Лекция: 20 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ : 64 Барлық сағат саны : 90 Аралық бақылаулар саны:



бет6/17
Дата24.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#16289
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4. Қазіргі адам.Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам

қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа -тайпаның шеңберінде ғана іс-әрекет етпейді.Мемлекеттік,ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып,өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады.


4.Институционалдық,нормативтік,мәдени, функционалдық жүйелер. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік. Саяси институттарға ( ұйымдар, мекемелер ) мемлекет, саяси париялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат – мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті онатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары ( әскер, сот, полиция, милиция және т.т. ) болды. ?Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс – тұрыс, іс - әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар қрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа ( экономикалық, ұлттық, діни, отбасылық және т.с.с. ) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.

Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер ( нормалар ) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.

Саяси жүйенің төртінші белгісі - саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс - әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс - әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі саяси жүйе және оның элементеріне, саяси қызметкелер, басқару аппаратының лауазымды адамдарына, саяси - басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесіне және т.б. ықпал етуіне де байқалады.

Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір – бірімен тығыз байланыста болады. Институализация (латын) – саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы. Институциялық саяси жүйеге мемлекеттік өкімет билігінің орталық аппараты жатады.


5.Әлеуметтену, бейімделу, реттелу, керісінше жауап қайтару және коммуникация функциялары. ӘЛЕУМЕТТЕНУ - жеке түлғанын бүкіл ғүмырында коғам және онын қүрылымдары тарапынан болатын ыкпал. Онын нәтижесінде адам накты­лы қоғам, әлеуметтік топ, үйым жүйе-сінде әлеуметтік тәжірибе жинактап, жеке түлғаға айналады.

Ә. бір реттік. кыска мерзімдік емес, үзак әрі көпкезенді. Ол адамның бала-лык шағында, жасөспірім кезінде ерек-ше карқынмен өрістейді. Ә. аркасында адамдар өз кажеттіліктерш өтеп. мүм-кіндіктері мен қабілеттіліктерін үштай-ды, әлеуметтік өмірге бейімделеді. әлеуметтік мәртебесін өзгертіп. өлеу-меттік рөлге ие болады, қоғамнын ба­ска да мүшелерімен, топтарымен, әле-уметтік институттарымен, үйымдары-мен, жалпы коғаммен калыпты карым-катынас орнатады.



Ә.-де отбасының, білім беру және тәрбиелеу жүйелерінің, еңбек үжымда-рынын, бүкаралык акпарат күралдары-ның аткаратын рөлі күшті. Ә. коғам түрактылығының, онын калыпты кыз-мет етуінің, даму сабактастыгы болуы-ның маңызды белгісі.

КОММУНИКАЦИЯ - [commu-nicatio, communico - байланыстырамын, араласамын] - а) екі немесе одан да көп субъектілердің арасындағы өзара тү-сіністікке негізделген байланыс немесе қарым-катынас актісі; акпараттың'адам-нан адамға таралуы; ә) бүкаралык ком­муникация - акпаратты кен көлемді ке-ңістіктегі аудиторияға жоғары техноло-гиялық күралдардың (баспасөз, радио, теледидар, интернет және т.б.) көмегі-мен хабарлау процесі. Коммуникация билік күрудың, саяси катынастардың және адамдар арасындағы барлык ка-рым-катынастың аса кажетті күралы. Биліктің коммуникативтік кыры екі жакка да түсінікті тілмен карым-каты-нас орнатуға негізделеді. Американ сая-саттанушысы Д.Лассуэллге (1902-1978) тиесілі классикалык аныктамаға сүйен-сек, коммуникация мына сүракқа жа-уапты іздейді. "KIM HEHI хабарлайды -кандай АРНА аркылы - КІМГЕ -ТИІМДІЛІП ҚАНДАЙ?" Мүндағы "ЮМ хабарлайды" - ақпаратты бақылау-шыға қатысты, "НЕНІ хабарлайды" - та-ратылған хабардын мәніне катысты, "кандай АРНА аркылы" - байланыс күра-лынын ерекшелігін меңзейді. "КІМГЕ" бағытталған - хабардын кандай ауди-торияға арнаптанын сипаттайды, "кан­дай ТИІМДІЛІПМЕН" - таратылған акпа-раттын аудиториядан кандай да бір реакция тудыруды көздегенін білдіреді.
6.М. Вебердің, Г. Аптердің, Г. Алмондың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері (критериийлері) ВЕБЕР МАКС (1864-1920) - неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік фило­соф, тарихшы. 1893-1896 жж. Фрейбург унив., 1896-1898, 1902-1918 жж. Гей-дельберг унив., 1919-1920 жж. Мюнхен уни-верситтерінде дәріс берген. Теориялык әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, үйымдастыру әлеуметіне арналған енбектері бар. В. 1864 ж. 21 сәуірде Эрфурт каласында дүниеге кел-ген. В. әлеум. теориясында себептілік пен "түсіну" біртүтас болу принципіне үлкен мән берген. В. алғаш рет капита­лизм тек батыста протейантизм және кальвинизмнін тарауымен байланысты пайда болды дейді. В. бойынша идеал-дык тип өмір шындығын бейнелейді. Бүл жалғыз жарым фактілерді жүзеге алу түсінудін күралы. Мазмүны жа-ғынан В. идеялары коғамдык-экономи-калык формациялар туралы маркстік ілімге карсы бағытталған. В.-н "Идеал-дык тип" теориясы, тарихи факторлар-дың "көптігі" концепциясы және "рацио-налдық" идеясы мемлекеттік институт-тар кызметінің негізі ретінде казіргі әл-еуметтануға, саясаттануға зор ыкпал етті. "Протестанттық этика және капи-тализмнің рухы" (1904-1905) еңбегінде В. өркендеп келе жаткан капитализм мен XVII ғасырдын протестанттық күндылықтары арасындағы байланыс-ты көрсетеді. Негізгі енбектері: "Түсі-ністікті әлеуметтанудын кейбір белгі-лері жөнінде" (1913), "Әлемдік дін-дердің шаруашылык этикасы" (1915), "Шаруашылык және коғам" (1921-1922) және т.б.

Лекция №10
Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық қоғам.
(1сағат)

Жоспары:
1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

2.Мемлекеттің шығуы және оның мәні.

3.Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаттары.

4.Мемлекеттің типтері.

5.Мемлекеттік жүйелердің типологиясы.

6. Қазіргі мемлекет және оның ерекшеліктері белгілері.


Лекцияның мақсаты:
Студенттерге мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі екендігі, мемлекеттің шығуы, оның мәні, мемлекеттің белгілері, оның функциялары, мақсаттары, мемлекеттің типтері, мемлекеттік жүйелердің типологиясы, қазіргі мемлекет және оның ерекшеліктері, белгілері туралы түсінік беру.

Лекция мәтіні:
1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде. Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі мемлекет болып саналады. Оның себебі, саяси өкіметтің қызмет атқаруы мемлекетпен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет туралы мәселе өте күрделі және көп қырлы мәселе. Мемлекеттің философиялық -әлеуметтанымдық қыры мемлекетті белгілі қоғамның экономикалық-әлеуметтік формацияларының тарихи-қоғамдық дамуының құралы деп қарастырды. Ал оның заңдық қырына тоқталатын болсақ, ол мемлекет құрылысының мәселелеріне қоғамдық институт деп қарайды да қоғамдық өмірді құқықтың түрлі салалары арқылы рттеп отыруды көздейді. Саяси-экономикалық жағынан мемлекетті экономикалық процестерді реттеуші құрал ретінде көрсетеді.

Ғылым жалпы мемлекеттің шығуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамдағы саяси, әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптастыруымен байланыстырады. Жаңа заманда италяндық Қайта Өрлеу кезеңінде “мемлекет” деген атау термин ретінде пайда болғанды. Ол алғашқы рет Испанияда орнығып, одан Франция мен Грманияға, ХХ ғ. дейін бүкіл Еуропа елдеріне тарап кетті. Испаниядағы “мемлекет” ұғымы латынның “состояние” – қалыпты жағдай деген сөзінен шыққан. Бастапқы кезде ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып келсе, бертін келе ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып келсе, бертін келе ол өкімет функциясы ретінде қарастырылып, ақырында мемлекет ұғымына ауысты. XVII ғасырдан бастап “мемлекет” деген атау ммммемлекеттік мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мемлекеттік халық деген түсінікпен де сипатталып қабысып жатады. Мемлекет ұғымын жаңа заман жағдайында қоғамда болып жатқан өзгерістер арасында, соларға байланысты қарау керек.

Мемлекет саяси жүйенің негізгі элементі ретінде өзіне қажетті уақытында арнаулы күштеу орталығын қолдана отырып, өз территориясында өмір сүріп отырған адамдардың мүддесін қорғауы және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер негізінде реттейтін қоғамдық механизм екендігін көрсете алады.
2.Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің ұғымы туралы теориялар мен түсініктер саясаттану ғылымында көптеп кездеседі. Солардың бірі – мәңгілік және мемлекетті құдайдың өзі бергендігі туралы теория, мемлекеттің пайда болуын ішкі және сыртқы күш көрсетуден болатынын қарастыратын күш көрсету және жаулап алу теориясы, сонымен бірге қоғамдық шарт теориясы мен таптық теория.

Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағандары мыналар:

1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский.

2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Роберт Филмер.

3. Қоғамдық келісім теориясы. ( Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо)

4. Зорлық жасау теориясы. (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский)

5. Географиялық теория. ( А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин)

6. Психологиялық теория.

7. Маркстік теория (К. Маркс, Ф. Энгельс)

Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді. Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.


3.Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаттары. Мемлекет қоғамның саяси институты ретінде мынадай белгілер арқылы сипатталады, осы белгілері арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:

1. Территориялық бөлінуі-бұл мемлекеттің материалдық негізі. Мемлекет территориясына жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңістігі, территориялық сулары жатады.

2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдар арасында тапкүресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындыру үшін ерекше өкімет аппараты керек болды. Оған қазіргі кезде қарулы әскер, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. жатады.

3. Мемлекеттің егемендігі, яғни ішкі және сыртқы істерін атқаруға толық тәуелсіздігі мен дербестігі .

4. Күш қолдану , зорлықпен еріксіз көндіру. Ол қылмыс жасағандарды еркінен айрудан бастап, оны өлім жазасына дейін кесе алады.

5. Салық салу. Орасан зор мемлекеттік аппаратты ұстап тұру үшін халықтан салық жинау.

6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы тиіс.

Мемлекет қоғамның саяси ұйымдары ішіндегі ең тұрақтысы және оны басқа саяси жүйе элементтерінен ажырататын қызметтері бар. Мемлекет қызметтері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметі саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім берушілік, мәдени -тәрбиелік болып бөлінеді.

Мемлекеттің сыртқы қызметі елдің шекарасын, территориясын қорғау, басқа елдердің ісіне араласу, мемлекет аралық қатынасты сақтаумен байланысты. Мұнда сыртқы сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одықтар жұмысына да қатысады.

4.Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан: агралық және индустриялдық болып бөлінеді. Агралық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.

Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүргізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретінде көрінген тап – құлдар болды. Құлиеленуші мемлекеттерге Ежелгі Египет, Грекия, Рим, Урарту, Үнді, Қытай мемлекеттері жатады.

Құлиеленушілік құрылыс тұсында материялдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттін қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағаның айтады.

Феодалдық мемлекеттердің мысалдарында VI – XII ғасырлар аралығында қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев, Русин, Батыс Еувропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.

Алғашқы индустриялдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVIІ ғасырдағы революциядан кейінгі Англияны, XVIІІ ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына түскен Францияны, Америка Құрама Штаттарын атауға болады.


5.Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Әдебиетте мемлекеттер жіктелуінің (типалогиясы) жалпы принциптері ажыратылады. Дәстүрлі түрде оларға үш негізгі принцип жатады:

а) таптық қарсыласу рпинциппі. Мемлекеттердің - құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде; феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде;

б) саяси өмірде демократизм мен либерализмнің дамуы принципі. Осы айқындамалар тұрғысынан мемлекеттер: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық мемлекеттерге бөлінеді;

в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негіздерінің дамуы принципі. Мемлекет осы көзқарас тұрғысынан құқықтық мәдениеті дамуының дәрежесіне қарай: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскери – полициялық мемлекет болып бөлінеді.

Мемлекеттер әр түрлі тұрпата болады:

- унитарлық, яғни тұтас мемлекет - әлеуметтік ұйымның жоғары дәрежесінде үстемдік ету . Басқа басқарушы ұйымдардың билігі жоқ;

- федеративтік - мұнда әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзінің билік органдары болды. Сонымен қатар федералдық саяси құрылымдар құрылды. Одақтық заң одақ аумағында орындалуға тиісті. Федерацияның субьектілері – штаттар, кантондар, жерлер, провинциялар, республикалар;

- конфедерация – онда біріккен мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды. Конфедерацияда өзара қимылды үйлестіретін ұйымдар құрылды.


6.Қазіргі мемлекет және оның ерекшеліктері белгілері. Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның екі жағы бар:

1) басқару түрі,

2) мемлекеттік құрылысы.

Басқару түріне қарай мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын басқару түрін айтады. Оны хан, патша император король деп атауы мүмкін. Монархия абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтамыз. Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.

Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: унитарлы, федерация, конфедерация .

Унитарлы (латынның unuz”- біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Унитарлы құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, оның бір конституциясы, бірыңғай құқықтық және сот жүйесі болады. Біртұтас мемлекет түрі ресурстарды орталыққа жинақтауға мүмкіндік береді, ол жалпы алғанда елді жеделдетіп дамытуға жәрдем жасайды. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция, т.б. жатады.

Федерация (латынның foedus” –одақ, бірлестік деген сөзінен шыққан) деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерациямен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малазия, Мексика, Нигерия, Рессей , т.б.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек.


Лекция№11
Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық қоғам.

(1 сағат)

Жоспары:
1.Азаматтық қоғам ұғымы.

2.Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы.

3.Азаматтық қоғамның құрылысы.

4.Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелігі белгілері.

5.Әлеуметтік мемлекеттің функциялары және демократияның жаңа тұжырымдамалары.

6. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары


Лекцияның мақсаты:
Студенттерге азаматтық қоғам ұғымы, азаматтық қоғам идеясының пайда болуы, дамуы,азаматтық қоғамның құрылысы,құқықтық мемлекет ұғымы, оның ерекшелігі,белгілері,

әлеуметтік мемлекеттің функциялары, демократияның жаңа тұжырымдамалары және Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:
1.Азаматтық қоғам ұғымы.. Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар ( қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоцияцаиялар және т.б. ) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет – ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылмайды. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

Азаматтық қоғамды адамдар бір – біріне тәуелсіз индивидтер ( жеке азамат ) ретінде қарым – қатынас жасайтын өзінше бір әлеуметтік кеңістік ретінде түсіну керек. Азаматтық қоғамның негізі - өркениетті, ынта – жігерлері, толық құқықты индивид ( жеке азамат ). Демек азаматтық қоғамның қалыптасуы жеке бастың бостандығы, әрбір адамның өз құндылығы идеяларының қалыптасуымен байланысты.

Демократиялық қоғамда саяси және әлеуметтік міндеттердің арасы айқын бөлінген, оларды әртүрлі институттар атқарады. Адамның құқықтық дәрежесі оның азаматтық қоғамдағы әлеуметтік – эканомикалық ролінен ажыратылған. Ол әрі жеке адам, әрі қоғамның азаматы. Бұл адамның жеке мүдделері, жалдамалы еңбегі, жеке басының құқы саяси бақылаудан тыс деген сөз.

Азаматтық қоғамда адам құқы мен азамат құқының ара жігі айқындалған. Жеке адамның құқын азаматтық қоғам, азаматтың құқын мемлекет қорғайды. Бұл жерде адамның құқы дегеніміз оның өмір сүру, бостандықта болу, бақытты тұрмысқа ұмтылу құқы деген сөз, ал азаматың құқы дегеніміз оның саяси құқықтары деген сөз.

Демек азаматтық қоғамның негізі элементі жеке адам. Ал оның өзін - өзі көрсету, таныту, мақсат – мүдделерін, іске асыру жөніндегі талаптарына қоғамдағы әртүрлі институттар, ұйымдар, топтар көмектеседі. Олардың қатарында жұмысшы, инженер, дәрігер ұйымдарын, ынталы топтарды, кәсіподақтарды, жастар ұйымдарын және т.б. атауға болады.

Қорыта айтқанда, азаматтық қоғам дербес әрі тәуелсіз институттар мен қатынастар жүйесі, олардың міндеттері жеке индивидтер ( адамдар ) мен ұжымдардың өз қабілеттерін көрсетіп, іске асыруына, жеке адамның немесе коллективтің мүдделері мен қажеттерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз оқшау өзіндік жүйе деп қарауға болмайды. Бұл екеуінің айырғысыз байланысын азаматтық қоғамға да, саяси салаға да жатқызуға болатын бірқатар институттары бар екендігі дәлелдейді. Бұл ең алдымен саяси партиялар мен ұйымдар, олар жеке адамдар мен азаматтар топтарын мемлекет пен оның билік құрылымын байланыстыратын буын болып табылады.

Жоғарыда айтқанымыздай, билік қатынасы саласында азаматтық қоғамның екінші беті, көрінісі – құқықтық мемлекет - оның мақсаты барлық салада өз азаматтарының құқықтары мен бостандығына кепілдік жасау. Бұл жерде ол кепілдіктің жүзеге асуы үшін азаматтардың да билік жүйесіне құрметпен қарап, оның заңдарын мүлтіксіз орындауының маңызы зор екенің айта кету керек.

2.Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы. Адамзаттық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған.Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінрек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтекье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы - Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, карпорацияларды, инститттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршендігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте - мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.
3.Азаматтық қоғамның құрылысы. Адамзаттық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар ( отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер ), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет - ғұрпы, салттары кіреді.

Адамзаттық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Адамзаттық қоғам эканомикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп укладты эканомика . Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:

- ұлттық - этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;

- жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық тандау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел – жұртқа келіп – кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезенде қоғам өмірі барынша мемлекеттенедірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге « жоғарыдағы » мемлекеттің өзі ұйытқы болып отыр. Халықтың сана - сезімі, жүріс – тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық денгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет