Лекция: 20 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ : 64 Барлық сағат саны : 90 Аралық бақылаулар саны:


Лекция №8 Тақырыбы: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты



бет5/17
Дата24.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#16289
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лекция №8
Тақырыбы: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
(1сағат)

Жоспары:
1. Этнос және ұлт.

2. Ұлт этностық жоғары типі.

3. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.

4. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.

5. Ұлт мәселесін шешудің принциптері.

6. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен

ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі.
Лекцияның мақсаты:

Студенттерге этнос, ұлт, ұлт этностың жоғары типі екендігі, қоғамдағы ұлттық , этникалық қатынастар,ұлт мәселесі, оның құрылымы, ұлт мәселесін шешудің принциптері, ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:

.

1. Этнос және ұлт. Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениеті және тіл белгілері бар, мінез-құлық, қоғам жане басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері:тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа беріетін мәдениет компононттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі-мәдени құндылық. Этнос дегеніміз бір мемілекет территориясындаөмір сүретін адамдардың тұрақты өзара әрекеті. Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл,өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т. б.білігі жатады.Олар жиынтығында белгілі этникалықмәдениетті құрады. Әдеттеэтнос территориялық және экономикалық бірлік нагізінде құрылады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халық, этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.

Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ-ұлттық топтасу. Ұлт дегенімізтерритория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көріетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы.Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдық, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыаңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.

Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт – капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлінісі, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.


2. Ұлт этностың жоғары типі. Ұлт этностың жоғарғы типі – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші сал – дәстүрлері мен діңі бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ эконмикасы, сол ұлт өкілдерінің біріктіретін мемлекеті болады. Ұлттың қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт және этнос » ұғымдары біріне – бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерде қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси - әлеуметтік ой - пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Жер шарында 2.мыңнан асатам ұлттармен этностар бар. Олар 5.мыңнан астам диалектілерде сөйлейді 330 – ға жуық этностың 1.мил және одан коп өкілдері бар. Ал қалған 1700 – ден астамы 1.мил-ға жетпейтің адамы бар аз саңды этностар қатарына жатады. Осыншама көп саңды ұлттар мен этностар әлемде 200- ден астам мемлекеттерге біріккен. Соңдықтан әлемдегі мемлекеттердің 90 % - ы көп ұлтты немесе көп этносты мемлекет болып табылады. Көптеген көп миллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Ұлттық өмір мен ұлтаралық қатынастардың өте күрделі екндігін осы деректерден - ақ көруге болады. Олардың арасында жерге, қазба байлықтарына, билікке, тілге байланысты этностық қайшылықтар тоқтаусыз жүріп жатады. Мысалы Таяу Шығыстағы еврилер мен арабтардың жер үшін таласы, Испаниядағы, Ресейдегі, Солтүстік Ирландиядағы т.б. елдердегі этно қайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасуда. 19 – 20 ғасырларда азсанды этностық топтар аса жылдам ассиммляциялана бастады.Мысалы 1939 ж өткен халық санағында Кеңес Одағында 193 этнос, ал 1959 ж 135 ұлт пен ұлыс ресми тіркелген. Немесе 20 жыл ішінде 60 – қа жуық саны аз этностық топтар жойылып, ассимиляцияланып кеткен.
3.Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар. Республикамызда әрбір адамзаттың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны көрсетуге немесе көрсетпеуіне болады. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.

Қазақстанда қазір 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілірі келеді, өздерінің балаларын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет – ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі - табиғи, заңды нәрсе. Сондықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемістпеуіміз, шеттетпеуіміз керек. Өйтсек, оларды өз ұлтымызға қарсы қойып, ашындырып аламыз. Сондықтан осы атамекеннің иесі – қазақ халқы республикамыздағы басқа халықтардың басын қосып, оларға ұйтқы болып, бір қоғамға топтастыруға тырысқанымыз абзал. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақстандық ұлтжандық», «жалпы қазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.

Республикамыздың гүлденуі оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми – техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Сонда оның әрбір адамы да ауқытты, жақсы тұрады. Сондықтан мұнда тұрған әр халықтың өкілі жалпы Қазақстанның, әр облыс, аудан, елді мекеннің табысына қуанып, соған қажырлы еңбегімен аянбай – талмай үлес қосу керектігін сезіну тиіс. Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады.

Сайып келгенде, біз құрып жатқан құқықтық қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам. Мұнда оның қай ұлт – ұлысқа, дінге жататыны есептелмейді. Біздің міндетіміз – этникалық өзіндік өзгешіліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық – мәдени алуан түрлігін сақтау. Сонда ғана еліміз ұлтаралық келісімі жарасқан, қоғамдық – саяси ахуалы тұрақты аймақ болып, әлемде беделі артпақ..


4. Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Біздің көп ұлтты республикамыздың саяси өмірінде ұлтаралық қатынастың алатын орны зор. Қоғамда таптар, әлеуметтік топтармен қатар этникалық құрылымдар: ру, тайпа, халық, ұлт деген ұғымдар бар. Осы күнгі дүниеде 2 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар. Ұлтаралық қатынас күрделі әлеуметтік - саяси проблема. Осы тұрғыдан келгенде, ұлтаралық қатынаста саясат шешуші, негізгі, басты орын алады. Саясат тұрғыдан қарағанда ол проблемалар: ұлтаралық қатынас, ұлттық және интернационалдық мүдделердің арақатынасы, ұлттық мәдениет және ұлттық тілдердің ерікті түрде жүргізілуі және дамуы, басшылыққа ұлттық кадрлардың қатысуы. Осы саяси мәселелерді шешу үшін ұлттың тарихи дәстүрін, әлеуметтік көңіл күйін тағы көптеген факторлармен санасу керек. Ұлт мәселесі барлық уақытта нақтылы - тарихи мазмұнда болады.
5. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлт мәселесін шешудегі кейбір саяси принциптер. Ең алдымен ұлттардың өзін - өзі билеу құқығы. Ол мәселе қазіргі уақытта нақтылы, ашық, тікелей қойылуының нәтижесінде республикалар өздерінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялады, соның нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы пайда болды.

Ендігі принцип тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына қарамай ұлттардың толық тең құқықтығын қамтамасыз ету. Ол мемлекеттік дәрежеде халықтың қолдауымен шешілуге тиісті. Содан кейінгі принцип интернационализм.

Үлкен орын алатын мәселе халықтардың ұлттық мемлекеттік құрылымы. ХҰлт саясатындағы маңызды мәселе ұлтаралық дау, жанжалдарды шешуде алдын ала зерттеу, оны шешудің тиімді жолдары мен әдістерін іздестіріп табу, дұрыс жүргізу. Ұлтшылдықтың барлық көрінісіне қарсы аяусыз күрес жүргізу. Қазіргі кезеңде біздің елімізде ұлт мәселесі ең күрделі мәселе болып отыр. Бұл проблема жайында жарияланған материалдар өте көп. Сондықтан біз бұл мәселеге көп орын бөлмеуді дұрыс көрдік. Ұлт саясаты жаңа Констиуцияда кең орын алады.

Біздің плюралистік даму жағдайымызда дін саласындағы саясатқа көңіл бөлу қажет. Дің тек қана құдайға сену, діннің әдет – ғұрпын сақтау емес, сонымен қатар мораль, адамгершілік туралы ойлар. Кеңес мемлекеті өзінің алғашқы жылдарында діни көзқарас, діни сенімге құқық береді. Бірақ оның ғылыми көзқараспен қарама – қарсы екенін еске ала отырып шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден айыру туралы декрет қабылдады. Шіркеу мемлекеттік заң, қаулы қабылдау құқығынан айрылады, дінді дәріптеуге тежеу салынады. Сөйтіп діннің қанаушы таптың қызметін қолдануына шек келтірілді. Бірақ кейін жеке адамға табыну жағдайында дінді қудалушылық, діни сенімді қорлаушылық күшейді.


6. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызы зор. Кеңес Өкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналады. Қандай да бір қайшылықтар мен қайшылықтар болмасын, Қазақстанды мекендеген халықтар өзара достықта өмір сүрді. Бір бірімен қарым - қатынастары тығыз болды. Сөйтіп қазіргі өзара түсіністік пен азаматтық татулықтың негізі сол кезден бастап қалыптаса бастады.

Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырудағы басты тұлға – адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғары құндылығы да адам. Қазіргі өзгерістің бәрі сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр.

Елімізді мекендейтін 120 ұлт пен ұлыстың достығының кепілдігі барлық ұлт өкілдеріне деген қамқорлық Конституцияның бірқатар баптарында арнайы атап көрсетілген.

Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды.

Ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігі мен мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін қамтамасыз етеді.

Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жан – жақты дамыта отырып әрбір ұлттың, халықтың өзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдеп – ғұрыптарын сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалынады. Мұны біздің Республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыста сезіне түсуіде.




Лекция №9
Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі.

(1 сағат)
Жоспары:
1.Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.

2.Д. Истон, Г. Алмонд пен К. Дойчтың саяси жүйе теориялары.

3.Саяси жүйенің құрылымы.

4.Институционалдық, нормативтік, мәдени, функционалдық жүйелер.

5.Әлеуметтену, бейімделу, реттелу, керісінше жауап қайтару және коммуникация

функциялары.

6.М. Вебердің, Г. Аптердің, Г. Алмондың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері

(критериийлері)


Лекцияның мақсаты:

Студенттерге саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті екендігін, Д.Истон, Г. Алмонд пен К. Дойчтың саяси жүйе теориялары,саяси жүйенің құрылымы, институционалдық, нормативтік, мәдени, функционалдық жүйелер,әлеуметтену, бейімделу, реттелу, керісінше жауап қайтару , коммуникация функциялары және М. Вебердің, Г. Аптердің, Г. Алмондың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері (критериийлері) туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:

1.Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады.

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон (1917æ.) ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” және “шығыс” принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар. Олар талаптар мен қолдаулар. Талапқа қоғамдағы қазына мен қаржының дұрыс немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі деуге болады. Мысалы оқытушыларға жалақыны немесе ауыл шаруашылығына қаржы бөлуді көбейту туралы және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, билік басындағылар назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау керісінше, үстемдік етіп тұрған тәртіпті күшейтеді. Оған мысалы, саяси өмірге белсене қатынасу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау, салықты уақытында төлеу және т.б. жатады. «Кіріс» нәтижесінде сыртқы орта саяси жүйеге ықпал жасайды. Жүйе түскен талаптарды қарыстырады, реттейді. Мұның салдары ретінде саяси жүйе түскен талаптарға немесе көрсетілген қолдауға жауап береді, яғни шығыс жасайды. Мұнда қазына мен қаржы- қаражатты дұрыс бөлу туралы биліктің беделді шешімдері шығады.

Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді:1) топтар жеке адамдардың жүріс- тұрысын басқаруға байлынысты реттеу мүмкіндігі;2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік мүмкіндігі.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады.
Саяси жүйе қызметтері.

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз етеді.

2.Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейтін, мүдделерді артикуляциялайды.

3.Саяси жүйе біріктіру, топтастыру қызметін атқарады.

4.Экономиканың қалыпты жұмыс істеп дамуына жағдай жасайды.

5.Үкімет қызметі: шешім қабылдау және өзіндік басқару

6. Қоғам мүшелерін ішкі және сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды.

С. Хантингтонның анықтауы бойынша, саяси жүйенің басты комненттері.

1. мәдениет, яғни қоғамда үстемдік етуші, саясатқа қатысты құндылықтар, мінез – құлық, бағдар аңыздар мен сенімдер;

2. құрылым яғни формальді ұйымдар, олардың қатысуымен қоғам билік шешімдерін қабылдайды, яғни заңшығарушы, атқарушы биліктер;

3. әлеуметтік және экономикалық бірлестіктер , саяси өмірге қатысты саяси құрылымдарға талаптар қояды;

4. жетікшілік, құндылықтарды бөлуге басқаларға қарағанда көбірек ықпал етуші саяси институттар мен топтардағы индивидтер;

5. саясат, қоғам ішіндегі байлықты бөлуге және жазалауға ықпал етуші үкімет қызметі.



Саяси жүйе құрылымы мен түрлері Саяси жүйе мынадай құрылымдардан тұрады: саяси институттар; саяси қатынастар; саяси ережелер, саяси мәдениет.

Саяси институттар мемлекет, саяси партиялар , кәсіподақта, кооперативтер, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдары мен бірлестіктері жатады.

Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.

Саяси ережелер саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды.

Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс- әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

Саяси жүйе түрлері. Саяси жүйені жіктеудің әр түрлері кездеседі. Мысалы, марксизм саяси жүйені жіктеуге негіз етіп өндіріс тәсілі мен қоғамның таптық құрылымын алады.

Американдық ғалымдар экономиканың өсу сатысы концепциясы бойынша адамзаттың даму тарихын мынадай бес сатыға бөледі: 1) дәстүрлі қоғам;2) өтпелі қоғам; 3) алға жылжу қоғамы; 4) индустриалдық; 5) постиндустриалдық қоғам.

Сонымен бірге саяси жүйені басқару тәртібіне қарай: демократиялық саяси жүйе, авторитарлы саяси жүйе, тоталитарлы саяси жүйе деп бөлді.

Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе ұғымы ХХғ. 50-жылдарына қарай түрлі саяси құбылыстарды жүйе тәсілі және бихевиористік амал ықпалымен зерттеулердің орын алуымен байланысты терең негізделіп кеңінен тарала бастады. Дегенмен қазіргі заманғы саяси жүйе қағидаларының бастауына сонау заманғы саяси жүйе қағидаларының бастауына сонау Аристотель заманынан келе жатқан саясат туралы түсінік жатқаны белгілі. Аристотель өзінің саяси ілімдерінде саясатты бейне бір дербес тұтас нәрсе деп қарауды ұсынғанды. Аталмыш бағытты қолдаған итальяндық оқымысты Н.Макиавелли саяси ғылымның негізін салушы ретінде саясат дінге де, экономикаға да, моральға да саймайды, керісінше ол өзінің саяси мақсаты мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын көздеу екендігін алға тартады.
2.Д. Истон, Г. Алмонд пен К. Дойчтың саяси жүйе теориялары. Америкалық саясаттанушы Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориялары бойынша қоғамдағы экономикалық, рухани және саяси жүйелер өздерінің атқаратын функцияларына қарай ерекшеленеді. Осылайша олар өз алдына жүйе болып қалыптасады. Саяси жүйе терминін ХХ ғ. 50-жылдарында Американ саясаттанушысы Д.Истон жасады. Ол саяси жүйенің әрекет ету тетіктеріне сипаттама бере келе, оның сыртқы ортамен байланысы “кіріс”, “шығыс” принцптері арқылы жүзеге асырылатындығын айтты.

“Кіріс” принцпінің мынандай екі түрін, дәлірек айтқанда талаптар мен қолдаулар екендігін атап көрсетті. Оның пікірінше, қоғамдағы қаржы мен қазынаның дұрыс немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі талапқа жатады. Мәселен, ауылшаруашылығына қаржы бөлуді көбейту, оқытушылардың жалақысын арттыру және т.б. талаптар қойылуына билік басындағылар назар аудармайтын болса, саяси жүйе беделінен айырылып әлсірей түседі. Ал қолдау өз кезегінде үстемдік етіп отырған режимді күшейтеді. Оның қатарына мысалы, саяси өмірге белсене араласу, қабылданған заңдар мен шешімдерді өз уақытында бұлжытпай іске асыру, салықты дер кезінде төлеу және т.б. жатқызуға болады. “Кіріс” принцптерінің жүзеге асырылуы нәтижесінде сыртқы орта қоғамның саяси жүйесіне ықпал етеді. Саяси жүйе түскен талаптарды жан-жақты қарастырады. Ретке келтірілген осындай әрекеттердің салдары ретінде саяси жүйе көрсетілген қолдауларға жауап беріп отырады. Яғни “шығыс” принципі жүзеге асады. Осындай процесте қаржы мен қаражатты дұрыс бөлу туралы билік орталықтарының идеалды шешімі өмірге келеді. Егерде қоғам мүшелерінің талаптарын билік басындағылар тыңдамайтын болса, олардың шешімдері қолдаусыз қалады. Ал талаптар шамадан тыс көп болмаса және “кіріс” пен шығыстың әрекеттері дәл уақытысында өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе нақты, тиянақты жұмыс атқарады.

Саяси жүйе халықтың нақты егемендігін жүзег асыратын қажетті механизм болып табылады. Саяси тәжірибеде халықтық өкілдікті жеке бір саяси топтар мен мүдделер, партиялық қозғалыстар өзіне иемденеді.

Саяси жүйе қоғамдық жүйеден дербес болады. Саясат арқылы шешілетін проблемалардың көбеюіне байланысты оның ролі арта түседі. Бірақ артық дербестік қоғамның бірлігіне қауіп төндіреді.

Д.Истонның идеяларын Г.Алмонд одан әрі дамытты. ХХғ. 50 – 60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдерінің саяси институттары бөтен әлеуметтік – экономикалық және мәдени – діни ортада өзінің көптеген қызметтерін ойдағыдай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұрақты дамуына қол жетпеді. Мұндай тәжірбиені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д.Истон басшылық етті.

Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде қарады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді институционалдық және бағдарлық - баса айтты.

Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді. Құрылым деп Д.Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын түсінді.

Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д.Истон мен Г.Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озаттық) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П.Шарон бұл төртекуіне бесіншісін – ішкі жағдайын басқара алатын өзін өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін - өзі басқаратын әлеуметік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.


3.Саяси жүйенің құрылымы. Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүддерерді жаңа үлгіліеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі, соңғысы, қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді,бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін өзгерісті ғана бейнелейді.

Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.

Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуының дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенді әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады.Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз, Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналлысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өңдеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымда отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған.

Қазіргі қоғам индустриялды, жоғары индустриялды (постининдустриялды)қоғам болып есептеледі.Ол рационолизмге, ақыл, парасатқа, баяндылыққа негізделеді.

Дәстүрлік қоғамның қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.



1. Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси

және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализацияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы,жұмыс бастылық құрылымның түбегейлі өзгеруі,білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т.б. жатады.



2. Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық

өзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі—азаматтылық, азаттық құқықтар.Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған.



3. Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде

азаматтарға қоға мның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі---сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өміріне қатынасуына көмектесіп,тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет