүргізілді. Мемлекет қаржы-банк жүйесiн өз қолына алу үшiн қаржы корпорация мекемесiн құрды. Мемлекеттiк қаржы корпорациясы (МФК) арқылы банктер заем алу құқына ие бола алды. Ол үшiн тек қана iрi банктердiң мүмкiндiктерi болды. Мемлекет банктерге субсидиция беру үшiн 5 млрд доллар бөлдi. Бiрақ мемлекеттiң көмегiн кез келген банк алу құқына ие бола алмады. Банк жүйесiн iрілендiру арқылы жүзеге асыра алды. Сөйтiп, АҚШ-та банк жүйесiндегi реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасын 40% арзандатты. Банк жүйесiнде мемлекеттiң ықпалын күшей-тiп, қаржылық қорды нығайтты. Мемлекет толық қаржы-банк жүйесiн өз қолына алды. Коммерциялық банктердегi халық салымын биржаларда сатуға тыйым салды. Банктердiң акцияларына мемлекет қатал бақылау жасады. Сөйтiп, қаржы-банк жүйесi толық мемлекеттің бақылауына көштi.
Әлеуметтiк-экономикалық салада 1933 жылы маусым айының 16-ы күнi жаңа заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсiптi қайта құру заңы (НИРА) деп аталды. Жаңа заң бойынша өнеркәсiптi қайта құру үшiн мемлекет бақылау жасап, өндiрiл-ген өнiм мөлшерi мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнер-кәсiп иелерi корпоративтiк бизнес жасауға еркiндiк алды.
НИРА заңдарының негiзгi бағыты жұмысшы табының әлеуметтiк саласын қорғау болды. Бұл заңның 7а-бабында жұмысшылар кәсiподақ ұйымдарына бiрiгуге болатынын, соны-мен қатар ұжымдық бiрлестiк келiсiмдерiн жасауға толық құқықтарын белгiледi. Өнеркәсiп иелерiмен келiсiм-шарттарын жасап, жалақы және жұмыс күнiн белгiлеуге мүмкiндiк алды.
Өнеркәсiптi қалпына келтiру НИРА заңы жұмыссыздықты азайту туралы да шаралар жүргiздi. Бұл шараларды жүргiзу үшiн қоғамдық жұмысты әкiмшiлiк реттеу (PWA) заңын қабылдады. Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясатының негiзгi қорытындысы қалай аяқталды? Мемлекеттiң өнеркәсiп саласында белсендi араласуы дағдарыстан шығуға мүмкiндiк жасады. Өнеркәсiп өнiмдерi 1929 жылғы өндiрiлген деңгейдiң 80% жеттi. 1933 жылы өнеркәсiп өнiмдерi 63% жеткен болатын. Жұмыс-сыздықты азайтқанымен, ол толық жойылған жоқ. 1935 жылы АҚШ-та 7 млн адам жұмыссыздар қатарында болды. «Жаңа бағыт» саясаты қалай десек те АҚШ-тың экономикалық дағда-рыстан шығуына көмектесті. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы АҚШ-тағы «жаңа бағыт» капитализмдi сақтап қана қойған жоқ, мемлекеттiк реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуы-на мүмкiндiк жасады. Буржуазиялық реформа капитализмнiң жаңаша дамуына жол ашты. Ал Еуропа елдерi - Германия мен Италия корпоративтiк жолмен дамуға көштi. Мемлекеттiк реттеу идеясы жаңа бағыт саясатының негiзгi бағыты болды.
АҚШ-тың сыртқы саясаты 1933-1939 жылдарда. Ф.Рузвельт үкiметi сыртқы саясатта жаңа бағыт ұстады. Экспанция-лық саясаттан толық бас тарта алмағанымен, 30-жылдардағы Европадағы фашистiк үкiметтердiң агрессиялық саясаты АҚШ үкiметiнiң сыртқы саясатына бiршама өзгерiстер жасауға мәжбүр етті. Бұрынғыға қарағанда өте сабырлы саясат жүргiзуге тырысты. Ең алғашқы қадамдарының бірі - антисоветтiк саясат-тан бас тартуы болды. Сөйтiп, 1933 жылы 16 қарашада АҚШ үкiметi КСРО-ны мойындап, елшiлiк қатынас орнатты. Бұл сол жылдардағы сыртқы саясаттағы ірі жеңiсі, Ф.Рузвельттiң көрегендiк ақыл-ойының нәтижесi еді.
30-жылдардағы АҚШ-тың Латын Америка елдерiне бағытталған экспанциялық саясаты бәсеңдеді. АҚШ үкiметi бұл елдермен «көршiлiк» саясатын жүргiзе бастады, яғни басқын-шылық саясатынан бас тартуға тура келді. Еуропа елдерiндегi фашистiк бiрлiктiң құрылуы АҚШ үкiметiн ойландыра бастады. Себебi, олар фашизм қаупi дүниежүзiлік қауiп екенiн түсiне бастады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында АҚШ үкiметi-нiң негiзгi бағыты «бейтараптық» саясат болды. Бұл саясаттың негiзгi бағыты фашистiк елдердiң агрессиялық саясатын қолдай отырып, КСРО үкiметiнiң соғыс қарсаңындағы коллективтiк қауiпсiздiк саясатын қолдамау еді. 1937 жылы қазан айының 5-і күнi Чикаго қаласында сөйлеген сөзiнде Ф.Рузвельт «қазiргi уақытта бүкіл әлем фашизмге қарсы күресте бiрiгуiмiз қажет» — дедi. Бейтараптық сыртқы саясат АҚШ үкiметiн оқшаулауға әкелдi. Бiрақ та екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты Германияны шығысқа карай соғыс ашуға, яғни КСРО-ны күшпен жоюға итермелеп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |