Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет5/9
Дата26.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
#26448
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

  1. Полярлық белдеу.

  2. Бореалды белдеу.

  3. Физикалық ластану.

  4. Биологиялық ластану.

  5. Химиялық ластану.



Лекция № 18 –19
Тақырыбы: Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.
(2 сағат)
Жоспар:


  1. Ауыл шаруашылығында химикатты пайдалануды қысқартудың жолы.

  2. Биологиялық күресу шаралары.

  3. Топырақ қорларын қайта қалпына келтіру мен сақтауға қатысты шаралар.



Лекцияның мәтіні.
Сабақтың мақсаты: шаруашылық типтерінің өркендеуі үшін ең алдымен үлкен зиян келтіріп отырған арамшөптермен күресудің жолдарын, топырақ қорларын қайта қалпына келтіру мен сақтауға қатысты шаралар қарастыру.
1. Қазіргі таңда еліміздің егін шаруашылығы мен мал жайылымдарына көңіл бөлініп отыр. Мұндай шаруашылық типтерінің өркендеуі үшін ең алдымен үлкен зиян келтіріп отырған арамшөптермен күресудің маңызы зор. Себебі арамшөптердің қаптап өсуі егістікке зиянын тигізеді. Олар ылғалға, қореқтік заттарға ортақ болып, егіннің түсімін, сапасын кемітеді, өніп-өсуіне жан-жақты кедергі жасайды. Арам-шөптер егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп қатарына жатады. Арамшөптердің тұқымы желмен, сумен, жануарлардың жүніне, тұяғына, адамның киіміне жабысу арқылы жылдам таралады. Қазақстанда 360-қа жуық арамшөптің биологиялық топтары мен түрлері бар. Қореқтену әдісіне қарай барлық арамшөптер паразиттер, жартылай паразиттер және паразит еместер болып бөлінеді. Мысалы, паразиттерге дала арамсояуы, үстірт арамсояуы жатады, жартылай паразиттерге сұңғыла туысының өкілдері және паразит еместерге мысыққұйрық, алабота, қарасұлы, т.б. жатады. Ал ендігі карантиндік арамшөптерге тоқталатын болсақ, Бұл топқа таралуы шектелген зиянды арамшөптерден қызғылт кекіре, күнбағыс арамшөбі, амброзия арамшөбі, т.б. жатады. Арамшөптердің ішіндегі адамға және жануар-ларга өте қауіпті болып келетіндері де бар. Олар — сасық мендуана, құмайық, уқорғасын, қыздырма, т.б. Негізгі кең таралған арамшөптер ішінде укекіре, ақ мия, дала арамсояуы және жусан жапырақты амброзия бар.

Укекіре — күрделі тұқымдастарға жататын арамшөп. Оның отаны Кіші Азияның шөлейтті және далалы алқаптарымен қоса Иран, Ауғанстан өлкелері. Біздің елде ол Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт белдемінде таралған. Ол дәнді дакылдардың түсімін 3—4 есе төмендетеді және жайылымда жайылған малдарды уландырады.

Ақмия—бұршақ түқымдасына жататын өсімдік. Тұқымдарының

қүрамында алколоидты заттар болғандықтан улы болып келеді. Ақ мияның отаны — Орталық Азия. Ал бізде ол Қызылорда және Оңтүстік Қазакстан облыстары аумақтарында таралған. Қаптап өсетін ак мияның құрамында 0,04%-ға жуық улы зат бар. Бұл өсімдікпен күрес өте қиын. Дегенмен күресу шараларының ішіндегі бірден-бір тиімдісі— мия егілетін жерді 25 см етіл бойлата жырту және тамырларын жинап, отап күртқан жөн.



Далаарамсояуы—бір жылдық арамшөп. Не жапырағы, не тамыры болмайды. Негізгі таралған жері: Австралия, Англия, Венгрия, Польша, Франция, Оңтүстік Америка және Африка. Бізде батыста, шыгыста, оңтүстік облыстарда таралған. Дала арамсояуы өсімдіктерде вирус ауруларын тугызады. Осы арамсояу аркылы темекі мозайкалық вирусын, астра өсімдігінің сары ауруларын, т.б. таратады.

2. Жусан жапырақты амброзия — күрделі гүлділер түқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Гүлдері теріс конусты. Отаны Солтүстік Америка. Біздің республикамызға түрлі жолдармен келген. Ол Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында шөлейт және шөл белдем-дерде таралған. 1934 жылы осы өсімдіктің бірнеше түбі Алматы каласындагы орталық саябақта табылған болатын. Содан бастап Бұл аса қауіпті арамшөп өрттей каулап тарай бастады. Карантиндік станциялардың жүргізген мәліметі бойынша қаламыздың 800-ден астам көшесі мен барлық мөлтекаудандарында кең таралып отыр. Сондай-ақ Алматы қаласына жақын жатқан Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіказак аудандарындағы 2000 га-ға жуық кұнарлы жерді алып жатыр. Оның гүлдері жоғары көтеріліп, ондаған километрге таралып, адамдардың тыныс алу жолдарына түсіп, кауіпті аллергиялық ауру туғызады. Ңазіргі кезде халық арасында олардың әсерінен туатын дерматит, коньюктивит және өкпе-тыныс жолдарының демікпе аурулары кең таралып отыр. Сонымен қатар біздің елімізге амброзия-ның 3 түрінің, алаботаның 2 түрінің еркін өсуі ете қауіпті жағдай тугызып отыр. Олармен күресудің ең тиімді әдісі — биологиялық әдіс. Бұл әдісті қазіргі кезде гылыми-техникалық прогрестің қаркындап дамуына сәйкес, ауаны, қоршаған ортаны ластамау, химиялық әдісті бара-бара азайту максатымен қолға алып отыр. Биологиялық әдісте арамшөптің табиғи реттеушілерін — ауру қоздырғыш жәндіктерді арамшөптерге қарсы пайдаланады. Химиялық әдісті колданған кезде коршаған ортаны ластап, көптеген пайдалы организмдер жойылып, жан-жануар, адамзат зиян шегетін болса, биологиялық әдістің артықшылыгы, керісішпе, қоршаған ортаға зиянсыз әрі экономикалық жағынан арзан болып келеді. Биологиялық күрес үшін пайдаланы-латын жәндіктер арамшөптердің қаулап есіп кетуіне жол бермей, олардың табиги мелшерін тежеп, тіптен жаппай қүртып жібереді. Біздің елімізде биологиялық күрестің алғашқы табыстары аса қауіпті болып саналатью египет сүңғыласына қарсы оның табиғи реттеушілері — фитомиза шыбынын колданудан бастады. Бұл шыбынның дернәсілдері аталған арамшөптің дәндерімен қоректеніп, олардың өсіп-жетілуіне мүрша бермейді. Бұл игі істер профессор П.И. Мариковскиийдің басшылығымен 1965 жылы басталған болатын.

Биологиялық күрес осы кезде Қазақстанда өте кең таралып отырған шырмауық, кекіре, мия, арамсояу сияқты арамшөптердің зиянкестерін іздеуден басталды. Кейіннен Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы зоология ғылыми-зерттеу институтында арамшөптермен күрестің биологиялық жолына көп көңіл бөлініп, ғалымдардың кең көлемде зерттеулер жүргізуіне мүмкіндіктер туды.

3.Қорыта айтқанда, Қазақстан жерінде кең таралған арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері және олардың ауыл шаруашылығындағы маңызы мен зиянына тоқталдык. Әрине арам-шөптер деп атау салыстырмалы түрде екенін айта кеткеніміз жөн. Шын мәнінде, арамшөптер де табиғатта өзіндік орны мен пайдасы бар өсімдіктер. Олардың көбісі қазір медицинада дәрі-дәрмек жасауда колданылады.

Арамшөптерді зерттеудің маңызы зор. Олардың жайылымдар мен егістіктерде көбейіп кетуі зиян екеніне көз жеткіздік. Қазіргі медициналық мәліметтерге сүйенсек қала түрғындарының аллергиямен ауыратындарының 50—60%-ының аллергиясы жусан жапырақты амброзия арамшөбінің тозаңынан болатыны дәлелденіп отыр. Аллергия туғызатын арамшөптерді—алжргенттер дейміз. Сондықтан арамшөптердің биологиясы мен экологиясы, онымен күресу жолдарын жүйелі зерттеуді жалғастыра отырып, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін білудің маңызы зор.


Бақылау сұрақтары:

  1. Укекіре.

  2. Ақмия.

  3. Далаарамсояуы.

  4. Жусан жапырақты амброзия.



Лекция №20-21
Тақырыбы: Су ресурстары және олардың экологиялық жағдайы.
(2 сағат)
Жоспар:


  1. ТМД мен Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы.

  2. Судың ластануының негізгі жолдары.

  3. Су қорғау белдемі.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Экологиялық жағдайынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясын, ТМД мен Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасын,судың ластануының негізгі жолдарын қарастыру.
1.Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің көбеюі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағдайынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы –Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металлдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар-мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 жылы және 1995 жылы шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (1,8 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам , 1995 жылы 800 тонна ), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік- Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі Бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60- жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастады. Суды ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 пайыздан астам қықартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га кеміп, өзінің 60 пайыз көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200т тұзбен құм желмен 300 км арақашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

2. Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компаненттерді ластағыш заттар деп атайды.

Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық –химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты –ерімейтін, коллоидты, еритін, табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.



Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар (оттек, азот, көміртек диоксиді, күкірттігаз және т.б.) сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі, калийді, кальцийдікі, аммонийдікі, алюминийдікі, темірдікі, магнийдікі, марганецтікі және т.б. элементтердікі) болады. Бұлардың бар-жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштерімен ұсталмайды.

Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан, т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз, т.б. ал жануарлардан пайда болған заттарға, мысалы, мал ткандары, желім заттар, қи және организмнен шығатын басқа да заттар жатады. Суда еритін минеральды және органикалық қосылыстардан басқа да заттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коолоидты бөлшектер (мысалы, құм, лай, т.б.) кездеседі

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге-бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары, т.б. кіреді.

Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары, т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларында жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85 пайызыластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд. т/жылына, олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радионуклидтерді, пестицидтерді және басқа да органикалық және апорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады.

3. Қазақстанның су қорғау кодексі бойынша су обьектілерін экологиялық талаптарға сәйкестендіріп ұстау үшін, жер бетіндегі суларды ластанудан, былғанудан және азаюдан сақтап қалу мақсатында, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасын сақтау үшін су қорғау белдемі белгіленеді.

Су қорғау белдемі деп-арнайы пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау және басқа да шаруашылық іс-әрекеттерді жүргізу тәртібі белгіленген акваторияға жанасқан жерді жатқызады.

Көл, өзен, бұлақтардың айналасында белгіленген қорғаныс алқабында тыйым салынады.

-жерді жыртуға;

-авиациялық –химиялық жұмыстарды жүргізуге;

-пестицидтерді, дефолианттарды, басқа да улы химиялық заттектерді қолдануға;

-тыңайтқыш ретінде мал шаруашылығы кешендерінің сұйық ағындысын пайдалануға;

-мал шаруашылығының тұрақты және жазғы фермаларын құруға;

-орманды кесу мен ағаштарды тамырымен жоюға;

-ұлы химиялық заттектердің, минералды тыңайтқыштардың, жанар май, әртүрлі өндірістердің қалдықтарын сақтайтын қоймаларды орналастыруға.

Мұнда, әдетте, шаруашылық іс-әрекеттері шектелген немесе тыйым салынған және орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жер үсті және жер асты суын ластанудан қорғау үшін су қоймаларын жағалай орман өсіру қажет, себебі ормандық төсеніштің, яғни шіріген жапырақтардан, қылқандардан, бұтақтардан және жануарлар қалдықтарынан жиналған қабаттың суды сіңіруге және оны топырақ арқылы сүзілуіне қосатын ролі зор.

Су қорғау белдеміндегі табиғи ресурстарды қорғауды, су көлем мен сапасын ұстап тұруды және де басқа шектелген шаруашылық іс-әрекеттерін қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесі.

Экологиялық белдемнің ең негізгілері: жағалық белдем (литораль), ашық теңіздік белдем (нелагиаль, батиаль) және тереңсулық белдем (абиссаль). Литораль дегеніміз ені 1 км-ге, кейде 10-15 км-ге жететін, түрлі су өсімдіктері өсетін, мұхиттардағы толысу кезінде су басатын және судың қайтуы кезінде құрғап қалатын жағалау бөлігі. Пелагиаль –мұхиттың бірқатар тік зоналарын қамтитын су қалыңдығы, бұл мұхиттың бірқатар тік зоналарын қамтитын су қалыңдығы, бұл мұхиттың түбіне байланыссыз гидробионттардың тіршілік ететін аймағы. Абиссаль-Әлемдік мұхит түбінің 75 пайыздан астам ауданын қамтитын тіршілік таралуының экологиялық белдемі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ластағыш заттар.

  2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

  3. Минералды компоненттер.

  4. Органикалық компоненттер.

  5. Биологиялық немесе бактериялық компоненттер.


Лекция № 22
Тақырыбы: Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері.
(1 сағат)
Жоспар:

1. Ақаба суды топтастыру.

2. Ақаба суды тазалаудың әдістері.
Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестермен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелділігін сипаттау.
1.Ақаба су деп бұрын өндірісте тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған сондай-ақ қандай да бр лас аймақ оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.

Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байлансты ақаба сулар үш негізгі категорияға шаруашылық –тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.

Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін ) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттармен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялапр, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестермен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын ) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.

Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластаушы заттардың түрімен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады.

Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздеріне тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, електерді, гидроциклондарды т.б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды-мұнайұстағыш, маймен смола аулағыш, жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.

Ақаба судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді. Арнаулы мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттері одан кейін орнатылады.

Коммуналдық шаруашылықтан шыққан сұйық қалдықтарды механикалық әдісті қолдану арқылы ерімейтін қоспалардың 60 пайыздық мөлшерінен тазалауға болады. Ал кейбір өндірістік сулар бұл әдіспен 95 пайызға дейін тазаланады.

Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсызданыру жолдары жатады.

Нейтралдау процесінің құрамында қышқылы немес сілтісі бар ақаба суының р Н мағынасын 6,5 -8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшінт қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға ақаба су нейтралдауға қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады.

Тотықтандыру процесі ақаба суындағы ұлы қоспаларды (цеониттерді, мышьяктің еритін қосылыстарын және т.б.) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйытылған хлор ауа оттегі, озон, гипохлорид, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реогенттер пайдаланылады.

2.Озондау ақаба суын мұнай өнімдерімен, фенолдан, күкіртті сутектен, цеониттерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары.

Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзінде пайдаланылатын физикалық-химиялық әдістерге –каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру су буыменайдау, сорбция, экстракция, дегазация, электрохимиялық тәсілдер, ультра дыбыспен суды өңдеу т.б. жатады.

Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын өздерінің қоретенуіне өсуіне және көбеюіне пайдаланылатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организдерге әртүрлі бактериялар, балдырлар, саңырау құлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.

Микроорганизмдердің қатысуымен екі процесс- тотығу (аэробты) және тотықсыздану (анаэробты) жүреді. Аэроробты процестерге активті лайдан немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуымен 20-30 градус С шамасындағы температура қажет. Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді. Бұл жерде жүретін негізгі процесс лайдын ашуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды залалсыздандыруға қолданылады




Бақылау сұрақтары:

  1. Ақаба су.

  2. Ағынды судағы ластағыштар.

  3. Тотықтандыру процесі.


Лекция № 23-24
Тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің экологиялық жағдайы.
(2 сағат)
Жоспар:


  1. Орман байлығын қорғау жолдары, қылқан жапырақты аралас сексеуіл ормандары.

  2. Антропогендік факторлардың әсерінен олардың жағдайының нашарлауы.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер әлемінің экологиялық жағдайын, оның ішінде ормандарда жапырақ түсуші ағаштармен қатар қылқан жапырақты ағаштарды жан жақты қарастыру.
1.Аралас ормандар. Бұл ормандарда жапырақ түсуші ағаштармен қатар қылқан жапырақты ағаш өседі. Бұл биомдар суық қысты аймақтарда таралған. Оны оңтүстіктегі жапырақ-түсуші ормандар мен солтүстіктегі тайга арасындағы ауыспалы зона ретінде қарауға болады. Бұл ормандар АҚШ-тың оңтүстік-шығысында, Батыс Европа, солтүстік және шығыс Маньчжурияның шекаралық аудандарында және Сібірге қосылып жатқан шектес аймақтарда, шығыс Корея және солтүстік Жапония бөліктерінде орналасқан.

Солтүстік қылқан жапырақты ормандар – тайга. Бұл биомдар қыста тұрақты қар жамылғысымен және салқын қыс климатымен сипатталады, әсіресе полюсқа жылжыған сайын. Мәңгі жасыл ормандар Евразия (Ресей, Скандинавия елдері) мен Солтүстік Американың (Канада) үлкен кеңістігін алып жатыр. Тайга ормандары моно немесе олиго-доминантты. Әдетте қарапайым және анық бөлінген зоналық құрылым тән. Сібір шыршасы, кәдімгі қарағай, сібір қарағайы, европалық балқарағай өседі.Өсетін ағаш түрлеріне қарай тайганы мынадай типтерге бөледі: күңгірт-қылқанды шыршалы, ақшылқылқанды шыршалы және ақшылқылқанды балқарағайлы. Жауын-шашын мөлшері 30 см-ден аз, көбінесе жазда болады; қыста ауада ылғал аз, құрғақ болады. Булану деңгейі төмен, сол себептен бұл зонада көлдер мен батпақтар көп. Солтүстік тайганың бөлігі мәңгі тоң астында. Солтүстігінде тайга тундра зонасына ауысады.

Адам қоғам дамуы Жердің эволюциялық процестеріне өзгерістер әкеледі. Мәдениеттілік дамудың алғашқы кезеңдерінде жерді егіншілікке пайдалану үшін ормандарды кесу, өртеу, малды жаю, жабайы жануарларды аулау, соғыстар көптеген аумақтарды құртты. Өсімдік қауымдастықтары, кейбір жануарлар түрлері жойылды. Өркениеттік дамыған сайын адамзат күннен күнге өсіп жатқан өз мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін тірі және тірі емес табиғи қорларды пайдаланудың жаңа жолдарын игере бастады.

Халық санының өсуі және ауыл шаруашылықтың, құрылыстың, транспорттың қарқынды дамуы Европа және Солтүстік Америка ормандарын жаппай жоюға әкелді. Жайылымдарды шектен тыс пайдалану нәтижесінде өсімдіктер сиреп, топырақтар эрозияға ұшырады (Орта Азия, Солтүстік Америка, Европа оңтүстігі). Еуропа, Америка, Африка, Азия, Австралия елдеріне жануарлардың жүздеген түрлері жойылды. Ғалымдардың болжамы бойынша көне дәуірдегі орталық-американдық Майя мемлекетінің аумағында өсімдіктерді түбірімен кесіп өртеу, егіншілік түрін қолдау нәтижесінде топырақтардың тозғаны осы жоғары дамыған мәдени мемлекетті жоқ қылды.

Біздің планетамыздағы организмдердің орасан зор әртүрлілігі – биосфераның қалыпты тіршілік етіп, тұрақты болуының маңызды шарты. Жануарлардың түрлері өсімдіктермен салыстырғанда едәуір алуан түрлі және бай болады. Құрлықтағы жануарлардың саны, оның жер бетіндегі санының 93 пайызын құрайды, ал судағы жануарлар – небары 7 пайыз. Өсімдіктер арасында гүлді өсімдіктер (жабық тұқымдар) – 50 пайыз, оның ішінде 92 пайызы құрлықтағы, 8 пайызы – судағы болып келеді.

Әрбір эволюция кезеңдерінде бір түрлер өліп, олардың орнына екіншілері пайда болып, олар өздерінің даму кезеңдеріне жетіп қайтадан жойылып кеткен. Ал олардың орындарына жаңа түрлер пайда болған. Бұл процесс климаттың өзгерісісен ландшафттарды өзгерткен тектоникалық құбылстармен байланысты. Осы құбылыстар нәтижесінде бүкіл биоценоздар ауысқан, бірақ бұл процесс өте баяу жүріп ондаған миллион жылдарға созылған. Қазіргі кезеңде өсімдіктер мен жануарларды өзгертетін ең негізгі күш ретінде қуатты техникамен жабдықталған адамзат деуге болады. Антропогендік әсерлер барлық табиғи биогеохимиялық айналымдарды бұзуда. Планетамызда апатты мөлшеоде топырақтың құнарлығы төмендеп, ормандар жойылуда. Ал бұлар болса көптеген жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік мекені.

2.Планетадағы ормандар көлемі – 4 млрд га, оның ішінде тропикалық ормандар – 2 га. Соңғы 300 жылдарда ормандардың 70 пайызы жойылған. Ормандардың жойылук қарқыны, мамандардың айтуынша, жылына – 30 млн га, немесе бір минутта – 20 га. Ормандардың жойылу нәтижесінде климаттық өзгерістер болып жатыр. Көміртек, оттек, су баланстары бұзылып, топырақтың химиялық құрамы өзгеруде, бүкіл экожүйелер құруда. Бұрын орманды болған көптеген аумақтарда, ормандардың 10-30 пайызы ғана қалған. Африкадағы тропикалық ормандар 70 пайызға, Оңтүстік Америкада – 60 пайызға кеміген. Қытай территориясының 8 пайызы ғана орманды.

Жабайы жануарлардың тіршілік мекендерінің құруы, олардың көптеген түрлерінің жойылуына әкеледі. Осыдан жүз мың жыл бұрын Еуропада адамның іс-әрекетінен орман пілдері, орман мүйіз тұмсықтар, кейін, аса ірі бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар, үңгір аюы, мамонттар жойылып кетті. Үш мың жыл бұрын Солтүстік америкада алып ламалар, ірі мысықтар, ірі ягуарлар, өте ірі жыртқыш құс – тераторондардың өлімдеріне де адамның қатысы болды.

Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау Одағының (ХТҚО) мәліметі бойынша соңғы 400 жыл ішінде Жер бетінде 100-ден астам құстардың түрі, 70-тей сүтқоректілер түрлері жоқ болды.

Көбінесе мұндай түрлердің шығын болуы жоғары деңгейлі эндомизмді экожүйелерді шаруашылықтарды игерумен және ластанумен байланысты. Мұндай аймақтарда Жерорта теңізі және Африканың оңтүстігіндегі Кап провинциясы (эндемиктердің 600 түрі), Байкал көлі (1500 түрі), Малави көлі (500 түрі).

Биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін әлемдік генетикалық банк құрылып, онда Бүкіләлемдік өсімдіктер плазма ұрықтары сақталуда. Бұл ынтымақтастықта 100-ден аса ел қатысады. Ерекше қорғалатын аймақтар жүйесі дамуда. Бұл шаралардан басқа, соңғы кездері жоғалып бара жатқан өсімдік пен жануарлар түрлерін сақтау үшін қарышты қарқынмен биотехнологиялық әдістер дамуда. Олардың қатарына in vitmo (жасалды жағдайда) микроклональды көбею, еріксіз жағдайда өсіру, криоконсервация (суыққа консервациялау) жатады. Сонымен қатар, көптеген амин қышқылдары, азықтық белок, әр түрлі биологиялық белсенді қосылыстар биотехнологиялық әдістермен алынады. Биотехнологиялық өндірістен түсетін пайданың бір аз ғана бөлшегі, биотехнологиялық сақтауға кететін шығынның бәрін өтейді. Мысалы АҚШ-та биотехнологиялық индустриядан түсетін пайда жылына 8 млрд доллор болса, сирек түрлерді қалпына келтіру шығыны небары 10 млн доллор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет