Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)


Лекция № 23 Тақырыбы: Табиғат ресурстары және оны қорғау



бет3/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#142332
түріЛекция
1   2   3   4   5

Лекция № 23

Тақырыбы: Табиғат ресурстары және оны қорғау

(1 сағат)

Жоспар:

1. Табиғат ресурстары

2. Қырғызстан жерінің табиғи территориялық комплекске бөлінуі.

Лекцияның мақсаты: Қырғызстанның табиғат ресурстарын және оны қорғау жолдарын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Қырғызстан табиғат ресурстарына бай республика. Солтүстік Тянь – Шань аймағында метаморфтанған және магмалық шөгінді тау жыныстары түсті металл кендеріне бай. Ал гнейс, кристалды тақта тастар мен мәрмәр тау жыныстарынан түзілген. Орталық Тянь – Шаньда алты., молибден, ванадий, темір кені, Памир – Алайдың карбонатты тау жыныстарында сынап, сурьма қалайы кендері бар. Жанатын пайдалы қазбалар (мұнай, көмір, газ) тау аралық аңғарлардан өндіріледі. Мұнай аңғарындағы юра, бор және палеоген шөгінділеріне кездеседі. Рудалы емес минералды пайдалы қазба кен көздеріне , жер асты сулары мен шипалы балшықтарға, әсіресе гидроэнергоресурстарға өте бай.

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің 85 (жайылым мен шалғындық, 12 (өңделетін егістік жерлер(1,3 млн. га жердің 900 мың га жері суармалы егіс егетін жерлер). Егістік жерлер Шу, Ферғана, Талас аңғарлары мен Ыстықкөл маңы, Кочкар және Орта Нарын қазан шұңқырында.

Қырғызстан өңірі тамаша мал жайылымы. Жайылымға лайықты жерлер екіге бөлінеді. Жаздық жайылым, негізінен, субальпілік биік тау белдеуі. Қыстық жайылым және шөлейт зона таулардың қарсыз оңтүстік беткейі. Қысқы жайылым аумағы жазғы жайылымға қарағанда аздау.

Республика су ресурстарына бай, тек өз қажеттілігін ғана емес көрші мемлекеттерді де қамтамасыз етеді. Су ресурстары арзан электр энергиясын алуға , өнеркәсіпте, егістік жерлерді суландыруға және халықтардың тұрмыстық қажетін өтеуге жұмсалады. Қырғызстанның әсем табиғаты мен бай табиғи ресурстарын қорғау үшін 1948 жылы Ыстықкөл қорығы ұйымдастырылған. Мемлекет қамқорлығына Ыстықкөл көлі мен оның айналасындағы Жеті өгіз, Ыстық бұлақ бірге қорғауға алынған. Қорықтың жалпы көлемі 700 мың га. Көлге өте көп су құстары келіп қыстайды. Көл жағалауындағы бұталарда қырғауыл, толай қоян, түлкі тіршілік етеді. Қырғызстанның «Қызыл кітабына» жойылып кету қаупі бар фаунасының 50, ал фермасының 45 түрі енгізілген.

2. Ғалымдар Қырғызстан жерін бес табиғи территориялық комплекске бөледі.

Олар: 1. Солтүстік Тянь –Шань.

2. Ыстықкөл қазан шұңқыры

3. Ішкі Тянь –Шань

4. Оңтүстік – батыс Қырғызстан

5. Орталық Тянь- Шань.
1960 жылы Шатқал жотасының оңтүстік – батыс беткейінде Сарышелек биосфералық қорығы ұйымдастырылған. Оның территориясында жаңғақты, жеміс ағашты орман алқабы бар. Онда грек жаңғағы, алма, алмұрт, алыча және шыршалы орман. Қорғалатын орманда жабайы қабан, мәлін, аю,бұғы мен лань және зубрь жерсіндірілген.

1976 жылы «Ала Арча» Бішкек – қаласынан 30 км жерле. Жалпы көлемі 20 мың га. Негізгі мақсаты, Ала – Арча өзенінің жоғарғы саласындағы табиғи комплексті қалпына келтіру және сақтау.



Лекция №24

Тақырыбы: Халқы

(1сағат)

Жоспар:

1. Қырғызстан халқының табиғи өсуі

2.Әкімшілік-территориялық жағынан 6 обылысқа бөлінуі

Лекцияның мақсаты: Қырғызстанның халқының табиғи өсуін қарастыру.

Лекция мәтіні:

.Қырғызстан жерінде 4,3 млн адам тұрады. Түркі тілдес елдер арасында халқының саны жөнінен 6-шы орында. Халқының табиғи өсуі бұрынғы Кеңестер одағы ішінде 2,4 есе жоғары болды. Республика бойынша халқының тығыздығы 1км2-қа 23 адамнан тиеді. Қырғызстан халқының табиғи өсуі коэффиценті әр бір мың адамға шаққанда 21,4 адамнан келеді. Халқының 80% тау аңғарлары мен баурайларында, қазаншұңқырларда өмір сүреді. Ондай жерлерде халқының тығыздығы 1 км2-та 40-70 адамнан келеді, ал биік таулы Қырғызстан халқы көп ұлтты 80 түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді. Қырғыздар жалпы халықтың 52% құрайды. Қырғыздар тек Қырғызстанда ғана емес көршілес Өзбекстанда (172 мың), Тәжікстанда (64 мың), Қытай Халық Республикасы (СУАР) мен Шығыс Ауғаныстанда да өшмір сүріп жатыр. Республика халқының ішінде қырғыздардан кейінгі орында орыстар (21,5%), өзбектер (12,9%), украйындықтар 2,5% немістер мен татарлар 2%-ін құрайды. Қазақтар негізінен Талас аңғарында тұрады.

Заманымыздың заңғар жазушысы, қырғыз халқының дарынды ұлы Шыңғысы Аймаутов бүкіл түркі тілдес елдерінің ортақ мақтанышы. Оның жазған шығармалары дүние жүзінің 154 тілінде аударылған. Жалпы тиражы 20 милион данамен таратылды.

2.Әкімшілік-территориялық жағынан 6 обылысқа, Ош, Жалал-Абад, Шу, Талас, Ыстықкөл және Нарын, олар 38 әкмшілік ауданға бөлінеді.

Халқының 80% қалада тұрады. Қазір Қырғызстанда 21 қала, 30 қала типтегі поселкелер бар. Елдің астанасы Бишкекте 650 мың, Отша -180 мың халық тұрады.

Қырғызстан халқының шаруашылығы. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қырғыздар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қазан төңкерісіне дейін Қырғызия патшалық Ресейдің арта қалған отар елі болып келеді. Көбінесе Ресей кәсіпорындарына зшикізат дайындайтын аймақ ретінде дамыды.

Кеңес Одағы құрамында болған кезде экономикасы жан-жақты дамыған мемлекетке айналды. Өнеркәсібінің дамыған салалрына энергетика, машина жасау, түсті металлургия, құрылыс иматериалдарын, тоқыма, ет және темекі өндіру жатады.

Ауыл шаруашылығы саласынан мал шаруашылығы мен суармалы егістік жерлерде мақта, темекі, эффир майлы, дәнді дақылдар мен мал азығын, көкөніс, жүзім, хқант қызылшасы мен жоңырышқа өсіреді. 1991 жылы 31 тамызда тәуелсіз ел екенін жарялағаннан бері көптеген Халықаралық Ұйымдарға мүше болды. (БҰҰ, ТМД және т.б.).



Лекция № 25

Тақырыбы: Өнеркәсібі

(1сағат)

Жоспар:

1. Отын-энергетика комплексі

2.Машина жасау комплексі

3.Металлургия өнеркәсібі



Лекцияның мақсаты: Қырғызстанның өнеркәсібін қарастыру.

Лекция мәтіні

1.Өнеркәсіп салалары Ұлттық табыстың 40 жуық береді. 1913 жылғы өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда 366 есе өскен. Отын-энергетика комплексі. Қырғызстанның отын-энергетика комплексі тек республика көлемінде ғана емес, мемелекетаралық маңызы бар өнеркәсіп саласы. Елдегі өндірілетін көмір, мұнай мен газ түгелімен Ош және Жалал-Абад обылыс жерлерінен өндіріледі. Ішкі қажеттілікті түгел қамтамасыз ете алмағандықтан, Орта Азия және Қазақстаннан алып тұрады. Ал электр энергиясын жылу және су электр станцияларынан алады.Өзендері биік таудан құлап ағатын тау өзендері болғандықтан, бір ғана Нарын өзеніне 18 СЭС-қасқадан салуға болады. Қазіргі салынып жұмыс істеп жатқан Тоқтағұл СЭС күшті 1,2 млн, квт, Күріпсай-800 мың квт, Ташқұмыр,Үш-Қорган СЭС тері бар. Қырғыстанда жалпы су энергия ресурстарының мол қоры бар. Артық электр энергияларын Орта Азия және Оңтүстік Қазақстанға экспортқа шығарады.

2.Машина жасау комплексі. Машина жасау комплекісіне кіретін кәсіпорындар өнеркәсіп өнімінің 28-ін береді. Негізгі машина жасау зауыттары Бішкете, Тоқымақта, Ақсу, Қарабалта және Ош қлаларында орналасқан, олар өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрмысқа қажетті орындар шығарады. Олар: электротехникалық өнімдер, кабель электр шамы, насос, саудаға қажетті құрал-жабдықтар, мотор және трактор.

3.Металлургия өнеркәсібінің аса маңызды салаларына сынап сурьма өндіру және байыту (ТМД) елдер ішінде 1-орында, ал сынап өндіруден 2-орында болады. Сонымен қатар қорғасын концентратын, қалайы және алтын өндіреді. Сурьманы әр түрлі металл қоспаларын алуға пайдаланса, сынапты элетротехника, медицина, ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібінде алтын мен күміс рудадан тазарту үшін қолданады. Брюссельде өткен халықаралық көрмеде Қырғызстанда өндірілген сурьма халықаралық эталон ретінде қабылданады. Қадамжай және Хайдарқан комбинаттарында кенді өндіреді, байтады және балқытады. Әрі түсті металлургия орталықтары Сары-жаз қалаиы кен орны мен Макмал алтын кен комбинаты негізіне құрылуда.

Қырғызстан көптеген құрылыс материалына (саз, құм, малта, тас, мәрмәртас, әктас) бай. Цемент, шифер комбинаттары Шу және Ыстықкөл обылыстарында орналасқан.

Ағаш өнеркәсібі мен жихаз жасау, негізінен, сырттан әкелінген шикізаттар түгелдей республикада дайындалады. Жеңіл өнеркәсіптің тоқыма, тігін, былғары-мех, аяқ киім салалры жақсы дамыған. Ош мақта-мата комбинатында Қырғызстанда өсірілген мақта талшығының барлығы түгелдей өңделді. Шұға комбинаттары Тоқмақта, кілем тоқитын комбинат Қара-балтада.

Тамақ өнеркәсібінің ұн-жарма, нан пісіру, кондитер, қант, шарап, жеміс-жидек, сүт, ет, темекі, салалары жақсы дамыған. Экспортқа құмшекер, өсімдік майы, темекі жеміс-жидек консервілері мен шарап шығарады.
Лекция № 26

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы және рекреациялық аудандары

(1сағат)

Жоспар:

1. Ауыл шаруашылығының маманданған саласы

2. Рекреациялық аудандары.

Лекцияның мақсаты: Қырғызстанның ауыл шаруашылығы және рекреациялық аудандарын қарастыру.

Лекция мәтіні

1.Ауыл шаруашылығы. Қырғызстанның мал және егін шаруашылығы жақсы дамыған. Республика жер бедері күшті тілімденіп, таулы болып келуіне қарамастан, жерінің 60%-не жуығы ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға жарамды. Әсіресе биік таулы үстірттердің (сырт) тегістелегн беттері жайылымға пайдаланады. Егер қыста қар жұқа болса, мал жыл бойы тауда бағылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің 85%- і жайылым мен табиғи пішендік. Республикада құрылған инженерлік-ирригациялық жүйе суларында қажет ететін егістік жерлерді қамтамасыз етеді. Табиғат жағдайының алуан түрлілігі ауылшаруашылығының мамандануына әсер етеді. Тау аңғарларының жазық жерлерінде жылу сүйгіш дақылдарынан техникалық дақылдар (мақта, дақылдар, эфир майы), дәнді дақыл, сүтті-етті мал шаруашылығы мен биязы жүнді қой шаруашылығы, жібек құрты, жүзім шаруашылығы, бау-бақша өсіріледі. Бау-бақшаға кейде тау жоталарының беткейлері де пайдаланады. Дәнді дақылдар суарылмайтын (богарлы) тау беткейлеріне егіледі. Таулы аудандарында қой және жылқы шаруашылығы жақсы дамыған. Мал шаруашылығының өнімдерін өндіруде, әсіресі биязы және жартылай биязы қой жүнін 1940 жылмен салыстырғанда 10 есе көп өндіреді. Қой саны 10 млн. бас. Мүйізді ірі қараның сүтті-етті тұқымдары Шу, Талас, Ыстықкөлдің шығыс жағалауында өсірілсе, ал етті-сүтті тұқымдары биік таулы аудандарда өсіріледі. Биік таулы аудандарда қодас өсіріледі. Қодас басқа малдар бара алмайтын биік таулы аймақтарды еркін жайылады. Жыл бойы табиғи жайылымда болғандықтан, одан алатын ет пен жүннің өзіндік құны арзан. Шу және Ош облыстарында құс шаруашылығы жақсы дамыған. Шу аңғарында бал арасын, ал Ош облысында жібек құртын өсіру жолға қойылған. Сонымен қатар субтропикалық өсімдіктерден анар, айва, грек жаңғағы өсіріледі. Жүзімдіктер Шу мен Ош облыстарында.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін завоттарда ірі қалаларда орналасқан. Республикада 35 сүт өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Мал азығы күнжара шығаратын ірі комбинаттар барлық облыс орталықтарында бар.

2.Рекреациялық аудандары. Қырғызстан тамаша курортты аймақтарға бай мемлекет. Қатпайтын Ыстықкөл, көптеген минералды және термальды бұлақтар, климатының ерекшелігі,әсем тау ландшафты көптеген турист мен альпинистің назарын аударады.

Қырғыз жерінде ашылған көптеген минералды және ыстық бұлақтардың химиялық құрамы әр түрлі және олардың емдік қасиеттері бар. Курортты аймақтардың ішінде Ыстықкөл маңындағы курорттардың шипалы қасиеті республикадан тыс жерлерге белгілі. Ыстықкөл қазан шұңқырында көлдің айналасын қоршаған тау, орман және климатының теңіздік болып келуі басқа жерде кездеспейтін әсем табиғатпен ұштаса отырып, адамдардың денсаулығына пайдалы ықпал етеді. Көлдің жағалауында көптеген санаторий мен курорттар орналасқан. Балалар санаторийі «Шопан ата», «Көгілдір Ыстықкөл»-атағы бұрынғы Кеңестер Одағына белгілі. Джаргалан өзененің Ыстықкөлге құяр жерінде жер асты ыстық суы табылады. Оның емдік қасиеті болғандықтан «Джергалан» санатроийі ашылды. Қаракөл қаласының батыс жағында орманды шатқалады «Жеті өгіз» курорты бар. Табиғаты әсем бұл аймақта судың, желдің, ауаның әсерінен тау жартысы мүжіліп, алыстан қарағанда өгіздің басы сияқты болып көрінеді.

Курорт теңіз деңгейінен 2300 м биіктікке орналасқан. Онда асқазан, бауыр, буын аурулары емделеді. Емдік қасиеті республика шеңберінен алысқа кеткен «Тамға», «Ыстық ата», «Жалалабад», курорттары, «Ұлан», «Қазақстан», «Ыстықкөл», «Қыршын», және т.б. туристік базалар бар. Табиғат әсем жерлерге бір күндік, апталық жаяу жорықтар ұйымдастырылады. Әлі де болса Қырғызстанның бай табиғат ресурстары демалыс және туризм үшін мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр.



Лекция № 27

Тақырыбы: Қалалары және көлік түрлері

(1сағат)

Жоспар:

1. Ірі қалалары

2. Дамыған көлік түрлері

Лекцияның мақсаты: Қырғызстанның қалалары және көлік түрлерін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Бішкек- Қырғызстан Республикасының астанасы. Шу аңғарының ортасында орналасқан. Ол Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстан жолдарының ортақ жүйесімен және Ыстықкөлдің батыс жағасындағы елді мекендермен темір жол арқылы байланыс жасайды. Бішкекте машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркісп орындар бар. 1965 жылдан бері Қырғызстан Ғылым Акакдемиясы, 8 жоғары оқу орны бар. Бішкек қаласы теңіз деңгейінен 800-900 м биіктікте орналасқан. Көлемі жағынан Бішкектен кейінгі Ош қаласы. Ошта 180 мың халық бар. Республикада әр түрлі типтегі қалалар пайда болған Әкімшілік орталықтарына Бішкек, Ош, Қаракөл, Нарын, Талас қалалары, ал өңдеуші өнеркәсіп орталықтарына-Тоқмақ, Жалал-Абад, Қара-Балта, Майлы-сай, Қызыл қия, Сулютка, Кон-Жаңғақ, Таш-құмыр шахтерлер қаласы деп, Шолпан-Ата курорты орталығы деп саналады.

2 Қырғызстанда көліктің барлық түрі (теңіз көлігінен басқа) жақсы дамыған. Жер бедерінің таулы болып келуі темір жол көлігінен гөрі автомобтль көлігінің дамуына қолайлы. Автомобиль көлігі арқылы республикада тасмалданатын жүктер мен жолаушылардың көп бөлігі іске асырылады. Алыс орналасқан жайлауларға қатынас құралы ретінде автокөлік маңызы зор. Қазір республикадағы автомобиль жолының ұзындығы 28,6 мың.км. оның 21,9 мың км-қатты жолдар. Көптеген жолдар шақталдар мен тау асулар арқылы өтеді. Республика аумағы арқылы мемелекетаралық аралық маңызы бар автожолдар өтеді. Олар Ташкент-Бішкек-Алматы, Бішкек-Ыстықкөл-Нарын-Торугарт автожолы өте қиын таулы жағдайында салынған. Бішкек-Ош қалалары арасындағы асуы қиын таулар арқылы салынған автожолдың бітуіне байланысты айналмалы автомобиль жолы пайда болады. Соңғы жылдарға дейін Бішкектен Ошқа бару үшін не самолетпен, болмаса Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент айналып баруға тура келетін Ош-Хорог автожолы Алай тауындағы Қызыл-Арт асуы арқылы өтеді. Қызыл Арт асуы теңіз деңгейінен 4280 м биіктікте орналасқан. Республикадаға темір жолдың ұзындығы 370 км. Егемендігін алған Қырғызстан халықаралық байланысының артуына байланысты әуе көлігінің маңызы артып географиясы кеңейуде. ТМД елдері астаналарымен, Бішкек-Ыстамбул, Бішкек-Карачи, Бішкек-Үрімші бағыттарында тұрақты әуе жолдары жұмыс істеуде. Табиғи газы құбыр көлігі арқылы Майлы-Сай-Жалал-Абад-Ош бағытында тасмалданады. Республика тұтынатын газдың бір бөлігі Бұхар (Өзбекстан) –Тараз (Қазақстан)-Бішкек бағытында салынған құбыр арқылы әкелінеді.

Ыстықкөл арқылы халық шаруашылығына қажетті 500 млн. т. әр түрлі жүк тасмалданады. Негізгі бағыты Ыстықкөлдің-Қарақолға, кейде кері қарай тасмалданады.

Қырғызстан және Түркия республикасы

Қырғызстан мен Түркия арасында достық, туысқандық және экономикалық байланыс дамып жатыр. Түрік фирмаларының Қырғызстан Экономикасына жұмсаған инвестиция көлемі жағынан екінші орында. «Манас» атындағы түрік –қырғыз университеті ашылды. Екі ел арасындағы сауда қатынасының 1998 жылғы жалпы экспорт көлемі 7 млн., ал импорт көлемі 49 млн. АҚШ доллары болды.


Лекция № 28

Тақырыбы: Тәжікстан Республикасы

(1сағат)
Жоспар:

1. Географиялық орны, жер көлемі

2. Жер бедері

Лекцияның мақсаты: Тәжікстан Республикасын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Тәжікстан Республикасы Орта Азияның оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.Республика территориясы батыстан шығысқа қарай 700 км –ге, оңтүстіктен солтүстікке 350 км –ге созылып жатыр.

Тәжікстан солтүстігінде Қырғызстанмен, оңтүстігінде Ауғанстанмен, батыс және солтүстік батысында Өзбекстанмен, шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Жерінің көлемі 143,1 мың км2. Астанасы – Душанбе.

2.Тәжікстан таулы ел. Территориясының 93 пайызы Тянь –Шань, Гиссар –Алай және Памир тау жүйелеріне жататын таулардан тұрады. Жерінің 1/2 3000метр биіктікте орналасқан. Жазықтар өзен аңғарлары мен тауаралық қазаншұңқырларды құрайды. Республиканың солтүстік жағын Құрама жотасы (биіктігі 3769м), Моғолтау (1624м), Түркістан жотасы, орталық бөлігін Гиссар – Алай тау жүйесі, оңтүстік батысын Жылантау, Теректітау, қаратау, Ақтау, шығысын Памир тау жүйесі алып жатыр. Тау араларында Ферғана, Гиссар –Вахш, Төменгі Кафиниган т.б. аңғарлар орналасқан.


Лекция № 29

Тақырыбы: Климаты

(1сағат)

Жоспар:

1.Республиканың географиялық орны, жер бедерінің климаттық жағдайларға әсері.

2. Ауа температурасы мен қысымның, желдер мен жауын –шашынның жыл мезгіледрі бойынша таралу заңдылықтары.

Лекцияның мақсаты: Тәжікстанның климатын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Тәжікстан Республикасы мұхиттардан алшақ орналасқан және тау жоталарымен қоршалған, сондықтан климаты құрғақ, шұғыл континентті болып келеді.

Республика өлкелерінде жазы ыстық, шілденің орташа температурасы 29-31 0, ал топырақ беті +70 0-қа дейін қызады. Қаңтардың орташа температурасы Гиссар өлкесінде -150. Жылына 600-700 мм жауын –шашын түседі. Басқа өлкелерде температура айтарлықтай жылы, жауын- шашын 400мм шамасында.

Тауға әр 100 м жоғарылаған сайын температура 0,6 -0,80 төмендейді. Бұл климаттың биіктік- белдеулік зоналығын анықтайды. Тауларда қаңтардың орташа температурасы -5, -150, Шығыс Памирде – 25 -200, ал шілденің орташа температурасы 5-100 Шығыс памирде, Гармда 20-250. Булункөл көлі ауданында ең төменгі температура анықталған (-630).

2.Тәжікстан территориясында батыста Атлантикадан үнемі циклондар келіп тұрғандықтан жауын –шашынның көпшілігі жылдың суық мезгілінде түседі.

Жауын –шашын тауларға жауады, таулардың құрылысы мен биіктігі әртүрлі болғандықтан бірқалыпты жаумайды. Жауын –шашынның көпшілігі Гиссар жотасының оңтүстігіне, Бірінші Петр жотасына, Дарваза, Ғылым Академияс жотасына жауады. Жауын –шашынның ең көп мөлшері Федченко мұздығына түседі. Мұнда жылдық жауын –шашын мөлшері 2236 мм.

Шығыс Памирде жылдың суық мезгілінде жылы мезгілімен салыстырғанда жауын –шашын аз болады. Жазғы жауын –шашынды Үнді мұхитынан тропикалық ауа алып келеді.

Климаттың өзгеруіне: климат төменнен жоғары қарай өзгереді – субтропикалық( ыстық жаз, жылы қыс), қоңыржай (ыстық жаз, суық қыс), суық (жылы жаз, өте суық қыс) әсер етеді. Күннің жылуы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді.

Памир –Алайда 11 мыңға жуық мұздықтар бар, олардың жалпы көлемі 9800 км2, оның 7500 км2 Памир тауында. Ең ірі мұздық –Федченко, оның ұзындығы шамамен 77 км, ауданы 652км2. Ол Памир тауының ең биік жерінде орналасқан. Басқа да әйгілі мұздықтар: Грумм – Гржимайло, Гормо, Географиялық бірлестік, Фортамбек т.б.

Памир тауы түгелдейдерлік Тәжікстан территориясында орналасқан. Бұл Евразияның биік таулы бөлігі. Памирдің батыс және солтүстік бөліктерінде таудың ең биік жоталары – Коммунизм шыңы (7495м) және Ленин шыңы (7134м) орналасқан.


Лекция № 30

Тақырыбы: Ішкі сулары

(1сағат)

Жоспар:

1. Өзендер қоректенуінің негізгі типтері мен режимі, өзендердің шаруашылық маңызы. 2.Ірі өзен жүйелеріне сипаттама.

3.Тәжікстанның көлдері.

Лекцияның мақсаты: Тәжікстанның ішкі суларын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Тәжікстанның су артериясы 947 өзеннен тұрады. Олардың үлкен бөлігі (88 процент) Памр –Алайдан басталып Амудария бассейніне құяды. Амудария алабы Республика жерінің 3/4 қамтиды.: Пяндж, Гунт, Бартанг, Язгуием, Ванч, Қызылсу, Вахш өзендері жатады. Сырдария алабына Түркістан жотасының солтүстік беткейінен ағатын өзендер: Исфара, Қожабақырған, қарасу, Ақсу кіреді.

2.Пяндж – Тәжікстандағы Ауғанстан шекарасымен ағатын өзен. Ұзындығы -921 км, алабы 114000 км2. Пяндж Памир және Вахандария өзендерінің қосылуынан пайда болған. Мұздық және қар суымен қоректенеді.

Пяндж өзенінің салаларының ішінен халыққа ең маңыздысы, әрі көлемі жағынан ірісі –ағысы қатты таулы өзендер түрінде Памир мен Алайдан ағып шығатын оң салалары. Бұл – Гунт немесе Алигур өзендері. Алдымен өзен Памирде өзінің шалғынымен және жайылымдарымен әйгілі батпақты аңғарлармен ағады. Алигур өзені өзінің бастауларынан 100 км –де Аличур өзені аңғарының үйіндісінен пайда болған. Жасыл көлге келіп құяды, ол енді бұл үйінділерден асып төгіліп, тас кемерлі, ағысы екпінді Гунт деп аталатын өзенге айналады. Гунтқа сол жағынан аңғарының әдемілігімен әйгілі ірі саласы –Шахдара өзені келіп құяды.

Пянджының екінші ірі саласы Бартанг өзені. Өзеннің ұзындығы -490 км. Ол ауған территориясында орналасқан Чакмактинкөл көлінен ағып жоғарғы ағысында Океу деп аталады.

Усой үйіндісінен төменірек өзен – Бартанг деп аталады. Бартангтан солтүстікке қарай Язгулем жотасының сыртында, қалың мұздықтың түбінен ағып шығатын Язгулем өзенінің шатқалы орналасқан. Язгүлем өзенінің ұзындығы 84 км. Бұл байырғы тау өзені.

Вахш өзені – Амудария өзенінің ең ірі саласы (ұзындығы 643км) Қызылсу деген атпен Алай аңғарының шығыс шетінен басталады. Ол Алай мен Алай сырты жоталарының беткейлерінен ағатын өзендердің суын қосып алады, одан әрі өзен Сурхаб деп аталады. Сол жағынан оған ірі сала – Муксу өзені келіп құяды. Ол Бірінші Петр мен Ғылым Академиясы жоталарының солтүстік беткейлеріндегі аса ірі мұздықтардың суымен қоректенеді. Гарма селосы маңында өзен тармақталып кетеді. Сурхабамен Обихингоу өзендерінің қосылуынан кейін өзен Вахш деп аталады. Вахш өзені мұздықтан қоректенеді.


  1. Семинар сабақтарының жоспары (20)



Тақырыбы мен мазмұны



Сағат саны

Бақылау түрі

Әдістемелік қамту

1

Шетелдік Орта Азияның жер бедері

1.Жер бедерінің ерекшелігі оның геологиялық – тектоникалық құрылымы мен байланысы

2.Негізгі жер бедеріне сипаттама


1


Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6

2

Шетелдік Орта Азияның ішкі сулары

1.Түрікменстанның ішкі сулары

2.Өзбекстанның ішкі сулары

3.Қырғызстанның ішкі сулары

4.Тәжікстанның ішкі сулары


1



Картамен жұмыс

Бақылау сұрақтары


1,2,3,4,5,6



3

Түрікменстан Республикасы

1.Аумағының қалыптасуы

2.Мемлекет тарихы

1


Картамен жұмыс

Бақылау сұрақтары



1,2,3,4,5,6

4

Түрікменстанның климаты

1.Климат құрушы факторлар

2.Таулы және жазықтық жерлердегі жаз,қыс айларының климат ерекшелігі


1


Картамен жұмыс

Тест


1,2,3,4,5,6



5


Түрікменстанның халқы.

1.Халқының ұдайы өсуіне тән дәстүр типі.

2.Халқының ұлттық құрамы

1


Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6




6


Түрікменстанның өнеркәсібі

3.Ел өнеркәсібінің маманданған саласы

4.Агроөнеркәсіптік кешен

1

Реферат

1,2,3,4,5,6




7

Түрікменстанның Орталық Батыс,Оңтүстік –Шығыс, Шығыс және Солтүстік экономикалық –географиялық аймаққа бөлінуі

1.Физикалық –географиялық орны, жер көлемі.

2.Табиғат жағдайлары мен ресурстары

3.Климаты және ішкі сулары


1

Картамен жұмыс

1,2,3,4,5,6



8

Өзбекстан Республикасының табиғаты

1.Физикалық –географиялық орны, жер көлемі.

2. Мемлекеттік құрылымы

3.Табиғат жағдайлары

4.Табиғат ресурстары

1

Картамен жұмыс

1,2,3,4,5,6



9

Өзбекстанның ішкі сулары

1.Жер бедері мен климаттық жағдайларының гидрографиялық тордың таралуына тигізетін ықпалы.

2.Өзендер қоректенуінің негізгі типтері мен режимі, өзендердің шаруашылық маңызы.

3. Ірі өзен жүйелеріне сипаттама

4.Көл қазан шұңқырларының қалыптасу жолдары

1


Картамен жұмыс

Бақылау сұрақтары


1,2,3,4,5,6,7



10

Өзбекстанның шаруашылығы

1.Елдегі ауыл шаруашылығының маманданған, ежелден дамыған салалары

2.Ауыл шаруашлығында өсімдік шаруашылығының алатын орны


1


Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6



11

Өзбекстанның ауыл шаруашылығы

1.Ауыл шаруашылығының маңызды салалары.

2.Өнеркәсібінің маманданған саласы


1


Картамен жұмыс

Реферат


1,2,3,4,5,6



12

Өзбекстанның Фергана Самарқанд- Қаршы,Оңтүстік және Бұқара –Қызылқұм ,Өзбекстанның Төменгі -Амудариялық экономикалық аймақтары

1.Физикалық –географиялық орны, жер көлемі.

2.Табиғат жағдайлары мен ресурстары

3.Климаты және ішкі сулары


1

Картамен жұмыс

Тест

1,2,3,4,5,6


13

Қырғызстан Республикасы Қырғызстанның табиғаты

1.Физикалық –географиялық орны, жер көлемі.

2. Мемлекеттік құрылымы

3.Табиғат жағдайы

4.Табиғат ресурстары


1


Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6



14

Қырғызстанның ішкі сулары. Қырғызстанның өнеркәсібі

1.Жер бедері мен климаттық жағдайларының гидрографиялық тордың таралуына тигізетін ықпалы.

2.Өзендер қоректенуінің негізгі типтері мен режимі, өзендердің шаруашылық маңызы.

3. Ірі өзен жүйелеріне сипаттама

4.Көл қазан шұңқырларының қалыптасу жолдары

5.Өнеркәсібінің маманданған саласы.

6.Өнеркәсіптің ел аумағында шоғырлану сипаты


1

Картамен жұмысы

Бақылау сұрақтары



1,2,3,4,5,6

15

Қырғызстанның Чуй Ыстықкөл, Солтүстік – Батыс Қырғыз, Ішкі Тянь – Шань маңы, Оңтүстік – Батыс Қырғыз табиғи экономикалық зоналары

1.Физикалық –географиялық орны, жер көлемі.

2.Табиғат жағдайлары мен ресурстары

3.Климаты және ішкі сулары


1

Картамен жұмыс

Реферат

1,2,3,4,5,6


16

Тәжікстан Республикасы Тәжікстанның табиғаты

1.Физикалық –географиялық орны, жер көлемі

2.Мемлекеттік құрылымы

3.Табиғат жағдайы

4.Табиғат ресурстары


1


Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6



17

Тәжікстанның ішкі сулары

1.Жер бедері мен климаттық

жағдайларының гидрографиялық тордың таралуына тигізетін ықпалы.

2.Өзендер қоректенуінің негізгі типтері мен режимі, өзендердің шаруашылық маңызы.

3. Ірі өзен жүйелеріне сипаттама

4.Көл қазан шұңқырларының қалыптасу жолдары.



1

Картамен жұмыс

1,2,3,4,5,6

18

Тәжікстанның аул шаруашылығы

1.Ауыл шаруашылығының түрлері

2.Ауыл шаруашылығының маңызды салалары.


1


Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6



19

Тәжікстанның көлік және сыртқы экономикалық байланыстары

1.Көлік түрлері

2.Сыртқы экономикалық байланыстары



1


Картамен жұмыс

Реферат


1,2,3,4,5,6



20

Тәжікстанның Заравшандық, Гиссарлық және Вахштық Куляб және Гармдық,Таулы-Бадахшандық табиғи – экономикалық зоналары

1.Физикалық –географиялық орны, жер көлемі.

2.Табиғат жағдайлары мен ресурстары

3.Климаты және ішкі сулары


1

Картамен жұмыс

Бақылау сұрақтары

Тест


1,2,3,4,5,6


Барлығы:

20








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет