Лекция 14
Жергілікті желілердің негізгі технологиялары.
Жоспар:
1. Жергілікті желі туралы ұғым.
2. Жергілікті желінің желілік құрылғылары.
3. 802х.ІЕЕЕ стандарттарының құрылымы.
Лекция мақсаты: Жергілікті желілердің негізгі технологияларына түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Жергілікті желі - компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi.
Ақпарат - желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).
Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады.
Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін құрылғы.
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тарату жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi.
Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.
Желiлік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.
Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгe қосудың Direct СаЫе Connection (DCC) - тiкелей кабельдiк жалгау деп аталатын қарапайым әpi тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ: компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады.
Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi - жетекшi, екiншici жетекте болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне, принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe жiберудi басқаруға болады.
Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi - дерек тасымалдау жылдамдығьның баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде сирек қолданығранымен, ұурмыстық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Ткелей жалғау арқылы бiрнеше адам қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.
Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей жалғау жеткiлiксiз. Бұл Жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң бiрлескен жұмысые басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек. Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.
Жергiлiктi желiнiң eкі түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа компьютерлер - жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер - opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен ерекшелeнеді.
Мұндай желiде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискiлер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себептi opтaқ ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу қажет.
Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағынасында басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортақтастырылған желi ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды ерекшелiгi - онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi жоқ.
Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы
басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бiр компьютерге принтер, басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) арқылы басқарылса және қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows 2000 операциялық жүйесi шалғай құрығры ортақ ресурс ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса, онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi желiнi құру өте жеңiл және осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады.
Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады. Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерд ен қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде1 Мбайт/с).
2. Жергілікті желінің желілік құрылғылары
Концентраторлар. Бұл құрылғылар апаратты бір немесе бірнеше түйіндерге қайта таратуға арналған. Кез келген топология түріндегі желілер қолдана береді. Олар бір бірінен сандары, типтері және қосылған кабельдер ұзындықтары арқылы автоматты түрде басқара алады ( үзілген және бұзылған жағдайда қосып және ажырату).
Қабылдап таратқыштар. Желі жұмыс станциясының контролллерінің пакеттерін қабылдап және оны желіге тарату қызметін атқарады.
Қайталағыштар. Желідегі сигналдарды күшейтуге және қайта орнына келтіруге арналған құрылғы.
Көпірлер. Физикалық айырмашылықтары бар жеке түрлерін құруға арналған.
Шлюздер. Әр түрлі айырбастау протоколдары бар желі түрлерін біріктіруге арналған құрылғы. Шлюздер желідегі протоколдарды қайта құруға арналған, яғни бір форматтағы хабарламаны басқа форматқа ауыстыруды немесе кодтау жүйесінің басқа кодтау жүйесіне ауысуды қамтамасыз етеді.
Маршрутизаторлар. Бұл құрылғылар желідегі байланысты орнатады.
Жергілікті желі екі кластан тұрады:
-
Бір рангты ( бір деңгейлі )
-
Иерархиялық ( көп деңгейлі )
Бір деңгейлі желілер. Мұндай желілерде орталық дербес компьютер болмайды. Кейбір апараттық құрылғылар ( қатты диск, CD, DVD-ROM ) және перрифериялық құрылғылар барлық жұмыс орындарында бірге пайдаланылады. бір деңгейлі желілердің әрбір пайдаланушысы өзінің дербес компьютерінде админстратор болып табылады. Пайдаланушы құқығын тоқтату үшін өз компьютерінде кейбір құрылғыларда доступты алып тастай алады.
Бір рангты желінің артықшылықтары:
Төмен баға, жоғары сенімділік.
Кемшіліктері:
Желі интерактивті түрде жұмыс жасайды;
Екі желі де бір уақытта онға дейінгі пайдаланушы отырғанда ғана жұмысжасайды;
Жұмыс станцияларындағы бағдарламаларды жаңарту және өзгерту қиындықтары, ақпартты құпия түрде сақтау.
Иерархиялық желілер. Иерархиялық желілерде барлық тапсырмалар, мәліметтерді өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға арнайы орталық компьютер сервер арналады. Сервер дегеніміз ( хост компьютер ) желінің барлық жұмысын басқаратын бассты компьютер.
Артықшылықтары:
-
Ақпараттарды қорғау жіне құпия түрде сақтау жүйесі;
-
Мәліметтерді өңдеудің жоғарғы жылдамдығы
Кешіліктері:
-
Ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандырудың бағасының өте жоғарылығы;
-
Өте жоғары экстивтвциялық шығындар.
3. 802х.ІЕЕЕ стандарттарының құрылымы.
OSI үлгісінен басқа 1980 жылы ақпанда қабылданған IEEE Project 802 үлгісі бар, оны OSI үлгісінің модификациясы, дамуы, анықтауы сияқты қарастыруға болады. Осы үлгімен (немесе 802-спецификациялары) анықталатын стандарттар он екі категорияға бөлінеді және олардың әрқайсысында өз нөмірлері бар.
-
- желілердің біріктірілуі.
-
- логикалық байланысты басқару.
-
- CSMA/CD мәлімет алу әдісі және «шина» топологиясы (Ethernet) бар локальдік желі.
-
- «Шина» топологиясы және таңбалық мәлімет алу әдісін сақтайтын локальдік желі.
802.5- «Сақина» топологиясы және таңбалық мәлімет алу әдісін сақтайтын локальдік желі.
802.6 - қалалық желі (Metropolitan Area Network, MAN).
-
- кеңінен хабарлайтын технология.
-
- оптикалық-талшықты технология.
802.9 - сөзді және мәліметтерді тарату мүмкіндігі бар интеграцияланған желі.
-
- желілердің қауіпсіздігі.
-
- өткізгішсіз желі.
-
-сауалдардың приоритеттері бойынша орталықтандырылған мәлімет алу әдісімен «жұлдызша» топологиясы бар локальдік желі.
802.3, 802.4, 802.5, 802.12 стандарттары 0SI эталондық үлгісінің екінші (арналық) деңгейінің МАС-тың астыңғы деңгейіне жатады. Қалған 802-спецификациялары желінің жалпы мәселелерін шешеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті желі туралы ұғым.
2. Жергілікті желінің желілік құрылғылары.
3. 802х.ІЕЕЕ стандарттарының құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |