3. Мұрындық хан. Сыр бойындағы қалалар үшін күрес.
Керей өлген соң, 1474 жылы оның ұлы Мұрындық хан болды (1474-1511). Оның билігі тұсында мемлекеттік билікті орталықтандыру, хандықтың Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында позициясын нығайту жолында едәуір шаралар жүргізілді.
80 жылдардың басынан Мұхаммед Шайбанимен Сырдария жағалауы қалалары үшін күрестің жаңа кезеңі басталды. Ферғана мен Сырдарияның орта ағысын иемденуге ұмтылған моғол хандарының араласуымен бұл күрес тіпті шиеленісіп кетті. 1482-1485 жылдары Жүніс хан Сайрам мен Ташкентке ие болып, Мұрындық Мұхаммед Шайбани иеліктеріне таяу келді. Соңғыға аз уақытқа Сығанақты иеленудің сәті келді. Қазақтар Отырарды, Түркістанды, Арқұқты қоршап, Шайбаниді бұл жолы Хорезмге қашуға мәжбүр етті. Сайрам мен Ташкентте билік еткен Моғол ханы Сұлтан Махмұд Түркістанда өзінің ықпалын кеңейтуге тырысты және осы мақсатпен 90 жылдардың басында Мұхаммед Шайбаниді одақтасы ретінде қолдап, Отырарды бағындырды. Бұл стратегиялық қатынаста маңызды қаланы иеленген Шайбани Сауран мен Түркістанды басып алды. Сауранда Мұхаммедтің бауыры Махмұд сұлтан отырғызылды.
Моғолдардың өзбектермен одақтасуына алаңдаған қазақ сұлтандары әскерлерін Сырдария алқабына тағы қозғады. Екі рет болған шайқаста моғолдар талқандалды, ал Сауран тұрғындары өзбек гарнизонына қарсы көтеріліс жасап, Махмұд сұлтанды серіктерімен қазақтарға ұстап берді. Мұрындық хан Отырарды бағындырғысы келгенімен, оның сәті түспеді, Отырар Түркістан сияқты Шайбанидың қолында қалды. Сонымен XV ғасырдың соңына таман Сырдария алқабы үш мемлекеттің – Өзбек, Қазақ және Моғол арасында бөлінді.
Қазақ хандары мен Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан арасындағы Сыр бойы қалалары үшін күрес XV ғ. 80-90-шы жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас нәтижесіне әмір Темір мұрагерлері мен Мағұлстан хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен, қазақ ханы Мұрындықтың (1474-1511ж. билік құрған) бұл соғысты XV ғ. соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Тынымсыз күрес нәтижесінде шайбанилар Отырар, Ясы (Түркістан), Арқұқ және Өзгеннен әмір Темір мұрагерлерін ығыстырады. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Арқұқ, Өзгеннен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 ж.) Әбілқайыр ханның уақытша иемденгені болмаса, өзге қалаларды Мұхаммед Шайбанидың ата мұрасы санауға ешқандай да негізі жоқ-тын. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде Мағұлстан ханы Сұлтан Махмұд билік құрды.
Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдария төменгі ағысы өңіріп, Арал жағалауын иемденді.
XV ғ. соңғы он жылдықтарында шайбанилар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі қалалары үшін жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде бұл күрес белгілі дәрежеде Орталық және Оңтүстік Қазақстан далалы аймақтарын мекендеген халықтарды да өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары, осы аймақтарға жалғасып жатқан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан ары ұзап шыға алған жоқ.
Сонымен, XV ғ. соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысы бар маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілқайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы аумағында қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен, бұл тарихи мезгіл қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғ. бас кезінде Мауреннахрды әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде Шығыс Түркістанды (Қашғария) билеген Мағұл хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларына орнығу міндетін алдына қойған Мұрындық хан Жетісу, Орталық және Оңтүстік соңынан біртіндеп Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі ру-тайпаларды хандық билігінің төңірегіне жұмылдыра білді. XVI ғ. алғашқы он жылдығы қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани хан қолдарының тегеурінді шабуылына топтарыс беру жағдайында өтті.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер.
2. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.
3. XV ғ. ортасындағы Әбілқайыр Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы.
4. «Алаш мыңы» одағының қалыптасуы.
5. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы.
6. Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы пікірлер.
7. Қазақ хандарының стратегиялық мақсат-мұраттары.
8. Есен-Бұғы ханның қайтыс болуы.
9. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жорығы және оның қаза болуы. Қазақ хандығының
оның күшейе бастауы.
10. Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан.
11. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы.
12. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы.
13. Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы - дәстүрлі өркениет ошағы.
14. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны.
15. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы.
16. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның кезеңдері.
17. Бұрындық хан (1480-1511).
18. XV ғ. 90-шы жж. шиеленісті жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.
19. Сыр бойы қалалары үшін күрестің нәтижесі.
№ 25 лекция.
Тақырыбы:
ХҮІ ғ. І-жартысындағы Қазақ мемлекеті.
Жоспары:
1. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. Хандықтың өрлеуі. Жер аумағының кеңеюі.
2. XVI ғ. ІІ-ширегіндегі қазақ әміршілері. Ішкі саяси оқиғалар.
Лекция мақсаты: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы, хандықтың өрлеуі, жер аумағының кеңеюі және XVI ғ. ІІ-ширегіндегі қазақ әміршілері, ішкі саяси оқиғалар туралы студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. Хандықтың өрлеуі. Жер аумағының кеңеюі.
XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығының нығаюы Қасым ханның есімімен тығыз байланысты. Деректердің хабарлауынша, “Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хан сияқты ешкім сондай құдіретті болған жоқ және Мұрындық туралы ешкім ойламады да”. Мұрындық хан тұсында-ақ Қазақ хандығында барлық билік тұтасымен Қасымның қолында болды. 1519 жылы Мұхаммед Шайбанидің қазақ даласына шабуылы кезінде Қасым ханның қоластында 200 мың жауынгер болды. “Тарих-и Рашидиде” өте қызғылықты мағлұмат бар: “Қасым ханның әмірлерінің бірі Бойын Мір Хасан Шайбанидің басып кіргенін естіп, өз адамдарын жинап, бұл тобырлы жиынға қарсы тұрды және де Қасым хан келе жатыр деген қауесет таратып, өзі осы қауесетті растау үшін алыстан бой көрсетті. Өздерінің алдарында Қасым ханның өзі екендігіне шүбәсіз сенген Шахибек ханның (Шайбани) әскері өздері тартып алған және өздерімен ала келгендерінің бәрін тастап, байбалам мен абыржуда Шахибек ханға оралып, Қасым ханның жақындағаны туралы хабар жеткізді. Бір сәт Шахибек хан шегіну дабылын қақтырып, ешкімді күтпей қозғалды, үлгергені кетті, қалғаны қалды. Қыс соңында олар Самарқанға жетті”.
XVI ғасырдың екінші онжылдығының басында Қасымның жеңісімен аяқталған Мұрындық пен Қасымның арасында билік үшін күрес жүрді. 1511 жылы беделден айырылған Мұрындық қуылды да, Қасым хан билігіне толық ие болды. Осы мезгілден бастап жоғарғы билік ұзақ уақытқа Жәнібек ханның ұрпағына өтті.
XVI ғасырдың алғашқы он жылдығы Мауреннахр билеушісі Мұхаммед Шайбанимен шиеленіскен күрес кезеңі болды. Мауреннахр билеушісінің 1503-1504, 1505-1506, 1509-1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже бермей, әр кез оңтүстікке шегінуіне тура келді. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты. Қасым хан осы сәтті пайдалануға ұмтылды. 1513 жылы қазақ қолы Сайрамға таянды. Қала билеушісі Қатта бек Қасым хан жағына шығып, қаланы соғыссыз берді. Қасым хан Ташкентті де иеленуге тырысты, алайда өзбектермен болған шайқаста жараланып, кері шегінуге мәжбүр болды. Осылайша Сырдария өңіріндегі қалалар қазақтарға түпкілікті бекітілді.
Қасым ханның моғол билеушілерімен қарым-қатынасы сәтті орайласты. Моғолстанның негізгі аудандары болған Жетісу мен Тянь-Шань маңы Қазақ хандығының құрамына кіргендіктен де, моғол билеушілері бұл жерлерден айырылған еді. Моғол хандары негізінен Оңтүстік-батыс Моғолстанда ғана билігін жүргізіп, қазақ хандарымен одақтасуға мүдделі болды. Бұл кезде Қазақ хандығының батыстағы аумағы да кеңейе түсті. Батыстағы маңғыт жұртында билік үшін өзара күрес жүріп, ауыр дағдарысты бастан кешіруде еді. Маңғыт жұртының біраз бөлігі өз ішіндегі берекесіздіктен қашып қазақ хандығына келіп паналады.
Сонымен, XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазақ даласының басым бөлігіне билігін орнатты. Хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен алқабын қамтыды, солтүстік-шығыста Ұлытау мен Балқаш көлі арқылы өтіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Қасым ханның қоластында миллион адам болғанын тұстастары жеткізеді. Қазақ хандығы біртіндеп сол уақыттағы халықаралық қатынасқа тартылды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған Мәскеу мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар жеке этнос ретінде Батыс Европаға да белгілі болды. Әрине XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі хандықтың нығаюын Қасым ханның жеке қасиеттерімен түсіндіруге болмайды, ол бәрінен бұрын ішкі әлеуметтік-экономикалық пен этникалық процесстің нәтижесінде болды, оған аймақтағы саяси жағдай мүмкіндік туғызды.
2. XVI ғ. ІІ-ширегіндегі қазақ әміршілері. Ішкі саяси оқиғалар.
Қасым хан µлген соњ , с±лтандар арасында билік ‰шін талас-тартыс басталды. Соњында 1523 жылы Әдік с±лтанныњ ±лы Таһир хан (1523-1532 жж.) сайланды. Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоѓарѓы қабілет таныта алмады. Ењ негізгісі хан мен ел билеушілері арасында µзара т‰сінісу болмады. Қадырѓали би ол жµнінде: “Таһир хан біраз к‰н хандық қ±рды, бірақ патшалық сырын білмеді”, — дейді. Қазақтар арасында µзініњ билігін ныѓайтуѓа ±мтылѓан Таһир Ташкент билеушісі Келді-М±хаммедтен қолдау іздеді. ¤зініњ билігі уақытша ныѓайѓанда, ол Ташкенттіњ кезекті бір елшілігін қырып, Ташкентке жорыққа дайындалды. Алайда Келді-М±хаммед бірінші болып Қазақ хандыѓына басып кіреді. Т‰ркістан мањында болѓан шайқаста Таһир жењіліске ±шырады да, оныњ иелігініњ біраз бµлігі қарсыластарыныњ қолына µтті. Таһир ханныњ мањѓыт ж±ртымен қарым-қатынасы да қарама-қайшылықта болды. Б±рын қазақ хандарыныњ билеуінде болѓан батыс, Орталық Қазақстан жерлерініњ біраз бµлігіне мањѓыт ж±рты иеленді.
Халық м±ндай билеушіден бас тартты да, кµтерілген тайпалар оныњ інісі Әбіл-Қасымды µлтірді. 1526 жылы Таһир балаларымен және бірнеше жақтастарымен қырѓызѓа қашуѓа мәжб‰р болды. Ол шамамен 1532 жылы қаза болды.
Осы оқиѓалардан соњ Орталық және Батыс Қазақстан руларыныњ ‰лкен бµлігі мањѓыт билерініњ бодандыѓын қабылдады. Олардыњ арасында мањѓыт ж±ртында негізгі жерлерді – Еділ мен Жайық µзендерініњ арасын иемденген Алшаѓыр ‰лкені болып саналды. Арал мањы оныњ інісі Шаѓымныњ, ал Торѓай даласы келесі інісі Сейдақтыњ иелігіне кірді.
Қазақ хандарыныњ билігінде тек Жетісу мен Сырдария қалалары ѓана қалды. Жетісудіњ билеушісі Б±йдаш қазақ пен қырѓыздыњ аз ѓана бµлігіне билік етті. Сырдарияда б±л уақытта Тоѓым хан мен Ахмет билік ж‰ргізді. Ахмет хан тµменгі Торѓайды басып алуѓа тырысты, алайда Сейдақтан тойтарыс алып, он бес баласымен т±тқынѓа т‰сті. XVI ѓасырдыњ 30-шы жылдары Орталық Қазақстан ‰шін Ахмет ханныњ ж‰ргізген к‰ресі сәтсіз аяқталды. Ахмет хан мањѓыт Орақ батырдыњ қолынан қаза тауып, б±л µњірдіњ біраз бµлігі мањѓыттардыњ билігіне µтеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қасым ханның ата-тегі, билікке келуі.
2. Қасым ханның Сыр бойы үшін жүрген күреске қатысуы.
3. Қасым хан (1511-1518) және XV ғ. соңы - XVI ғ. басындағы Қазақ хандығының, ішкі саяси жағдайы.
4. Қасым ханның Шайбани ханға қарсы күресі. Мұхаммед Шайбани әскерін талқандауы.
5. Қасым ханның Сайрам қаласын алуы.
6. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы.
7. XVI ғ. басындағы Моғол және Мауреннахр билеушілерімен арадағы қатынас.
8. Қасым хан тұсындағы Еділ мен Жайық аралығының Қазақ хандығына өтуі.
9. Қасым хан тұсындағы қазақ халқының саны және Еуропаға мәлім болуы.
10. Қасым ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы.
11. Қасым ханның "Қасқа жолы". Оның қызметі туралы тарихи мәліметтер.
12. Қазақ хандығының Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы.
13. Мамаш хан (1518-1523).
14. Тахир хан билігі (1523-1533).
15. Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
16. Буйдаш хан (1533-1534). Мауреннахр және Моғолстанмен ара-қатынасы.
17. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид әскерінің 1537 жылғы Қазақ хандығына жорығы.
18. Буйдаш хан әскерінің жеңіліске ұшырауы.
№ 26 лекция.
Тақырыбы:
ХҮІ ғ. ІІ-жартысы – ХҮІІ ғ. басындағы Қазақ мемлекеті.
Жоспары:
-
Хақназар хан. XVI ғ. ІІ-ші жартысындағы мемлекеттің нығаюы.
-
Шығай хан.
-
Тәуекел хан тұсындағы қазақ мемлекеті. Ресеймен жақындасудың жолдарын қарастыру.
Лекция мақсаты:
XVI ғ. ІІ-ші жартысында Хақназар хан тұсында Қазақ мемлекеттің нығаюы, Шығай хан билігі және Тәуекел хан тұсындағы қазақ мемлекеті, Ресеймен жақындасудың жолдарын қарастыру туралы студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Хақназар хан. XVI ғ. ІІ-ші жартысындағы мемлекеттің нығаюы.
Қасым ханныњ қазасынан кейін Қазақ хандыѓы бірнеше иеліктерге ыдырады. Сырдарияныњ орта аѓысындаѓы аумаққа Қасымныњ немересі Тоѓым хан иелік етті. Шамамен 1537 жылы Жаѓат уалаятыныњ мањында біріккен моѓол-µзбек қолдарымен болѓан ±рыста Тоѓым хан тоѓыз ±лымен қаза болды. Ал оныњ орнына Қасым ханныњ ±лы Хақназар (1538-1580) сайланды.
Хақназар билікке келісімен қазақ руларын біріктіруге к‰ш салды. XVI ѓасырдыњ 50-ші жылдары мањѓыт мырзаларыныњ арасында µзара талас-тартыс басталды да бір бµлігі орыс бодандыѓына кµшеді, келесі бір бµлігі қазақтарѓа баѓыт алды. Едәуір к‰шейген Хақназар 1568 жылы мањѓыт ж±ртына қарсы жорық жасап, µзіне Батыс Арал мањын қаратты.
1577 жылы кµктемде Хақназар мањѓыттармен жања соѓысты бастап, Жайықтыњ шыѓысындаѓы барлық жерлерді иеленді. Сонымен қатар Сібір ханы Кµшіммен қажырлы к‰рес ж‰ргізді. Бірқатар жорықтардан соњ Хақназарѓа Тобыл мен Жайықтыњ жоѓарѓы жерлерін қосудыњ сәті т‰сті. Б±дан басқа оныњ қоластына б±рын Сібір мен Қазан хандыѓына қараѓан башқ±рт руыныњ ‰лкен бµлігі µтті.
Моѓол хандарымен к‰рес жалѓасып, 1560 жылы Абд ар-Рашид хан Жетісуда Хақназар ханѓа соққы берді. Бірақта кµп ±замай, біріккен қазақ-қырѓыз қолы моѓолдарды жењіліске ±шыратып, шайқаста Абдар-Рашидтіњ ±лы қаза табады. Келесі Емілде µткен шайқаста қазақтар жењіліп, Жетісудан шегінді. Қазақтардыњ жаѓдайы ойраттардыњ шапқыншылыѓынан одан әрі қиындай т‰сті. Тәуекел с±лтан бастаѓан қазақ жасаѓы ойраттармен болѓан ±рыста жењіліп, Ташкентке шегінуге мғжб‰р болды. 70-ші жылдардыњ соњына таман Хақназар ханныњ билігінде тек Жетісудіњ батыс бµлігі ѓана қалды.
Қазақ хандыѓыныњ оњт‰стік шекараларында да тыныштық болмады. Батыста, солт‰стікте және Жетісуда қатар шайқас ж‰ргізуге мәжб‰р болѓан Хақназар 70-ші жылдары Б±хара ханы Абдаллах ІІ-шімен одақ қ±рды. Абдаллах хан болса µзініњ жауларымен, әсіресе Ташкенттегі билікті басып алѓан Баба с±лтанмен к‰ресте қазақ хандарыныњ қолдауына с‰йенуге тырысты. 1579 жылы Хақназарѓа Қазақ хандыѓына Т‰ркістан мен Сауран µњірін қосудыњ сәті т‰сті. Бір жаѓынан қазақ, екінші жаѓынан Абдаллахтыњ әскерінен қысымѓа ±шыраѓан Ташкент билеушісі Баба с±лтан қазақ билеушілерініњ кµзін жоюѓа ±мтылды. 1579 жылдыњ соњында ол келіссµз ж‰ргізуге келген Хақназар ханныњ екі ±лын µлтіруге б±йрық берді, ал кейіннен, 1580 жылы Хақназардыњ µзі жалдамалыныњ қолынан қаза тапты.
Хақназар хан Қасым ханныњ µлімінен кейін ыдыраѓан Қазақ хандыѓын біріктіре алды, оныњ билігініњ соњына таман хандық шекарасы батыста Жайық бойымен, солт‰стікте Есіл, Н±рамен, шыѓыста Шыњѓыстаумен, Балқашпен жғне Шу µзенімен µтті, оњт‰стікте қазақ иелігі Ташкентке таянды. Хақназар хан т±сында ноѓай, башқ±рттардыњ біраз бµлігі қазақ хандыѓына қарады.
2. Шығай хан.
Хақназар хан мен оныњ ±лдарыныњ қазасынан кейін мәслихатта мањѓыттармен шайқаста ерлігімен кµзге т‰скен Шыѓай с±лтан Жәдік±лы хан сайланды. Шыѓай с±лтанныњ жасы сексенге таяу болса да, беделі µте зор болды. Шыѓай хан Абдаллахпен Баба с±лтанѓа қарсы баѓытталѓан жања одақ қ±рды. Қазақ хандыѓында ел басқарудыњ тізгіні негізінен Шыѓайдыњ ±лы Тәуекелдіњ қолында болды және ол Ташкент билеушісімен қазақтарды жењіске жеткізген шешуші шайқасты ж‰ргізді.
1582 жылы маусымда Яссы (Т‰ркістан) қаласы мањында Тәуекел Баба с±лтанныњ әскерін талқандап, µзін µлтіреді. “Сонан соњ ол Сатурнѓа ±қсас сарайѓа Баба мен Жан М±хаммед бидіњ бастарын әкелді, ... хан оѓан сый ретінде Соѓда мен Самарқанныњ тамаша жері – Африкент уалаятын тарту етті”. 1583 жылы Тәуекел Б±хара билеушілерімен қарым-қатынасты ‰зіп, Дешті Қыпшаққа оралады.
1582 жылы Ходжентке таяу К‰мішкент атты елді мекенде Шыѓай хан қаза тауып, сонда жерленді. Оныњ Тәуекелден басқа бірнеше ±лы болды. XVI ѓасырдыњ соњы мен XVIІ ѓасырдыњ басы кезењіндегі қазақ тарихында Ондан с±лтан (¦зын оқты Ондан – Есім хан т±сындаѓы әскери басшы) есімі мен қалмақтардыњ билеушісі Шах-М±хаммед есімі белгілі.
3. Тәуекел хан тұсындағы қазақ мемлекеті. Ресеймен жақындасудың жолдарын қарастыру.
Тәуекелге (1586-1598 жж.) еліне оралѓан соњ, хан таѓына қ±қыѓын қарумен бекітуіне тура келді. Тек ‰ш жылѓы к‰рестен соњ, 1586 жылы хан титулы қабылданды. Б±л уақытта Қазақ хандыѓыныњ халықаралық жаѓдайы нашарлап кеткен еді. Тәуекел хан µзініњ сыртқы саясатында оњт‰стік қалаларды хандыққа қосуды басты мақсат етіп қойды.
Ташкентке ие болуѓа ерекше шиеленіскен к‰рес ж‰рді. 1588 жылы қазақтарға Ташкентті басып алудың оңтайы келді. Бірақта, Самарқаннан өзіне қарай Абдолланың інісі бастаған әскер бет алған соң, Тәуекел кейін дала қойнауына шегінуге мәжбүр болды. Ташкент Бұхара билігінде қалды.
XVI ғасыр соңында Тәуекел ханның алдында екі сыртқы саяси маңызды міндет – Ташкентті бағындыру мен Сібір ханы Көшіммен күрес тұрды. Сырттан қолдау табу мақсатында Тәуекел одақтас іздей бастады. 1594 жылы Тәуекел хан орыс патшалығына Құл-Мұхаммед бастаған елшісін аттандырды. Қазақ елшілігінің алдына екі міндет қойылды. Олар: Ханның немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен тұтқыннан қайтару (Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыс қолдарының Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді) және орыс патшасынан Абдаллах ханға қарсы күресте көмек сұрау. Сонымен қатар, қазақ елшілігі Борис Годуновтан сол мезетте Мәскеуде болған парсы шахының өкілдерін өздерімен бірге Қазақстанға жебіруді өтінді. Қазақтар Бұхараға қарсы күресуге парсы шахымен әскери одақ құруға тырысты.
Мәскеумен келіссөз жүргізу Тәуекел ханның өзі күткендей нәтиже бере қойған жоқ-тын. Орыс патшасы Тәуекелдің “отшашар қаруға” айырбас ретінде Бұхарамен және Сібір хандығымен жеке соғысуын қалады. Қазақтарға оңтүстікте қолайлы жағдай тек 1597 жылы Бұхара хандығында талас-тартыс басталған кезде туды. Абдоллаға ықпалды адамдардың қолдауымен өз баласы қарсы тұрды. 1598 жылы Тәуекел әскері Ташкентті иеленіп, Самарқан қабырғасында Абдолланы талқандады. Орта Азияның барлық қалалары, оның ішінде Түркістан жазирасы, Ташкент, Самарқан қазақ сұлтандарына бағынды. Самарқан билеушісі болып ханның інісі Есім сұлтан тағайындалды.
Абдолланың өлімімен кейін Тәуекел Бұхараны басып алуды көздеді. 80 мыңдық әскермен ол бұл байырғы қаланы қамады. Шабуылдардың бірінде Тәуекел хан жараланып, кейін осы жарақаттан қайтыс болды. Оның мұрагері Есім хан Бұхарамен бітім жасап, Самарқан Бұхара билеушілеріне қайтарылды, ал Ташкент, Сайрам, Әндижан Қазақ хандығының құрамына кірді.
Бақылау сұрақтары
1. Хақназар ханның ата-тегі, оның билікке келуі.
2. Хақназар ханның ішкі, сыртқы саясатының ерекшеліктері.
3. Қазақ хандығының қайта өрлеуі.
4. Хақназар ханның батыстағы Ноғай Ордасымен арадағы қатынасы.
5. Ноғай Ордасының Қазақ хандығының құрамына енуі.
6. Хақназар хан тұсындағы қазақ-моғол қатынастары.
7. Моғол ханы Абд ар Рашид ханның Қазақ хандығына қарсы соғыстары.
8. Жетісуға ойраттардың тонаушылық жорықтары.
9. Хақназар хан тұсындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы. Өзбек ханы ІІ Абдоллахпен «ант беріскен шарт» жасасу.
10. Хақназардың Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен қатынасы.
11. Хақназардың Баба сұлтанға қарсы жорықта ІІ Абдоллахты қолдауы және оған Абдоллах ханның берген сыйы.
12. Орыс патшалығымен байланыстың қалыптаса бастауы.
13. Хақназар ханның өлімі.
14. Шығай ханның ата-тегі, билікке келуі.
15. Шығай ханның Баба сұлтанға қарсы ІІ Абдоллах жорығына қатысуы.
16. Түркістан түбінде Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлерінің Баба сұлтанның әскерін талқандауы.
17. Тәуекел ханның ата-тегі, билікке келуі.
18. Тәуекел ханның Мауреннахр билеушісі Абдулла ІІ-мен қатынасы. Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алуы.
19. Тәуекел ханның Сібір хандығымен байланысы.
20. Қазақ елшілігінің Москваға баруы (1594). Оның мақсаты.
21. Тәуекел ханның Ташкент түбінде ІІ Абдоллах әскерін талқандауы.
22. Тәуекел ханның 1598 ж. Мауреннахрға жорығы, оның қорытындылары.
№ 27 лекция.
Тақырыбы:
ХҮІІ ғ. Қазақстанның ішкі саяси және халықаралық жағдайы.
Жоспары:
1. XVIІ ғ. басындағы саяси жағдай. «Еңсегей бойлы Ер Есім» хан. Бухара хандығы мен өзара қарым-қатынастар.
2. Тұрсын ханның бүлігі.
3. Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы.
4. Тәуке ханның реформалары. «Жеті жарғы»
Лекция мақсаты: XVIІ ғ. басындағы саяси жағдай, «Еңсегей бойлы Ер Есім» хан, Бухара хандығы мен өзара қарым-қатынастар, Тұрсын ханның бүлігі, Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы, Тәуке ханның реформалары және «Жеті жарғы» туралы студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. XVIІ ғ. басындағы саяси жағдай. «Еңсегей бойлы Ер Есім» хан. Бухара хандығы мен өзара қарым-қатынастар.
Есім ханның (1598-1628 жж.) билік кезеңі өте күрделі болды. Оңтүстікте Бұхара ханымен Ташкент үшін үздіксіз күрес жүрді, шығыста ойрат тайпалары күшейді, Қазақ хандығының өз ішінде сепаристік пиғылдағы сұлтандардың бас көтерулері болып тұрды. Қазақтардың қарақалпақтармен қатынасы да шиеленісе түсті. XVI ғасыр соңында 40 қарақалпақ руының өкілдері Тәуекел ханға Орталық Қазақстан мен Арал маңынан оларға жер беруін сұрап өтініш жасады. Бұл өтініш қанағаттандырылды, жаңа бодандардың басына хан өз баласын қойды. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтереліс жасап, Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғыс ашып, 1613 жылы Оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кетуге мәжбүр етті.
Бұл уақытта Бұхара ханы Ташкентті иемденуге талаптануын жиілетті. 1603 жылы күзде бұхаралықтар Самарқаннан Ташкентке бағыт алды. Біріккен қазақ-қырғыз әскері Айғыржарда бұхаралықтарды толық талқандап, Самарқанды қамады. Қамау еш нәтижеге жеткізбеді де, одақтастар Ташкентке оралды. 1607 жылы бұхаралықтар Ташкентті басып алды, бірақта Есім хан оларды кері қайтарды. 1612 жылы бұхаралық Имамқұл хан қазақтарға шабуыл жасап, жолындағы бірнеше қалалар мен ауылдары тонап, Қаратауға дейін жетті, ал Ташкентке билеуші етіп өзінің ұлын отырғызды. Бұхара әскері қаланы тастап кетісімен, ташкенттіктер көтеріліс жасап ханзаданы өлтірді. 1613 жылы қазақтар қарымта жорық жасап, Бұхара мен Балханың біріккен әскерін талқандады. Шайқастағы сәтсіздіктерінен соң, Имамқұл хан Ташкент өңірінде қазақтан өз адамының келуіне мүмкіндік жасауды ұйғарды. Көп ұзамай мұндай мүмкіндік оған берілді де.
2. Тұрсын ханның бүлігі.
1613 ж. Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан өзін хан жариялап, Бұхарамен одақ құрды және Түркістан, Сайрам, Әндижан мен Шахрухия қалаларын басып алды. Онымен қатар бір мезетте ойрат тайпаларының шабуылы басталды. XVI ғасырдың соңында ойрат тайпалары Қазақстан аумағымен батысқа қарай жылжыды. Олардың ұлыстары Есілде, Ертісте, Тарбағатайда және Тянь-Шанда пайда болды. XVI ғасырдың басында-ақ ойраттар Орта Азия мемлекеттері мен қырғыз көшпелілеріне шабуыл жасады. 1604 жылы ойраттар қазақтардан жеңіліске ұшырады, бірақта Тұрсын хан билікті басып алған соң, ойраттар жаңа жорықтар жасап, Ұлы жүзді өздеріне бағындырды. Есім хан Шығыс Түркістанға қашуға мәжбүр болды. Тұрсын хан Бұхараға қарсы соғыс ашып, 1621 жылы қазақтар бұхаралықтарды екі рет жеңді, алайда осы жеңістерін баянды ете алмады. Бұл уақытта 1620 жылы ойрат әскерін талқандап, Қазақстанға Есім хан оралды. 1624 жылы Есім Тұрсын ханнан Түркістанды тартып алғанымен, оны құлатуға күші жетпеді. Қарсыластар арасында уақытша тепе-теңдік орнады. Есім хан ойраттармен бітім жасасты, Тұрсын ханмен бірге Қазақ хандығынан бөлінуге бет алған Әндижанға жорық ұйымдастырды. Бірақта олардың қарым-қатынасы тіпті ширығып кеткен еді. 1627 жылы Есім хан қазақ қолын бастап ойраттарға қарсы жорыққа аттанды. Осы мезетті пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның барлық жанұясын тұтқынға алды. Тұрсын хан жеңіспен оралған Есім ханға Сайран маңында тосқауыл қойды. Осы себепті болған шайқаста ташкенттіктер жеңілді де, Есім хан Ташкентті бағындырды, ал Тұрсын хан өзінің жақындарының қолынан қаза тапты.
Есім хан да көп ұзамай 1628 жылы күзде қайтыс болды. Ол Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленді. Есім ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау жолындағы қажырлы күресі ел есінде қалды. Халық оны құрметпен Еңсегей бойлы ер Есім атады.
3. Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы.
Тәуке хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одағы жоңғарлардың қазақ жеріндегі тегеуірінін уақытша әлсіретті. Олардың 1680 жылғы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезінде Тәуке хан әскерімен болған Түркістан қаласы ғана тонаудан аман қалды. Жоңғар шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың біртіндеп өмір сүруін тоқтатуының елеулі себептерінің бірі болды. Сонымен қатар жоңғар шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын тоқтатты, бейбіт жұрттың шаруашылығына үлкен залал келтірді. Тоқтаусыз өзара қырқыс, Орта Азия билеушілерімен тұрақсыз қарым-қатынас Қазақстандағы ауыр экономикалық және саяси жағдайды тудырды. Қазақ хандығының әлсіреуі тек мемлекеттің тұтастығына ғана әсер етіп қойған жоқ, этникалық әсері болды. Билік, жайылымдық жер мен қалалар үшін талас-тартыс қоғамдық-мәдени дамуды баяулатты, мемлекеттікті нығайтуға және оның көмегімен халық пен оның жерін қорғауға кедергі жасады.
Тәуке хан ыдырай бастаған хандықта саяси ахуалды біршама қалпына келтірді. Ол хан билігін күшейтуге, сепаристік күштерді басуға, халықтың бірігуіне бірқатар шаралар қолданды. Оның тұсында құқық қорғау мен мемлекет құрылысының негізгі қағидаларын белгіленген салт-дәстүр құқығының жинақ нормасы “Жеті жарғы” құрастырылды.
4. Тәуке ханның реформалары. “Жеті Жарғы”.
Саяси құрылымның өзгеруі қазақ қоғамының құқық базасын қайта қарастырудың қажеттілігін тудырды. Бұл жұмыс XVIІ ғасырдың басында жүрді де, Тәуке хан тұсында “Жеті Жарғы” заңдар жинағында бекітілді. Бұл жинақ XVIІІ ғасыр басындағы белгілі билердің қатысуымен әзірленді және мынадай жеті негізгі тараулардан тұрды:
-
Жер дауы, мұнда жайылымдар мен суаттар туралы дауды шешу жолдары айтылған.
-
Неке құру және бұзу тәртібін, ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттерін, жанұя мүшелерінің мүліктік құқығын белгілейтін жанұя-неке Заңы.
-
Әскери міндеткерлікті, қосындар құруды және әскери басшыларды сайлауды реттейтін әскери Заң.
-
Сот жүргізу тәртібін белгілейтін сот процесі жөнінде Ереже.
-
Кісі өлтіруден басқа әртүрлі қылмыстарды жазалауды анықтайтын қылмыстық Заң.
-
Кісі өлтіргені және ауыр дене жарақатын жасағаны үшін жазалауды анықтайтын құн жөніндегі Заң.
-
Жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқығын, сонымен қатар оларға байланысты қауым мен марқұмның туысқандарының міндеттерін реттейтін Жесір дауы.
“Жеті Жарғыдан” басқа халықаралық құқық тұрғысында Қасымның Кодексі де пайдаланылды. “Ереже” – билер құрылтайы ережесі және соттық оқиға, билер соты әрекеті жөнінде мағлұмат беретін әңгімелер – “Билер сөзі” Кодекске өзіндік толықтырулар болды.
Сот ісі, әдет-ғұрып құқығы – адат пен мұсылман заңы – шариғатқа негізделді. Сот ісі ру басшылары – билердің қолында болды. Ерекше күрделі істер билер съезінде қаралды. Кейбір істерде сұлтандар мен хандар қатысты. Егер жауапкер соттан немесе оның шешімін орындаудан жалтарса, онда қуынышы барымта жасауға құқылы болды.
Қазақ құқығының негізгі институты – жеке меншікке құқылық. Жайылым мен жыртылған жерлер руға, қауымға ортақ болды, мал жанұялық меншік болды. Қыстық жайылымдар мен шабындықтар ерекше қатаң бөлінді. Қазақтарда мынадай өзіндік міндетті құқық институты өмір сүрді: жылу, жұртшылық, асар және тағы басқа.
Қазақтардың неке формасы экономикалық базиске сәйкес болды. Некенің негізгі формасы бірнекелілік (моногамия) болды. Мүлікті сословие арасында көпнекелілік (полигамия) тарады. Жанұя-неке қатынасының ерекшеліктерінің бірі марқұмның әйелі күйеуінің бауырына көшетін салт-дәстүр – әмеңгерлік болды. Жетінші ұрпаққа дейін туысқандар арасында некеге тиым салынды. Ержеткен бала әке мүлкінің бөлігіне ие болуға құқығы болды. Белгілі бір жасқа келген соң балаларын жеке шаруашылыққа – отауға бөліп шығарды. Әкенің барлық шаруашылығы ол өлген соң шаңырақ иесі кіші ұлына тиесілі болды.
XV-XVII ғасырларда қазақ қоғамында азаматтық құқық пен қылмыстық құқық арасында шек болған жоқ. Қылмыс жөніндегі түсінік жаман іс, күнә түсінігімен астасып жатты. Қылмыс құқығында негізгі орынды кек қайтару заңы (қанды кек) алды. Көп жағдайда қанды кек құн төлеумен алмастырылды. Кейбір қылмыстарға айыптар салынды.
“Жеті Жарғыға” сәйкес қылмыстық жауапкершілік тек тікелей айыптыға жүктелді, сонымен қатар қауымның ұжымдық жауапкершілігі қағидасы кең тарады. Егер жауапкер сотқа келмесе немесе кесілген құнды төлемесе, онда айып барлық қауымнан алынды. Ондай жағдайда жауапкер қауым мүшелерінің еркіне берілді. Зерттеушілер қазақ қылмыс заңының ізгілікті болғанын атап көрсетеді. Тек ерекше жағдайларда ғана өлім жазасы қолданылды. Ондай жағдай біреудің әйелін зорлау мен алып қашу болды. Үкімді орындауға арнайы орган болған жоқ, бұл құқық қуынушыға берілді.
Бақылау сұрақтары:
1. Есім ханның ата-тегі, билікке келуі.
2. Есім хан тұсындағы қазақ хандығының саяси жағдайы.
3. Есім хан тұсындағы қазақ-қарақалпақ қатынасы.
4. Есім хан тұсындағы қазақ-бұхар қатынасы.
5. Бірінші Қазақ-бұхар соғысы. Айғыржар шайқасы.
6. Қазақ-бұхар соғыстарының нәтижесі.
7. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылықтар.
8. Тұрсын ханның өзін Ташкент билеушісі жариялауы.
9. Есім ханның Шығыс Түркістанның ішкі өміріне араласуы.
10. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрестің шиеленісуі. Тұрсын ханның өлімі.
11. Есім ханның қайтыс болуы.
12. Салқам Жәңгір ханның билікке келуі.
13. Орбұлақ шайқасы, оның тарихи маңызы.
14. ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
15. Тәуке ханның ата-тегі, билікке келуі.
16. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі саяси өміріндегі өзгерістер.
17. Батырлар мен билердің ролі.
18. Хандық Кеңес.
19. "Жеті жарғы" заңы.
20. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.
21. Тәуке хан тұсындағы Қазақ-орыс қатынасы.
22. Тәуке ханның қайтыс болуы, қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылықтың етек алуы.
№ 28 лекция.
Тақырыбы:
Қазақ хандығы кезеңіндегі саяси-құқықтық жағдай.
Жоспары:
-
Қазақ халқының қоғамдық ұйымы.
-
Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.
3. Қазақ қоғамының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.
Лекция мақсаты: Қазақ халқының қоғамдық ұйымы, Қазақ хандығының әлеуметтік топтары және қазақ қоғамының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы туралы студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Қазақ халқының қоғамдық ұйымы.
Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бір-бірімен байланысты қарым-қатынас түрлерінің әр алуандығына негізделді. Олар: қандас туыстық, отбасылық, шаруашылықтық, әскерлік, мәдениеттік, этникалық және басқа байланыстар еді. Мұндай байланыстар қоғамдық өмірдің әртүрлі өрістерінде туып, тұтастықты өз-өзінен реттеуші ретінде қоғамның іс-әрекетін қамтамасыз ететін түрлі-түрлі әлеуметтік организмдер мен солардың салт-ережелерінің күрделі жүйесін құрды.
Көшпелі қауымның тірлік-тынысы көп жағдайда малды жайып бағудың маусымдық ырғағымен айқындалды. Жылдың әр маусымындағы көшіп-қону сипатының өзгешелігіне қарай Қазақстанда қауымдасудың екі түрі қалыптасты. Қысқы, ерте көктемгі және күзгі кезеңдерде көлемі жағынан әдетте орта есеппен алғанда қысқы қой отарына (300-400 бас) сәйкес келетін (5-6 үй қожалығы) шағын қауым деген дамыды. Жылдың бұл мезгілдеріндегі қауымның көлемі қыстау маңайындағы жайылымдық жерлерден азығын тауып жеуге қабілетті мал санымен айқындалып отырды және олар сол төңіректегі шөптің шығымдылығына барынша тәуелді болды. Қыстаудың 2-4 шақырым төңірегіндегі жайылымдық учаскелер – тек еңбекті және жекешелерді бірлестіру түрі ғана емес, сонымен бірге жерді иеленуші және жерді пайдаланушы бірлестік саналған осы қауымның меншігі болып табылды.
Қауымның екінші түрі жылдың жылы кезеңінде ұйымдасты. Бұл кезде көшпелілер басым жағдайда малды сумен неғұрлым ұтымды қамтамасыз ету мүддесі негізінде едәуір ірі шаруашылықтық топтарға бірікті.
Мұндай жағдайда кеңейтілген қауымның көлемі жайылымдық жерлердің сыйымдылығына оның тәуелдігінен гөрі, малдың су көздерімен қамтамасыз етілуі арқылы айқындалды. Сондықтан ол әдетте екі-үш шағын қауымның бірлесуінен тұрды. Суды пайдалану мәселерін реттеудегі жалпы қажеттік негізінде су көздеріне меншіктік қатынастар пайда болды.
Кеңейтілген қауым өз кезегінде әртүрлі қауымдық топтардың жерді пайдалану, жайылымдық жерлер мен су көздерін бөлу, көшіп-қону бағыттарын үйлестіру жөніндегі қарым-қатынастарын реттеп отыратын неғұрлым аумақты әлеуметтік топтарға енді. Бұл әлеуметтік топ тарихи әдебиетте “ру”, “тайпа”, “қамқоршы”, “жайылдық-көшпелі қауым” деген аттарымен белгілі. Ол жазғы уақыттары барлық қауымдар шоғырланатын бүкіл жайылымдық жерлердің тікелей иесі болды. Қауымдар арасындағы жер мен суға байланысты қарым-қатынастарды экономикадан тыс реттеу міндеттері, міне, қауымдардың осы ассоциациясы дәрежесінде шешіліп отырды және сондықтан да ол іс жүзінде көшіп-қонудың бүкіл жүйесінің тәртібін белгілеп, жүзеге асыратын.
2. Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.
Қазақ қауымының XV - XҮІІІ ғ.-дың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың “ақ сүйек” және “қара сүйек” дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктеріне қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысында танылды. Оларға екі ақсүйектік топ – төрелер мен қожалар жатты.
Ақ сүйектен өзгешелігі “қара сүйектің” сословиелік-бірлестік топтары жеке басының сапасы мен мүліктік жағдайына қарай кез-келген жеке адамның қол жеткізуіне болатын ашық статус саналды. Оларға билер, тархандар, батырлар, ағамандар (ақсақалдар) дәрежесіндегілер жатқызылды. Бірақ қазақ халқының ерікті қауымдастар деп саналатын үлкен бөлігі сословиелік белгілері бойынша ешбір жіктеле қоймады. Міне, бұл оларды қазақтардың үстем табынан айыра ерекшелендірді.
Көшпелі қоғамның ерекше пұрсатты іріктелген қалаулы тобын “ақ сүйектің” негізі саналатын төре (сұлтандар) аристократиялық тобы құрды. Ол Шыңғыс әулетінің аға тармағы – Жошы ұрпақтарына жататын адамдар тобын біріктірді. Төре сословиесі қазақтардың қоғамдық және саяси өмірінде үлкен рөл атқарды. Төрелердің ортасынан қазақ қоғамының саяси ұйымына негізгі басшылықты жүзеге асыратын хан, яғни жоғарғы өкімет сайланды. Сұлтандар сословиесіне жату өзінің дүниеге келуінен бастап жеке адамның іс жүзінде үстем тапқа жататындығын білдіретін және оның қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру мен жөнге салуда айрықша құқықпен пайдаланатындығын алдын-ала шешетін.
Көшпелілердің екінші бір іріктелген қалаулы тобын мұсылман діні қызметкерлерінің сословиесі – қожалар құрды. Мұрагерлік артықшылықтарымен пайдаланатын қожалар қазақ қоғамының рухани өмірінде маңызды рөл атқарды. Қожалардың көшпелілер қоғамындағы саяси ықпалы шамалы болды, міне, мұның өзі ислам дінінің далаға әлсіз тарағанынан-ақ байқалды.
Көшпелілер қоғамының үстемдік етуші бөлігін құрайтын әр түрлі сословиелік топтарымен және ерікті қауымдастармен қатар Қазақстанда тәуелді халықтар категориялары – құлдар мен төлеңгіттер µмір сүрді.
Төлеңгіттер деп сұлтандар сословиесіндегі қызметтерде жүретін адамдарды атады. Бұл әлеуметтік топтың шығуы жоңғарлармен тартысқа және екі арадағы көп жылғы соғысқа байланысты болды, сол кездері жоғарғы өкімет пен оның өкілдері – сұлтандардың “әскери міндеттерді атқаратын” адамдарға деген сұраныстары арта түсті.
Тәуелді халық категориясына сондай-ақ, тұтқынға алынған ресейліктер, қалмақтар, ирандықтар арасынан іріктелген құлдар да жатты. Алайда, қазақтарда құл иеленушілік кең таралмады және ол патриархалдық үй құлы шеңберінен шыға қойған жоқ. Құлдар негізінен жеке үй шаруашылығында пайдаланылды; олар иелерінің малына қарады, егістіктерін өңдеді, үй іші шаруасын істеді.
3. Қазақ қоғамының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.
Қазақ қоғамының мемлекеттік-әкімшілік басқару құрылымы жеті сатыдан тұрды:
1. Ауыл бойынша билік жүргізу. Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл ұйым туыстас жақын адамдардың бірнеше жанұясынан құралады. Ауылды ауылбасы басқарды. Ондай адамның ауыл ішінде беделі күшті болды. Оның атқаратын міндеттері: ауылдастарының шаруашылығын басқару, көші-қон уақытын белгілеу, ауылдың адамкүші мен көлік күшін дұрыс райдалана білу, ауылда дау-жанжал болса, оны әділ, дұрыс шешу, жоғарыдан келген бұйрық-жарлықтарды өз кезінде орындау.
2. Ақсақалдар билігі ата-аймаққа жүрді. Бұған бір атаға жататын, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралған ата-аймақ жатады. Ақсақал ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, жақын туыс ағайын арасы,мұрагерлік пен еншіт.б. мәселерді шешуге құқылы болды. Ата-баласы ішіндегі дау-жанжал болса, кінәлі жағын жазалауға құқылы болған.
3. Рулық басқару ұйымы. Бұл – он немесе он бес аймақтан құралатын басқару жүйесі. Руду - рубасы басқарды. Ру билігіне өз қасиетімен не аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік жүргізді. Ол ақсақалдарын жиып алып, оларға кеңес беріп, жоғарыдан келген бұйрық-жарлықтарды орындап отырды.
Рубасы көпті көрген шешен, ақылды, тәжірибелі адам болды. Сондықтан да рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне байланысты болды.
4. Ұлыстық билік. Қазақ қоғамының бұл ұйымына бірнеше ру кірген. Ұлысты ұлыс биі билеген. Ұлыс биі өз ұлысы жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдай әскер шығара алды. Ұлыстың бас билігі, сыртқы саясаты және әлеуметтік өмірге басшылық ұлыс сұлтанының қолында болды. Ұлысқа билік жасап отырған хан немесе сұлтанның ақылшы кеңесшісі болған. Хандар өз ұлдарын көп жағдайда сұлтандыққа сайлап отырған.
5. Жүздік билік. Жүз бірнеше ұлыстан құралған. Жүзді хан басқарды. Қазақ жүздері шамамен ХҮ-ХҮІ ғғ. тайпалардың жер жағдайына байланысты құрылған. Жүздің басында отырған билер – ордаби атанып, олар аса ірі мәселелерді шешуде ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырды.
6. Хандық билік. Қазақ ұлтының хандық өкіметі үш жүзден құралған. Билік осы хандық өкіметтің басындағы Ұлы ханның қолында болды. (Түркі дәуірінде қаған деп аталған).
7. Қазы (Мәслихат немесе Құрылтай жиын). Бүкіл қазақ ұлтының басқосқан кеңесі. Ел басына күн туғанда жауапты мәселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматтары түгел қатынасады. Мұндай кезде «Жарғының» талабы бойынша азаматтың бес қаруы, ат-сайманы бойында болуы керек. Қаздың (құрылтайдың) кеңесінде көрші елдермен соғысу, не одақтасу, не мойынсұну т.б. бойынша шешімді бекіту не бекітпеу мәселесі қаралған.
Бақылау сұрақтары
1. Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуындағы қарым-қатынас түрлері.
2. Көшпелі қауымның тірлік-тынысының ерекшеліктері.
3. Қазақ қоғамындағы қауым түрлері.
4. Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.
5. «Ақсүйектер» тобы, оған жататындар.
6. «Қарасүйектер» тобы, оған жататындар.
7. Төре (сұлтандар) сословиесінің қазақ қоғамында, саяси өмірінде алатын орны.
8. Қожа сословиесінің қазақ қоғамында, саяси өмірінде алатын орны.
9. Төлеңгіттер, олардың қызметі.
10. Құлдар, олардың қазақ қоғамындағы ерекшеліктері.
11. Қазақ қоғамының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.
12. Ауыл бойынша билік жүргізу.
13. Ата-аймақтағы Ақсақалдар билігі.
14. Рулық басқару ұйымы.
15. Ұлыстық билік.
16. Жүздік билік.
17. Қазы (Мәслихат немесе Құрылтай жиыны), онда қаралатын мәселелер.
№ 29 лекция.
Тақырыбы:
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының материалдық мәдениеті.
Жоспары:
1. Қазақтардың экономикасы мен тұрмысы.
2. Қала мәдениеті. Оңтүстік Қазақстан қалалары.
3. Сәулет өнері және құрылыс.
Лекция мақсаты: ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының экономикасы мен тұрмысы, қала мәдениетінің дамуы, Оңтүстік Қазақстан қалалары және сәулет өнері мен құрылыс туралы студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Қазақтардың экономикасы мен тұрмысы.
ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақтарда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталды. Негізінен қой, жылқы, түйе өсірілді. Ірі қараны аз мөлшерде, көбіне отырықшы елдер ұстады.
Қазақ хандығында алдыңғы мемлекеттердегі сияқты тұрақты көші - қон жолы және жыл мезгілдеріне қарай орын ауыстыру мезімдері (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) қатаң сақталды. Бірнеше ондаған, кейде жүз шақты ауылдан тұратын әрбір ру өзіне меншікті жер бөлігінде ғана көшіп жүрді. Көші-қон орнын таңдау әдет-ғұрыптар мен шаруашылық қажетінен ғана емес, хандықтағы саяси жағдайға да байланысты болды.
Ғасырлар бойы қалыптасқан мал шаруашылығы дағдылары сақталып, үнемі жетілдірілу үстінде болды. Қазақтардың киіз үйімен шаруашылық құрал-саймандары көшпелі тұрмысқа, мал өнімдерін өңдеуге жақсы бейімделген. Мал өнімдері қазақ отбасының өмірлік қажетінің бәрін өтеді, тамақ та болды, киім мен аяқ киім, үй жабдықтары жасалды, көлік ретінде пайдаланылды. Көшпелілердің барлығы дерлік мал шикізатынан үй жабдықтарын жасай білді. Киіз басты, кілем тоқыды, киім, аяқ киім тікті, теріден ыдыс, қамыт-сайман жасады. Қазақтар бұйымды негізінен өздері үшін жасағанымен, кейде артығымен өндіріп, қала жұртшылығының, егіншілердің бұйымдарымен өздеріне айырбас жасап отырды. Түркістандағы қала базарларына көшпелілер мал айдап келді, тері, жүк, олардан жасалған бұйымдарын әкеліп, оның орнына мақта және жібек мата, қыш құмырашылар мен ұсталар соққан бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапан, шәлі, бас киімдер, аяқ киімдер, ат әбзелдер, үй саймандары, қару-жарақ, қымбат бағалы әшекейлер, айна т.б. көптеген заттар алып қайтты.
2. Қала мәдениеті. Оңтүстік Қазақстан қалалары.
Қазақ хандығында қала мәдениеті кәдімгідей өркендеді. Ибн Рузбихан «Түркістанда отыз қала» болғандығын айтады. Бұлар Сырдың Оңтүстік жағалауындағы – Йасы, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Икан; солтүстігіндегі – Аркөк, Үзкент, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі – Созақ, Құмкент т.б. қалалар. Олардың ішінде тек бес-алтауы ғана мәдени және экономикалық ірі орталық болып табылады.
Қазақ мемлекетінің қалыптасу және нығаю кезеңінде Қазақстан халқының өмірінде қалалардың атқарған ролі өте жоғары. Мысалы, Сығанақ – Дешті Қыпшақ үшін «сауда орталығы», алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы болды. Түркістан – ХҮІ-ХҮІІ ғғ. шекарасында Қазақ хандығының астанасы, бүкіл Орта Азия мен қазақ даласының діни орталығы атанды. Отырар Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы ретінде танылды. Ол ХҮІ ғ. Түркістандағы Шайбани әулетінің мекені болды. Сауран – ХҮІ ғ. мұнаралы биік қамал қабырғалары, қорғаныс үйінділері, терең оры бар мықты қорғаныс жүйесімен ерекшеленеді. Сайрам да мықты бекініс, ірі сауда өнеркәсіп орталығы, Мауереннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабында орналасқан қала.
Қаратаудың солтүстік беткейіндегі Созақ қаласы мықты бекінісі, далалықтарға арналған сауда және өнеркәсібі бар Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, әскери бақылау орталығы болды.
Оңтүстік Қазақстан қалалары мен жазираларында тұрақты жәрмеңке өткізіліп тұрды. Сауда қалалар өмір сүруінің басты бір бағыты болды. Ірі базарлар мен көптеген дүкендер сауданы қыздырып жатты.
Қазақ хандығы дүрілдеп тұрған кездегі, әсіресе Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан тұсындағы қолайлы саяси жағдай, соғыстар мен қақтығыстардың тоқталуы қалалар мен сауданы өркендетті.
3. Сәулет өнері және құрылыс.
Жазбаша деректемелер қалаларда діни және азаматтық сипаттағы құрылыстар болғанын дәлелдейді. Біріншілеріне қала құрылысындағы ерекше доминанттар болған мешіттер, медреселер, ханақылар, кесенелер жататын.
Зайн ад-дин Васифи қалада ХҮІ ғ. салынған Сауран медресесін жарқын суреттеп қалдырған. Оның тербеліп тұратын мұнараларымен даңқы шыққан. «Оның айванының иіндеріне,- деп жазады Васифи, - ғаламат биік және өте ғажайып екі мұнара орнатылған, сондықтан ақындардың біреуі сол Заххаку айванын жыландарға теңеген. Сол мұнараның «гүлдестесіне» шынжыр бекітілген де, әрбір мұнара күмбезінің астына бөрене салынған, сөйтіп әлдебіреу бөренені күшпен қозғаған кезде, шынжыр тербеледі де, қарсы жақтағы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап түсетін сияқты болып көрінеді, ал мұның өзі әлем кереметтерінің бірі».
Отырардағы археологиялық қазба жұмыстары ХҮІ-ХҮІІ ғғ. мешіттің қалдықтарын аршыды. Ол қала жұртының оңтүстік-шығыс бөлігіне орналсқан, тік бұрышты етіп жоспарланып, қатаң түрде батыс-шығыс бағытында бағдарланған. Мешіттің аумағы 135,6 шаршы метр. Мешіттің қасбеті үш үлкен көше тоғысатын шағын алаңға қаратылған. Мешіт көлемі 87,1 шаршы метр зал мен оған шығыс жағынан жалғасатын 6 бөлмеден тұрған. Орталық есік, сірә, батыс қабырғасында, алаң жағында болса керек.
Қала құрылысының қоғамдық құрылыстары арасында бұрынғысы сияқты қоғамдық моншалар болған. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. салынған сондай бір монша Түркістанда осы кезге дейін сақталған. Бұл – көлемі 400 шаршы метр болатын, күйдірілген кірпіштен салынған көп күмбезді ғимарат. Моншаның жер бетіндегі биіктігі 5 метр, іргетасы 3 метр тереңдікте жатыр. Моншаның 8 бөлмесі бар, олар: шешінуге арналған зал; моншаға кірердегі дәліздер, дене сылауға арналған сәкісі бар орталық жуыну залы; ыстық сумен жуынатын орын; тағы бір жуынатын орын; екі санитариялық бөлме.
Бақылау сұрақтары
1. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақтардағы шаруашылық түрлері.
2. Көшпелі мал шаруашылығы.
3. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
4. Отырықшы мал шаруашылығы.
5. Қазақтардағы көші-қон түрлері.
6. Қазақтардың тұрмысы.
7. Қазақтардың қолөнері мен саудасы.
8. Қазақ хандығындағы қалалық мәдениет.
9. Сығанақ қаласы, оның Қазақ хандығындағы саяси, сауда-экономикалық маңызы.
10. Түркістан қаласы, оның қазақ елі үшін діни-рухани, мәдени және саяси орны мен ролі.
11. Отырар қаласының Қазақ хандығы үшін ірі сауда-өнеркәсіп орталығы ретіндегі ролі
12. Сауран қаласы, оның ерекшеліктері мен маңызы.
13. Сайрам қаласы, оның ерекшеліктері мен маңызы.
14. Созақ қаласы, оның ерекшеліктері мен маңызы.
15. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығындағы сәулет өнері және құрылыстар.
16. Сауран медресесі.
17. Отырар мешіті.
18. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қоғамдық моншалар.
№ 30 лекция.
Тақырыбы:
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының рухани мәдениеті.
Жоспары:
1. Халықтың ауызша шығармашылығы.
2. Музыкалық шығармашылық.
3. Ауызша және жазбаша әдебиеттер. Поэзия. Жырау.
4. Дәстүр, ғұрып және мерекелер.
5. Дін және космогониялық түсінік.
6. Қазақ күнтізбесі.
Лекция мақсаты: ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының ауызша, музыкалық шығармашылығы,
ауызша және жазбаша әдебиеттері, салт-дәстүрі, ғұрпы және мерекелері, діні және космогониялық түсініктері, сондай-ақ күнтізбесі туралы студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Халықтың ауызша шығармашылығы.
XV-ХҮІІІ ғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Тура осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами берді және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды.
XV-XVII ғғ. үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б.. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.
Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағымен де, өз ерекшелігімен де ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген. Лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.
Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мысалы: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар, т.б.
Ертегілер: “Ер Төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, Аламан-Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бөзінген”, “Сыттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жобайы аңдар бейнеленген. “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожа Насыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады.
Ол эпостар “Қарабек”, “Ер Көкше”, “Қобыланды”, “Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.
XVI-XVII ғғ. дамудың жаңа этаптары басталды: сюжеттік поэмалар. Онда өз отандарын басқа елден келгендерден қорғау барысы бейнеленген.
Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар жастар махаббатына арналады, онда айтылған салт-дәстүрлердің, халықтың ерекшеліктеріні сипаттау жағынан алатын орыны зор. Мәселен, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз”, “Назымбек”, “Сұлу шаш”, “Мақпал қыз” атты поэмалар соның айғағы.
Қазақтың лирикалық поэмасына айтарлықтай үлес қосқан шығыс халықтарының классикалық поэзиясы. Махаббат лирикасындағы әндер “Жүсіп пен Зылиха”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Боз жігіт”, “Сейфуль-Малик”, “Тахир мен Зухра”. Бұлар да қазақ халқында белгілі бір орын алған.
Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары да кең тамыр жайған: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, үзінділер, шешендік сөздер, сатира, юмор, лирикалық әндер (жырлар), тұрмыстық дастандар және т.б.
2. Музыкалық шығармашылық.
Еңбек көріністері, салт-дәстүр, халық ойындары және мерекелер – музыка әлемінде өздерінің көріністерін тапқан. Вокалды және инструменттік өнердің дамуы поэтикалық дәстүрдің дамуына, түп-тамырын жалғауға негіз болды. Қазақта және басқада халықтарда тек музыка мәдениетін қорғаушы, ұрпаққа жеткізуші аспап-саздармен орындаушы, солистік әншілер болды. Әрбір ақынның, әншінің баға жетпес құралы ұшбұрышты, сопақ түрдегі - домбыра. Өз кезінде қос ішекті, іші қуыс, асты терімен жабылған қобыз сияқты құралдар болған.
XVI-XVII ғғ. халық ойындарында, мерекеде, эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық жырларды халық талантары жаңғырта білген.
Күйлерді орындаудан бұрын халық таланттары шығарманың мазмұнын қысқаша баяндап, “Енді тыңда, домбыраның сазын” деп аяқтайтын болған. Өткен тарихымыздан біз ауыз әдебиетінің талант иесіне қанша күш беріп, сондай бір тербеніске әкелетінін білеміз.
Ауыз әдебиетінің ерекшелігін, алтын қазығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ақын, жырау, әнші-импровизаторлар. Ақындар орта ғасырда-ақ ауыз әдебиетін жаңғырта білген. Олар екіге бөлінген: жыршы және әнші.
3. Ауызша және жазбаша әдебиеттер. Поэзия. Жырау.
XV ғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.
Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы. Ол XV ғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде, өзара тайпалардың бірлігіне, ерлікке шақырады. Доспанбет жырау XV ғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақшасарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлік пен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523 ж. Астрахан соғысында қаза тапты.
Қазақ халқының мәдениетінде Шалгез-жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.
Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа-жырау мен Жиембет-жырау (XVII ғ.). Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін, өзінің туған жеріне қайта оралған.
Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қазақстанда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIII ғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген.
Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.
XVIIІ ғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар-жырау Тауке-хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІ ғ.аяғы мен ХІХ ғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара Сарыкөл жерінде (қазіргі Қостанай обл.) дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.
Жазба әдебиеті. Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. XV-XVIII ғғ. қазақтар арасында “Қысас ал-анабия”, “Бадуаш”, “Суфи Аллаяр”, “Кесік-Баги” және т.б. кітаптар тараған. Бұл шығармалар діни бағытта болған.
Бізге XVI-XVIIғ. жазылған тарихи шығармалар да жеткен. “Тарихи Рашиди” шығармасы Мағұлстанның және Қазақ хандығының тарихына арналған. Оның авторы - ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар. Оның “Жахан-наме” деген поэмасы бар.
Қазақтардың ең маңызды тарихи көркем шығармасы “Жәми ат-тауарих” оның авторы Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би болған жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы. 1587 ж. ол сұлтан Ораз-Мұхаммедпен бірге орыстардың қолына тұтқынға түсіп, Мәскеуде және Касимовта ұзақ уақыт тұрып, өз шығармасын жазды. Кітап XV-XVI ғғ. қазақ тарихына арналған. Мақал-мәтелдерге бай, шежіреден көп дерек береді. Кітап аңыздық ықпалы бар ежелгі қазақтың әдеби тілінде жазылған.
XVI ғ. Өтеміс-қажы “Шыңғыс-наме” деген тарихи еңбек жазған. Кітаптың маңыздылығы сол, онда XIV-XV ғғ. қазақтардың саяси құрылысы, хандары, Қазақ хандығының ұлықтары мен ұлыстарының шығуы және рулар мен тайпалар туралы мол мағлұматтар береді. Қазақтардың тарихи ауызша шежіре тарату дәстүрі қамтылған.
4. Дәстүр, ғұрып және мерекелер.
Қазақтардың рухани және материалды өмірін халқының салт-дәстүрлі айқындайды. Көптеген тарихи құндылықтар әлеуметтік, заңдылық және тұрмыстық терминологияда кездесіп, тарих сахнасында сақталған.
Халықтық мерекелер. Қазақтардың мәдени өміріндегі орын алатын халықтық мерекелері болады. Ол мерекелер адам өмірінде басты қызмет атқарады, мысалы: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, құда жол яғни ас беру және басқалары. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылады: бәйге, күрес, сайыс немесе көкпар т.б. ойындар. Әр мерекеде өзіне сәйкес келетін халықтық ойындары болады көк-бөрі және қызбөрі деген. Бұлар ертедегі төтемдік көзқарасқа жатады. Бұл ойындардың арасында ең көп көңіл аударларлық ойын ол “ат шабыс” және “аба қамарғы” ойыны. Бұл ойындарға қатысушыларға құнды сыйлықтар дайындалған. Ең қиын спорттық ойынның түрі алтын-қабақ болды. (алтын тақтайды ату). Мергендер құнды сыйлықтармен марапатталған. Бұдан кейін алтын-қабақ ойыны дамып “күміс тақтай” (жамбы ату) пайда болды. Жаңа жылдың басы Наурызды қазақтар көктем айының бастапқы кезі ретінде тойлады.
Халықтық мерекелер әндермен және айтыскер ақындармен өтеді.
Үйлену той ғұрыпы: Қазақтың үйлену той рәсімі құдалық салтымен басталады. Қалыңдықтың әке-шешесінің қарым-қатынасы ислам дініне қарамастан жеңіл-желпі болды. Келісіп болғаннан кейін күйеу бала “жасырын” түрде қалыңдықты көруге рұқсат етілді. Оның ең бірінші қалыңдыққа баруы, қалыңдықтың ағасы немесе тұмасының үйінде әке-шешесінен жасырын болды. Ал екінші қатысу ашық түрде болды, оның “қалыңдық ойнау” деген аты болды.
XV-XVIII ғғ. бастап мұсылман қазақтарында қалыңдықты молданың арқауымен ұзату деген болмаған. Екі жастың ортасы халықтың қолдауымен, үйлену тойда айтылатын “Жар-жар” әнімен қошеметтеліп отырылды. Оны негізінде екі жастың жастары ерлер жағы және қалыңдық жағы қыздар айтады. Өлеңде келіншектің басқа ауылға, басқа отауға келуімен әке шешесінен, туған ауылынан алыстап бара жатқаны туралы айтылады. Қалыңдық туған тұысқандарымен ауылынан кетерінде “Сыңсу”, “Қыз-танысу” деген өлеңмен шығарып салынады. Қыз кетерінде ауылының барлық үйлеріне дос қыздарымен бірге қоштасу өлеңімен кіріп шығу керек. Бұл қоштасуды қазақтарда “Қыз-танысу” деп атаған.
Жігіттің ауылында қалыңдықты үлкен қошеметпен “Беташар” әнімен қарсы алған. “Беташар” екі бөліктен тұратын түсініктен тұрады: 1-ші бөлігінде қалыңдықты қайын-енесі мен атасына, жігіттің ауылдастарына таныстырады, ал екінші бөлігі келінге аттаған отауында қалай жүруін айтып өтеді.
Қалың мал төлеу барысында күйеу жағы әртүрлі қажетті сыйлықтар дайындайды: шешесіне – сүт-ақы, әкесіне – той мал, ағаларына қалыңдықтың – тарту, жақын туыстарына – кәде дайындайды. Кедей семьядан шыққан күйеуге бұндай кезде достары немесе туысқандары көмек көрсетеді. Бұл кезде қалыңдық жағыда бос отырмайды. Келісім бойынша олар “қарғы-бау” сенімділікті көрсететін, “киіт” – құдаласу сыйлығы әкелінеді. Қалыңдықтың жасауы қымбатырақ келеді, кейде қалыңдықтың құнына қарай болады. Әке-шешелері алдына-ала үйлену той бас киіміне (сәукеле) және күймеге тапсырыс береді. Кейбір бай ата-аналар қалыңдықты жазғы үймен, барлық керек-жарағымен аттандырады.
Жерлеу ғұрпы: XV-XVIII ғғ. жерлеу ғұрыпы аралас болды: ислам дәстүрлерімен қатар “тәңірлік” салттарға да негізделді. Қазақтар о дүниелік өмірге сенді. Сондықтан өлген адамның моласына садақ, найза, ер, сүйікті атының басын бірге қойған: өлген адамның қасына ас-суын қалдырған.
Қайтыс болған адамның үйінде түнгі күзет дәстүрі жасалады. Келесі күні қайтыс болған адам отпен тазартылып, қыстақтың жанына жерленді. Хандарды Түркістанда, Қожа Ахмед Яссауи мешітінде жерлеген. Шалғай аудандарда қыс уақытында қайтыс болған адамды сөреге жатқызып қойып, тек күн көзі жылығанда ғана Түркістанға немесе қасиетті болып саналатын басқа жерге апарған.
Қазақтардың молаларының жер үсті құрылысы олардың әлеуметтік жағдайына байланысты қатаң жіктелді. XV-XVI ғасырларда іші кірпішпен жасалған молалармен қатар тас үйінділер де болды. Ертедегі дәстүр бойынша қайтқан адамды көпке дейін қайғырып, әйелдер бетін жыртты. Әйел, күйеуі қайтқаннан бастап, жылы өткенше басына қара орамал тағып жүрді. Егер ол бай адам болса оның өзі мінген атына қайғылы жабуылмен қаптап бір жылдан кейін шешеді. Аттың құйрығын кесіп, оны да жерлейді. Басын, тұяғын және аттың қылын иесінің моласына салады.
5. Дін және космогониялық түсінік.
Қазақстандағы үстем дін - ислам діні. Ислам дінінің басты орталары Түркістан, Хорезм және Бухара болды. Қазақтарда ислам діні терең етек алған жоқ, халықтары ислам догмаларынан алыс болып, ертедегі діни әдістерді орындап, тәңірлікке табынды. Ол ерте түркі кезеңінде бір құдайға сыйынуды ұйғарды. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. “тәңірлік” ислам дінімен қайшыласты. Ислам жазбаларына қарап қазақтар ата-баба рухына табынған, өздерінің әкелерінің мүсіндерін қолданған. Бұл мүсіндерді олар “бұттәңірі” деп атаған. Рузбихан былай деп жазған: “Қазақтар арасында кейбір сенбеушілік әдет-ғұрыптар таралған, оларда қандайда бір мүсіннің бейнесі болған, оны олар құрмет тұтады және оған бастарын иеді”.
Тілдің негізгі көрінісі кәміл сенушілікті өрбіткен мұсылман дінімен жалғасты. Мұхаммед Шейбани (XVI ғ.) ханға табынған. Бұхара шейхтарымен қазылары мынадай шешім қабылдаған. Бұл шешім бойынша қазақтар мүсінге табынушылар деп есептелінген яғни ислам дінінен безгендер. Олар ханға, қазақтарға қарсы қасиетті соғыс ашуды ұсынған және бүкіл адам мүсіндерін жоюды көздеді. Халықтар топтарының әлемдік көзқарасында XV-XVII ғ-ғы анимистикалық түсініктер үстемдік етті және табиғаттың тылсым күші, ежелгі мифологиялық негізгі сақталған көріністері, жалпы алғанда жақсылық пен жамандықтың қарсылығын мойындау.
Табиғи көріністерді рухтандыру мәселесіде анимизмнің маңызы болып табылады. Әрбір табиғат өзгерісіндегі жанның жаны болып соны басқарады деген түсінік қалыптасады. Қазақ мифологиясында ерте көктемдегі көк шөпті жұлуға болмайды деген ұғым адамдардың түсінігінде өмір өз жалғасын табады деп түсінік берген. Қазақтар жерге және суға табынған. Негізінен отқа табыну маңызды орын алған. Ертедегі қасиетті оттың “алас” деген аты сақталған. Қазақтардың нанымы бойынша от-үйдің, от басының қоршаушысы болған. Қалыңдық жаңа үлкен үйдің отбасына келген кезде отқа сиынып және отқа май құйып құрбан шалған. Қазақтарда отпен тазалану ғұрыпы ертеден сақталған. Бұл ғұрып қыстаудан жайлауға көшу кезінде жасалған. Қазақстанда мынадай сенім қалыптасқан. Олар қыстық қоныстарда адамдар үнемі күнәкар болады деген, өйткені бұл қоныстарда адамға зиян тигізетін күш (нечистая сила) болады деп сенген. Жайлау таза әрі бүлінбеген. Сондықтан ол жерге таза қалпында бару керек. Осыған байланысты көшу жолдарының басына екі үлкен от жағып арасынан адамдарды, қой отарын өткізген. Ал жылқылар тазартуға жатпаған. Себебі жылқыны қазақтар таза жануарлар деп есептеген.
6. Қазақ күнтізбесі.
Қазақ халқының күнтізбесінің негізі астрономиялық түсініктен және жұлдызды аспаннан тұрады. Халықтың шаруашылық өмірінде үлкен бір тәжіребелік мағына берген ол табиғат құбылыстарының кезеңдеріне бақылау жасау болды. Көшпенді шаруашылық уақыт есебін және табиғат құбылыстарының кезеңділіктерін білуді талап етеді. Қазақтар аспан денелерінің қозғалысын бақылап отырған. Үнемі шексіз далаларда көшіп жүріп, олар жерді жақсы біліп алды және жұлдызға қарап жолды айқындауды үйренді, сонымен қатар сай, жайылым және құдықтардың орнын қателеспей тура айқындаған.
XVI-XVII ғғ. халық арасында уақыт есебімен айналысқан есепші мамандар болды. Олардың бұл өнерлері тұқым қуалады және атадан балаға мұра болып қалып отырды. Олар көптеген ұрпақ тәжірибелерін алған және жылдан жылға бақылаулар жүргізген, ауа-райы жайлы болжамдар берген, мезгілдік жұмыстардың уақыттарын белгілеген. Көші-қон қыстау мен жайлау орындарын айқындап, қазақтардың халық күнтізбесін жасады және т.б. Негізгі қызығушылықты есепшілер жұлдызды аспанға негіздеді. Олар негізгі маңызды планеталарды жақсы білді, оларды өздерінің әндеріне қосты, олар жайлы аңыздар жазды.
Жұлдызды аспан картасын қазақтар негізінен темірқазық шұғыласымен ашқан. Бұл жұлдыз адам өмірінде маңызды орын алған. Қазақтар түнгі уақытта көшкен кезде осы жұлдызға қарап жолды анықтаған. Үлкен Жеті қарақшы жұлдызы әртүрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі аттары болды, “Жетіген”, “Жеті қарт”, “Жеті қарақшы”, “Кіші жеті қарақшы”, “Ақбоз ат”, “Көк боз ат”.
Бұл жұлдыздардың аттары бақташылық тұрмыспен, отардың түнгі күзетшісіне байланысты болды.
Қазақтарда айлар есебі аймен анықталды. Әр жылдағы айлар күндерін анықтау үшін қазақ есепшілері үнемі айдың қозғалысын бақылап отырған. Олардың бақылаулары жылды 12 айға, ал айды үш 10 к‰нге бөлуге мүмкіндік берген.
Бақылау сұрақтары:
1. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ мәдениеті тарихындағы алар орны.
2. Қазақ халқының тұрмыс-салттық әндері.
3. Қазақ халқы шығармашылығындағы терменің маңызы.
4. Қазақ халқы шығармашылығындағы ертегілердің маңызы мен түрлері.
5. Қазақ батырлар жырлары, олардың қоғамдағы алатын орны мен маңызы.
6. Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар.
7. Қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, үзінділер, шешендік сөздер, сатира, юмор, лирикалық әндер (жырлар), тұрмыстық дастандар және т.б.
8. Қазақтың музыкалық шығармашылығы.
9. Қазақтың музыкалық аспаптары.
10. Қазтуған жырау Сүйіншіұлы.
11. Доспанбет жырау
12. Шалгез-жырау Тіленшіұлы
13. Марғасқа-жырау
14. Жиембет-жырау
15. Ақтамберді жырау
16. Үмбетей жырау.
17. Бұхар жырау Қалқаманұлы
18. Тәттіқара, Көтеш, Шал ақындар шығармашылығы.
19. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиі».
20. Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың «Жылнамалар жинағы».
21. Өтеміс-қажы “Шыңғыс-намесі”.
22. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер.
23. Наурыз мерекесі.
24. Діни және басқа халықтық мейрамдар.
25. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, олардың ерекшеліктері.
26. Халықтың наным-сенімдері.
27. Жазба тарих дәстүрі.
28. Жадта сақталған тарих (ауызша тарих айту дәстүрі), оның үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |