Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет3/9
Дата26.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
#26448
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

  1. Экология ғылымы.

  2. Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағыты.

  3. Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі

  4. Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңі

  5. Экология ғылымының өрлеу кезеңі.

Лекция № 3
Тақырыбы: Әлемдік қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелер.
(1 сағат)

Жоспар:
1. Әлемдік негізгі экологиялық мәселелер, олардың пайда болу себептері.

2. Экологиялық проблемалардың түрлері.

3. Экологиялық мәселелердің пайда болуының табиғи, тарихи жағдайлары.
Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Әлемдік экологиялық проблемалар климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрліліліктің азаюы, радиоактивтік ластану, әлеуметтік-экологиялық проблемаларды сипаттау.
1. Әлемді тұтас қамтитын табиғи-антропогенді немесе антропогендік әсерден ірі көлемде табиғи процестерді өзгертетін проблемалар әлемдік экологиялық проблемалар деп атайды. Оған мыналар жатады: климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрліліліктің азаюы, радиоактивтік ластану, әлеуметтік-экологиялық проблемалар.

Климаттық өзгерістер (парникті эффект) атмосферада әр түрлі газ тәрізді заттардың мөлшерінің ұлғаюы, әсіресе газтәрізді қоспалардың, инфрасәулелердің шағылуы және жер бетінен кетірілуі жағдайларын нашарлатады.

Мәліметтер бойынша соңғы жүз жылдықта жер бетінде температура 0,3-0,6 С жылынды. Ауа райының шектен тыс жылынуының салдарынан мұздықтарды ерітіп, әлем Мұхитының деңгейін көтереді. Мамандардың болжамы бойынша 2035 жылға дейін климаттың әлемдік жылуы орта есеппен 2,5 С көтеріледі, ал мұхиттардың деңгейінің көтерілуі – 29 см, 2100 жылы – 65 см болады. Бұл апатты болдырмау үшін шығарылатын көмірқышқыл газының, азот оксидтер, хлорфторкөміртектерінің көлемін 60% төмендету, метанды - 20% төмендету керек.

2.Озон қабатының жұқаруы. Атмосфералық озон қабатының көп болатын қабаты 20-25 км биіктікте орналасқан, ол – озоносфера. Озон қабаты барлық тірі организмдерге әсер ететін ғарыштық сәулеленудің едәуір мөлшерін тұтып қалады.

1980 жылы антарктидада озон қабатының төмендегені байқалған. Осы құбылыс озон тесігі деп аталады. Ал 1987 жылы көктемде Антарктида үстіндегі озон тесігінің үлкейгені анықталды. Бұл құбылыс 1992 жылы да қайталанған.

1974 жылы Калифорния университетінің ғалымдары Ш.Роуленд және М.Молино хлорфторкөміртектерді озон қабатын бұзатынын көрсетті.

1985 жылы Вена қаласында озон қабатын қорғау туралы Конвенция қабылданған.



Қышқыл жаңбырлар. Антропогендік фактордың әсерінен ауаға көптеген зиянды прагменттер мен заттектер енеді. Соның ішінде кең тараған ластағыштар күкіртті газ, азот окситтері, көміртек оксидтері күн сәулесінің әсерінен жаңа қосылыстар – күкірт, азот қышқылдарын түзеді, олар жауын-шашынмен жер бетіне түседі. Өсімдіктер мен гидробионттар өлімінің басты себебінің бірі – осы қышқыл жаңбырлар. Бұл проблема алғаш рет Батыс Еуропада және Солтүстік Америкада 50-ші жылдың соңында пайда болды. Қышқыл жаңбырлар топырақ, өсімдіктер жамылғыларына зиянды әсерін тигізеді.

Шөлдену. Шөлдену процесі – адамдардың шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сирек шөлге ұқсас ландшафтының пайда болуы. Шөлдену процесіне барлық континенттер шалдыққан, әсіресе Африка елдерінде қауірт жүруде. Шөлденудің өнімді жерлерді басуы жылына 60 мың шаршы шақырым. Қарқынмен жүреді.

Шөлдену себебі тек құрғақшылық емес, ол ормандардың жойылуы, ағаш өсімдіктердің деградациясына әкеледі, жайылымдарды артық пайдаланудан шөпті жайылымдар да жойылды.



Биологиялық әртүрліліктің азаюы. Соңғы жүзжылдықта көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері жойылып кетті. Ол түрлерді қалпына келтіру мүмкін емес. 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ң «Қоршаған орта және даму» конференциясында биологиялық әртүрлілік туралы әлемдік Конвенция қабылданды. Мақсаты – биологиялық әралуандықты сақтау. Қазіргі кезде әлемде 2,5 млн түр белгілі, оның 74% тропиктік белдеуде, 24% қоңыржай аймақтарда болса, тек 2% полярлық белдеулерде тараған.

Планетадағы ормандар көлемі – 4 млрд га, оның ішінде тропикалық ормандар – 2млрд га. Соңғы 300 жылда ормандардың 70% жойылған. Халықаралық табиғатты және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) мәліметі бойынша соңғы 400 жыл ішінде жер бетінде 100 астам құстардың түрі, 70-тей сүтқоректілер түрлері жоқ болды.



Әлеуметтік-экологиялық проблемалар. Әлеуметтік-экологиялық проблемалардың жалпы себебі адамдардың техникалық мүмкіндігімен өмір сүру стратегиясының өте қарапайымдылық алшақтықтарымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экологиялық проблемалар халықтың өсуімен, ресурс дағдарысымен және генофондының өзгеруімен түсіндіріледі.

3.Халық санының өсуі. Жерді мекендеген халық саны соңғы 2000 жыл бойында өсуде, соның ішінде соңғы 200 жыл ішінде жедел қарқынмен өсуде.

Қазіргі кездегі Жердегі халық күніне 250 мыңға көбейсе, аптасына 1 млн 750 мыңға, айына 7,5 млн-ға, ал жылына 90 млн-ға көбеюде.

1960 жылғы 500 млн халық 1987 жылы 5 млрд-қа, ал 2000 жылы 6 млрд асты. БҰҰ-ның мәліметі бойынша негізгі халықтың өсуі дамушы елдер үлесіне тиеді. Бұл елдердегі халық өсуі – экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шиеленістіреді.

Жер бетінде адам санының көбеюі әр адам қажетті ресурстардан өз үлесін ала алмаған жағдайда тоқталуы қажет. Сондай қажетті өмірлік ресурстардың бірі – тамақ, оның жетіспеушілігінен кейбір елдерде халықтың өсуін тежей бастады. Күн сайын әлемде аштықтан 12 мың адам өледі, 10 млн баланың дұрыс тамақтанбаудан өмірлері қауіпті жағдайда. Тек қана Үнді елінде толық тамақтанбағандықтан жыл сайын 1 млн бала өледі.

Халықтың өсуі мынадай жағдайларға әкеп соғады: тұтынудың көбеюі, қала халқының өсуі (урбанизация), қоршаған ортаның ластануы, өмір сүрудің өзгеруі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, халықтың құрылымының өзгеруі., тығыздануы.



Ресурстық дағдарыс. Жақындағы уақыттарды экологиялық және экономикалық проблемаларға байланысты әлемдегі жалпы өнімнің кемуін күтуге болады. Бұл түсінік жер және энергетикалық ресурстарды қамтиды. Жер ресурстар дағдарысы топырақтың тозуымен оның құнарының азаюымен түсіндіріледі. Энергетикалық дағдарыс қайтіп қалпына келмейтін энергетикалық ресурстарды (мұнай, тас көмір, табиғи газ) пайдаланумен түсіндіріледі.

Генофондтың өзгеруі. Адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде өмір сүруші ортаның өзгеруі – адам популяциясына кері, көп жағдайда ыңғайсыз әсер етеді. Қоршаған ортадағы ыңғайсыз өзгерістер, қорытындылай келгенде генофондының өзгеруіне әкеп соғады, бұл жағдай әлемдік масштабта байқалады. Мутация (гендік өзгеруі), мейлі олар физикалық әсерлермен (иондық сәулеленудің барлық түрлері), мейлі олар химиялық қосылыстар әсерінен пайда болсын көбінесе теріс сипатта болады. Ортаға тұрмыстық және өндірістік ластағыш қосылыстар ретінде түсетін жүздеген мың әр түрлі химиялық қосылыстардың, тек 20% мутагендік белсенділік көрсетеді. Нәтижесінде генетикалық салмақ көбейіп (теріс мутациялардың жиналуы), тұқым қуалайтын аурулар түрлерінің көбеюіне әкеледі.


Бақылау сұрақтары:


  1. Климаттық өзгерістер (парникті эффект)

  2. Озон қабатының жұқаруы

  3. Қышқыл жаңбырлар

  4. Шөлдену.

  5. Биологиялық әртүрліліктің азаюы

  6. Әлеуметтік-экологиялық проблемалар.

  7. Халық санының өсуі

  8. Ресурстық дағдарыс

  9. Генофондтың өзгеруі



Лекция № 4.
Әлемдік қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелер.
(1 сағат)
Жоспар:

  1. Экологиялық дағдарыс туралы түсінік.

  2. Қоршаған орта тұрақсыздығының себептері.

  3. ТМД және Қазақстанға ортақ экологиялық мәселелер.



Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тірішіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам – қоғам – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адам – нооэкологиялық тұрғыдан негіздейді.

1.«Экология» гректің oikos – үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos – ғылым деген сөздердің қосындысынан құралған.

Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология – ол тірі организмдер мен қоршаған ортаға қатыстылығын оқып үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын бір – бірімен өзара қарым – қатынастық байанысын зерттейтін ғылым деп санайды.

Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тірішіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам – қоғам – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адам – нооэкологиялық тұрғыдан негіздейді.

Адамзаттың тарихи – адамдардың табиғат пен өзара қарым – қатынастарының тарихы болып табылады. Әр түрлі дәуірлер бір – бірінен табиғатқа адамның қатынасы мен оны меңгеру ерекшеліктерімен сипатталады.

Бірінші кезең неолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Адам бұл тарихи кезеңді табиғат пен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралады.

Екінші аграрлық кезеңге адамдардың мәдени жер өңдеуге көшунен басталған неолит дәуірі жатады. (б.э.д. VIII – VII ғасырлар).

Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына басты қоғам биосфера күшті әсер ете бастайды. Ормандарды кесу, шалғандық далалардыжырту, үй жануарларын жою нәтижесінде аламшардың орасан үлкен территорияры біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады.

Үшінші. Индустриалды кезең. Қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болады. Ол XVIII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болады. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Жаңа заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және ауыл шаруашылық химияландыруына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерінің сапасы өзгерді.

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең байтақ жерді алып жатыр. Батыс шығысқа қарай 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай – 1, 600км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь – Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін.

Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы припитетті мәселе табиғи ортаның мұаймен ластануы.

Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95 % - ін береді де оның беретін табысы 10 млн долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұаймен ластауны оның санын кемітуде.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Екерген техналогиялады қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соғады. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп шөлдену процесінің жүруіне биокөптүрліліктің жойылуына әкелді. Тыныс жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Мұнай өндірілген жылдары 5 млн тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстарымен ластануына әкеледі.

2.Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

60 – жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық даңылдарын суару үшін қолдану Тянь – Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 % -дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн ға келіп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12 –ден 2 м – ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты.

Шөлдену, топырақтың тұздану өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі клиаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Қоршаған ортаны бұза отырып кез келген қазіргі заманға қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақлап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын техналогияларды жасап, іске қосу керек. Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң әсерлерге айналған 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

3.Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарымен шектесіп жатыр. 70 – жылдарды көлдің ауданы жылдық жауын – шашын мөлшеріне байланысты 17 ден 22 мың км2 дейін ауытқып тырған.

Балқаш – жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты Батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзеніне келіп құюына байланысты тұщы болған. Көлдің тұщы бөлігіндегі судың инералдығы өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды – дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың дамалулары нашарлап, аурулар саны артып отыр.

Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш – Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау Оңтүстік Қазақстандағы үш ірі облыстардың келешегін қамтамасыз ететін экологиялық тепе – теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Неолит дәуірі.

  2. Индустриалды кезең.

  3. Аграрлық кезең.

  4. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

  5. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.


Лекция № 5
Тақырыбы: Соғыс әрекетінің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына ықпалы.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Жер шарындағы дүниежүзілік және мемлекетаралық соғыстар.

2. Соғыстың табиғатқа келтірген зияндары.

3. Соғыс қажетіне табиғат ресурстарын пайдалану.
Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Соғыс қаупінен, цивилизацияның жойылып кетуінен сақтау, бүкіл планета көлемінде мемлекеттер мен халықтардың сындарлы, жасампаздық өзара іс-қимылын жолға қоюды қарастыру.
1.Соғыс - әлеуметтік құбылыс, мемлекеттер, халықтар, ұлттар арасындағы қоғамдық-саяси, экономикалық, идеологиялық, сондай-ақ ұлттық, діни, аумақтық және басқа да қайшылықтарды қару қолдану арқылы шешу нысандарының бірі. Соғыстар сансыз адамдардың өмірін жалмайды, қисапсыз материалдық және рухани игіліктер жойылады, қоғамды орасан шығындарға, жойқын апатттарға душар етеді. Қазіргі соғыстарға әскер ғана емес, бүкіл ел қамтылады, зкономика соғыс мүддесіне бағынады, ғылымның бағыты өзгереді, тіпті жаратылыстану ғылымының өзі де қару түрлерін жетілдіруге пайдаланылады. Мамандардың есептеуінше соғыстардың зардаптары туралы кейбір мәліметтер мынадай болған: соңғы 5,5 мың жыл бойында адамзат 14550 үлкенді-кішілі соғысты басынан кешірген. Өмір сүрген бүкіл тарихы бойында адамзат 292 жыл ғана бейбіт тіршілік еткен. 1801 жылдан 1913 жылға дейінгі аралықта соғыстарда 5,6 млн адам қаза тапқан, ал соңғы екі дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар, аштан, індеттерден өлгендер саны 85 млн асып, 48 млн адам мүгедек болып қалған. Бұл соғыстарды жүргізуге кеткен 4,5 трлн долларға мысалы: 200 млн жайлы пәтер салуға болатыны есептелген. 1945 жылдан бергі дүниежүзілік және үлкенді-кішілі 150 соғыс жанжалы болып, оларда қаза тапқандар саны 25 млн асқан. 1971 жылғы үнді-пәкістан жанжалдарының өзінде ғана 10 млн аса адам қырылған. Соғыс уақытын айтпағанның өзінде, бейбіт уақытта соғысқа дайындалу салдарынна адамды қоршаған табиғи ортаға келген зиянның мөлшер шамасы да талай триллион долларға жеткені анық.

Бірінші дүниежүзілік соғыс адам баласынынң бүкіл тарихындағы ең қырғын, жойқын соғыс болды. Соғысқа халықтың саны 1,5 млрд жететін 33 мемлекет тартылды. Шайқастарда 10 млн адам опат болып, одан екі есе көп адам жарақат алды. Соғыс шығындары мен қиратулар сол кездегі бағамен 300 млрд долларға тең болды. Мыңдаған қалалар мен селолар, тұрғын үйлер мен мәдениет, оқу, денсаулық ошақтары, кәсіпорындар мен мекемелер қиратылып, көптеген ауыл шаруашылық жерлер қаңырап бос қалды, миллиондаған адамдар баспанасынан, мал-мүлкінен айырылып, азаматтықтарын және кәсіби мамандықтарын жоғалтып, жұмыссыз қалды, азу-тозғынға ұшырады. Соғыстың моральдік және әлеуметтік зардаптарын ешбір өлшеп, мөлшерлеу мүлдем мүмкін емес.

Екінші дүниежүзілік соғыс алты жылға созылды. Оған 72 мемлекет қатысты, қарулы күштерге 110 миллионға дейін адам жұмылдырылды. Соғыста 60 млн жуық адам қаза тапты.

2.Соғыс қаупінен, цивилизацияның жойылып кетуінен сақтау, бүкіл планета көлемінде мемлекеттер мен халықтардың сындарлы, жасампаздық өзара іс-қимылын жолға қоюды табанды түрде талап етуде. Өйткені қазіргі кезде бүкіл дүние жүзіндегі соғыс шығындарының көлемі өте жоғары дәрежеге жетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мерзімде бұл шығындар көлемі 4-5 есе өсті. Осы ресурстар мен шығындарды бейбіт мақсаттарға, адамзат игілігіне пайдаланатын болса ғаламдық проблемаларды дұрыс шешуге барлық мүмкіндіктер туар еді.

Бір жылда жұмсалатын жалпы соғыс шығыны жас мемлекеттердің ширек ғасыр жиналған сыртқы қарыздарының көлеміне тең екен. Біріккен Ұлттар Ұйымының есептеуі бойынша жер бетін жайлаған аштықты 2000 жылы болдырмау үшін 1,5 млрд доллар қажет еді. Демек, бұл бір жарым жылда жұмсалған соғыс шығынына тең деген сөз. Осындай көлемдегі соғыс шығынының оннан бір бөлігін аялаған ортаға жұмсау оның ластануын айта қаларлықтай жақсартып немесе еркіне ие болған жас мемлекеттердің экономикасын едәуір жаңа сатыға көтеруге нақтылы мүмкіндік жасар еді.

Соғыс шығынының көп болуы әлеуметтік ахуалға да әсер етеді. Демек, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй салу жүйелеріне, әлеуметтік мәселелерді шешуге қаражат жұмсалады деген сөз. Оған қоса мемлекеттік бюджеттің тапшылығына әкеліп соғады. Мысалы, АҚШ-та осындай шығын көлемі 1972 жылы ұлттық өнімінің 1,6% болса, 1982 жылы 6,1% жетті. 1986 жылы АҚШ-тың мемлекеттік бюджетіндегі тапшылық 220 млрд доллардан асып түсті, ал соғыс шығыны 273 млрд долларға жетті.

3.Дамып келе жатқан мемлекеттерде 1972 жылы соғыс шығынына - 17,2%, білім беруге – 12,7%, денсаулық сақтау жүйесіне – 4,6% ұлттық табыс кетті.

1983 жылы жағдай бұдан да қиындай түсті. Осы жылы соғыс шығыны өсіп, 19,5% жетті. Ал білім беруге және денсаулық жүйесіне арналған шығын азайып небәрі 4,7 және 2,7% болды. Бұл елдерде халықтың жаппай сауатсыз және медициналық көмекке өткір зәру екендігін бір сәт еске алсаңыз, соғыс шығынының қасіретін түсіну қиын емес.

Қазіргі капитализмде соғыс экономия секторы шаруашылық системасында басым орын алады. Сондықтанда ол шаруашылықтың басқа секторларына айта қаларлықтай ықпал жасайды және өз дамуында рыноктың заңдылығына бағынбайтын ерекше жағдайға ие болады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Соғыс дегеніміз не?

  2. Соғыстардың зардаптары қандай болды?

  3. Ғаламдық проблемалар.


Лекция № 6.
Тақырыбы: Соғыс әрекетінің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына ықпалы.
(1 сағат)
Жоспар:


  1. Топырақ құнарлылығының бұзылуы, батпақтану, шөлге айналу және топырақ эрозиясы.

  2. Химиялық, бактериологиялық және атомдық қаруларды қолданудың зардаптары.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді топырақ эрозиясы немесе дефляциясы су мен желдің және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуін, топырақтың құнарлығының төмендеуінің жағдайларын көрсету.
1.Адамның барлық өндірістік қызметіне бірінші кезекте ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аудару қажет.

Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:



  • Топырақ эрозиясы немесе дефляциясы – су мен желдің (дефляция) және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүліну, топырақтың құнарлығының төмендеуі;

  • Агротехникалық дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;

  • Құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы (сортаңдануы);

  • Топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы);

  • Топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.

Шөлдер. Шөлді жерлердің бірлестік типі, қоңыржай, субтропиктік және тропиктік табиғат белдеулері жағдайында қалыптасады. Бұл әр түрлі шөлдердің жылу режиміне айтарлықтай айырмашылықтардың болуын анықтайды. Бірақ шөл бірлестіктерінің сыртқы келбетін, құрылымын, белгілі бір тіршілік формаларының дамуына ең алдымен ылғалдың жетіспеуін анықтайды.

Шөлдерді сипаттағанда климаттық көрсеткіштер есепке алынады. Шөлдерге (қуаңшылық) құрғақшылық (200 мм-ден кем) пен жауын-шашынның тұрақсызздығы тән.

Жауын-шашынның түсу ырғағына қарай шөлді ауа райының бірнеше типін бөліп көрсетуге болады:

А) жауын-шашын қыста болады;

Ә) жауын-шашын жазда болады, ал құрғақшылық кезі қысқа тура келеді;

Б) жауын басқа маусымда да болады немесе жауын-шашын түсуінің екі кезеңі бар;

В) жауын-шашынның мөлшері тұрақсыз немесе тіпті болмайды (жаңбыр түрінде).

Топырақта тұздадың миграциялау процестерінің басым болуы маңызды экологиялық фактор болып табылады. Шөлдерге ағынсыз көлдер мен уақытша, ерекше ылғалдық режимімен сипатталатын су ағыстары тән.

2.Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда – «бұзамын» деген мағынаны білдереді) дегеніміз, оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.

Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде – ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.

Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді. Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар – жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.
2.Адамдардың шаруашылық қызметін қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптік газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері – адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндер жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттар ауаға шығарылады.

1990 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан территориясында ядролық қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында – 4207,5, Атырау – 1635,3, Шығыс Қазақстан – 11,1, Жамбыл – 2576,1, Жезқазған – 4900, Батыс Қазақстан – 1558,8, Орталық Қазақстан – 19,6, Маңғыстау – 21,4, Павлодар – 717,0, Оңтүстік Қазақстан – 8,1, Семей – 941,2 мың га жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996ж.) Ресейдің соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, шұрайлы жердің 20 млн га жарамсыз етті.

Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдары аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - , Батыс Қазақстанда - 4 және Атырауда – 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша цезии – 137 концентрациясы Нарын, Азғыр құмдарында 137 ПДК, кадмии – 80-120, строций – 150, қорғасын – 80 және нитрат – 8,8 есе көбейіп кеткен.

Үстүрт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне бұрын соңды болмаған залалдар келді
Бақылау сұрақтары:


  1. Топырақ эрозиясы немесе дефляциясы

  2. Топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.

  3. Шөлдер?

  4. Сортаңдану дегеніміз не?


Лекция № 7-8.
Тақырыбы: Соғыс әрекетінің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына ықпалы.
(2 сағат)
Жоспар:


  1. Химия бактериологиялық және атомдық қаруларды қолданудың зардаптары.

  2. Мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық жағдайына соғыстың әсері.

  3. Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға тигізген әсерін қалпына келтіру шаралары.



Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты:Студенттерге соғыстың қоршаған ортаға тигізген әсерін қалпына келтіру шараларын қалыптастыру.
1. Атом (грекше atomos бөлінбейтін ) материаны құрайтын элементтердің өзіне тән химиялық қасиеттерін сақтайтын тең кіші бөлшегі: Атом бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап бөлшек. Ол ортасында өзінен радиусы 104 - 155 есе кіші көлемді алып жатқан оң зарядты ядродан және оны айнала қозғалып жүрген теріс зарядты электрондардан тұрады. Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады. Атомның орбиталарында 2не одан да көп электрондар қозғалып жүрсе, онда мұндай күрделі атомдарға электрондардың өзара әсерлесуінде еске алу керек. Ол әсерлесулер тек электр статикалық ғана емес, орбиталық магниттік моменттер мен бөлшектердің өзінің ішкі магниттік моменттерінде өзара әсерлесуі мүмкін.

Бактериология – (грекше bakterion таяқша және logos ілім) бактерияны зерттейтін микробиология ғылымының бір саласы. Қазақстанда бактериологиялық зерттеулер 1925ж Қызылорда қаласында бактериологиялық лабаратория ашылғаннан кейін басталды. Осы лабаратоия негізінде кейін эпидемиолгиялық микробиолгиялық және жұқпалы аурулар ғылыми зерттеу институты құрылды. Соның ьнәтижесінде мүнда шешек, күл ауруларнына қарсы қолданылатын препараттар шығарылып, дизентерия т. б. жұқпалы ішек аурулары оларды тудыратын бактериялар жүйелі түрде зертелді. Жылан уытын қайтаратын вакцина мен ісікке қарсы қолданылатын сарысу уытты препарат шығарылды. Сондай – ақ мыс, мырыш, қорғасын, алтыны бар концентраттардан күшәла бөліп алудың бактериялық әдісі табылды. Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді.

Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941—1945 жж. Қазақстаннан батыс аудандардың, 532,5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан вз орнын тапты. 970 мыңдай репатриацияланған немістер, поляктар осында келді. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін қиын болған тұрғын үй проблемасы одан сайын шиеленісе түсті: 1940 ж қаланың әрбір тұргынына 5,1 шаршы метрден келсе, соғыс жылдары 4,3, ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келді.

Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынгыдан 7—15 есе аз түсті, ал базардағы баға 10—15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа аса маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі, ұжымдық және жеке бақша шаруашылыгы кеңейтілдкі. Мемлекеттің, еңбек ұжымдарының, республика тұрғындарының, бірігіп күш жұмсауы арқасында ел азық-түлік проблемасын шеше алды. Молшылық болған жоқ, бірақ барлық жұрт ең аз қажетін өтеді.

Алайда бұл мемлекеттік актілерді қабылдау қайғылы оқиғалармен ұштасып жатты. 1937 ж. басталған саяси жазалау бүкіл елді қамтыды. 1936 ж. желтоқсанда БК(б)П Пленумында, мұнан кейін 1937 ж. ақпан-наурыз пленумында БК(б)П Орталық Комитетінің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «екіжүзділердің, халық жауларының бәрінің тамырын шауып, жойып жіберу» қажеттігі туралы нұсқауы берілді. Коғамдық сананың әбден уландырылғаны соншалық, барлық жерде, соның ішінде Қазақстанда өтіп жатқан бұқаралық митингілерде сол кезде соты жүріп жатқан Н. И. Бухаринге, А. И. Рыковке және басқаларға еңбекішлер өлім жазасын беруді талап етті. Міне осындай жағдайда И.В. Ста­лин мен оның серіктері тек ортальгқтағы ғана емес, сонымен бірге ұлт республикаларындағы да оппозицияны біржола жойып жіберуге тырысты. 1937— 1938-жж жазаланған «ұлтшыл-фашистер» деп аталатындардың істерінен көрінгендей, Н. И. Ежов пен оның сыбайластары мұндай істерді қолдан жасауға көп қиналып жатпаған. Бұл «істерге» — «ұлтшыл фашистер» және басқа «халық жаулары» дегендердің істеріне кең құлашты сипат беру үшін НКВД органдары оларды троцкишілдермен және оңшылдармен одақ жасады де­ген қисынды ойдан шығарды. Мәскеулік процестердің көшірмесі сияқты жер-жерде «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, оларда сотталғандардан қажетті «мойындаулар» зорлап алынды. 1937 ж. мұндай процестер республиканың, Ұржар, Преснов және басқа аудандарында өткізілді. Бұрынғы Қарқаралы округінің басшы партия-кеңес қызметкерлері А. Асылбековты, Н. Нұрсейітовты, М. Ғатауллинді және басқаларды 1937 ж. қарашада Қарағанды қаласында өткен соттау процесі атылуы болды. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді.

2.Кеңес елінде 20-жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілдік жүйе 30-40 және 50 жж бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толық дәрежеде тән еді. Елде И. В. Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар «халық жауларына» таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесіңде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық рөлі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсшілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылықтың және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды.

3.Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізгеи халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежедс құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқындап жетіле бастады. Қоғам меи партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көршісі болды.
Бақылау сұрақтары:


  1. Атом дегеніміз не?

  2. Бактериология.



Лекция № 9
Тақырыбы: Экологиялық апат зоналары.
(1 сағат)
Жоспар:


  1. Мұхиттардың, теңіздердің, атмосфера мен топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы.

  2. Экологиялық апат зоналары Балқаш, Ладога, Арал, Балқаш, Чернобыль, Семей жән т.б.-


Лекцияның мәтіні.
Сабақтың мақсаты: Мұхиттардың, теңіздердің, атмосфера мен топырақтың мұнай өнімдерімен ластануын, экологиялық апат зоналарын Балқаш, Ладога, Арал, , Чернобыль, Семей жән т.б. жағдайларын айтып өту.
1.Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатынастарын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың, көтерілуіне кедергі жасайды.

Егер басқа химиялық заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады, ал басқа қалдықтардың биологиялық жолмен тазалануы мүмкін емес. Өйткені ластанған суларға қосындыларды ыдыратып микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін үлпек қабықпен жауып, ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Барлық мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол үшін танкерлерді жуған жуындыны жағалаудан 50 миль жақынға тегуге тиым салынған. Әйтседе де, жағалаулардың ластану жылдан-жылға артып келеді, себебі мұнай көбіршіктері әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай да тасымалдау қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.

Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларың жуғанда немесе олар аппатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті. Бұл уақыты суға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.

Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан ұийды да өліп қалады. Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырылатынын есептеп шығу мүмкін емес. Олардың көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл шама тағы да бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мүхитына екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарымен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсер еді. Әсіресе, бұл теңіз камшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріне бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған.

2.Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.

Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензпирин сияқты улы заттар жиналатыны бегілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде -оның моллюскалардың денесіне бензпириннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі, мүмкін.

Мұнай қалдықтарының зиянда әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасалынды.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауынан (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарңның үгітілуіне, шаңды дауылдардың түруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостык шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-6 -10-5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.

Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ диспереті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагиитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Теңіз суларының ластануы қандай болады?

  2. Мұнай қалдықтарынан ластану.

  3. Атмосфералық ластанудың антропогендік жолы қандай?


Лекция № 10-11
Тақырыбы: Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.
(2 сағат)
Жоспар:


  1. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану.

  2. Атмосфераның, судың, топырақтың, зиянды және техногенді заттармен ластануы.

  3. Өнеркәсіп мекемелерінің денсаулыққа әсер ететін аммиак, ацетон, фенол, бензол, қаныққан және қанықпаған көмірсуларды атмосфераға шығаруы.



Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Атмосфераның, судың, топырақтың, зиянды және техногенді заттармен ластануын, өнеркәсіп мекемелерінің денсаулыққа әсер ететін аммиак, ацетон, фенол, бензол, қаныққан және қанықпаған көмірсуларды атмосфераға шығаруын сипаттау.
1. Атмосфера — ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты мен метрологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосфорадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді СО мен оксидін СО2 күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға айналдыруы фактор болып табылады. Адам атмосфераның әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік, электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Ерте кездерден-ақ ауаның ластануына қарсы шара қолға алына бастаған. XVIII ғасырда Англияда ірі қалаларда, Лондонда, көмірді отын ретінде пайдалануға шектеу қойылды. Осы кездерден бастап жер үсті суларының ластануына қарсы, мысалы тұрмыстық қалдықтармен, шаралар қолданыла бастады

2.Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элементтер азот пен оттегінің концентрациясына елеулі әсер етпейді.

Адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға атмосфера үшін бөтен немесе атмосфераға тән заттардың концентрациясының өзгеруіне байланысты ластаушы зат болып табылатын жүздеген заттар келіп түседі

Атмосфераны ластаушы заттар. Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші сатысында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті.

Көміртегі (ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады.

Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150—200 млн. т (жылына) шығарылуына байланысты күкірт диоксиді SО2) немесе күкіртті ангидридтің қауіптілігі зор. Ол өткір иісі бар, түссіз газ. Оның сумен қосылыстары адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымының бұзылуы мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Ол жануарлары мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. Өсімдіктер газдың олардың бетіне келіп қону немесе қышқыл жауын-шашынмен келіп түсу нәтижесінде зақымданады.

Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотасына әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.

Күкіртті ангидридтен басқа атмосфераға күкірттің басқа да зиянды қосылыстары келіп түседі. Оларға күкіртсутек (Н2S) жатады. Бұл газдың жоғары конртрацияларымен улану өкпенің ісінуіне, тыныс алу параличіне және өлімге әкеліп соқтырады. Табиғатта ол көбінесе су қоймаларында, шайынды сулар мен ақуыздардың бактериалды ластану өнімі ретінде минералдық бұлақтарда кездеседі. Күкірткөміртек СS2 — улы қосылыс, түссіз оңай жанатын сұйық. Ауамен жарылғыш қоспа түзеді. Вискоздық жібек, целлофан мен инсектицидтер алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Адам ағзасына тыныс алу жолдары мен тамақпен бірге түседі, орталық жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауын туғызады, есірткілік әсері бар.

Күкірт пен оның қосылыстары атмосфераға табиғи және антропогенді әсер нәтижесінде шығарылады. Күкірт пен оның қосылыстарының атмосфераға табиғи жолмен шығарылуының 3 негізгі көзі бар:

1) сульфаттардан оттегінің анаэробты сульфатредукциялаушы микроорганизмдердің көмегімен бөлініп шығуы нәтижесінде. Күкірт бос күйінде, не күкіртсутекке тотықсызданған күйде болады;

2) вулкандардың қызметінің нәтижесінде. Бұл кезде күкіртті ангидрид, күкіртсутек немесе бос күйде бөлініп шығады;

3) мұхиттардың бетінен су тамшыларының булануы нәтижесінде. Бұл кезде күкірт негізінен салыстырмалы түрде зиянсыз сульфаттар түрінде болады.

Атмосфераға антроногенді күкірттің келіп түсуі отынды жағумен байланысты.

3.Атмосфераның басқа ластаушыларының ішінен азот тотықтарының, көмірсулардың, бензо(а)пирен хлор, фтор және басқа қосылыстардың маңызы. Бұлардың көпшілігі жылу балансының өзгеруі көміртегі қос оксиді, азот тотықтары, метан, фреондар және т.б.) немесе озонның бұзылуы (фреон, азот тотықтары) арқылы әсер етеді.

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуші маңызы — ол адамды қолданылуы анағұрлым проритетті ресурстарды пайдалануға бағытталған. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғым мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Ол ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит, құрылық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.

Бұл судың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты. Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% Осы жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-га артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-га артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді, бірақ оның жартысын соңғы 30 жылда өндірген.

Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барлық қалған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға, газ -40-50 жылға, көмір 70-80 жылға жетеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Атмосфера дегеніміз не?

  2. Атмосфераны ластаушы заттарға нелер жатады?

  3. Сарқылатын ресурстар қандай?

  4. Сарқылмайтын ресурстар қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет