Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет3/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#125235
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жалпы сипаттама


Құрылысы: Ересек түрлерінің денесі бас, дене және екі жұп аяқтан тұрады. Құйрық және қосмекенділерде стегоцефальдарда болған, өйткені олар үнемі суда тіршілік еткен. Ал қазіргі тіршілік ететін қосмекенділердің құйрықтылар деп аталатын (тритондар, саламандралар) отрядында құйрық сақталған, өйткені олардың ересек өкілдері де көпшілік уақытын суда өткізеді. Қазіргі қосмекенділердің көпшілігінде әсіресе құйрықсыздар отрядының өкілдерінде (көлбақа, құрбақа және басқалары) артқы аяғымен секіріп (жүрудің) қозғалудың нәтижесінде құйрықтары жойылған. Жер астында тіршілік ететін көптеген түрлерінде (аяқсыздар отряды немесе құртша) аяқ та, құйрық та жойылған (құрша, цейлон балықжыланы т.б.) Қосмекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда жақсы жетілген. Бас-мойын бөлімінің бір ғана омыртқасы арқылы дене омыртқасымен жалғасады. Соның нәтижесінде бас қозғалмалы болып, азықтарын тез ұстауға мүмкіндік туғызады.

Тері жабындысы. Барлық қосмекенділердің терісін және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немеее мүйізді қабыршақтары жоқ - жалаңаш болады. Сүйекті қабыршақтар тек кана стегоцефальдарда болған. Олардың денесінің салмағы судан шыққанда артып, суға түссе жеңілденген. Сондыктан құрлықта өмір сүрген қосмекенділер үшін сүйекті қабыршақтардың болмауы үлкен жеңілдік. Қабыршақтардың жойылуымен, қорғанудың қажеттілігіне байланысты эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы ортаның факторларының зиянды әсерінен қорғайды. Көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі қосмекенділерді жыртқыш жануарлардан қорғайды. Қосмекенділер құрлықта тіршілік ететін жануарлар сияқты құрғақшылыққа қарсы тұру қабілеттілігі әлі жете дамымаған. Сондықтан олар сазды көлеңкелі жерде, судың ылғалды жағасында жүреді, сонымен бірге бақалар мезгіл-мезгіл суға түсіп, терісін сулап отырады.

Қаңқасы. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты қаңқасының барлық бөлімдерінде өзгерістер бар. Жер бетіндегі тіршілігіне сәйкес ми сауыты (көпшілігінде) өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Бас жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе және маңдай сүйектері қоршап жатады. Тіл асты доғасының, желбезек доғасының өзгеріске ұшырауы тіл асты пластинкалардың тууына себебін тигізеді.

Омыртқа жотасы — мойын, дене, сегізкез және құйрық бөлімдерінен тұрады. Мойын бөлімі бір ғана омыртқадан тұрады, дене омырткалары 7-100-ге дейін болады. Мысалы, ең азы — 7, ал аяқсыздарда 100-ден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Құйрық бөлімі құйрықты қосмекенділерде айқын бөлінген, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Қабырғалары нашар дамыған немесе жойылып кеткен. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, құйрықтылар нашар дамыған, ал құйрықсыздарда қабырға мүлдем болмайды. Қабырғалардың болмауына сәйкес олардың көкірек қуысы болмайды.

Аяқ қаңқалары құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аяқ қаңқасына ұқсайды. Алдыңғы аяқтары тоқпан жілік, қары (кәрі) жілік, ол екі сүйектен тұрады: Шыбық сүйегі мен шынтақ сүйектерінен құралады, алдыңғы аяқтарындақол басы сүйектерінен тұрады. Артқы аяқтарында ортан жілік, ол жамбас белдеуіне жалғасады, асықты жілік, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен және асық жілік шыбығынан тұрады, артқы аяқтарында - табан сүйектерінен тұрады. Қосмекенділердің алдыңғы және артқы аяқтары алғашқы көздерде бес саусақты болған, ал қазіргілерінде саусақ аз болуы ықтимал. Құйрықсыз қосмекенділердің артқы аяқтары ұзын болып келеді, өйткені олар суда жүзіп жүру үшін қажет және саусақтарының арасы жүзгіш жарғақтармен қосылған.

Иық және жамбас белдеулері балықтардікі мен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дамыған. Иық белдеуі негізінен мына сүйектерден құралады: жауырыннан, бұғанадан, каракоидтан. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйегінің ұштары тоқпан жіліктің басына келіп жалғасады. Қосмекенділерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмайды. Жамбас белдеуі үш сүйектен қалыптасқан. Ұзын мықын сүйегі (подвздошной), шап сүйегі (лобковый), шонданай сүйегі (седалешной). Осы сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. Жамбас белдеуі өзінің ұшымен сегізкөз омыртқасымен жалғасады. Сондықтан қосмекенділердің артқы аяғы, балықтардың бауыр жүзгіш қанаттарынан гөрі бекіністері мен сүйеніштері әлдеқайда мықты болады.

Ет жүйесі. Балықтардың ет жүйесімен салыстырғанда қосмекенділердің ет жүйесі ерекшелеу. Өйткені бірінші рет омыртқалы жануарларда аяқтарының пайда болып, соның көмегімен жер бетінде қозғалуында. Сондықтан алдыңғы, артқы аяқтарында күшті еттер дамиды және қозғалысына байланысты еттер жіктелген. Ал балықтардың еттеріндегі сегметті бөліну оларда сақталмаған. Қорыта айтқанда осы қосмекенділерде пайда болған ет жүйесі, эволюцияның даму барысында күрделеніп, жікке бөлініп жоғарғы омыртқалы жануарлар — бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің ет жүйесінің негізін қалайды.

8-лекция .

Қосмекенділер құрылысы.

Жоспар

1.Ас қорыту жүйесінің құрылысы

2. Тыныс алу жүйесі.

Қолданылатын әдебивттер

Негізгі әдебиетер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974

6. А.Карр Рептилии М. 1975.

7. Н.Н.Карташев Систематика птиц М. 1974

8. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989

Қосымша әдебиеттер

1. Биология Оқулық - Алматы 1966

2. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981

3. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық -

Алматы, 1975.

Лекция мәтіні:

Ас қорыту жүйесі. Қосмекенділердің негізгі қорегі жануар тектес болады, оның ішінде омыртқасыздар басым болып келеді. Бақалар өздерінің жалпақ та, жабысқақ тілімен қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады. Барлық қосмекенділердің тілінің ұстіңгі бетінен, желім сияқты шырын бөлінеді. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді.

Тістері ұсақ біркелкі үстіңгі жақ сүйектеріне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Кейбір түрлеріде (құрбақаларда) тістері бслмайды. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз—жұтқыншақ қуысына жалғасады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына сілекей бездерінің де жолдары ашылады. Ішектің үстінде жабысып ұйқы безі жатады. Бауыры үлкен, оның үстінде өт орналасқан. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Өңеш қарынмен жалғасады, қарын ішекпен тура ішекпен жалғасады.

Тік шек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады. Клоака арқылы нәжістен басқа зәр және жыныс өнімдері сыртқа шығарылады.

Тыныс алу жүйесі. Ересек кезінде олар өкпесі мен терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі — крегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық жетілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алады. Тері арқылы тыныс алу тері артерияларының капиллярлары арқылы іске асады. Мысалы, жасыл бақалардың терісі арқылы канның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енсе, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Организмнен бөлінетін көмірқышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді. Демек терінің тыныс алуда маңызы зор. Бақаның мұрын қуысы хоана арқылы ауыз қуысымен қатынасады. Тыныс алуда танау тесіктерінің ролі зор. Ол арқылы бақа тыныс алатын ауаны ішке тартады және сыртқа шығарады. Бақаның танау тесігі ашылып, жабылып тұрады. Бақаның көкірек клеткасы және қабырғалары болмайды. Ауа бақаның өкпесіне, басқа жануарлардағы сияқты көкірек клеткасының кеңеюі арқылы кірмейді, танау тесігі арқылы кіреді.

Қосмекенділердің суда тіршілік ететін личинкалары сыртқы желбезек және терісі арқылы тыныс алады. Үнемі суда тіршілік ететін құйрықты қосмекенділерде желбезек өмір бойы сақталады, ал көптеген түрлерінде кейінірек желбезек жойылып кетеді. Сайып келгенде тыныс алу жүйесіне келгенде қосмекенділер балықтарға жақын.



Қан айналу жүйесі. Эволюциялық дамудың барысында омыртқалы жануарлардың ішінде құрлыққа шығуына байлайысты қосмекенділерде ең бірінші рет өкпе пайда болады. Осыған сәйкес қан айналыс жүйесінде елеулі өзгерістер туады. Барлық қосмекенділердің жүрегі балықтардың жүрегі сияқты екі бөлімнен емес үш бөлімнен: бір қарыншадан, сол жүрекшеден және оң жүрекшеден тұрады. Өкпеде оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қандарды вена қан тамырлары әкелсе де, оны артерия қаны деп атау ұйғарылған. Бүкіл денеге оттегін таратып, көмір қышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қанды вена қаны деп атауға (мақұлданған) ұйғарылған.

Жүрекшелердің жиырылуының нәтижесінде барлық қан құлақшаға құйылады. Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені қарыншаның ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейін қарыншаның оң жақ бөлігінде вена қандары, сол жағында - артерия қандары, ал ортасында — аралас қандар тұрады.

Жүрекшенің оң жақ бөлігінен артериялық конус шығады, одан төрт жұп артериялық доғалар тарайды. Бірінші жұп артерия таза артериялық қанды бас бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы дейді. Екінші және үшінші жұп артериялар дененің барлық жеріне таратылған үлкен тамырлар жүйесін ортасын құрайды. Төртінші жұп артерия — ол қанды өкпеге апарады, әрбір өкпе артериясынан бірден ұлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде веноздық қан оттегіне қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-тері артериялары деп атайды. Сайып келгенде, қомекенділерде балықтардікі сияқты бір ғана қан айналыс шеңбері емес, екі қан айналыс шеңбері бар. Үлкен қан айналыс шеңбері — жүректен шыққан қан артериялар мен капиллярлар арқылы бүкіл дененің бөліктеріне тарап, одан капиллярлар мен веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құяды. Кіші кан айналым шеңбері - жүректен шыққан қан өкпе артериясы мен капиллярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллярлар және екпе венасы сол жақ жүрекшеге келіп құяды.

Қосмекенділерде бұл екі шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлінбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректің жалғыз қарыншасы арқылы өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегі аз аралас қанмен қамтамасыз етеді. Сол себептен зат алмасудың дәрежесі жоғары болмай, олардың денесінде жылу аз болады. Бұлар да балықтар сияқты, суық қанды жануарларға жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасымен тығыз байланысты. Қосмекенділердің тіршілігінің маусымдық, тәуліктік ерекшеліктері және географиялық таралуы осыған байланысты. Олардың түрлері тек тропикалық жерлерде ғана көп болады.



Нерв жүйесі. Қосмекенділердің алуан түрлі ортада тіршілік етуше, күрделі және өзгергіштік тіршілік ортасына байланысты миының құрылысы балықтардікімен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу және ол ми жарты шарларына бөлінген. Ортаңғы миы онша үлкен емес, ал мишығы өте аз болады. Мидың бұл бөлімінің нашар дамуы қосмекенділердің қозғалысының күрделі болмай жай баяу қимылдауына байланысты. Жұлын нервтері иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық нерв жүйесі жақсы дамыған.

Сезу мүшелерінің ішінде белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшыраған мүше ол (құлақ) есту мүшесі. Ол балықтарға қарағанда қосмекенділердің есту мүшелер: жақсы дамыған. Қосмекенділерде тек қатна ішкі құлағы емес, ортаңғы құлағы мен дабыл жорғағы да бар. Ортаңғы құлақ қуысынын төменгі ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлімі евстахиев түтігі деп аталады. Қосмекенділердің көздері балықтардың көзіне қарағанда өткір келеді, бірақ олар құрлықта судағыдай алыстан көре алмайды. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден, күшті жарықтан сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Көздің мөлдір қабығының пішіні балықтардікіндей тегіс болмай - дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай - линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қосмекенділердің алысырақтан көрінуіне мүмкіндік береді.

Су жануарлары ылғалдылықтың өзгеруін білмейді. Суға қарағанда құрлықта температураның өзгерісі де күшті. Бақаның терісінде сезгіш нерв ұштары болады. Олар жылуды және суықты, құрғақ пен ылғалдылықты сезеді, суда еріген неше түрлі заттарды -сезгіш келеді.

Қосмекенділерде жұп иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір жұп танау тесігімен қатынасады. Иіс сезімімек ішкі танау тесігі хоандар кетеді, олар ауыз-жүтқыншақ қуысымен жалғасып тыныс алуға да қатысады. Қосмекенділер иіс сезу мүшесін ауада ғана пайдаланады, ал суда жүргенде танауын жауып жүреді.

Балықтарға тән бүйір сызық, қосмекенділердің тек личинкаларына ғана тән. Бүйір сызық тіршілігі үнемі - суда өсетін қосмекенділердің кейбір құйрықты және құйрықсыз түрлерінің ересектерінде өмір бойы сақталады.

Зәр шығару жүйесі. Олардың зәр шығару мүшелері жас ерекшеліктерше қарай құрылысы өзгергіш келеді. Мысалы, ұрықтың алғашқы даму кезінде пронефрос, ал ересек кезінде мезонефрос зәр шығару мүшелердің қызметін атқарады. Зәр заты алдымен клоакаға, одан кейін қуыққа жиналады. Жиналған зәр заты қайтадан клоакаға содан кейін сыртқа шығады. Ыдыраған заттардың аздаған бөліктері тері арқылы да бөлінеді.

Көбеюі. Еркектің жыныс бездері (семенники) бүйректің жанында жатады. Тұқым безінің үстінде белгілі бір пішіні жоқ, сары түсті майлы дене жатады. Бұлар ұрықтың, оның ішінде дамитын сперматозоидтың қорегі болып саналады. Жыныс бездерінің жолдары бүйректің алдыңғы бөлімі арқылы өтіп, вольфов каналына жалғасады, сөйтіп ұрық зәр шығару жолы арқылы клоакаға жиналып, одан әрі сыртқа шығады. Бұдан еркектердің зәр шығару мен ұрық жолының қызметін бір ғана канал — вольфов каналы аткаратынын көруте болады.

Аналық безі жұп, оның үстінде майды дене жатады. Уылдырық шашатын мерзімде аналық жыныс бездерінің мөлшері артады. Жетілген жұмыртқалар дене қуысына түсіп, одан воронка тәрізді бір жұп жұмыртқа жолына — мюллеров каналдарына өтеді. Уылдырық мюллеров каналдары арқылы сыртқа шығады. Жұмыртқа жолы ұзын, оның алдыңғы бөлімі - клоакаға ашылады.

Ұрықтану көпшілік жағдайда сыртта судың ішінде өтеді. Көпшілік қосмекенділердің ұрықтану кезінде еркегі ұрғашысына асынып, алдыңғы аяғымен ұрғашысының құрсағын қасып, уылдырықтың суға түсуіне себеп тигізеді де, сол сәтте еркегі уылдырықты ұрықтандырады. Кейбір түрлерінде (тритондарда) еркегі спермаларын арнайы қапшықшада (сперматофорда) жинап, содан кейін ұрғашысы клоакасының шетімен жинап өзінің ұрық жолына кіргізіп алады. Бұл жағдайда ұрықтану ұрғашысының ішінде болады. Көпшілігінде жыныс диморфизмі жақсы дамыған (түсі – реңі, алдыңғы аяғында сүйелінің болуы т.б. белгілері), кейбір түрлерінің еркегі ерекше қатты дыбыс береді, ол дыбыс қапшығы — резонаторлардың арқасында шығады.

Дамуы. Қосмекенділердің сумен байланыстылыга көбею кезінде өте айқын көрінеді. Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы суда өтеді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де, біріне-бірі жабысады да, үлкен түйір пайда болады. 2-3 аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы - итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді (аяқтары болмайды) және қоректенбейді, өйткені онын әлі ауызы болмайды. Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы өсімдіктерді кеміреді. Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртында көрінбейді, сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады. Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді. Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу кызметін құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды.

Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап бітеле бастайды, мұнымен бір мезгілде өкпелері дамиды (ішек өсінділерінен). Өкпелердің дамуына қарай қан айналыс жүйесі де өзгереді. Қан айналысының екінші шеңбері түзіледі. Перде жүрек құлақшасын екі жартыға бөледі, енді жүрек үш бөлімнен тұрады. Аяқтары өсіп жетіледі. Итшабақ аяқтарының көмегімен бақаша жүзе бастайды. Құйрығы барған сайын кішірейе береді. Ақыр соңында, өте кішкентай бақалар жағаға жорғалап шығады, құйрығының қалдығы біраздан кейін ол да жоғалады. Итшабақ кішкентай бақаға айналады. Ол кезінде шөп тектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді. Итшабақтың дамуы судың температурасына байланысты 2-3 айға созылады. Өмір сүру ұзақтығы табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайлы жағдайынан уылдырықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштардан және паразиттерден де азап шегетінін айту керек. Табиғатта олар онша көп жасамайды, ал қолда террариумда 10-15 жыл өмір сүреді. Мысалы, құрбақа — 20 жыл, бақа — 10 жыл тіршілік етеді.



Қосмекенділердің маңызы. Олар су мен құрлықтың арасындағы зат алмасуды жүргізуде көптеген биоценоздарда көбейіп байланыстырушы қызметін атқарады.

Қосмекенділердің негізгі (тамағы) қорегі омыртқасыз жануарлар, оның ішінде насекомдар. Олар — бақшаның, орман мен даланың зиянкестерін жеп, адамдарға пайда келтіреді. Мамандардың есебі бойынша жаз бойы бір шөп көлбақасы шамамен 1.2 мың ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянды насекомдарын жейді екен. Құрбақалар азығын түнде іздеп құстар іздеп таба алмайтын түн насекомдарын, моллюскалардан жалаңаш шырышты т.б. түн жәндіктерін жеп үлкен пайда келтіреді. Бақалар ертеден медицина мен ғылымға әртүрлі тәжірибелер жасайтын бірден-бір қолайлы жануарлар. Көптеген ғалымдар өздерінің ғылымда ашқан ұлы жаңалықтарын бақаларға тәжірибелер жасау арқылы жетті. Мысалы, И.М.Сеченов бас миының рефлексін, нерв орталығындағы тежелу құбылысын осы бақаларға жасалған тәжірибелердің нәтижесінде ашты. Кейбір елдерде, Францияда, Италиада бақаның аяқтарынан картопке қосып дәмді тағамдар жасайды, Ал Австралияда, Америкада сорпа жасайды. Сол себепті оларды арнайы фермаларда өсіреді. Қосмекенділердің өзі көптеген сүтқоректілерге, құстарға және балықтарға қорек ретінде қызмет етеді, әрине басқа омыртқалыларға қарағанда адам өмірінде маңызы шамалы. Табиғатта оларға "жексұрын" деген көзқарастың дұрыс болмауының салдарынан көбірек өледі. Жоғарыда айтылған деректерге сүйене отырып, оларды да қорғауға алу керек. Мысалы, Польшада, Англияда, Грецияда оларды ұстауға тиым салынған. Қазақстанда қосмекенділердің ішінде сирек кездесетін түрі жетісу бақасы қорғауға алынған.



9-лекция .

Қосмекенділердің систематикасы

Жоспар

  1. Құйрықты қосмекенділер отряды.

2.Аяқсыз қосмекенділер отряды.

3.Құйрықсыз қосмекенділер отряды.



Қолданылатын әдебивттер

Негізгі әдебиетер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974

6. А.Карр Рептилии М. 1975.

7. Н.Н.Карташев Систематика птиц М. 1974

8. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989

Қосымша әдебиеттер

1. Биология Оқулық - Алматы 1966

2. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981

3. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық -

Алматы, 1975.

Лекция мәтіні:

Қазіргі қосмекенділер үш отрядқа бөлінеді: құйрықты (шамамен 300 түрі), аяқсыздар (шамамен 60 түрі), құйрықсыздар (шамамен 2000 түрі). Қазақстанда шамамен 12 түрі кездеседі.



Құйрықты қосмекенділер отряды. Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегі бар, көздері жоқ, үңгір су қоймаларында кездеседі), сирендер (желбезегі бар, бірақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшілік құйрықты қосмекенділер Солтүстік Америкада таралған. Олардың денесі бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Өмірінің көпшілік уақытын суда еткізед. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Бізде кәдімгі тритон және жалпы тритондар кездеседі. Бұлар жайларында шағын ақпайтын, ақса өте баяу ағатын өсімдігі мол суларды мекендейді, Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына кіріп паналайды. Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюі мен личинкаларының дамуы суда өтеді.

Кәдімгі саламандрлар триондарға қарағанда тіршілігі сумен онша байланысты емес. Күндіз ағаш тамырларының, тастың астында және індерде болады. Саламандрлар желбезегі бар балаларын тірі туады, кейде суға уылдырықтарын шашады, одан личинкалар шығады.

Сирендер Солтүстік Америкада кездеседі. Артқы аяқтары жоқ. Денелері ұзынша, 60-70 см болады. Батпақты жерлерде түбірдің астын мекен етеді.

Протейлер Балқан түбегінің жер асты суларын мекендейді. Аяқтары кішкене жүруге жарамайды. Денесінің ұзындығы 25-35 см болады. Жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Балқан протеялары тірі де туады.



Аяқсыз қосмекенділер отряды. Жер астында тіршілік етуіне және жерді қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрізді кішкентай топ жануарлар. Көпшілік түрлерінің денесі жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терісінде тері бездері көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бір ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстік Америкада таралған, ұзындығы 40 см болады. Дымқыл жерлерді 50 см-ге дейін қазып, сол жерде тіршілік етеді. Аяқсыздар індерге, түбірдің түбіне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды. Ұры атануы іште болады.

Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Сан жағынан көп, құрылысы күрделі, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген жануарлар тобы жатады. Бұл отрядқа көлбақа, тоспа бақасы, құрбақа, жерлянка, квакш, чесночницы т.б. жатады. Құйрықсыздардың көпшілігі тропикалық елдерде көп кездеседі. Олардын әрқашан жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда күшті дамыған, сондықтан жер бетінен секіріп жүреді. Олардың ішінде құрлықта, ағаштың басында, суда және қазып інде тіршілік ететіндері бар. Құйрықсыздар терісі қалындау, сондықтан олардың өкпесі жақсы дамыған. Деседе олар тек дымқыл жерлерде ғана тіршілік етеді. Сыртқы ортада ұрықтанады. Қосмекенділердің көбеюіндегі ерекшелік - олардың көбею кезінде суға келіп жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет