Лекция:: 30 сағат Практика: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат


Л Е К Ц И Я С А Б А Қ Т А Р Ы Н Ы Ң Ж О С П А Р Ы



бет3/5
Дата25.02.2016
өлшемі429.5 Kb.
#21646
түріЛекция
1   2   3   4   5

8. Л Е К Ц И Я С А Б А Қ Т А Р Ы Н Ы Ң Ж О С П А Р Ы


№ 1 Лекция.
Тақырыбы: Ежелгі, еуропалық ортағасырдағы, қайта өрлеу

дәуіріндегі музыка өнері.

Жоспары:



  1. Кіріспе: Ежелгі музыка өнері.

  2. Еуропалық Ортағасырдағы имузыка өнері.

  3. Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка мәдениеті.

Жалпы музыка білімінің жүйесінде музыка тарихы курсының маңызы. Классикалық дәстүрлер және қазіргі заман. Музыка тарихының басқа пәндермен байланысы. Пәннің мақсат, міндеттері.

Музыкалық шығармалардың алғашқы үлгілері. Ежелгі Мысыр музыка мәдениетінің қысқаша мәнздемесі. Халық шығармашылығының ең басты жанрлары. Діни – табынушылық әнұрандар. Ескілікті аспаптар. Әдебиет пен музыкада Ежелгі Мысыр дәуірін бейнелеп көрсету (В.Шекспир «Антоний мент Клеопатра», Б.Шоу «Цезар мен Клеопатра», А.С.Пушкин «Мысыр түндері», Б.Прус «Фараон», Дж.Верди «Аида» операсы, С.Скотт «Египет» фортепианолық сюитасы).

Екі өзен аралығындағы елдердің музыкасы. Сирия, Палестина музыкасы.

Қаһармандық-патриоттық фольклор «Махабхарата» және «Рамаяна». Ел қыдырушы әнші-жыраулар. Би, аспаптық музыка мен әншіліктің байланысы. Музыкалық театр. Қуыршақ спектакльдер.Халықтық драма – мистериялар, аңыздық сюжеттер. Әдебиет ескерткіштері. Коипозиторлар мен жазушылардыңшыармашылығында ежелгі Үнді сюжеттерін бейнелеп көрсету. Әндердің ладтық ерекшелігі. Жетібасқыштық құрылым. Пентатоника.

Музыканың әрбиелік мәні туралы ілім. Музыкалық театр. Әндер кітабы. Ладтық теория. Қытай аспаптары.

Көне құл иеленушілік қоғамның ерекшеліктері. Гомер дастандары, Эврипид, Софокл,Эсхил таргедиялары. Ежелгі грек философтары. Көне эстетикасы. Музыкалық теория.

Музыкадағы көне әдебиет кейіпкерлері. (Ф.Лист симфониялық поэмасы, Ж.Оффенбах опереттасы, И.Ф.Стравинский балаті, Я.Пери, К.Монтеверди, К.В.Глюк операларында және т.б. Орфей бейнесі.

Дамудың мың жылдық кезеңі (474-1453). Низами, Навои, Руставели поэмалары. Орыс өнерінің шығармалары (А.Рублев, Феофан Грек). Музыка мәдениеті. Ел қыдырушы музыканттар (шпильмандар, жонглерлер, трубадурлар, труверлер, миннезингерлер, вагантар). Бірдауысты григориан хоралы. Псалмодия. Әнұрандар. Секвенциялар. Нотацияның әртүрлі қалыптары. ХІХ-ХХ ғасырлардың өнерінде орта ғасыр музыка мәдениетін бейнелеп көрсету (Дж.Верди «Трубадур», «Дон Карлос», Р.Вагнер «Тангайзер» опералары, К.Орф «кармина Бурана» кантатасы).

Музыка тарихындағы үшінші үлкен кезең (XIV-XVI). Дантенің шығармашылық мұрасы. Бокаччо, Чосеро, Петрарка шығармалары. Германияда Эразм Ротердамский, Францияда Франсуа Раблешығармашылығы. Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка өнері.

Жанрлардың әралуандығы (лауда, виланелла, баркарола, сальтарелла, баллада, мадригал). Полифониялық өнер. Стиль үстемдігі. Полифинияның әр түрлері: еліктеушілік, қарама-қарсылық жанрлары (мессалар, мотеттер). Дж.Палестрина шығармашылығы (1525-1594).

Г.Дюфаи (1400-144), Ж.Дпере (1440-1521), Й.Окегем (1425-1495), К.Жанекен (1475-1560).

О. Лассо (1532-1594) – нидерландық полифониялық мектептің көрнекті өкілі.О.Лассо шығармашылығының тарихи маңызы.

Халықтық ән өнері. Шаруалар соғысы мен реформация кезеңіндегі музыка. Протестанттық хорал.

Неміс көпдауыстылығы. Мейстерзингерлер және олардың өкілі Г.Сакс (1494-1576).

№2 Лекция.


Тақырыбы: XVII-XVIII ғасырдың басына дейінгі батыс- еуропалық музыка.

Жоспары:


  1. Опера өнері.

  2. Аспаптық музыка.

  3. Г.Ф.Гендел.

  4. И.С. Бах.

Франция (К.Порнель, Ж.Расин, Ж.Б.Мольер, Англияда (Д.Мильтон, Д.Свифт, В.Шекспир) Испанияда (Лопе де Вега, Тирсо де Молина, П.кальдерон) әдебиеттерінің өрлеуі. Опера өнері.

Көне мәдениетің қайта өрлеуі. Гомофондық-гармониялық құрылымы. Вокалдық әуен және аккордтық сүйемелдеу.

Флорентиялық опера. Я.Перишығармашылығы (1531-1633). Венециялық опера. К.Монтеверди шығармашылығ(1567-1643).

Неаполь операсы. А.Скарлатти (1660-1725) – опера мектебінің басшысы. Seria-опера (маңызды опера) – жаңа жанрының шығуы.

Франция – классицизмнің отаны. Француз трагедиясы – терең сезімдер мен қайсар мінездердің трагедиясы. Әдебиеттегі классицизммен француз операсының байланысы. Ж.Б.Люллишығармашылығ (1632-1687). Ж.Ф.Рамо (1683-1764) шығарнмашылығы.

Г.Перселл (1659-1695). Оның шығармашылығының маңызы. Ағылшынның бірінші классикалық операсы «Дидона және Әней» (1689) және оның ерекшеліетері.

Джон Пепуш (1667-1752) – және оның пародиялы «Қайыршының операсы» балладалық операның классикалық үлгісі. (1728).

Барокко стилінің (Италия, Германия) негізгі көркем принцптері. Аспатық жарлардың қарқынды даму тенденциясы. Жаңа айналым түрлері. Жазудың полифониялық, гомофондық, гармониялық және тәсілдерінің үйлесімі.

Орган музыкасы. Дж.Фрескобальдидің шығармашылығы.( 1583-1643).

Скрипка өнері. А.Корелли (1653-1713) – италия скрипка мектебінің негізіні қалаушы. Дж.Тартини (1692-1770). А.Вивальди (1678-1741). Вивальдидің әртүрлі аспаптарға арналған концерттері. Прогарммалық концерттің жанрын құру. («Жыл мезгілдері»).

Клавир өнері. Д.Скарлатти – соната түрін жазушы. Ескілікті соната түрі. Бір бөлімдік соната. № 32 до мажор сонатасы – стильдің классикалық үлгісі.

Француз өнерінің екінші «алтын ғасыры». Аспаптық миниатюраның дамуы.

Би пьессаларының жинағы. Француз клавесинистерінің шығармашылығында (Ж.Ф.Рамо, Ф.куперен, Л.К. Дакен) рондо түрінің маңызы.

В.Берд (1543-1623) – шығармашылығы.

Неміс орган мектебі. Д.Букстехуде шығармашылығы (1637-1707). Полифониялық өнердің шарықтау шегі.

Гендел (1685-1759) – XVIII ғ. көрнекті неміс композиторы. Гендельдің шығармашылық жолы. Шығармашылығының ұлттық негізі. Ораториялар және олардың әртүрлі типі. «Самсон» ораториясы (1743). Аспаптық музыка. Полифония мен гармонияның ролі. Гендель шығармашылығының тарихи маңызы.

Бахтың шығармашылық жолы (1685-1750). Музыканың философиялық мазмұны. Фактура, гармония, өлең сазының ерекшеліктері. Вокальдық-аспаптық жанрлары. Ақсүйектік және діни кантаталары. Си минор мессасы (1738). Бах клавир өнерінің көрнекті үлгісі – «Жақсы темперацияланған клавир» (1722-1744). Бахтың орган шығармашылығы. Бах шығармашылығының тарихи маңызы.


№ 3 Лекция.


Тақырыбы: 1789 жылға дейінгі батыс-еуропалық музыка

XVIII ғасырдағы опера.

Жоспары:



  1. XVIII ғасырдағы музыка.

  2. XVIII ғасырдағы аспаптық музыка.

  3. Й.Гайдн.

  4. В.А. Моцарт.

Д.Б.Перголези – алғашқы buff –опера жасаушы бірі.

Француз күлдіргі операсы, оның италия buff –операсынан айырмашылығы. А.Гретри (1741-1813). Гретри шығармашылығының маңызы.

Ұлттық неміс операсының бір түрі. Зингшпильдің әндік негізі.

Чех аспаптық музыкасы. Неміс аспаптық музыкасы. Ф.Э.Бах шығармашылығы (1714-1788).

Глюк шығармашылық жолы (1714-1787). «Орфей» операсы. Опера реформасының теориялық негіздеуі. Глюк опера реформасының тарихи маңызы, оның эстетикалық принцптері. Опера либреттосының жаңа принцптері, муңзыка мен сөздің арақатынасы. Синтездік музыкалық-драмалық шығарманы жасауында хореография, соло номерлері, хор және оркестрдің ролі. Глюк реформасының принцптері. Глюк шығармашылығының маңызы.

Көне өнер дәстүрлерінің жалғасы ретінде вена классицизмі. Вена классиктері тематизмінің ерекшеліктері. Гармониялық тіл. Аккордиканың қасиеттері. Вена классиктерінің оркестрі. Соната-симфониялық циклінің жаңа мүмкіндіктері.

Шығармашылық жолы (1732-1809). Шығармашылықтың халық қайнар көзі және оның чех, встрия, неміс фольклорімен байланысы.

Гайдн лирикалық-эпикалық симфонизмі. Оркестрдің трактовкасы.. Соната –симфониялық циклінің құрылымы. Гайдн симфониялық шығармасы. Гайдн ораториялары. Гайдн шығармашылығының маңызы.

В.А. Моцартың шығармашылық жолы (1756-1791). Опералық шығармашылығы, оның көрнекті реформаторлық маңызы; Моцартқа дейін Seria – опера мен buff- операсы; осы жанрлардың Моцартық музыкалық драматургиясына ықпалы; опералардың жанрлық әртүрлілігі; операның әртүрлі типтері («Фигаро тойы», 1786; «Дон Жуан» 1787; т.б.). Композитор өнерінің гуманизмі. «Реквиемнің» көрнекті маңызы (1791). Музыкалық бейнелер дамуының ерекшеліктері. Моцарт симфониялық шығармашылығы. Жаңа принцптері. Клавир шығармалары. Моцарт шығармашылығында концерт пен сонатаның жанры. Моцарт шығармашылығының маңызы.


№4 Лекция.
Тақырыбы: 1789 жылдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі батыс-еуропалық музыка.

Жоспары:



  1. Классицизм өнерінің романтизмге өтуі.

  2. Л.Бетховен.

  3. Ф.Шуберт.

  4. Р.Шуман.

Классицизм өнерінің романтизмге өтуі. Жаңа музыка мәдениетінің азаматтық-демократиялық сипаты, оның әлеуметтік бағыттанушылығы. Көпшілік революциялық жанрларына француз революциясы идеяларының әсері және олардың ұлттық өнерінмен байланысы. Революциялық әндер мен гимндер: «Кармоньола», «Марсельеза». Ф.Госсек, Руже де Лиль, Л.Керубини шығармашылығы.

Л.Бетховеннің шығармашылық жолы (1770-1827). Музыкалық образдар мен тақырыпттардың әралуандығы. Әдебиет пен музыканың байлансы. ХІХ-ХХ ғасырдағы музыка дамуына Бетжховен шығармашылығының әсері.

Бетховеннің тематизмі. Классикалық, қаһармандық және романтикалық тенденциялары. Гармониялық тіл. Бетховеннің симфониялары. Симфониялық драматургияның әртүрлі принцптері. (ІІІ,V, ІХ симфониялары) Программалық симфониялық шығармалар («Кориолан»(1807), «Эгмонт» (1810) увертюралары).

Бетховеннің фортепианолық сонаталарының әралуандығы ( «Патетикалық», №14,23).

Дәстүрлер мен жаңашылдық. Бетховеннің опера мен вокалдық –хор шығармашылығы. Бетховен шығармашылығының әлемдік маңызы.

Қиялшыл философия мен поэзия. Романтизм бірбүтін, кеңейтілген дүниетаным. Романтикалық тенденциялардың қайшылықтары. Романтика өнерінің ерекшелігі. Романтизм-ХІХ ғасырдың музыкасындағы негізгі бағыты.

Романтикалық музыканың жанрлары. Музыкадағы романтизм дәуірінің дүниежүзілік маңызы.

Ф.Шубеттің шығармашылық жолы (1797-1828). Әндік симфонизм. Симфонияның музыкалық драматургиясының ерекшеліктері, оның романтикалық тенденциялары. Симфониялық шығармашылығы (Си минор симфониясы, 1822; До мажор симфониясы 1828).

Клавир шығармашылығы. (сонаталар мен фантазия). Дәстүрлер мен жаңашылдық. Вокалдық шығармашылық. Вокалдық циклдер. Музыканың ұлттық-реалистік негізі. Шуберт шығармашылығының маңызы.

Вебере дейінгі опера өнеріндегі романтикалық тенденциялар. Э.Гофманның опералары мен балеттері. Гофман эстетикасы және К.М.Вебер, Р.Шуман, Р.Вагнер шығармашылықтарының қалыптасуына оның әсері.

Вебер шығармашылығы (1786-1826). Вебердің романтикалық опера жанрының әралуандығы. К.М.Вебердің опералық шығармашылығы. Аспаптық шығармашылығы.

Ф.Меньделсон (1809-1847) – лейпциг мектебінің көрнекті өкілі. Шығармашылығының классикалық негізі. Меньделсон симфонизімінің романтикалық тенденциялары. Программалық концерт увертюралары. Фортепианолық творчествосы. Вокалдық және хор мұрасы. Мендельсон шығармашылығының маңызы.

Р.Шуманның шығармашылық жолы (1810-1856). Композиторлық және музыка-сыншысы қызметі. Эстетикалық көзқарасы. Дәстүрлер мен жаңашылдық. Фортепианолық шығармашылығы. Хор шығармалары. Симфониялық шығармашылығы. Р.Шуман творчествосының маңызы.


№5 Лекция.
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың І жартысындағы батыс-еуропалық музыка.
Жоспары:

  1. Италия операсы.

  2. Француз музыка мәдениеті.

  3. Г.Берлиоз.

  4. Ф.Шопен

Жаңа опера мектебінің қалыптасуындағы ерекшеліктер. Дж.Россини (1792-1868). Шығармашылық жолы. Опера шығармашылығы.

В.Беллини (1801-1835). Шығармашылығының әндік-романтикалық тенденциялары.

Революциялық-демократиялық тенденциялары. П.Беранже, оның әндері. П.Дюпан, Э.Потье әндері. Күлдіргі операсы.

А.Адан (1791-1864) және француз романтикалық балеті.

Г.Берлиоз (1803-1896). Шығармашылық жолы. Берлиоз – бағдарламалық симфонизмнің негізін салушы, француз музыкалық романтизмінің ең Ірі өкілі. Музыкалық – сыншы қызметі. Симфониялық шығармашылығы. Берлиоздың оркестрі. Бір інші “Фантастикалық симфониясы” (1830), оның тарифи маңызы. Бағдарламалық тенденциялар.

Берлиоз және орыс музыка мәдениеті.

ХІХ ғасырдағы поляк мәдениеті және ұлтазаттық қозғалысы.

М.Огиньский (1765-1833) – бір інші классикалық полонездерді тудырушы. М.Шимановская (1789-1831) – аса көрнекті пианист, композитор.

Ф.Шопенннің шығармашылық жолы (1810-1849). Шығарашылық жолы. Шопеннің халық поляк музыкасына, әлемдік классикалық мұраға және романтикалық өнерге қатысы. Шопен шығармаларының жанрлық өзгешелігі, олардың сазды, әуендік байлығы.

Халықтық – ұлттық негіз және Шопен стилінің дербестік ерекшеліктері.

Шопен сонаталары, балладары, прелюдиялары, ноктюрндері, тұрмыстық жанрларыны (музыкалар, вальстер, полонездер) өзінше түсінуі.

Шопен этюдтары. Дәстүрлер мен жаңашылдық. Шопен шығармашылығының маңызы.

Венгер фольклоры. ХІХ ғасыр композиторларының шығармашылығында халық әндерінің қолданылуы.

Ф.Лист (1811-1886). Венрген музыкасының классигі. Орындаушылық, композиторлық, қоғамдық-музыкалық, педагогикалық және сыншылдық қызметінің дүниежүзілік маңызы.

Шығармашылық жолы. Аспаптық музыка жанрларының әралуандығы. Лист – программалық симфониялық шығармалардың жасаушысы. Листің симфониялық поэмалары. Фортепианолық шығармалышығы, оның тарихи маңызы. Венгер рапсодиялары.


№ 6 Лекция.
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс-еуропалық музыка.
Жоспары:

  1. Неміс және австриялық музыка мәдениеті.

  2. Француз музыка мәдениеті.

  3. Италия музыка мәдениеті

Неміс музыкасының дамуындағы қайшылықтар. ХІХ ғасырдың соңында музыка әлемінің өрлеуі.

Р.Вагнер (1813-1883). Шығармашылық жолы. Вагнердің эстетикалық және философиялық көзқарасы. Опера шығармашылығы. Музыка тілі. Аспаптау саласындағы көрнекті жетістіктері. Вагнер және ХІХ – ХХ ғасырлардың музыка теартры.

Й.Брамс (18833-1897). Шығармашылықтың әндік негізі, әртүрлі елдердің фольклорымен байланыстары. Шығармашылықтың маңызы.

И.Штраус (1825-1899). Штраус (баласы) – ХІХ ғасырдың австрия композиторы. Штраустың оперетталары. Тұрмыстық би жанрларының (трактовкасының) әралуандығы (вальс, галоп, чардаш).

Француз композиторларының шығармашылығының жанрлық әртүрлілігі. Лирикалық опера (Ш.Гуно, Ж.Бизе, Л.Делиб, К.Сен-Санс, Ж.Массне, А.Тома). Классикалық оперетта (Ж.Оффенбах, Ш.Лекок, Р.Планкет). Аспаптық концерт (К.Сен-Санс, Э.Лало).

Драмалық спектакльдерге жазылған музыка (Ж.Бизе, Ж.Массне). Аспаптық миниатюра (Ж.Шоссон, П.Дюка).

Ж.Оффенбах (1819-1880). Француз опереттасы класигінің – Ж.Оффенбахтың творчествосы.Сюжеттердің әралуандылығы. Музыканың жанрлық негізі (баркарола, болеро, куплеттер, кадриль).

Ш.Гуно (1818-1893). Лрикалық опера. Оның демократиялық реалистік бағыттылығы. Әлем әдебиеті сюжеттерін пайдалануы.

Ж. Бизе (1838-1875). Опера шығармашылығы. Симфониялық творчество. Ж.Бизе замандастарының опера шығармашылығы.

Л.Делиб (1836-1891). К.Сен-Санс (1835-1921). Ж.Массне (1842-1912). С.Франк шығармалары. (1822-1890).

Дж.Верди (1813-1901). Верди – италиялық музыканың классигі. Вердидың шығармашылық жолы. Опералық творчество. Верди дәстүрлері мен жаңашылдық. Әлем және италия музыкасында Вердидің маңызы.

№ 7 Лекция.
Тақырыбы: ХХ ғасырдың шетел музыка мәдениеті.
Жоспары:


  1. Француз импрессионизмі.

  2. Неміс және австриялық музыка мәдениеті.

  3. Чех музыка мәдениеті.

  4. Испан музыка мәдениеті.

  5. Венгр музыка мәдениеті.

Әртүрлі елдердегі капитализм дамуының империалистік сатысы. ХХ ғасырдың басындағы саяси дағдарыс. 1914-1918 жылдардағы дүниежүзілік соғыс.

ХІХ-ХХ ғасырлардың шекарасындағы француз әдебиеті мен өнері.

Бейнелеу және мүсін өнерлеріндегі импрессионизм. Импрессионизм эстетикасы.

Музыкалық импрессионизм, оның француз клавесинистерінің өнерімен (Ф.Куперен), Ж.Бизе, С.Франк, Ф.Лист, Э.Григтардың шығармаларымен ХІХ ғасырдағы орыс композиторлары творчестволарымен (А.П.Бородин, М.П.Мусоргский, Н.А.Римский-Корсаков) байланыстары. Гармония, аспаптауды кеңіту. Фольклорлік бастауға үндеу.

Импрессионизм әртүрлі елдердегі композиторлар творчествосына (Францияда К.Дебюсси, М.де Фалья, Англияда С.Скотт, Польшада К.Шимановский, Россияда Н.Черепнин) ықпалы.

К.Дебюсси (1862-1918). Шығармашылық сипаттама. Шығрмашылықтың маңызы.

М.Равель (1875-1937). Опералық және балеттік творчество. Фортепианолық шығармалар. Творчествоның маңызы.

Г.Малер (1860-1911). Музыкалық мұра. Творчествоның маңызы.

Р.Штраус (1864-1949). Симфониялық поэмалар. Шығармашылықтың маңызы.

К.Орф (1895-1982). Музыкалық творчество. Педагогикалық қызмет. Музика-педагогикалық жұмыстары.

Л.Яначек (1854 – 1928). Творчествосына сипаттама.

М.де Фалья (1876-1946). Шығармашылық жолы. Творчествоның маңызы.

Б.Барток (1881-1945). Творчестволық мұра. Жанрлардың әралуандылығы. Шығармашылық жолы. Творчествоның маңызы.
№8 Лекция.
Тақырыбы: XVIII ғасырға дейінгі орыстың музыка мәдениеті

Жоспары:



  1. Киев Русінің музыка мәдениеті.

  2. Феодалдық ыдырау кезеңіндегі Русьтің музыка мәдениеті.

  3. Москва Русінің музыка мәдениеті.

  4. XVIII ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті.

Халық әндерінің кең таралуы, батырлықэпостың қалыптасуы. Князь сарайынының маңындағы музыка. Әскери музыка. Кәсіби музыканттар. Күлдіргіштер (скоморохтар), оладың өнерінің ұлттық негізі. Діни музыка, шіркеу әнінің византиялық дәстүрлерінің дамуы.

Новгородтағы музыка мәдениеті: ақсүйек музыкасының зор маңызы, күлдіргіштер өнерінің өрлеуі, шіркеулік ән саласындағы Новгород әндік мектебінің жетекші ролі. Қоңырау шылыдыры – ежелгі орыс музыкасының ерекше түрі.

Сарай тұрмысындағы музыканы ролі. Ақсүйектік музыка тарту, күлдіргіштердің өнері. Жаңа аспаптардың пайда болуы (орган).Шіркеу музыкасының кейінгі дамуы. Көпдауыстылықтың пайда болуы. Патшалық және патриархтық әнші қызметкерлердің хорлары. Нота жазуының жетілдірілуі.

Тап күресінің шиеленісуі, шқаруалар көтерілісі. Білімнің дамуы, ішкі және сыртқы мәдени байланыстарының жетіле түсуі. Шіркеу ықпалының әлсіреуі. Жаңа көркемдік жанрлдардың пайда болуы. Тұрмыстық кәсіби музыканың жаңа жанрлары – кант пен псалмдар. Күлдіргіштердің қуғындалуы, олардың өнерінің құлдырауы. Сарай маңында еуропа типті ақсүйектік музыка тартудың дамуы. Сарайтеатрының құрылуы. Шіркеу музыкасының жаңа стилінің шығуы, оның қалыптасуына украин әндік мектептерінің ықпалы. Партес әнінің ерекшеліктері, діни концерт. Линиялық шартты белгілердіңқалыптасуы.
№9 Лекция.
Тақырыбы: XVIII ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті.

Жоспары:


  1. Музыкалық тұрмыс.

  2. Музыка мен театр.

  3. Д.С.Бортнянский.

Маңызды музыкалық жанрлардың пайда болуы (опера, симфониялық жәнекамералық, фортепианолық музыка, бір жағынан романс), ұлттық композиторлық мектептің құрылуы.

Тап күресінің шиеленісуі. Халық көтеілістері. Феодализмнің ыдырай бастауы.

Ассамблеялар, Петербургтегі концерттер, әскери музыка, хор өнерінің өрлеуі, әуесқойлық музыка тартуы.

Италия опеалық труппасының құрылуы. Ресейдегікөрнекті шетел музыканттары (Ф.Арайя, Б.Галуппи, Т.Траэтта). Seria – операсының көптеген қойлымдары, италия және француз күлдіргі операларының Ресейге енуі.

Концерттік өмірі. Ұлттық кәсіби маманкадрларының қалыптасуы. Көрнекті композиторлар мен орындаушылар қатарының пайда болуы (Е.И.Фомин, В.А.Шашкевич, М.С.Баразовский, Д.С. Бортнянський, И.Е.Хандошкин, Е.С.Сандунова және т.б.). Украин композиторлары Ресейде. Қала арасында халық әнінің таралуы. Фольклорлық материалдарды жинау жұмысы; В.Ф.Трутовский, Я.Б.Прач, К.Даниловтың ән жинақтары Қалалық ән үлгісінің қалыптасуы.

Орыстың ұлттық композиторлық мектебі. Оның XVIII ғасырдың үштен бір бөлігінде қалыптасуы. Көркемдік бағыттар, олардың музыка арқылы көрсетілуі (класицизм, сентименталізм, реализмнің элементтері). Құрылып келе жатқан композиторлық мектептің ерекшеліктері – тұрмыстық шындыққа, ұлттық ерекшеліккке ұмтылуы, халық әніне сүйену.

Музыкалық жанрлардың жағдайы. Опера – XVIII ғасырдың соңғы үштен бір бөлігіндегі орыс кәсіби музыкасының негізгі жанры.

Қоғамдағы ең төменгі топтардың өмірін бейнелеу, демократиялық және сыншыл бағыт – орыс операсына тән ерекшелік.

Музыканың халықтық - әндік негізі.

Вокальдық лирика. Кант дәстүрінің аяқталуы. Вокалдық лирикадағы сентементализмнің белгілері.

Аспаптық музыка. Ерекше жанр ретінде халықтық тақырыптарға арналған вариациялар.

Хор өнері. Діни хор дәстүрін жалғастыру. Діни концерттің жаңа түрі.

Сарай музыкасы. Театр муызакасында ақсүйектік хор жанрларының даму.

Д.С.Бортнянский (1751-1825) – XVIII ғасырдағы ірі орыс композиторы. Орыс классицизмінің үлгісі ретінде Бортнянскийдің стилі.


№ 10 Лекция.
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың бір інші жартысындағы орыстың музыка мәдениеті.
Жоспары:

  1. Орыс музыкасының даму жолы.

  2. Орыс операсы.

  3. Хор музыкасы.

  4. Аспаптық музыка.

  5. М.И.Глинка.

  6. М.С.Даргомыжский.

ХІХ ғасырдың І жартысы – орыстың музыкалық классикасының шығу кезеңі.

1812 жыл отан соғысы және қоғамдық қозғалыстың көтерілуі. Феодальдық-крепостниктік құрылыстың дағдарысы және революцияшыл-демократиялық идеологияның тууы (В.Г. Белинский, А.И.Герцин, Т.Г.Шевченко).

Реализм, алдыңғы қатарлы орыс әдебиетінің азаттық идеялары және оның өнердің басқа салаларына ықпалы. Көркемдік бағыттардағы қайшылық, қақтығыстар, орыс өнеріндегі сентеметализмнің байқалуы, романтизмнің маңызы. А.С.Пушкин – бірінші орыс классигі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыс өнерініңдегі сыншыл реализмнің жетекші ролі.

Орыс музыкасының даму жолы. Тұрмыстық музыканың тарту. Халық әндерінің қалалық тұрмыста тез таралуы. Д.Н.Кашин, И.А.Рупин, А.Л.Грулевтардың жинақтары. Орыс романсының қалыптасуы. Романстың жанрлық әртүрлілігі (лирикалық романс, орыс әні, элигия, ұлттық сипаттағы романс, баллада, үстел басындағы өлең). Орыс ронасындағы сенментализм мен романтизмнің белгілері. Романстардың әйгілі авторлары: Н.А.Титов, Н.С.Титов, М.Ю.Виельгорский, М.Л.Яковлев, А.Д.Жилин, А.П.Есаулов, И.И.Геништа, А.А.Алябьев, А.Е.Варламов, А.Л.Гурулевтардың шығармашылықтарындағы романс жанырынң дамуы.

Орыс операсы. Сөйлеу диалогтары мен әндік опера түрлерінің үстемдік жағдайы. Ертегі – романтикалық жанрдың шығуы. Драма спектакльдеріндегі музыка, трагедия мен водовиль.

Орыстың батырлық операсын жасау. К.А.Кавостың «Иван Сусанині».

А.Н.Верстовский – Глинкаға дейінгі кезеңнің аса маңызды опералық композиторы.

Хор музыкасы. XVIII ғасырдың концерт тік – хор стилінің дәстүрлерін жалғастыру. (Д.С.Бортнянський, С.И.Давыдов). Ақсүйектік хор өнерінің даму, монумент тік түрлеріне қызығушылық. Ұлттық батырлық ораторияны жасау (А.С.Дегтяревтің “Мишин мен Пожарский”).

Аспаптық музыка. Ең көп тараған түрлері: халық әндерінің өңделген түрлері, танымал тақырыптардың вариациялары, попуримен фантазиялары. Камералық жүйедегі музыканың сезімтал – лирикалық немесе жанрлық сипаты. Дж.Филь, И.Ф.Ласковский, Л.С.мен А.С.Гурелевтар - әйгілі фортепианолық шығармалардың авторлары. Камералық ансамбль, симфониялық музыка жанрларының дамуы.

М.И.Глинканың орыс классикалық музыка мектебінің негізін салудағы тарихи ролі.

М.С.Даргомыжский – оның ең жақын ізбасарлары. Қалыптасып келе жатқан композиторлық мектептің негізгі ерекшелігі – тұрмыстық шындыққа, ұлттық ерекшелікке ұмтылу, халық әніне сүйену болды. 1830 жылдарда – орыс опералық театрының өркендей бастауы. Ақсүйектік салондардың маңызы. Шаруалар оркестрлері. Музыкалық сын мен ғылымның дамуы.


№11 Лекция.
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.
Жоспары:

  1. Опералық өнер.

  2. Орыс симфонизмі.

  3. П.И.Чайковський.

  4. А.Г. Рубинштейн.

60-70 жылдар – ұлтық музыка дамуының жаңа кезеңі, оның өрлеу дәуірі.

60-70 жылдардағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыстардың даму кезеңінің бсаталуы. Ғылым мен мәдениеттің күрт дамуы. Орыс өнерінің негізгі әдісі ретінде сыншыл реализмнің орнығуы.

Ірі орыс композиторларының музыкалық фольклорды одан әрі өңдеуі. Балакирев, Чайковский, Римский – Корсаковтардың жинап өңдеген халық әндерінің жинақтары, әндерді өңдейдің принцптері.

Опералық өнер. Орыс музыкасында операның алатын орны. Тарихи-тұрмыстық тақырыптардың маңыздылығы. Эпостық және лирика – психологиялық опера саласында әртүрлі жанр түрлерінің шығуы. Орыс күлдіргі операсының жаңа сапа және жаңаша деңгейде байта тууы.

Орыс симфонизмінің түпкілікті қалыптасуы. Орыстың классикалық симфониясы, сюиталар, симфониялық поэма, симфониялық суретеулердің шығуы. Увертюра, фантазія жанрының дамуы. Бағдарламалықтың үлкен маңызы. Симфонизмнің жанр – эпостық және лирикалы – драмалық тектері.

60-70 жылдар – орыс балетінің, орыстың классикалық аспаптық концерті мен квартеттің шығуы, камералық аспаптық және вокалдық музыканың жедел даму кезеңі.

Шығармашылық бағыттар. “Жаңа орыс мектебі” композиторларының шығармашылығындағы демократиялық және реали стік сипат. Хлық өмірі – олардың өнерінің негізгі өзегі.

“Жаңа орыс мектебінің” ұлттық ерекшелігі. “Құдіретті топ” мүшелері стилінің негізгі – шруалардың әндік дәстүрі.

П.И. Чайковський – ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс музыкасының бастр бағыттарының негізін салушы. Чайковскийдің психологиялық реализімінің философиялық сипати. Чайковскийдің орыс және шетел музыкасының әртүрлі дәстүрлері мен стилистикалық тенденцияларын шығармашылық жолмен қабылдауы.

А.Г.Рубинштейн және орыс музыкасының академиялық бағыты.

Ресейдің музыкалық-әлеуметтік өмірі. Тұрмыстық музыка тартудың даму. Музыканы белсенді түрде қоғамдық түрде насихаттау.

ОМҚ-ның шығуы, оның негізгі мақсаттары. Бір інші орыс консерваториялары. Ақысыз музыкалық мектеб. Опералық театр бағыттарының күресі және ұлттық операны қабылдауы. Орыс вокалдық мектебінің даму (Е.А. Лавровская, Ю.Ф.Платонова, Ф.И. Стрвинский және т.б.). Аспаптық орындаушылығының өрлеуі (А.Г. мен Н.Г.Рубинштейндер, Л.С.Аур, К.Ю.Давыдов және т.б.).

Ғылым мен музыкалық сынның табыстары.Фольклорситиканың даму.

ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы орыстың музыка мәдениетінің әлемдік маңызы.
№12 Лекция.
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.
Жоспары:


  1. 80-90 жылдардағы орыс музыкасы дамуының ерекшеліктері.

  2. Музыкалық білім мен орындаушылық салаларының өрлеуі.

  3. Орыс операсы жағдайының нығаюы.

Ресейдің әлеуметтік өмірі. Халықшылдық идеологиясының күйреуі және 80 жылдардағы саяси реакция. Капитализмнің дамуы, жұмысшы қозғалысының өрбуі.

80-90 жылдардағы орыс интелегенциясы идеалогиясының қайшылығы және орыс өнері мен эстетикасында көрініс табуы.

80-90 жылдардағы орыс музыкасы дамуының ерекшеліктері. Чайковський мен Римский-Корсаковтың жетекші ролі. Жаңа бубн композиторларының шығармашылығы (А.К. Лядов, А.К.Глазунов, С.И.Танеев, А.С.Аренский, М.М.Ипполитов-Иванов, Вав.С.Калинников, С.М.Ляпунов, А.Т.Гречанинов).

С.В.Рахманинов, А.Н.Скрябин, Н.К.Метнердің творчестволық қызметінің басталуы.

Чайковський мен Римский – Корсаковтың орыс операсы, симфониялық және камералық музыканы одан ары дамытуы. Жаңа буын композиторларының творчествосындағы операның жанр ретінде құлдырауы, аспаптың музыкаға қызығушылықтың артуы. Жаңа буын композиторларының симфониялық, камералық, кантаталы-ораториялық және хор жанрлар, балет саласындағы алкен жетістіктері.

Музыкалық білім мен орындаушылық салаларының өрлеуі. ОМҚ-мен Те гін музыкалық мектептің қызметі; жеке концерт тік ұйымдардың шығуы (“Орыстың симфониялық концерттері”, “Мәскеу филормониялық қоғамы”, “Камералық музыканың қоғамы”, “Орыстың хор қоғамы”).

Орыс операсы жағдайының нығаюы. Алдыңғы буын айтулы орындаушылардың қызметінің өрлеуі. (А.Г.Рубинштейн, К.Ю.Давыдов, И.Ф.Стравинский), музыканың әртүрлі салаларында көптеген жаңа орындаушылардың шығуы. Мәскеу мен Петербор консерваториясындағы жағдайдың нығаюы; жоғары дәріжедегі отандық педагогикалық кадрлардың шығуы.

ОМҚ бөлімдері жүйесінің кеңейтілуі, опералық театрлардың, концерт тік ұйымдардың, музыкалық оқу орындарының басқа қалаларда пайда болуы.

80-90 жылдардың - орыс музыкасының классикалық негіздерін бекіту кезеңі ретіндегі маңызы.
№13 Лекция.
Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы орыстың музыка мәдениеті.
Жоспары:


  1. ХХ ғасыр басындағы орыстың музыка мәдениетіне жалпы шолу.

  2. ХХ ғасырдың басындағы орыс өнерінің модерни стік бағыттары.

  3. ХХ ғасырдың басындағы орыс музыкасының даму жолдары.

  4. Музыкалық жанрлардың жағдайы.

ХХ ғасырдың басы – революция алдындағы музыкалық класика дәуірін аяқтай және сонымен бірге советтік музыка өнріне дайындық кезеңі.

Елдің әлеуметік-экономикалық өміріндегі дәйекті ілгерілеу. Ресейде капитализм дамудың ең соңғы сатысы – империализмге өтуі. 1900-1903 жылдардағы экономикалық дағдарыс. Елдегі дағдарыс талғамының пісіп жетілуі. 1905-1907 жылдардағы бір інші орыс ревалюциясы. Оның жеңіліп қалуы және реакция кезеңі Жаңа революциялық өрлеу (1910-1914). Буржуазиялық – деморкатиялық ақпан революциясы. Ұлы Қазан социалистік революциясының жеңісі.

ХХ ғасырдың басындағы орыс өнерінің қарқынды даму. Белсенді түрде жаңа Жолдак іздеу. Сыншыл реалізм дәстүрлерінің даму.

ХХ ғасырдың басындағы орыс өнерінің модерни стік бағыттары. Идеализм модерни стік эстетикалық теориялардың негізі ретіндегі сипаты. Символізм, “Өнер әлемі” тобі, футуризм.

ХХ ғасырдың басындағы орыс музыкасының даму жолдары. Революциялық әндердің маңызы.

Алдыңғы буын композиторларының творчестволық қызметі – Н.А.Римский-Корсаков, М.А.Балакиревтің, А.К.Лядовтың, А.К.Глазуновтың, С.П.Танеевтің, М.М.Ипполитов-Ивановтың, С.М.Ляпуновтың. 1900-1910 жылдарда шығармашылық тұрғыда кемелденген жаңа композиторлар қатарының алға шығуы: С.В.Рахманінов, А.Н.Скрябін, Н.К.Метнер, Р.М.Глиэр, И.Ф. Стравинский, С.С.Прокофьев. Н.Я.Мясковскийлердің творчестволық қызметінің бсаталуы. Орыс композиторларының творчествосында өз кезеңінің күрделі қайшылықтарын Жан-жақты бейнелеп көрсетуі.

Музыкалық жарлардың жағдайы. Балеттің маңыздылығының Артур; симфониялық жанрлардың, концерттің даму, камералық жанрлардың көтерілуі, фортепианолық музыканың өркендеуі. Хор музыкасының даму. Ф.И.Шаляпін, Л.В.Собінов, А.В.нежданов, И.В:Ершовтар бастаған аса көрнекті опера әншілерінің пайда болуы. Концерт тік орындаушылықтың өсуі, жаңа концерт тік ұйымдардың пайда болуы. Орыс пианистік мектебінің (С.В.Рахманинов, А.Н.Скрябин, Н.К:Метнер, С.С.Прокофьев, К.Н.Ігумнов), скрипка өнерінің (М.Б.Полякин және т.б.) өрлеуі.

Музыкалық – білім мекемелері санының көбеюі. Музыкалық сын. Жаңа музыкалық журнал дар.Әртүрлі бағыттардың күресі. В.В.Ста сов, Н.Д.Кашкин, С.Н:Кругликов, Ю.Д.Энгель, В.Г:Каратыгин, Б.В.Асафьевтердің қызметі. Музыкалық ғылымның даму. Танеевтің ғылыми жұмысы. Орыс фольклористикасының табыстары.

Орыс музыкасының бүкіо әлемге танымал болуы. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы орыстың хор музыкасы. Ресейдегі хор орындаушылығының жандануы.

Танеевтің айрықша ролі.

№ 14 Лекция.


Тақырыбы: Советтік музыка мәдениетінің дамуындағы негізгі кезеңдер.
Жоспары:

  1. ХХ ғасырдың І жартысындағы советік музыка мәдениетінің негізгідаму кезеңдері.

  2. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы советік музыка мәдениетінің негізгідаму кезеңдері.

  3. Советтік – орындаушы музыканттар.

Елдің әлеуметтік өмірімен байланыстағы сонет музыка мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері. Көрнекті сонет композиторлары. Советік музыка өнерінің дүниежүзілік маңызы. Оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесі жүйесіндегі сонет композиторларының шығармалары.

Революциядан кейінгі советік музыка мәдениетінің қалыптаса бастауы, 20 жылдардағы оның даму тенденциясы. 30 жылдардағы советтік музыка мәдениеті. Советік музыкалық классиканы жасау. Халықтың фашизммен күресіндегі (1941-1945жылдары) музыкасы. Соғыстан кейінгі онжылдық. Көпұлтты музыка мәдениетінің жеделдете даму.

Советтік музыка мәдениетінің айтарлықтай жаңаруының, қарқынды композиторлық ізденістердің мезгілі (50-60 жылдары).

Мясковский, Прокофьев, Шостакович, Хачатурян сияқты советтік класик-композиторлар дәстүрлерінің дамуы.

Совет композиторларының творчествосындағы стиль бейімділігі, фольклорлық бағыт, образды диапозон. Көпшілік музыкасының жедел даму. Эстрадалық музыка. Балалар мен жасөспірімдерге арналған музыка.

Советтік орындаушы – музыканттар.

Қазіргі кезеңдегі советтік музыка мәдениеті. Жетекші композиторлардың творчестволық жетілуі. Осы замандағы қоғамның музыкасы. Полистилистика. Қазіргі музыка өнерінің мәселнамасы. Балаларға арналған совет композиторларының шығармалары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“ Шетел музыка тарихы” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет