Лекция: 20 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ : 64 Барлық сағат саны : 90 Аралық бақылаулар саны:



бет2/17
Дата24.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#16289
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лекция №1


Тақырыбы: Кіріспе.

(1 сағат)

Жоспары:
1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.

2. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым.

3. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары.
Лекцияның мақсаты:

Студенттерге саясаттанудың объектісі, пәні, саясат, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым екендігі және саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары туралы түсінік беру.



Лекция мәтіні:

1. Саясаттану пәні мен объектісі. Саясаттану ұғымы гректің (политик) және (логос) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Демек саясаттану дегеніміз – қоғамның саяси өмірінің қалыптасу мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, он ұйымдастыру жолдары, тәсілдері принциптері, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда, саясаттану – саясат сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.

Саясаттанудың негізін қалаушы ретінде данышпан ғалым Аристотельді айтады. Өйткені , ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеген. Дегенмен, ол саясатанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздегідей басын ашып бере алмады.

Саясаттану ұғымына қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Николко Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық тұрғыдан арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді.

Саясаттану объектісі- қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзіне биліктің әрекет ету процесі мен дамуын, бұқараның билікке қатысуын қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет объектісінің барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқа да ғылымдардың философия әлеу-меттану, құқық, тарихты зерттеу объектісі болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзіндік зерттеу пәніне ие болады. Саясаттанудың зерттеу пәні саяси би лікті қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әәдістері болып табылады.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым- қатынастары туралы жинақталған ғылым.


2. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым.

Саясат – ғылым – біріншіден, саясат қоғамдық - саяси өмірдің маңызды бір саласы жөніңде білім көзі болып, ол туралы жан – жақты ғылыми мағұлмат береді. Екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, олар ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.

Саясат - өнер - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірбиелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдалану мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап – арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі сондықтан. Дегенмен басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.

Саясат субьектіслері – іс - әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ. Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс - әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субьектісінің құрамы, іс - әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат – мүлделер, және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азамматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық - саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.

Саясаттану - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу обьектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.

Саясат және билік – Көптеген саясаттанушылар саясат «билік» санаты арқылы түсіндіруге тиіс деген пікірді ұстанады. Билік санатын пайдалану қажеттілігі саясат саласы тек мемлекет пен саяси жүйенің ғана қызметі шегінен шығады дегенді негізге алады.

Билік – бұл адамдарға берілетін нұсқауға және алда күтілетін тәсілге сәйкес іс – қимыл жасаған кезде шешімді күштеп міндеттеу және атқару немесе әсер ету қабілеті. Саясаттың пәні кез келген өкімет билігі емес, керсінше тек сөздің жария мағынасындағы билік қана болып табылады.

Саяси жүйе – билік жүргізуші әлеуметтік топтар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық – саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саясаттануда саясатты мүделер тұрғысынан қарап ұғыну бар. Мұндай көзқарасты жақтаушылар саяси процестер мен құбылыстардың жасалуының алғашқы тетігі ретінде адамдардың топтық қажеттері мен осының негізінде пайда болатын әлеуметтік ( экономикалық, саяси мәдени және басқа да ) мүделер болатына назар аударады.

Саясатты әралуан тұрғыда түсіндіру осы құбылыстың өзінің көп өлшемдігіне байланысты болады.

Саяси процесс – 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.б.


3. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары. Саясаттанудың заңдары - Өзге ғылымдар секілді саясаттануға да обьективтілік заңдар тән. Саясаттанудың заңдары категориялармен үйлесіп, саяси жүйеде обьективтілік және субьективтілік арасындағы қатынас формаларын белгілейді. Сондай – ақ билеуші қатынастар түрлері мен қызметінің әртүрлі сәттерін көрсетеді. Тағы бір назар аударатын нәрсе, бұл баптың аясындағы тақырып бойынша саясаттануды зертттегенде обьективті екі заң бар. Олар мынау: саяси жүйенің барлық түріне қолдануға болатын жалпы заңдар және белгілі жүйе түрінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеретін заңдар.

Жалпы заңдар - қатарына - әлеуметтік таптық сипатқа тәуелді саяси биліктің түрі, саяси және экономикалық биліктің өзара кірігіп кетуі және т.б. жатады.

Өзіңдік ерекшеліктер – ескерілетін заңдарға саяси жүйеде қажетті байланыстармен негізделген саяси биліктің тұтастығы мен бөлінісі, саяси биліктің легитимациясы кіреді.

Саясаттану заңдарын терең ұғыну үшін саяси биліктің маңызы мен тенденцияларын бейнелейтін зандылық жүйесінің сипаттамасын жасауға жол ашады. Назарға алынатын айқын сипатына орай оларды мынадай үш топқа бөліп қарастыруға болады:

Бірінші топқа – экономикалық базис пен әлеуметтік – саяси биліктің арақатынасын көрсететін саяси - экономикалық заңдылықтар.

Екінші топқа - өзінің ішкі логикасы және құрылымы мен биліктің тұрақтылығын нығайтатын негізгі әлеуметтік жүйе секілді дамитын саяси билікті бейнелейтін саяси - әлеуметтік зандылықтар.

Үш інші топқа - саяси - психологиялық заңдылықтар жатады. Олар билік пен жеке адамның қатынастарын көрсете отырып, саяси лидердің билік тұтқасын ұстап және оған жете білуінің маңыздылығын паш етеді.

Жинақтап айтатын болсақ , саясаттану барлық өзінің заңдарымен, оның категориялары арқылы саяси ғылым ғимараттың тұғыры мен керегесін құрайды. Саяси құбылыстар мен процестердің ерекшеліктері мен торабының пункті секілді әсер етеді.

Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіне тән категориялары бар. Оның категорияларына төмендегі ұғымдар жатады саяси, саясат, саяси қатынас, саяси жүйе, саяси мүдде, саяси сана, саяси процесс, саяси мәдениет пен адамдардың саяси қызметті, қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру білімдерінің тұтас, жүйелі жиынтығы.

Саяси деген сөз – бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Олардың саяси қызметіндегі ортақ индивидтермен немесе бірлестіктермен интегралданған тап, партия, ұлт, мемлекет, әлеуметтік топ іс - әрекеттері ықпалдастықтарының ерекшеліктері саясилықтың маңызды элементтері – саяси бостандық, демократия, жариялылық түсініктері болып саналады. Бұл жерде «саяси» ұғымы саясат аясындағы осындай жайлардың болмаса басқа құбылыстар мен процестердің ықпалды қызметі ретінде көрініс береді.

Тағы бір тоқталатын нәрсе, саясат категориялары саяси қатынас, саяси шындық , саяси сана деген түсініктемелермен де айқындалады. Саяси қатынас пен қызметтің түйіні болып мемлекет пен саяси жүйені құрайтын өзге де саяси институттар болып есептеледі. « Саяси жүйе » ұғымы « азаматтық қоғам » түсінігімен қабыса отырып, өзіне қанаттасқан ұғымдармен – саяси институт, саяси партия, қоғамдық ұйым және қозғалыс бюрократия, саяси режим, басқарушы элита, диктатура т.б. атаулармен толыға түседі. Осыған байланысты саяси жүйенің қызметі мен динамикасын қарастырғанда « саяси процесс » түсінігінде көрсеткіш компоненттері мен аспектілерінде функцияланған саяси жүйелер, саяси реформалар, саяси революция, саяси шиеленіс және дағдарыс т.б. көрініс табады.

Бұл шоғырланған ұғымдар саяси қызмет пен қатынаста, саясаттағы субьект пен обьекті, саяси қажеттілік пен мүдде, саяси басқару әдістері мен түрлері, стратегия мен тактика, саяси басшылық пен мінезі және тағы басқаларын атап айтқан жөн.

Егер саяси шындықтың саналы жақтарын, яғни « саяси мәдениетін » сипаттайтын түсініктер жүйесін көрсетіп бермесе, саясаттанудың категориялық ерекшеліктерін байқату толыққанды болмаған болар еді. Бұл деген сөз, саяси сана, саяси құндылық принциптер, дәстүр мен нормалар, позиция, саяси социология, саяси белсенділік, саяси шеттетілу, сондай – ақ, саяси мәдениет түрлерінің маңзды жақтарын көрсететін ұғымдар.

Саясаттанудың әдіс-тәсілдері - Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп- білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуші ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.

Саясаттанудың қызметі - Саясатттанушылар өмірде төмендегідей қызмет атқарады: гнесоологиялық яғни, саяси өмір шындығын т.сіндіру, саяси болжам жасау, саяси теорияларды тұжырымдау, қортынды жасау; аксеологиялық яғни, саяси құрылысқа, идеологияға, институттарға, саясатқа қатысушыларға демократиялық, саяси мәдениетті қалыптастыру ; саяси өмірді рационалдандыру, яғни саяси құрылымдарды, саяси реформаларды және жаңартуларды теориялық тұрғыдан дәлелдеу ; тәрбиелеу, яғни азаматтардың саяси мінез – құлқына тікелей әсер ету.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қортынды саясаттану қоғам өмірінде де оның әрбір мүшесінің қызметінде де аса зор роль атқарады, әрбір азаматтың қоғамдағы өз орның табуына, өз қалауы мен талап - тілегін іске асыруына көмектеседі.



Лекция № 2
Тақырыбы: Саясаттану – ғылым
(1сағат)

Жоспары:

1. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиорисмтік, әлеуметтанулық, психологиялық,

институционалдық, тарихилық әдістері.

2. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық,

аксиологиялық, тәжірибелік, т.б.

3. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.


Лекцияның мақсаты:

Студенттерге саясаттанудың салыстырмалық, жүйелік, бихевиорисмтік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістері, прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік, т.б. функциялары және саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны туралы түсінік беру.


1. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп- білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуші ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б.жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсінуге болады.

Нормативтік әдіс ( ХIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған ) қоғамдық игіліктің ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Жоғарыда аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.


2.Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік, т.б. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. Саясаттану ғылымы да мынадай қызметтер атқарады:

  • Танымдық қызметі. Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

  • Бағалау қызметі. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшілік оны ақтайды немесе қаралайды.

  • Саяси әлеуметендіру қызметі. Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Қазіргі кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендіру жұмысын жетілдіруді қажет етеді.

  • Реттеушілік, басқарушылық қызметі. Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәліметтер береді.

  • Саяси өмірді жетілдіру қызметі. Бұл ғылым саяси инситуттар мен қатынас-тарда, басқаруда реформалар жасап, оларды байта қарауда теориялық негід болады. Оның көмегімен заңшығарушы атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешімдер алдан- ала тексеріліп зерттеледі, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан тал-данады.

  • Болжау қызметі. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиіс.


3. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу обьектісі – ортақ қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орынын анықтап алған ләзім.

Саясаттану ең алдымен фәлсафамен ( философиямен ) тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байланыстардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы зандылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетіледі, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясттануға жүгінеді.

Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономика саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестрді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.

Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс – тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықтық К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың ерік деп атаған.

Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану ( социология ). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принцптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастық дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.




Лекция №3
Тақырыбы: Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
(1сағат)

Жоспары:
1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм).

2. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель,

Цинрон ).

3. Орта ғасырлық шығыстағы саяси ойлар (Әл- Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер

Науаий )

4. Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр ( Марк Аврелий, Фома Аквинский,

Мартин Лютер)

5. Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Мапиавели, Томас Мор, Жан

Боден).


Лекцияның мақсаты:

Студенттерге ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм), Грекия мен Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицирон ), орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл- Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаий ) және саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр ( Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер) Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден) туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:
1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм). Адамзат ойының даму тарихы үш мың жылды қамтиды. Біз бұл пән аясында саяси ойлар мен идеялардың бәрін бірдей қамти алмаймыз. Олардың ішінен біз өзінен кейінгі дәуірге әсер еткен ойлар мен көзқарастар туралы ғана сөз етеміз. Өйткені оларға бүгінгі күні де қоғамдық қызығушылық бар.

Көне Шығыста қоғамды ұйымдастыру мен билік туралы түсініктің дамуында буддизм мен конфуцияандық ерекше роль атқарады. Олар б.д.д. VII – VI ғ.ғ. қауымдық құрылыстың ыдырауы, алғашқы мемлекеттердің пайда болу дәуірінде дүниеге келеді. Бұл діни - филосоиялық идеялар мемлекеттің дамуына, өмір салтына, мемлекеттік және қоғамдық қайраткелердің ой – санасына, саяси қызметіне ықпал етіп келеді.

Буддизмнің шығуы Индияда Сидда – Харти Гаутама немесе Шакья Мунидің ( 563 – 483 ж. ) ( кейіннен Будда, яғни көзі ашық деп аталып кеткен ) қызметімен байланысты. Будда ілімінің бұрынғы Брахма дінінен айырмашылығы – ол адамға, адамның өзін - өзі жетілдіре, дамыта беру қабілетіне негізделеді. Адамның өзін - өзі жетілдіруі үшін оның сезім мүшелерінің алдауынан туатын құмарлықты жою, дүниеден безіп тақуалыққа жетуі қажет. Адам өткініші, жалған өмір сүретін масыл денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын және оны құтқарудың қамын ойлауы керек.

Буддизмнің көне жазбаларында мемлекет меншік иелерінің арасындағы жанжал негізінде пйда болды, сондықтан қоғамды нәсілдік – қасталық негізде болу құдайдың әмір емес деп көрсетілген. Буддизм адамдардың бәрі де рухани жетіле беруге қабілетті. Сондықтан адамдардың қоғамдық құрылысты өзгертуге емес, бұл дүниелік құмарлықтан безу арқылы өзін - өзі рухани жетілдіре беруге шақырады.

Буддизм Индиядан кейін Оңтүстікте Бирмаға, Тайландқа, Шри Ланкаға, Камбоджаға, Вьетнамға, Лаосқа, Солтүстікте Қытайға, Кореяға, Жапонияға, Тибетке, Монғолияға тарады.

Б.д.д. VI – V ғ.ғ. саяси қоғамдағы құбылыстарды зерттеген философтардың бірі – Қытай ғалымы Конфуций немесе Кунфуцзы ( 551 – 479 ж. Б.д.д. ) оның саяси ойлары, көзқарастары « Лунь – Юй » деген жинағында айтылған. Оны философтың шәкірттері шығарған. Конфуций ілімінің негізі – «жэнь» - адамгершілік, адамды сүюшілік мақсаты – адамгершілікті жетілдіре беру. Конфуций ілімінің бұдан кейінгі өзегі – «Ли» - жалпыға бірдей әлеуметтік талап «Жэньді» іске асырудың тәсілі. Бұл екуінің біріншісі - адамгершіліктің мазмұны болса, екіншісі оның формасы. Конфуций қоғамда ұрпақтан – ұрпаққа көшетін мұраларды сақтау, оның мәнін түсіну, семьяда, мемлекет көлемінде әдет – ғұрыпты, салтты, дәстүрлерді құрметтей білу арқылы іске асырылады деп біледі.

Конфуций саяси ілімнің негізіне қайырымдылық, жанашырлық алынған. Адамдардың бәрі, әсіресе басқаруға қатысы бар адамдар кемеңгер, адамгершілікті, әділ, үлкенді сыйлайтын, білімге талпынғыш болу қажет деп санайды. Мұндай билеуші өз басының қамын емес жұрттың қамын ойлайтын болады.

Конфуцийді әлеуметтік – этика саяси ілімнің және мемлекеттің патриархалдық теориясының негізін қалаушыдеп санайды. Конфуций билік басына лайықты адамдар конкурстық негізде қойылуы керек деп санайды. Қоғамның тұрақтылығы қоғамдық қызметті дұрыс ұйымдастыруға байланысты, сондықтан қалыптасқандәстүрлер мен рәміздерді қатаң сақтауды талап етті.

ХХ ғ.дейінгі бүкіл Қытай өркениеті Конфуций ілімін ұстанып келді, ол ресми дін ретінде қолданылады. Бүгінгі күні де Қытайда Конфуций ілімінің ықпалы күшті. Саясаттанушылар мен қоғамдық ғылым өкілдері Тайванның гүлденуі Конфуций ілімінің арқасы деп бағалайды.

2. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар ( Платон, Полибий, Аристотель, Цицирон). Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер. Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдар аралығында өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”,“Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған.Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың “дұрыс” және “бұрыс” формалары кездеседі. Мемлекеттің дұрыс формасы-- тимократия /байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдігі/, олигархия /азғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдігі/,

демократия /көпшілік билігі/, тирания /бір адам билігі/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет