Лекция:: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135



бет5/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#133648
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

  1. Айырбастан алынған ұтыс

  2. Маманданудан түсетін ұтыс



11 тақырып. Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы

Жоспары:

1.Тұтынушылардың ұтысы мен шығындары

2.Халықаралық саудадан алынатын таза ұтыс

Лекция мақсаты: Сыртқы саудада жүргізілетін каналдарға байланысты біріңғай тауарлар бағасының деңейі анықтау. Осыған орай әлем нарындағы бірегей баға туралы шарттардың орыдалуы.

Лекция мәтіні.

1. И.И. Кретовке жүгінсек әлемдік баға- тауар құнын обьективті сипатайтын баға және оның өзіне тән мынандай белгілері болады:

1) бұл бағамен экспорт және мәмілелері тауар рыногының көпшілігіне дағдылы жағдайда жургізіледі;

2) бұл бағаны маңызды рыноктарда үнемі жүргізіліп түратын мәлемілерде қолданылады;:

3) бұл төлемін еркін айырбасталған валютамен жүргізетін мәмілелердегі тауар бағасы

Әлемдік баға - әлем нарығында қалыптасатын халықаралық бағаның сипаты. Бәсеке ықпалмен әуелі қандайда бір елдің ішіндегі капиталдың пайда нормасы теңесіп, өнірістің ұлттық бағасы қалыптасады. Сонан соң әлемдік рынокта бірден немес ұқсас тауарлар шығаратын жекелеген елдер өндірісінің ұлттық халықаралық бағасы қалыптасады.

Сыртқы сауда жүргізілетін каналдарға байланысты біріңғай тауарлар бағасының деңейі де айрықшаланады. Осыған орай әлем нарындағы бірегей баға туралы айтқанда бірнеше шарт орыдаулы тиіс. Мына бағаларды айыру қажет:

1) бір трансұлттық корпорация құрамына кіретін фирмалар арасындағы саудада қалыптасытын баға ( трансфкеттік баға) Бұндай жағдайда баға қалыптасуына ықпал ететін корпрацияның жалпы ортақ мүддесі болады.

2) Тәуелсіз фирмалар арасындағы келісім- шарт негізінде қалыптасатын еркін сауда бағасы.

3) кредиторлар есебінен қаржыданатын , сатып алу кезінде қалыптасатын баға.

Ішкі ұлттық нарықпен салыстырғанда әлем нарығында баға қалыптасуы күрделене түседі, оған бірнеше себеп болады.

1. Әр елде мемелекетті экономикаға кірісу дәрежесі әр түрлі.

Тұтыну тауарларының бағасына байланысты заңдардың елдет өзінше ерекшілігі болады.

2. Алуан түрлі нарық болады, әр елде тұтынушылар тауарлардың белгілі бір түрлеріне ынтық болып соған басқа тауарларға қарағанда артық тлеуге дайын түрады.

3. экспортқа шығарлығында өніснің бағасы әрқашанда өседі.

Оған себеп: тасмалдау, арнайы орап қаптау және таңба салу.

Ерекше қарастырылатын фактор- ұсынысының моноплизациялану дәрежесі.

Жиі кездесетін жағдай- тауар тұтынушылар саны шектеулі болуы . Ондайда сатып алушылар өктемдік көрсетіп бағаға ықпал жасайды да, сатып алатын өнім бағасын төмендетіп , моноплолдық артық пйданы табады. Баға деңгейі нарық сегменттерінде бәсекенің әр басқа деңгейі орнығады. Көбінесе бәсеке қарқындылығы шамамен тмен болған нарық сегментіне бәсеке қарқыны жоғары келетін нарықтардан гөрі бағаны бірталай жоғары деңгейде тағайындауға болады.

Бағаға ықпал ететін факторлардың 3-ші түрі тауар тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы қатынас байланыстан тыс сыртқы факторлар. Оларды арасында мыналарды есепке алу керек. Макроэкономикалық факторға- экономикалық айналсоқтың.

Басты (базалық) экспорттық бағаны тағайындау үшін баға саясатының мазмұнына, мақсатты нарық сегментіндегі бәсеке деңгейіне, тауардың техникалық-экономикалық көрсеткішьерінінің ерекшеліктеріне сәйкесбағаны қалыптастыру әдісін таңдау қажет.Экспорт өнім бағасын тағайындауда жиі қолданылатын ағымдағы есептеп шығару әдістері:


  1. «ағымдағы шығында-пайда» әдісі (шығындық әдіс);

  2. нысаналық пайда әдәсі

  3. сұранысты есептеумен бағаны тағайындау әдісі

  4. әлемдік орта деңгейінің баға әдісі

  5. тауар бағалылығын сезіну негізінде бағаны тағайындау әдісі

  6. халықаралық тендерде бағаны тағайындау

  7. шығындар қорытындысы негізінде бағаны белгілеу

Өндіріс шығындарымен жоспарланған пайда негізінде шығарылған пайда сыртқы сауда бағасы бола алмайды. Себебі, ол бағада сыртқы нарықтағы тауардың нақты құнын белгілейтін құны есептелмеген.

Ескере кететін жайыт шарттарды ішкі көтерме сауда бағасы мен өтеу бағасы қолданылмайды, сонымен бірге көбінесе шығынды келетін, құн мөлшерімен алшақтау болатын келісілген бағалар да мүлдем қолданылмайды. Ол бағаларды сыртқы саудада қолдану өнімнің сыртқы рынокқа бәсекеге жарамсыздығына немесе ірі валюталық зиян фирмалар есептеуді бірнеше бағытта жүргізеді.: шығындармен белгіленген пайданы нысаны ету немесе негізгі бәсекелестер бағасына бағытталу (немесе алдыңғы шепке кележатқан басшының бір бәсекелестің бағасын нысана тұту). Осы бағыттарды таңдауға байланысты бағаның есепттеп шығарудың төмендегі түрлері кездеседі.

Шығындық әдіс. Банда толық, тікелей, орта есептелген стандартталған және шекті шығындар туралы ақпаратты қолданады және нысаналы баға саясатын (пайданың нысаналы нормасы) ескереді. Әкімшілік түрде тағайындалған бағаны нарықтық елде мойындайды, әлде мойындламайды, яғни сол бағамен тауар өткізілуі мол болып фирма пайда түсіреді немесе сауда көлемі болар-болмас болып, фирма ойсырамау үшін рыноктан кетуге мәжбүр болады.

2. Нарыққа ену стратегиясы болып кәсіпорынның жаңа нарықтарға төменірек бағаларды қолданылып тез енуіне негізделеді. Бірақ бұл кәсіпорынның рынокқа қысқа мерзімде өзіндік құн төмен(бір даналық шығыны төмен) тауарды өте үлкен көлемде «жаудырта» алатын мүмкіндігі болғанда ғана ұтымды болады. Осыған дейін көбінесе баға көтеріле бастайды, бұл стратегия сұраныс үлкен болған жағдайда да ғана тиімді бола алады.

Түбіне жету стратегиясы («қаймақ сыпырып алу») болса, керісінше жаңа тауар рынокқа ену фазасында жоғарырақ бағаны қолдануды талап етеді. Осындай тауар саны (сауда көлемі) аз ал өзіндік құны жоғары болады. Кейін нарықтағы тауар үлесінің (сауда көлемі)өсумен немесе бәсеке күшеюімен баға бара-бара төмендейді.

Екі стратегия – ену стратегиясы да, түбіне жету стратегиясы да негізденетін шарт – тауардың жоғарғы сапасы немесе оның өзгешелігі (уникалдігі).

Баға диференциялау стратегиясының мәні бір тауарға тұтынушыларының әр түрлі топтарынан(белгілі критерилермен бөлгендер) әр басқа басқа денгелі бағаны өтеуді талап етуде. Бұл стратегия рынок сегменттерін диференциялдық өңдеу құралы болып табылады. Бағалық диференцияция стратегиясын жүргіззуге түрткі болатын кәсіпорынның өз көзқараы бойынша, рынокты тағам тұтыну география критерилері бойынша сегменттеу. Бұл стратегияның іске асуы рынокты сегменттерге дәлдікпен бөлуге болғанда;сегментер әртүрлі кедергілерге бөлінгенде мүмкін болады, яғни төмен деңгейлі бағалы сегментіне сата алмайды. Мұндай жағдайлар ішкі рынокқа қарағанда сыртқы рынокта жиірек кездеседі. Сондықтан әр елде әртүрлі баға тағайындау тура халықаралық саудагердің макситмалды пайда алуға мүмкіндігі ашылады.

Бірақ, нарықтарда осылай тиімді түрде бөлуге бірқатар себеп бөгет қыладыр:аймақтық топтар мен экономикалық одақтардың құрылуы бағаны сәйкестендірілуі тенденсиясын күшейтеді; бәсеке бара-бара ғаламдық сипат алукда; халықаралық байланыстар ұлғайып, дистрибьютерлер бір-бірімен жиі кездесіп баға туралы ақпаратпен қамтамасызданады.
Бақылау сұрақтары:

1. Экспорт өнім бағасын тағайындауда жиі қолданылатын ағымдағы есептеп шығару әдістері.

2. «Қаймақ сыпырып алу» стратегиясының экономикалық маңызы.

12 тақырып Өндіріс факторларының арақатынасы териясындағы табыстарды бөлу

Жоспары:

1.Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы

2Столпер-Самуэльсон теоремасы

Лекция мақсаты: Өндіріс факторларына бағалардың теңестірілуі теоремасын талдау

Лекция мәтіні.

1. Сауда нетижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденсиясы байкалады. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауардың өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы өзгере ме? Егёр сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі каптиталды көп қажет ететін тйуар бағасы езгерсе, капитал бағаға қалай өзгереді? Бұл сұраққа американ экономисі Пол Самуэльсон жауап береді. Хекшер-Олин теориемасының алғышарттарының дәлдігінен шыққан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады.

Өндіріс факторларына бағалардың теңестірілуі теоремасы (Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы) - халыкаралық сауда саудаласатын елдердегі өндірістің гомогенді факторларына абсолютті және салыстырмалы бағалардың теңестірілуіне алып келеді.

Қарапайым сөзбен айтқанда, сауда нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларының теңестірілуіне әкеледі. Капитал гемогендігі дегеніміз-капиталдың бірдей өнімділігімен, қатерлігімен, тәуекелдігімен сипатталып,ал еңбек гемогендігі-еңбектің бірдей дайындық білім және өнімділік деңгейімен сипатталады. Берілген теореманың әділдігі Хекшер-Олин берілген шарттарын толық ұстануды қажет етеді.



2. Столпер-Самуэльсон теоремасы бойынша сауда нәтижесінде жалақысы төмен болған 1 і елде ол жоғарылайды, ал жалақысы жоғары болған 2-і елде ол төмендейді. Соған сәйкес салыстырмалы пайыздың қойылымы жоғары болған 1-і елде ол төмендейді,2-і елдің ол жоғарылайды. Сондықтан елдер арасындағы факторлар бағысының айырмашылығы қысқарды. Халықаралық тауарлар саудасына өзінің өндіріс фактор құнына кері әсерімен бағалардың теңелуінің орнын басады. Ол өндіріс факторлар ауысуьь нәтижесінде жұзеге асырылуы мүмкің еді,бірак жасалған шарттарға сәйкес өндіріс факторлары ауыса алмайды. Теория жүзінде халықаралық сауда өндіріс факторларының салыстьтрмалы бағаларындағы айырмашылық болғанға дейін дами береді. Егер де елдер арасындағы салыстырмалы бағалар үйлескен болса, өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары да үйлестіліл гең болады.
Бақылау сұрақтары:

1.Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасының мәні

2Столпер-Самуэльсон теоремасының мәні

13тақырып. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

Жоспары:

1.Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі

2.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және түрлері

Лекция мақсаты: Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттыры айқындау және сыртқы сауда құралдарын анықтау

Лекция мәтіні.

1. Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әрі бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:

Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама кабылданғат саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді жәре ол әлем еддерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

Сырткы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекет түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттыры:

-осы елдің халықаралық еңбек белінісіне кіруінің дәрежесі мен
әдісін өзгерту;

-экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;

-елді кажетті ресурстармен қамтамассыз ету (шикізат, энергия, және т.б.);

-экспорт пен импорт бағаларының арақатнасын өзгерту.

Кейбір мақсаттар үзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежес мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалыға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда саясытың негізгі екі бағыты бар:

- еркін сауда саясаты;

- протекционизм.



2. Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға
тікелей араласуын бас тартып, рыноққа негізгі реттеуші ролін жүктеуін
білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттіт осы шаруашылық іс-әрекеттің
бағытына әсер етуден толық шегтелуін білдірмейді. Мемлекет өз
шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін, басқа
елдермен келісім-шарттарға отырады.

Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, ойткені елдердің байлакыстылығы күшейіп, бір-біріне дүшпандық әрекетінің мүмкіндігія төмендетеді. |

Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыган елдерге халықаралық аиырбастан неғүрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде еркін сауда саясаты бастапқы күйінде кашан және еш жердеқолданылған жоқ.

Сауда саясатының қүралдары. Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әркетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлкеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалыга бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тьшым салу боллып табылады.

Сырткы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын үлғайту және азайтуға әсер ету қүралдарый пайдалану арқьшы, мемлекет шаруашьшық субъектілерін мемлекеті саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді.|


Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер кіреді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сыртқы сауда саясатының негізгі бағыттары.

  2. Сыртқы сауда құралдарының келісімдер жүйесі



14 тақырып Протекционизм: мәні және формалары

Жоспары:

1.Сауда саясатының құралдары

2.Сауда саясатының сипаты

Лекция мақсаты: Протекционизмнің экономикалық мәнін ашып қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Протекционизм - отындық экономикапы шетелдік
бәсекелестердегі қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен
салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күшгердіц еркін іс-әрекеті
жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің
экономикалықі потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған
байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық
күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мумкін. Күшті шетелдік
мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке | экономикалық дамуы
төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз
экономикалық құрылымның қалыптасуына алып келуі мүмкін.

Протекционизм елде белгілі бір салалалардың дамуына


көмектеседі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индрустрализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әcер етеді.

Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рүқсат етіледі.

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында үлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Сауда саясатының құралдары. Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әркетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді қүралдары әр түрлі тыйым салу, мысалыга бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тьшым салу боллып табылады.

2. Халықаралық сауданың сипаты сол саудаға қатысатын елдердің әлеуметтік – экономикалық құрылысымен, құрылымымен анықталады. Егер, бүгін халықаралық сауда негізінен тауар алмасуымен шектелсе, қазір ғылыми- техникалық ойлармен алмасу, лицензиялар беру формасында кеңінен дамуда (олардың бүкіл айналымдағы үлесі 10%,ал болашағы бұдан да зор). Қазіргі кезде бұдан басқа күрделі құбылыс жабдықтарды құрастыру ғана емес, жобалау және құрылыс жабдықтарды арендаға беруді қамтып отыр.

Халықаралық сауданың динамикасы мен құрылымына өндіргіш күштер, дүниежүзілік өндірістің құрылымы да қатты ықпал етуде. XIX ғасырда халықаралық сауда айырбасында көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Қазіргі кезде халықаралық айырбас өрісіне ғылыми- техникалық жетістіктер айырбасы қосылды, (лицензиялар мен ноу-хоулар мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен , лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялар жүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7 млрд доллор болса, 80 жылдардың 2-ші жартысында бұл сан жылына 17 млрд доллордан асты. Халықаралық сауда обьектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алу), инжиниринг (инженерлік құрылыс жұмысын атқару үшін жасалған келісімдер) жатады.

Халықаралық сауда да жаңа “индустриялды” елдер (Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань)үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі. Ұлттық өнеркәсіп өнімдеріне тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия арқылы ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды. Бірақ қатаң протекцизм сыртқы сауданы қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда саясатын өтуге мәжбүр етті. Еркін сауда саясатының негізін дамушы Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші роынға ие болды. Кейінірек басқа елдерде біртіндеп “еркін сауда” саясатына көше бастады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Протекционизмнің формалары.

  2. Пртекционизмнің артықшылықтарынеде?


15 тақырып. Халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері

Жоспары:

1.Кедендік баж салықтарының жіктемесі

2.Тауарлардың кедендік құны

Лексия мақсаты: Халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістерін меңгеру

Лекция мәтіні.

1. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады. Қедендік тариф - бұл баж салық қойылымының жүйеленгенітізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизімінің кіші ел экономикасында іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда Қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен түтынуы жүзеге асырылады дейік. Осы баға кезінде өндірілген және түтынылған мақта мөлшері Оо-ге тең болады. бүл жағдай автар-қиялык эқономикада пйда болуы мүмкін.

Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Р\у-қа тең кезінде ашты деп болжамдайық.. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішік бағалар төмендеи, мақта өндірісі Оо-ден, Оі-дейінтөмендеп, түтыну Оо-ден С-дейін өседі. Тұтыну; өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (02- Оі) тең болады. |

Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттың баж салығын (т) енгізіді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Р(-ге тең жаңа баға қалыптасып, Т= Р-Р болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Оі ден Оз-ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарын шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Үлттық өндіріушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бүл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Рж бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік езіне тиімді жаңа Р, бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда түтыну 02 ден 04 төмендеп, ал өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішқі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтаң импорттық срж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

2. Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішқі сүраныс пен әлемдік үсыныс
көлемінің арақатнасына байланысты іболады. Әлемдік үсынысқа
қарағанда аз сүранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік
бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі бага тарифтің толық сомасына
өседі.

Әлемдік баға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында, баж, салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарлатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы ел де ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады.

Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымеін байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынадай формулалармен анықталады:

Бұл жерде: дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:

- тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құныңың көлемі;

- импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі. Бүл формуладан қорғалу деңгейінің жоғарлауы дайын өнім мен икізатқа салынатын баж салықтар көлемі үлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоға|рылаған сайын немесе қосымша қүнның азаюына байланысты флып отыр. Бүл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу деңгейін жоғарлатуға тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.

1) Тауар қозғалысының бағыты бойынша. Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. өйткені олар үлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.

2) Баж салығын орнату әдісі бойынша. Орнату әдісіне сәйкес бажа салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің
маңызы жоғарлайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда
жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда
тауарды бағалау туралы Келісіммгн реттелуді. Адвалорлы баж
салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде
болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі
жоғарылаған сайын өсе түседі.

Спецификациялық рнайы), кедендік баж салығы өлшем бірлігінің


абсолютті мағанасында орнатылады.

Құрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі әдіспен орнатылады.

3) Баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша. Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискриминациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж; салықтары бір елдер немесе қандайда; бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.
Бақылау сұрақтары:

1. Кедендік баж салықтары

2.Тауарлардың кедендік құны қандай

16 тақырып. Тарифтердің экономикалық рөлі

1.Тарифтің экономикаға ықпал етуі

2.Тарифтің оңтайлы деңгейі

Лекцияның мақсаты: Тарифтің экономикаға ықпал етуін зерттеу

Лекция мәтіні.

1.Экономикалық саясат қүралы ретінде тарифті қолданудың қарсылыстары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:


  1. Тарифтер экономикалық өсуді тежейді;

  2. Тариф-тұтынушьшарға салықтық ауыртпалықты ұлқайтады;

  3. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіред;

  4. Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруына әкелед;

  5. Тарифтерді бр жақты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына

  6. әкеледі;

  7. Ал тарифтерді жақтауға мынадай дәлелдер келтіріледі:

  8. Тариф - жас салаларды қорғайды;

  9. Тариф - жергілікті салаларды қорғайды;

  10. Тариф - бюджеттк түсімдердің маңызды көзі;

  11. Тариф - ү.пттық қауіпсіздікті, елдіц халықаралық бедслш қорғайды.

Кедендік тарифтер кән түрлігі және орьшдайгьш мәселелері ооиьшша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең колданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді үлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы саданы реттеуде қолданылады. Тарифтік емес кедергілер

Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:

1) белгілі бір отандық өндіріс салаларын. қлрғауға бағытталған
импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын
толтыру, (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер, және
демпингке қарсы және орнын толтыру (компенсационные) баж
салықтары;

2) тікелей сьцфқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай


нәтижеге әкелетін әіамшілдік шаралар: кедендік құжаттарды дайындау,
техникалық және саритарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау.
мен таңбалауға қойыйатын талаптар т.б. сияқты.

3) сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол

нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:

нарық экономикасындағы басқа көлік түрлеріне бәсекелесу жағдайында көліктің басты мәселесі –ең кемінде, жүкпен жолаушылар көлемін сақтап қолу немесе мүмкіндігі келсе, сол көлемді көбейту, өсіру. Бұл ереже мәселен, темір жол үшін, ең маңызды болып саналады, себебі, ең ірі монополист бола тұра, басқа көлікпен салыстырса тасымалдау көлемі азайған жағдайда ең көп зиян шегеді. Қәзіргі уақыттағы темір жол көлігі тасымалдайтын жүк көлемі күрт төмендеуіне себеп болған өндіріс көлемінің жалпы төмендеуі және теміржолмен тасымалдау ынталандырылмайтын теміржолдағы тарифтік саясаттың салдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет