Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет2/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#142332
түріЛекция
1   2   3   4   5

Лекция №17


Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы

(1 сағат)


Жоспар:

1. Өзбекстанның ауыл шаруашылығының маманданған саласы

2. Мал шаруашылығы

Лекцияның мақсаты: Өзбекстанның ауыл шаруашылығын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Өзбекстанның ауыл шаруашылығының маманданған саласы – суармалы жерде мақта өсіру. Басқа дақылдардан темекі, кенеп, жүзім, жеміс- жидек, бау бақша өсіру дамыған. Жалпы ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімнің 73 проценті өсімдік шаруашылығы, қалғаны мал шаруашылығының үлесінде. Өсімдік шаруашылығында мақтаның алатын орны ерекше. Себебі , мақташылық - өзбек халқының ежелден бергі ата кәсібі.

Өзбектер сан ғасырлар бойы мақта өсірудің сыры мен қырын игеріп, мол тәжірибе жинақтаған. Қазір Республикадағы суармалы егістік жердің жартысына жуығына мақта егіледі. Мақта талшығынан әртүрлі мата тоқылса, шитінен мақта майы алынады. Мақта майынан глицерин, стеарин және т.б. шипалы заттар алынады. Өзбекстан мақта талшығын өсіруден дүние жүзінде Қытай мен АҚШ – тан кейінгі үшінші орында.

Суармалы жердің біраз бөлігіне күріш, жүгері және жоңыршқа өсіреді. Суару каналдары мен арықтардың жағасына тұт ағашы отырғызылған. Тұт ағашының жапырағын тұт жібек құрттары жейді. Жібек құртының негізгі азығы тұт ағашының жапырағы болғандықтан , олар арық пен су каналдарының жағалауларына егілген. Тұт ағашы мақта өсімдігін (қозаларын) желден қорғаса, арық пен су каналдары жағалауын су шайып кетуден сақтайды. Жібек құрттары өсіп жетілгеннен соң жібек пілласына айналады. Жібек пілласынан табиғи жібек талшығы алынып , одан таза жібек маталары тоқылады. Тұт жібек пілласын өсіруден Өзбекстан Кеңестер Одағында 1-ші орын алған.

Мақта шаруашылығының негізгі дамыған ауданы Ферғана аңғары. Мақта егетін аймақтар ірі суарма каналдары салынған жерлермен қатар, сырдария, Зеравшан, Шыршық, және Әмударияның төменгі ағысында республиканың оңтүстігінде мақтаның бағалы жіңішке талшықты сорты өсіріледі. Тау бөктерінде тәлімі жерде (багарада) бидай , арпа, сұлы егеді.

Күн сәулелеі Өзбекстанда бақша дақылдары басқа елдерге қарағанда 1-1,5 ай ерте піседі. Сондықтан өзбек дихандары бақша дақылдарын тек өз қажеттерін өтеу үшін емес шет елдерге шығару үшін де өсіреді.

2. Мал шаруашылығының негізгі саласы қой өсіру. Қаракөл қойын Қызылқұм шөлі аймағында, биязы жүнді және етті – құйрықты қойларды тау бөктерінде, басқа үй жануарларынан түйе, жылқы және мүйізді ірі қара өсіріледі. Қой мен ешкі саны 9 млн- нан асады.
Лекция №18

Тақырыбы: Өзбекстан қалалары және көлік түрлері

(1 сағат)

Жоспар:

1. Ташкент қаласы

2. Самарқанд қаласы

3. Дамыған көлік түрлері



Лекцияның мақсаты: Өзбекстан қалалары және көлік түрлерін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Ташкент – Орта Азиядағы ең үлкен әрі ең көне қалалардың бірі. Оның екі мың жылдан астам тарихы бар. Ірге тасы қаланғаннан кейін екі мың жыл ішінде ол соғыстар мен шапқыншылықтар кезінде талай рет қирады, бірақ сол орнында қайтадан пайда бола берді. Мұндай тұрақтылықтың себебі – географиялық орнының жолдардың түйіскен жерінде болуы , әрі тау аралық оазисте халықтардың тығыз орналасуы болып тұр. Ерте заманнан – ақ Ташкент ірі сауда және өнеркәсіп орталығы болды. Сол кезден – ақ көшпелі халықтар мен отырықшы халықтар арасында қызу айырбас, сауда болып отырды. Ташкент кәсіпорындары арасныда мақта жинайтын машиналар, тракторлар, мақта тазартуға және мата шығаруға арналған жабдықтар, ирригациялық тетіктер жасайтын зауыттар мен Орта Азиядағы аса ірі мақта – мата тоқитын комбинат бар.

Ташкент ірі темір жол торабы. Қалада көліктің барлық түрі жұмыс ітсейді. Қалада метро салынған. Өзбекстан Республикасының тек астанасы ғаан емес , әрі мәдени, әрі ғылыми орталығы. Ташкентте Өзбекстан Республикасының Ғылым Академиясы, бірнеше жоғарғы оқу орны, Науаи атындағы театр, көптеген тарихи ескерткіштер және т.б. мәдени орындар бар. Ташкент қаласының аты тарихи заманда бірнеше рет өзгерген. Ертеде Ташкент қаласы Жарж, Шәш, Чачкент және Білкент деп аталған. 1983 жылы Ташкент қаласы өзінің 2000 жылдық мерекесін өткізді.

2. Самарқанд XXV ғасырлық тарихы бар «аңыз» қала. Көлемі жағынан Ташкенттен кейінгі екінші қала. Самарқанд облыстың әкімшілік орталығы. Қала халық жиі қоныстанған Зеравшан аңғарында орналасқан. Қала солтүстік –шығыс және оңтүстігінде Памир – Алай тауының жоталарымен қоршалған. Тау жоталары Сібірден соғатын суық жел мен Қызылқұмның аптап ыстығынан қорғап тұр. Самарқанд қаласының атымен көптеген тарихи есімдердің байланысы бар. Олар Александр Македонский (Зұлқарнайын) Шыңғысхан, Әмір – Темір (Ақсақ Темір), ғалым астроном Ұлықбек. Самарқандта әр түрлі тарихи кезеңдердің 293 архитектуралық ескерткіші мен 2000 – нан астам археологиялық обьекті бар.

Самарқандта Шығыстың атақты ғалымдары мен ақындары өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан. Олар Рудаки, Ұлықбек, Науан, Джами.

Орта ғасырдың архитектуралық ескерткіштері әсемдігімен және олардың инженерлік данышпандық есептеулері, осы уақытқа дейін сақталған бояулары мен сыртқы пішіндері көрген жұртты таң қалдырады. Архитектуралық ескерткіштерді салу XV ғасырда Темірдің немересі Ұлықбек обсерваториясы жазба деректерге қарағанда, үш қабатты аса үлкен үй болған. Оның биіктігі қазіргі Ыстамбұлдағы София - Әулие храмының биіктігіндей болған. Шығыс архитектурасының інжу –маржандары Регистан, Тур - Әмір, Шахи – Зинда, Бибі – Ханым, шердар медресесі, Ұлықбек обсерваториясы, Шолпан –Ата, Ишратхана және т.б. ескерткіштер өздерінің әсемдігімен осы күнге дейін қайран қалдырады. Қазіргі ұрпақтары шығыстың ұлы ойшылдары әрі ақыны Әлішер Науаи мен Абдурахим Джамиге ескерткіш орнатқан. Самарқандқа жылына 1,3 мыңға жуық турист келеді.

Өзбекстан шаруашылығы жақсы дамыған республика. Мақта өсіру, мақтаны жинап және өңдейтін машиналар шығару газ, түсті және сирек кездесетін металл өндіру, қаракөл елтірісін дайындаудан түркі елдері ішінде жетекші роль атқарады.

Халқының 60 проценті Ташкент және Ферғана оазисінде тұрады.

3.Өзбекстанда теңіз көлігінен басқа көліктің барлық түрі (темір жол, автомобиль, әуе, өзен, құбыр) дамыған. Ерте заманда Өзбекстан жері арқылы Индия мен Қытай, Батыс еуропа елдері мен Ресей арасын қосатын керуен жолдары өткен. Ең бірінші темір жол Фараб станциясы мен Самарканд қаласы аралығында 1888 жылы салынған. Орта азия мен Ресей мемлекетіінң арасын қосатын Трансазия темір жолы( Ташкент – Орынбор) 1905 жылы салынып біткен. Темір жолдың жалпы ұзындығы 3,5 мың км. Жер бедерінің күрделілігі автомобиль көлігінің дамуына жағдай жасаған.

Автомобиль көлігі жүкті тез арада тұтынушыларға тікелей жеткізіп бере алады. Ең негізгі автомобиль магистральдары Ташкент – Самарканд – Термез, Зеравшан тракты Самарканд – Чаржоу, Ферғана аңғарындағы елді мекендер арасында айналмалы автомобиль жолы бар. Автомобиль жолының ұзындығы 89 км –ден асады.

Әуе жолы – көліктің ең қымбат, жер бедеріне қатысы аз, ең шапшаң түрі. Республиканың шалғай жерлерімен байланыс жасауда маңызы зор. Халықаралық маңызы бар ірі аэропорт ташкент қаласында. Дүние жүзінің көптеген бөлігіне жолаушылар мен жүктер тасымалданады.

Құбыр көлігі - Өзбекстанда табиғи газдың ірі кен орындары ашылғаннан соң дами бастады. Бұхара – Орал, Жарғақ – Самарқанд – Ташкент, Газли – Каган, Мубарек – Ташкент. Ташкент қаласы ірі транспорт торабы Сібірден, Оралдан, Қазақстаннан тартылған. Темір жолдар осы арада тоғысады.



Лекция №19

Тақырыбы: Қырғызстан Республикасы

( 1- сағат)

Жоспар:

1. Географиялық орны, жер көлемі

2.Тәжікстанның табиғатын қалыптастырушы геологиялық жыныстардың құрамы және геологиялық кезеңдер.

3. Жер бедері.



Лекцияның мақсаты: Қырғызстан Республикасын қарастыру.

Лекция мәтіні:
1.Жер көлемі – 198,5 мың км2

Халқы – 4,4 млн. адам

Астанасы - Бишкек (642 мың адам).

Мемлекеттік тілі - қырғыз тілі

Ұлттық валютасы - сом.
Азия материгінің биік таулы өңірінде орналасқан түркі тілдес елдердің бірі – Қырғыз Републикасы.

Қырғызстан – таулы мемлекет. Республика аумағындағы сансыз көп тау жоталары тау аралығындағы қазан шұңқырлармен және биік таулы үстірттермен алмасып келіп отырады. Қырғызстанның негізгі тау жоталары Тянь –Шань таулы өлкесі мен Памир – Алай тау жүйесіне жатады. Ең биік шыңы –Жеңіс шыңы (7439м).

Қырғызстан таулары Орта Азия мемлекеттері үшін үлкен роль атқарады, себебі батыс желдер әкелген ылғалдарды жинап қар мен мұзға айналады да мұздықтардан көптеген өзендер бастау алады (Нарын, Шу, Талас т.б.). Қырғызстан солтүстік және солтүстік батысында Қазақстан , оңтүстік – батысында Өзбекстанмен, оңтүстігінде Тәжікстанмен, оңтүстік – шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Шекарасының жалпы үзындығы –4508 км. Шекарасы табиғи шептер, яғни биік тау жоталары мен өзендер және Шу, Талас, Ферғана тау аңғарлары арқылы өтеді. Қырғыз халқының мақтанышы – Ыстықкөл теңіз деңгейінен 1609 м биіктікте орналасқан.

Қырғызстанның жері батыстан шығысқа қарай 900 км , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 410 км созылып жатыр.

Қырғызстан Республикасының жер аумағының көп бөлігіндүниежүзіндегі биік таулы өлкелердің бірі Тянь – Шань алып жатыр. Оңтүстік батысында республика жеріне Памир – Алай тау жүйесінің бір бөлігі еніп жатыр. Жалпы жерінің 3/4бөлігі таулы болып келеді.

Қырғызстанның жер бедері ұзақ геологиялық тарихында үздіксіз өзгеріп отырған. Жердің сыртқы күштерінің әсерінен таулар мүжіліп, бұзылып, үгітіліп төбешіктерге, кейде жазықтыққа айналып отырған. Кейінгі дәуірлерде олардың орнында қайтадан таулар пайда болған. Мысалға: протерозой эрасында қазіргі Тянь – Шань тауының орнында теңіз болған, теңіз орнында қалақ қабат әктастар, құм, саз қалып, кейіннен олардың бір бөлігі метаморфозданған тау жынысына айналған. Протерозойда пайда болған тау жыныстарында Ачик - Таш күкірт колгеданы кен орны, метаморфтанған кембрий тау жыныстарында Жетим, Темір кен орны пайда болған. Қырғызстан пайдалы қазба байлықтарға бай ел. Түсті металл кендерін Қадамжай сурьма, Хайдаркен және Чаубай сынап, Ақ- Туз, Бордун, Сумсар және Кан полиметалл кен орындары бар. Мезазой эрасы мен кайназой эрасының бас кезінде бұрынғы пайда болған таулар бұзылып , мүжілген. Олардың орнында аласа таулы қыраттар пайда болып, неогенде тегістелінген жер бедері қайтадан көтеріліп, альпілік тау жасалу кезеңінде Тянь- шань мен Памир – Алайда жас таулар пайда болады. Қазіргі Қырғызстан жерінде тау жасалу процесі әлі жүріп жатыр, оны жиі болып тұратын жер сілкінуден байқаймыз. Соңғы уақытта ең күшті жер сілкіну 1946 –жылы Кетмен – төбе аңғары мен 1970 жылы Ыстықкөл қазан шұңқырының шығысында болған. Республикада жер сілкінудің себебін, күшін, эпицентрін анықтайтын Қырғыз сейсмикалық станциясы жұмыс істейді. Қырғызстанның жер бедері өте күрделі . Шығысында орналасқан биік таулы аймақтан тау жоталары солтүстік, орталық және оңтүстік бағытқа тармақталған. Солтүстік бағыттағы таулар: Күнгей Алатау, Қырғыз және Талас Алатауы жатады. Бұл тау тізбектері өте ертедегі пайда болған (палеозойға дейінгі) кристалданған және метаморфтанған (гранит, гнейс, мәрмәр т.б.) тау жыныстарынан түзілген.

Орталық тарамы өте биік шыңды тау тізбектерінен тұрады. Оған Теріскей Ала – Тоо, Жетим –Тоо, Жумғал және Сусамыр жоталары жатады да, солтүстік – батысында Шатқал және Піскем жоталарымен аяқталады. Бұл тау жоталары гранит, гнейс, әктас, мәрмәр және құмнан түзілген. Тауаралық қазан шұңқырлар бос шөгінді тау жыныстарынан жаралған. Теріскей Алатау жотасы үлкен доға жасай отырып, Тянь – Шаньның шығыс бұрышында орналасқан Хан Тәңірі тау сілемінен бастап созылады. Хан Тәңірі тау сілемінде ақ қар, көк мұзбен құрсанған Қырғызстанның ең биік жері – Жеңіс шыңы (7429м) мен Қырғызстан, Қазақстан және Қытай мемлекеттік шекаралары тоғысқан жерінде Хан Тәңірі шыңы (6995м) орналасқан. Тянь – Шаньның оңтүстік тарамында Көкшал – Тоо, Ақшабин, Нарын –Тоо т.б. тау жоталары жатады да, батысында Ферғана жотасына барып тіреледі

Одан оңтүстік – батысқа қарай Памир –Алай , Алай және Түркістан жоталары Қырғызстан аумағын оңтүстіктен көмкеріп тұрады. Басқа тау жоталары сияқты бұл тауларда негізінен гранит, әктас және тақта тастардан құрылған. Жоталардың беткейі өте күшті тілімделіп, тарамдалған. Биік тау жоталары аралығында жазық жерлер мен шеткі қазаншұңқырлар кездеседі.Республиканың солтүстігі мен солтүстік – батысында Шу мен Чог –Кемин , Талас және Чатқал тау аңғарлары бар. Қырғыз жерінде Шу аңғарының тек бір бөлігі ғана кіреді. Шу аңғары арқылы Шу өзені ағып өтеді. Шу өзені бастауын Қырғыз жотасынан алып, Қазақстандағы Мойынқұм шөліне біртіндеп сіңіп жоқ болады.

Қырғызстанның жер бедерінің алуан түрлілігі халқының шаруашылық қызметіне әсер етеді. Тау аңғарлары мен қазаншұңқырлы жазық аймақтарда және тау етектеріндегі құнарлы топырақты жерлерде егіншілік пен мал шаруашылығы жақсы дамыған. Биік тауларда мәңгі қар жатқан мұздықтардан ағысы қатты тау өзендерібастау алады. Таудан құлап аққан бұл өзендерде көптеген су электр станциялары салынған әрі арзан энергия көзі болып табылады.
Лекция № 20

Тақырыбы : Климаты

Жоспар:

1. Климатты қалыптастырушы факторлар

2.Жер бедерінің климатқа әсері.

Лекцияның мақсаты: Қырғызстанның климатын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1. Қырғызстанның климатының қалыптасуына, қоршап жатқан шөлдер мен дүние жүзілік мұхиттың алыс жатқандығы әсер етеді. Сонымен қатар, субтропикалық ендікте орналасуы мен жер бедерінің таулы болып келуінің де зор ықпалы бар. Жалпы климат континенті , күн шуағы мол, жауын –шашын мөлшері аз.

Қырғыз жеріне суық ауа массалары Арктикадан ғана емес, Сібірден де келеді. Суық ауа массалары әсер еткенде қыс кезінде ғана емес, күз кезінде де мол қар жауады. Қыс кезіндегі аязды ашық күндер Сібір антициклонының оңтүстік – батыс тармағының әсерінен болады. Тропиктік ауа массалары Жерорта теңізі мен Иран жақтан соғады да, қыс кезінде жауын – шашын жауып, қыстың жылымық күндері пайда болады. Оның үстіне, Тұран ойпаты үстінде жаз кезіндегі тропиктік, ал қыстағы қоңыржай суық ауа да Қырғызстан климатының қалыптасуына әсер етеді.

Ауа массаларының, жылу мен атмосфералық жауын –шашынның таралуына жер бедерінің таулы болып келуі ықпал етеді. Таулар биіктеген сайын ауа температурасы төмендеп , солтүстік және батыс беткейлерінде жауын –шашын мөлшері артады да, ал ішкі аймақтарда жауын –шашын мөлшері аз түседі.

2.Ферғана мен Шу аңғарының жазық жерлерінде жылына 300-400 мм ылғал түссе, Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде 700-800 мм, ал Ферғана жотасының батыс беткейінде 900-1000мм түседі. Қырғызстанның ішкі бөлігінің климаты құрғақ және шұғыл континенті. Қыста қатпайтын Ыстықкөлдің болуы ішкі аймақтарда климаттың ерекшелігін тудырады. Ыстықкөл маңында қаңтардағы орташа температура шығыс жағалауында –50 С, ол кезде тауларда –20 С, Нарын қаласы маңында –16 С. Биік таулардың климаты қатаң. Мұндағы абсолюттік минимум –50 С жетеді. Ыстықкөл қазан шұңқырының таулар қалқалап тұрған оңтүстік – батысында жылына 100 мм, ал солтүстік – шығыс бөлігінде 400 мм жауын – шашын түседі. Ыстықкөл маңында соғатын екі түрлі жел бар. Бірі Ұлан – Боам шатқалынан соғатын құрғақ жел, ол соққан кезде көл беті алай – түлей болады. Санташ асуы арқылы соғатын желді – Санташ желі дейді. Бұл шығыстан соғатын жел температураны төмендетеді.

Жазы өте ыстық аймаққа Ферғана аңғары жатады. Шілдедегі орташа температура +25С, - 28 С, ал қаңтардағы –1,5С, -4С. Қысы қысқа, әрі жылы болып келеді. Сондықтан бұл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының жылу сүйгіш сорттары суармалы жерлерде егіледі.

Шу, Талас тау аңғарларының жазы қоңыржай, ыстық болып келеді. Шілдедегі орташа температура +20С, +22С аралығында , ал қаңтар айындағы орташа температура –3С, -8С аралығында. Жылдың жауын –шашыны 500 мм мөлшерінде. Бұл аймақта темекі, қант қызылшасы, жүгері, бау бақша өсіріледі.

Ыстықкөл маңында қыста қар болмайды. Картоп, бидай, жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы. Биік таулы аймақтарда, Сусамыр, Чатқал, Алай, Атбашы аңғарларында жаз салқын , шілдедегі орташа температура 15С-ден 20С аралығында, қаңтардағы орташа температура –13С-ден –22С аралығында.Сондықтан бұл аймақта тек қыс кезінде емес, жыл бойы қатқақ суық болуы ықтимал. Ауыл шаруашылығы дақылдарының мал азығына арналған түрлері өсіріледі.

Санкөл, Ақсай, Алай аңғарының жоғарғы бөліктерінің жаздағы ауа райы өте салқын, кей күндері суық болады. Шілдедегі орташа температура + 10 С –тен 0 С, қаңтардағы –27 С. Қырғызстандағы ең төменгі температура Ақсай қазаншұңқырында тіркелген (- 53,6 С 0). Биік тау бастарында көп жылдар бойы жиналған мәңгі қар мен көк сеңгір мұздықтар бар. Бұл мұздықтар тұщы су қоймасы. Мұздықтардан көптеген тау өзендері бастау алып, тек Қырғызстан жерін ғана емес, көршілес жатқан Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері жерін суландырады. Қырғызстанда ұзындығы 10 километрден асатын 10 мұздық бар. Ең үлкені оңтүстік және солтүстік Иныльчек мұздықтары. Олардың ұзындығы 35-60 км шамасында. Хан – Тәңірі тау сілемінде орналасқан.
Лекция 21.

Тақырыбы: Ішкі сулары

Жоспар:

1. Республиканың алып жатқан орны, жер бедері мен климаттық жағдайларының гидрографиялық тордың таралуына тигізетін ықпалы.

2.Өзендер қоректенуінің негізгі типтері мен режимі, өзендердің шаруашылық маңызы.

3.Ірі өзен жүйелеріне сипаттама. Көлдері.

4. Жер асты сулары. Мұздықтар.

Лекцияның мақсаты: .Қырғызстанның ішкі суларын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Қырғызстанның гидрографиялық торы өте жиі. Негізгі жеті алабқа жататын өзендерге 20 мыңдай үлкенді – кішілі салалар келіп құяды. Өзендердің 90 (-нің ұзындығы 10 километрдей. Өзендер, негізінен суын қар мен мұздықтардан алады. Қырғызстанның өзендері суларын дүние жүзілік мұхитқа құймайды, ішкі тұйық су алабына жатады. Арал теңізіне құятын өзендерге жалпы республикадағы су жинау алабының 77 пайызы келеді. Олар Сырдария, Қызылсу, Шу және Талас өзендері.

2.Қырғызстандағы ең ірі өзендердің бірі – Нарын, Үлкен және кіші Нарынның қосылуынан пайда болып, Ферғана аңғарында Қарадарияға құйып, Сырдария өзеніне айналады. Ферғана аңғарында Сырдарияға Сах, Исфара, Кассан –Сай, Шатқалт.б.өзендер келіп құяды, олардың суы ауыл шаруашылығы салаларын суландыруға пайдаланылады.

3.Әмудария су жинау алабындағы Алай аңғарында ағатын Қызыл су өзені Вахш өзенінің жоғарғы саласы болып келеді. Шу, Теріскей Алатаудан, ал Талас өзені Қырғыз Алатауынан бастау алады. Шу өзенінің ұзындығы 1030 км. Шу өзенінде Орта Тоқай шатқалындағы 1750 метр биікте бөгет салынған. Шу мен Талас өзендері ешқандай көлге құймайды, сулары жолшыбай егістік даланы суаруға алынады. Төменгі ағысында біртіндеп Қазақстандағы Мойынқұм шөлінде құмға сіңіп жоқ болады. Орталық Тянь –Шаньдағы Ыстықкөл қазан шұңқырында Қырғыздың атақты Ыстықкөл Күнгей және Теріскей Алатау аралығында орналасқан. Шығу тегі жағынан тектоникалық көл. Ыстықкөл шығыстан батысқа қарай 200 дей километрге созылған. Көлдің ені 60-100 километрдей. Көл беті теңіз деңгейінен 1609 м биіктікте орналасқан. Ең терең жері –702 м. Оған 80-ге жуық өзендер мен жылғалар құяды. Ыстықкөлдің суы қатпайды. Басқа тектоникалық көлдерден Санкөл мен Шатыркөл биік тауда орналасқан. (Санкөл 3000 м биіктікте, Чатыркөл 3500 м) биіктікте.Шатқал жотасыынң 2000 м биіктігінде өте әсем, айналасын шырша мен самырсын ормандары қоршаған сарышелек көлі бар. Суы таза, мөп – мөлдір.

Республиканың әрбір аймақтарында жасанды су бөгеттері салынған. Олар: Шу өзенінде – Ортатокай, нарын өзенінде – Тоқтоғұл, Ферғана аңғарында Базарқорған, Төртөл және т.б.

4. Қырғызстанда жер асты суларының мол қоры бар. Жер асты сулары тауаралық аңғарлар мен шұңқырларда жиналған. Жер асты суына Шу аңғары бай.

Мәңгі қарлар мен мұздықтар жалпы территориясының 4 пайызға жуығын алып жатыр. Мұздықтардың алып жатқан көлемі 6600 шаршы километр. Ең ірі мұздықтар Хан – Тәңірі тау сілемінде. Орталық Тянь –Шань тау жоталарында орналасқан.
Лекция № 22

Тақырыбы: Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі

(1сағат)

Жоспар:

1. Топырақ жамылғысы

2. Өсімдік жамылғысы

3.Жануарлар дүниесі



Лекцияның мақсаты: Қырғызстанның топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Жер бедерінің алуан түрлілігі мен климат жағдайының өзгешеліктері топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсер еткен. Республика аумағында сұр топырақ, каштан, таудың қара топырағы, таулық – шалғындық байырғы және таулық – шалғындық – далалық топырақтар дамыған.

Қырғызстанның топырақ жамылғысы сияқты, өсімдіктер дүниесі де әр түрлі. Өсімдік жамылғысына тән ерекшелік – шөптесін (далалық, шалғындық) өсімдіктердің молдығы, орманды зонаның шалғын зонасымен далалық зона ішінара алмасып отырады.

2.Ормандар мен бұталар жалпы жер көлемінің 3-3,5 (-ін ғаан алып жатыр. Жануарлары арасында шөлейт зона мен орманға, дала мен шалғындыққа, жазық жер мен биік тауға бейімделген түрлері өседі. Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесінің таралуында биіктік белдеулілік байқалады. Биіктік белдеуліліктегі әрбір табиғат зонасында әр түрлі табиғи компоненттердің өзара үйлескен табиғат комплекстері қалыптасқан.

Қырғызстан аумағында қалыптасқан табиғат комплекстерінің негізгі түрлері шөл, шөлейт, дала, орман, шалғындық, бұталар, субальпілік, альпі шалғындығы, биік таудағы мәңгі қар мен мұздықтар.

Шөлдер мен шөлейт зона онша территорияны алып жатқан жоқ. Негізінен, тау аралық аңғарларда кездеседі. Топырағы сұр топырақ. Сұр топырақты Шу мен Талас аңғарларында суармалы егістен мол өнім жинауға болады. Егістікке жыртылмаған жерлерінде табиғи өсімдіктерден жусан, бидайық эфемерлердер қызғалдақ, көкнәр және т.б. өседі. Қарағанның әр түрі жиі кездеседі.

3. Жануарларынан – кемірушілерден құм тышқаны, суыр, толай – қояны, құстардан ұзақ, саджа, бауырымен жорғалаушылардан тас бақа, сұр жылан, аяқсыз кесіртке өседі

Дала зонасы тау жоталарын айнала тараған шөл мен шөлейт зонадан жоғарырақ жусанды, шымды дақылды даламен ауысады. Тау жоталарының биіктігі 700-900 м –ден 1200-1700 м-ге дейінгі аралықтарында бетегесі мен бозы басым таулық шымды – дақылды дала зонасы орналасқан. Далалар мал жайылымы мен шабындыққа пайдаланылады. Мұнда бидай, мақта, бақша егіледі. Дала зонасы жануарлары саршұнақ, тышқан, құл тышқан, аламан т.б. кеміргіштер. 1200-1700 м биіктіктен 2000 м биіктікке дейінгі аралықта орманды – шалғынды – далалық зона орналасқан. Бұл зона аумағында жекелеген алқаптарда жалпақ жапырақты ормандар тараған. Олардың құрамында жабайы жеміс ағаштары мен бұталар өседі. Жабайы алма, долана, Тянь –Шань шетені өседі. Ормандар республика жерінің 3 пайызын алып жатыр. Тау ормандары біртұтас емес, тау беткейлері мен шатқалдары, өзен аңғарында топ топ ағаштар өсіп тұрады. Ең көп тарағаны шыршалы, шыршалы- самырсынды, аршалы, жаңғақты, жабайы жеміс ағаштарынан құралған. Қырғызстан орманындағыдай грек жаңғағы өскен ну орманды басқа елдерде кездестіре алмайсың.

Ферғана жотасының оңтүстік – батыс беткейлерінде грек жаңғағымен бірге бадам т.б. өседі.

Бұдан жоғары қылқан жапырақты шырша ормандары болады. Талас және Шатқал жоталарындатек Қырғызстанда ғана өсетін Семенов самырсыны бар.

Қырғызстанның қылқан жапырақты ормандарында аю, қасқыр, құндыз, елік ,ақ тышқан, тиін, Нарын – тауында бұғы кездеседі. Шыршалы ормандар Теріскей Алатау жотасының солтүстік беткейінде 2000-3000 м-ге дейінгі биіктіктерде кең тараған. Биік таулы аймқтарда ең көп тарағаны бетегелі далалар, олар 2600-3200 м биіктіктердің аумағында тау жоталарының оңтүстік беткейінде кездеседі.

Субальпілік шалғындықтарда орташа бойлы шалғын өсімдіктер өседі. Субальпілік белдеудің топырағы таулық – шалғындық қаратопырақ. Барлық жерде жатаған арша өседі.

Альпілік белдеудегі топырақтар жұқа кеуек келеді. Шөптерінің биіктігі 15-20 см аспайды. Әр түрлі гүлді өсімдіктер өседі. 3800-4000 м биіктіктен жоғары қарлы – мұзды белдеу орналасқан, кейде бұл белдеуді «суық шөл» деп те атайды. Тянь –Шаньның бұл бөлігінде маусымдық және көп жылдық тоң мол кездеседі. Мұндағы топырақтар тақыр тәрізді көп бұрыштанып, жарылып – жарылып кеткен. Өсімдік жамылғысы сирек. Жануарлардан арқар, барыс т.б. кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет