Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат



бет21/32
Дата05.03.2016
өлшемі5.33 Mb.
#43387
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

Лекция 23


Үлестірілген ресурстарды басқару.

Жоспар:


1. Желі операциялық жүйелерінің функционалдық компо­нен­тала­ры.

2. Желі қызметтері және желі сервистері.


Лекция мақсаты: Үлестірілген ресурстарды басқаруларға түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Суретте желі операциялық жүйелерінің негізгі ком­поненталары келтірілген.

  • Жергілікті ресурстарды бас­қара­тын аспаптар авто­ном ком­пьютердің операция­лық жүйесі­нің барлық фу­н­к­цияларын амалға асыра­ды (про­цесстер арасында жедел жадты тара­тады, про­цесстерді жоспар­лай­ды және диспетчерлейді, муль­­типроцессорлық ма­ши­наларда процес­стерді басқа­рады, сыртқы жадты басқа­рады, пайдаланушы­ның интерфейсін жасайды).

  • Желі аспаптарын үш топқа ажыратуға болады:

- операциялық жүйенің сервер­лік бөлімі – жергілікті ресурстарын жә­не қыз­мет­терін жалпы пай­далануға беру құралдары;

- операциялық жүйенің клиенттік бөлімі – қашықтағы ресурстар­ды және қызметтерді пайдалануға рұхсат алу құрал­да­ры;

- операциялық жүйенің транспорттық құрамы – коммуникация­лық жүйемен бірге же­лідегі компьютерлер арасында хабарлар алма­суды қамтамасыз етеді.

Оңайлатып айтқанда желі операциялық жүйесінің жұмысын төмендегіше түсіндірсе болады. Айталық, А компьютерінің пайдаланушысы өзінің файлын желіде­гі басқа B ком­пью­терінің дискісіне орналастырмақшы болсын. Мұның үшін ол клавиатурадан сай коман­даны теріп Enter клавишасын басады. Пайдалану­шы­мен интерфейске жауап беру­ші операциялық жүйенің программалық модулі осы команданы қабылдап А компью­тер­дің клиенттік бөліміне тапсырады.

Операциялық жүйенің клиенттік бөлімі басқа компьютерлер дискілері­не және файлдарына тікелей жете алмайды. Ол ресурс­тарын басқара­тын басқа компьютердің опе­рациялық жүйесінен осы қызметке «сұраныс» етуі мүмкін. Бұл сұраныстар желі арқылы хабарлар ретінде жеткізіледі. Хабарлар кейбір амалдарды орын­дайтын ко­мандалардан басқа мәлімет­терге, мысалы кейбір файл мазмұны­на ие болуы мүмкін.

Клиенттік және серверлік бөлімдері арасындағы хабарларды желі­нің комму­ни­ка­циялық жүйесі жәрдемінде жеткізуді опера­ция­лық жүйе­нің транспорттық құ­ралдары орындайды. Бұл құ­рал­дар мынадай функцияларды атқарады: хабарларды пішімдеу, па­кеттерге бөлу, компьютер атаула­рын санды адрестерге өзгерту, хабар­ларды сенімді етіп жеткізу, күрделі желіде маршрутты бел­гілеу ж.т.б. Желіде ха­бар­ларды жеткізудегі өзара әсер ережелері коммуникациялық протоколдармен белгіле­не­ді. Мысалы Ethernet, Token Ring, IP, IPX протколдары. Желідегі екі компьютерлер ха­барласып тұруы үшін олардың операциялық жүйелерінің транспорт­тық құ­ралдары ком­муникациялық протоколдардың жалпы жиы­нын сүйемел­деуі қажет. Коммуника­ци­я­лық протоколдар операция­лық жүйелердің кли­енттік және серверлік бөлімдері арасын­да хабарларды олардың мазмұнына көңіл бөлместен жеткізеді.

Пайдаланушы дискісінде файлды орналастырмақшы болған В компьютерде оп­е­рациялық жүйенің серверлік бөлімі жұмыс ор­ын­дауы қажет. Ол әрқашан желіден келетін оның ресурстарына сұраныстарды күтуімен әуре. Серверлік бөлім желіден сұраныс­ты қабылдап жергілікті дискіге үндеу етіп файлды оның бір каталогы­на жазып қояды. Осы амалдарды орындау үшін командаларға жә­не файл бөлімдеріне ие бір емес бірнеше хабарлар алмасуға тура келеді.

Операциялық жүйе клиенттік бөлімінің өте маңызды функ­ци­я­сы болып қашық­тағы файлға үндеуді жергілікті файл үндеуінен ажыратуда. Егер клиенттік бөлім мұны орындай алса қолданбалы программалар қайсы файлдармен қашықтағы ма, жергілікті ма жұмыс орындауы қызықтырмауы да мүмкін, - клиенттік бөлім өзі анық­тап қашық­та­ғы машинаға қайтадан жі­бе­реді (redirect). Операциялық жүйенің клиенттік бөлі­мі редиректор деп аталуы осыған байланысты шыққан. Кей кезде ажырату функциялары арнайы мо­дульге тапсырылады. Онда редиректор деп осы бөлімнің өзіне айтады.

Желі операциялық жүйелердің клиенттік бөлімдері ресурс­тар­ға болған сұраныстар форматтарын икемдейді. Олар қолданба­лар­дан желі ресурстарына жетуді жергілікті формада қабылдайды, яғ­ни жергілікті компьютер­де жұмсалатын тұрде. Желіге сұраныс керек­ті ресурс жайласқан компью­тер сервистік қызметіне сай форма­да жібері­леді. Клиенттік бөлімі және серверлік бөлімінің жауап­тарын қабылдап жергілікті фор­маға өткізеді. Нәти­жеде қолданба үшін жергілікті және қашықтағы ресурстар сұраныс­тары айы­рылмай қала­ды.

2. Желі қызметтері және желі сервистері. Компьютерлық же­лі арқылы нақты ресурс типына жетуді ұйымдастыратын опера­ци­я­лық жүйенің серверлік және клиенттік бөлімдерінің жиыны желі қызметі деп айтыла­ды. Жоғарыда келтірілген мы­салда желі арқылы біргелікте файл жүйесіне жетуді қамтамасыз еткен опера­циялық жүйенің серверлік және клиенттік бөлімдері файлдық қызметін жасайды. Желі қызметтері желі пайдала­ну­шы­ларына қандайда бір қызметтер жиынын ұсынады деп айтылады. Бұл қыз­мет­тер кейбір кездері желі сервисы деп те аталады (ағылшын Service терминінен). Бұл термин техникалық әдебиетте сервистік қызметі деп ау­дарылады. Бұл терминдер синоним ретінде қолдан­са­да кейбір кездерде олардың айрықшылығы принципиал характерге ие. Кейіннен біз же­лі қызметтері деп желі қызметін көрсе­туші компонентке айтамыз, ал же­лі сервисы деп усынылған қыз­мет­тер баяндамасына айтамыз. Сонымен сервис – бұл қызметтер­ден пайдаланушысы­мен қызметтер жеткізушы арасында­ғы интер­фейс.

Әрбір қызмет желі ресурстарымен немесе сол ресурстарға же­­ту әдісте­рі­мен байланысты. Мысалы печаттау қызметі желі пайдаланушыларына желінің бөлінетін принтеріне жетуді қамтама­сыз етіп печаттау сервисын ұсынады, ал пошта қызметі желі ин­формациялық ресурстарына –элек­трон­дық хаттарына - жетуді қам­тамасыз етеді. Ресурстарға жету әдістері ерекшеленеді, мыса­лы қашықтан жету қызметі желі пайдаланушыларына барлық ре­сурстерге коммутацияланатын телефон арналары жәр­демінде же­туді қамтамасыз етеді. Нақты ресурсқа қашықтан жету үшін, мы­са­лы принтерге, қашықтан жету қызметі печаттау қызметімен ба­йланыс жа­сай­ды. Операциялық жүйелердің желі пайдаланушы­ларына файылдық және печаттау қызметтері маңызды.

Желі қызметтері арасында қарапайым пайдаланушыға емес администра­тор­ға арналғандарын ажыратуға болады. Олар желі жұмысын ұйым­дастыруға жұмсалады. Мысалы, Novell Net Ware 3.x операциялық жүйесі­нің Bindery қызметі администра­тор­ға компьютердің желі пайдаланушыла­ры туралы мәліметтер база­сын алып ба­руға мүмкіндік жасайды. Орта­лық сілтемелер қызме­тін жасау прогрессив есептеле­ді. Бұл қызмет басқа­ша каталогтар қызметі деп те аталады. Ол пайдаланушы базасы­нан басқа­да же­лідегі барлық программалар және компьютер аппаратурасы туралы базаға ие. Каталогтар қызметі мысалы ретінде Novell ком­паниясы­ның NDS және Banyan компаниясының Street Talk қыз­меттерін көрсетуге болады. Администраторға сервис ұсынатын желі қызметінің басқа мыса­лы етіп – желі трафигын ұстап алып ана­лиз жасайтын желі мониторингі, өз функциясына парольді тексеріп логикалық ену амалын орындайтын қорғау қызметін, резервті көшіру және архивтеу қызметте­рін көрсетсе болады.

Операциялық жүйе ақырғы пайдаланушыларға, администра­тор­ларға және қол­данбаларға едәуір бай қызметтер жиынын усынуына бай­ла­нысты желі операция­лық жүелер қатарындағы орны белгіленеді.

Желі қызметтері өздерінің табиғаттарына байланысты кли­ент-сервер­лік болып табылады. Кез келген желі сервисын амалға асырғанда Табиғи сұраныстар көзі (кли­ент) және сұраныстарды орындаушы (сервер) пайда болғандықтан Кез келген желі қыз­метте­рі өзінде симметриқ бол­маған екі бөліміне ие – клиенттік және серверлік. Же­лі қызметі опера­циялық жүйеде екеуімен де немесе бір бөлемімен беріледі. Әдет­те сервер өзінің ресурстарын клиент­ке усынады, ал клиент олардан пайдаланады деп айтылады. Ай­тып өту керек желі қызметін ұсынғанда сервер ресурстарымен бір­ге клиент ресурстарыда қолданылады. Клиент өзінің ресурс­та­р көп бөлімін (диск көле­мін, процессор уақытын ж.т.б.) желі жұмы­сын суйемелдеу үшін сарыптауы мүмкін. Мысалы, пошта қызме­тін амалға асыру үшін клиент дискысында кең көлемдегі хат­тарға ие мәліметтер ба­за­сының жергілікті копиясы жайласуы мүмкін. Бұл жа­ғ­дайда клиент түрлі фор­маттардағы хабарларды соның ішінде му­льтимедиялық форматтарды да пішімдеумен байланысты үлкен жұ­мысты, адрестік кітапты сүйемелдеуі және көп жәрдемші жұ­мыстарды орындауы керек болады.

Клиентпен сервер арасындағы потенциал айрмасы әркезде желі жұмы­­сының бастаушысы клиент болады, ал сервер пассив күту режимінде болады. Мысалы пошта сервері поштаны пайда­ланушы компьютеріне жеткізеді егер пошта клиенті­нен сұраныс болғанда ғана.

Әдетте клиенттік және серверлік бөлімдер арасында өзара әсер сондай стан­дартталады, нәтижеде бір тұрдегі сервер Түрлі әдістермен амалға асырылған клиент­тер типтары мен жұыс орын­дауы мүмкін. Мұ­ның үшін бір шарт – клиенттер және сервер бір стандарт протоколды сүйемелдеуі қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Желі операциялық жүйелерінің функционалдық компо­нен­тала­ры.

2. Желі қызметтері және желі сервистері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет