Лекция 30 Семинар: 15 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Ќорытынды емтихан 7 семестр Аралыќ баќылау -2 (60)



бет5/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#140076
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ойын тәсілі

Ойын әдісі дене тәрбиесіндегі ойындарға тән көптеген белгілерімен сипатталынады. Ойын дене тәрбиесінің құралы ғана емес, сонымен қатар ол үйрету мен тәрбиелеудін тиімді әдісі болып табылады. Сондықтан да ойын әдісінін табиғатын үғыну үшін жалпы ойынның мәнін айқындап түсіне білу керек.

Дене тәрбиесіндегі кез келген ойынның мазмүнның негізін адам денесінің дамып , жетілуіне ыкпал ететін қимылдар құрайды. Өйткені , гимнастика , спорт, туризм арасындағы айырмашылық көп жагдайда шартты болып келетінін айта кету керек. Бүл шарттылық олардың дамуы қарқынына карай айкын көріне бастайды. Ойынды белгілі ережелер шегінде орындалатын қимылдарлың жүйесі деп тану керек.

Ойын әдісіне тән сипатты белгілер :

1. Ойын қимылдарындағы айқын көрінетін бәсекелестік пен сезімдідік.

2. Күрес жүргізу шарттарының қимылдарды жасау талаптарының ауытқып өзгеріп отыруы.

3. Қимыл жасауда творчествалық, инициативаға жоғары талаптарды кою. Ойын жағдайларының түрленуі дене жаттығуларының нәтижелігін дербес тандауды талап етеді.

4. Қимылдар мен артык қимыл жүктемесі сипатында қатаң белгіленген уакыт тәртібінің жоқтығы.

5. Әр түрлі қиыл дағдылары мен сапаларының кешенді көрініс табуы.

6. Көп жағдайда ойыншылар арасындағы қарым қатынас қандай бір зат, немесс доп арқылы атқарылады.

Дене тәрбиесіндегі білім берудің сызбасы.

а) Білім беру кезеңдері

1. ТАНЫСУ

қозғалыс кимылымен сөзді. көрнекі құралдарды, іс-тәжірибе жаттығуларын пайдаланады

2. ОҚЫП, ҮЙРЕНУ

қозғалыс қимылдарын тәжірибедегі бөлшектен бүтінге, немесе бүтннен бөлшекке қарай меңгеру жолдарын пайдаланады.

3. БЕКІТУ, ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

қимыл жаңалығын жаттығу. жарыс, сонымен бірге (көмекші ретінде}

сөздік, көрнекілік әдістерді пайдаланады

Сонымен ойын эдісі қимыл жасау машықтарымен . қасиеттерін кешенді дамытуға, үйлестіруді жетілдіруге, жүмыстың тиісті қарқынын төмеидетпей кірісіп кетуге мүмкіндікагер тудырады.

Жарыс тәсілі

Жарыс тәсілінің өзіне тән белгілері бар. Атап айтқанда жарыс тәсілі арқылы кез-келген дене жаттығуларын орындауға болады. Өзіне тән белгілері бірнеше жолдармен ерекшелінеді:

I Жаттығушылардың күшін салыстырып, олардың кимылын белгілі бір дәрежеге сәйкестендіріп , жеңімпаздарды айқындау.

2. Жарыс тәсілі жаттығушылардың функционалды жэне психикалық мүмкіншіліктерін толық ашудағы және дене дайындығын көтерудегі рөлі өте үлкен.

3. Оқушыларға берілген тапсырмаларды бір жүйеге келтіреді және жаттығуларды жетілдіріп, дене сапасын тәрбиелеу барысында шектеулі жағдайда қолданылады .

Жарыс кезінде пайда болған мәселелер тез шешім қабылдауды талап етеді. Жарыс тәсілі балаларды аз уақыт ішінде жаттығуларды оқып үйренуге мүмкіншілік туғызады. Жарыс тәсілдерін дүрыс пайдалаудың нәтижесінде оқушылардың ептілік, төзімділік, шыдамдылық қасиеттері жетіледі. Егер сабақ барысында, жарысты өткізу кезінде мұғалім қателіктер жіберсе, (олардың мінез-құлқын дүрыс бағаламау) онда тәрбиелеумен түзелмейтін жағдайларға душар болуы мүмкін.

Үйренген қимылдарға, әдістерге сәйкес келетін дене жаттығуларын орындату жақсы нәтижелерге кол жеткізеді. Бүл окыту барысында оқушылардың саналығымен жоғарылатуға, үйретілетін жаңа қозғалыстарды дүрыс кабылдаута жетелеп, оған ұқсас әдістерді тез, әрі жеңіл орындауға септігін титізеді. Мысалы, қар лақтырып ойнаған бала допты нысынаға дәл тигізу машығын қалыптастырады.

Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.



Лекция № 8

Қимыл қозғалыс әрекетін үйрету үрдісінің құрылымы

  1. Сөзді қолдану тәсілі

2. Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі
Сөздің көмегімен мұғалім өз кызметінің конструктивтік, ұйымдастырушылық және басқа да жактарын қамтитын көптеген функцияларды аткарады. Оқушылармен тілдесіп, олармен өзара қарым - қатынасты орнатады. Сөз күллі үйрету процесінің белсенділігін арттырады, ой елесінін толық әрі анық түрінде қалыптасуынсыз ыкпал етеді, тереңінен ойлауға , оқу мақсатын жете түсінуге кемектеседі. Сөз арқылы оқушы жана білім алады, жаңа пайымдар мен ұғымдармен танысады. Сөз кемегімен мүғалім оқушынын оқу материалдарын игеруін бағалап, талдайды, сөйтіп баланың бойында өзін-өзі бағалау касиетін дамытуға ықпал етеді. Сайып келгенде дене тәрбиесі мұғалім сөздің екі бірдей функцияларын, яғни оқу материалының мазмұнын үғындыратын мағыналық қызметін және оқушының сезіміне әсер етугемүмкіндік беретін эмоциялық қызметін қолдана алады.

Сөздің мағыналық функциясын атқару үшін мүғалімнің сөзі оқушыға нақты әрі түсінікті болуы керек. Бұл нақты мына әдістемелік ұсыныстарда көрініс табады:

1. Сөздің мағыналық мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқытудың мақсатарына сай келуі тиіс.

2. Сөзді қолдану кезінде зерттелетін қимылдың тиімділігі жайында атап көрсету керек.

3. Сөз қимылдың жекелеген элементтері арасындағы (қатынасты) байланысты анықтауға жәрдемдесуі керек.

4. Оқушыларға дене жаттығуларының техникасының негіздерін түсіндіруде мүғалімнің сөзіне үлкен мән беріледі. Осы мақсатта жекелеген сөздін көмекші қүралдарын пайдалану қажет.

5. Сөз бейнеленген болу керек. Бүл оның көнекілігін арттырып, оқушылар үшін түсінікті етеді.

6. Сөздің мағыналық қызметі дене тәрбиесіндегі терминология проблемаларын дүрыс шешу негізінен туындайды.

Терминология заттар мен құбылыстарды сөзбен көрсетеді. Бүл оқушыларға таныс ұғымдарды арттыруға ал мұғалімге жалпы қабылданған термин - сөздердің түсініктемелерін айқындауға мүмкіндік береді. Нәтижеде мұғалім мен оқушылардың арасында қысқа, бірақ мән - мағыналы сөздерге негізделген өзара түсінік пайда болады.

Терминдерді сауатты қолдану, оларға қойылатын кейбір жалпы талаптарды білумен шартталады:

1. Термин дене жаттығуының техникасының негізін бейнелеп көрсететін болуы тиіс. Сонда ол қажетті мазмұнға ие болады,

2. Термин нақтылы болуы керек.

3. Термин түсінікті болуы керек.

4. Термин қысқа болуы керек.

Сөздің эмоциалық қызметі оқу және тәрбие мәселелерін шешуге ықпал етеді . Сөздің әсерлі болуы сөздің мағынасын күшейтеді және оның мәнін түсінуге кемектеседі. Ол мүғалімнің оқып үйрететін затқа оқушыларға қарым-қатынасын керсетеді, оларда қызығушылық арттырады, табысқа жетуде өз-өзіне сенімді болуына, қиындықтарды жеңуге игі ықпал етеді.

Әңгіме - материалды баяндау нысаны, мұғалім тарапыпан оқушылардың ойлау қызметін ұйымдастыру кезінде қолданылады.

Сипаттама - қимыл туралы баланың ой - елесін ояту тәсілі.

Суреттеу кезінде қимылға тән қасиеттерінің тізбесі беріледі.

Түсіндіру - қозғалыс - қимылдарға саналы қатынасты қалыптастырудың маңызды тәсілі.

Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:

1 .Қарапайым және күрделі қозғалыс жылдамдығы.

2. Жалғыз қимыл жылдамдығы.

3. Қимыл жиілігі.

Қарапайым жауап дегеніміз алдын ала белгілі қозғалыспен бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (мысалы, старттык тапаншаның атылуына жауап). Қарапайым көру - қозғалыс жауабының ұзақтығы спортшыларда орташа 0,10-0,20 секөнтте спортпен жаттықпайтындарға 0,15-0,25 секөнттен көбірек уақыт болады. Берілген дыбысқа жауап, спортшыларда 0,05-16 секөнтке дейін, жай амалдарда 0,20-0,35 секөнттен көбірек уақыт мөлшерінде болады. Қозғалыс жауабының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңнен түрады. Бірініші кезеңде кен тараған әдістер мыналар: қайталау әдісі (кенеттен болған дабылға көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну реакциясы). Мысалы: төменгі стартты орындау, дабыл бойынша қозғалыс өзгеруі жүріп келе жатып кілт тоқтау т.б.

Ойын әдісі (әр түрлі қимылдағы ойындар, баскетбол, стол теннисі т.б.) Жарыстық әдіс (кешігіп, жарыстан шығып келу т.б.)

Екінші кезеңде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады, ол жылдам және аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс жүзінде ол мынадай болып байқалады:-спортшы жаттықтырушының уақытқа жауабы туралы хабарын ала отырып старттық дабылды өте тез сезінуге тырысады. Сонан соң келесі: жаттығу сериясында ол сезіну шапшаңдығын өзі бағалайды. жатгықтырушы бұдан соң уақыт ұзақтығын хабарлайды. Спортшы мен бапкердің уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, жаттығушыға алдын ала келісілген шапшандык сезіну тапсырмасы беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығынын жақсаруына көмектеседі.

Күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы дегеніміз -белгісіз қоздырғышты сезіну, көру, жауап қайтару уақыты.

Күрделі қозғалыс жауабы көбінесе спорт ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Мұнда қозғалып келе жатқап объектіні (доп, қарсылас, семсер) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен, бір дүрыс әрекетті тауып, тез қолдану міндеті турады. Мысалы:доп соғылғанда қақпашының алдында төрт міндет тұрады: допты көру, бағытын және ұшу жылдамдығн-бағалау, әрекет жоспарын құру, оны орындауға кірісу. Күрделі қозғалыс уақыты қарапайымға қарағанда ұзағырақ 025-0,80 секөнтке созылады. Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіру үшін берілетін жаттығулар біртіндеп қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста қарсыластың соғу жылдамдығып арттыру, футболда ойын алаңының көлемін кішірейту, жеке сайыста қашықтықты азайту, жазу блоктары бар тренажерлық қондырғыштарды пайдалану т.б.). Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіруге ойын және жарыс әдістері қолданылады.

Негізгі қолданылатын - қайталау әдісі. Кенеттен пайда болатын дыбысты сезіну, басында бір (бокстегі оң қолмен соғатыі: соққы) сонан соң басында бір (бокстегі оң қолмен соғатын соққы) -сонан соң екі, үш, төрт және с.с серия соққылармен жауап қайтару.

Жалғыз қимыл жылдамдығы. Жалғыз қимыл жылдамдығы \семсерлесудегі түйреу, футболдағы доп тебу, баскетболдагы дон лақтыру т.б.) спорт ойындарында, жеке сайыста жергілікті жаттығулар бұлшық ет жүмысы кезінде пайда болады және қозғалыс реакциясы шапшандығымен қатар тәрбиеленеді.

Жалғыз қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған шапшандықпен орындалатын жергілікті жаттығулар (еңкею, сермеу, секіру, түйреу т.с.с.) қолданылады. Бүл жаттығулар, жалпы дамытатын жаттығулар комплексіне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бөлімінде орындалады.

Қимыл жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда қимыл жиілігі, жылдамдығы пайда болады (мысалы, 10 секөнтте орынла турып жүгірудегі өте көп қадам саны). Қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшандықта орындауға болатын жаттығулар пайдалынады (мысалы, 10 секөнт бойы жүгір}). Бұл жағдайда шапшаңдығыңды дамыту үшін, аз қашықтыкта катты (шапшаңдық қашықтықтың аяғына дейін бәсеңдемеу керек) жүгіру кажет.

Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайға түскен кезде беріледі. Қимыл жиілігін дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады. Жарыс әдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдық мүмкшшіліктернің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекті жылдамдық жаттығуларын көп рет қайталау шапшаңдық кедергісін» тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкіншіліктерінің өсуіне бөгеу болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін арнайы (мысалы, таудан еңіске жүгіру, бір нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядтарды лақтыру т.б.) жылдамдық қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Жылдамдық мүмкіншіліктерінің дамыту жағдайына қолайлы жас қыздарда 11 -12 жас, жасөспірім үл балаларда 12-13 жас. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Мысалы, эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б. Орта мектеп жасында жылдам күш жаттығуларын көп жасатудың маңызы зор. Мәселсн, секіру, көп ретте жоғары секіру, үдемелі жаттығулар, қысқа. қашықтыққа қатты жүгіру (30-60м) жаттығулары т.с.с.

Жоғары сынып оқушыларына мұндай жаттығулар күрделінеді. Өз жылдамдығын, күш жылдамдығын және төзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны (100-200) көбейеді. Спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады.

Балаларға жылдамдық жаттығуларын, бұлшық ет босаңситын жаттығулармен араластыра орындату керек жорғалай жүгіру, аяқты, қолды сілку т.б.)- Жаттықтырушы өзінің практикалық жүмысында жылдамдық мүмкіншілігі қысқа қашықтыққа жүгіруде ғана емес, жылдамдық күші қасиеттінің даму деңгейіне де байланысты екенін ескеруге тиіс.

Жылдамдықтың өсуіне көп күштің әсері тиетіні белгілі, сондықтанда, күштің өсуі жылдамдықтың өсуіне себебін тигізіп отырады. Жаттығу кезінде жылдамдықты үйренуге арналған жаттығуларды жоғарғы дәрежеге жуық жылдамдықта орындау шеберлікті шыңдауға жол ашады. Жылдамдықты тәрбиелеуде дене сапасының ішінде ептіліктің орны ерекше. Дененін барлық сапалары мен қозғалыс дағдылары бірімен - бірі тығыз

байланыста болады.


Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.



Лекция № 9

Дене қасиеттерін тәрбиелеу құралдары

  1. Күш және оны дамыту әдістемесі

  2. Төзімділік және оны дамыту әдістемесі

«Дене қуатының қасиеті» және «қозғалыс қасиеті» деген-терминдер арнайы оқу кітаптарында бір мағынада пайдалынады Олар адамның қозғалыс мүмкіндігінің екі жағын көрсетеді. Дене қуаты қасиетінің әрекетті жағына «даму» және «тәрбиелеу» деген терминдер қолданылады.

«Даму» термині дене қуаты қасиеттінің табиғи өзгеру сипатын, ал «тәрбиелеу» қозғалыс қасиетінің көрссткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дене қуаты (қозғалыс) қаеиетін- күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік, ептілік жатады

Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.

Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:

1. Жеңу тәртібінде бұлшық ет жиырылады.

2. Көну тәртібінде бұлшық ет созылады.

3.Қозғалмайтын (статистикалық) тәртіпте бұлшық еттің үзындығы өзгермейді.

Күштің пайда болу түрлері: өз - күш мүмкіншілігі статистикалық кезде (дене қалыбын үстау) және ақырын қозғалыс кезінде пайда болады. Күш жылдамдығының мүмкіншілігі жылдам қозғалыста пайда болады (секіру, лақтыру т.б.) . Адам денесі күштің пада болу процесінде үлкен маңыз атқарады. Адамның қозғалысқа өз дене салмағын есептемей көрсеткен күшін - абсолютті күш дейміз.

Әр қилы салмақтағы адамдардың күшін салыстыру үшін салыстырмалы күш деген үғым пайдалынады. Бүл 1 кг адам салмағына келетін күш мөлшері. Спортшылардың салмағы өсуімен бірге абсолюттік күші көбейеді, ал салыстырмалы күші азаяды. Жаттығушылар абсольюттік немесе салыстырмалы күштерін спорт түрлеріне байланысты дамытады. Мысалы, жеке [сайыстагы спортшыларға (найза, граната) абсолюттік күш қажет, . ал гимнастикамен айналыстырғанда, акробаттарға, палуандарға,

штангашыларға (жеңіл салмақ дәрежесіндегі) салыстырмалы күш керек, ол күш неғүрлым көп болса, соғүрлым спортшылардың дене қуатының дайындығы жоғары болмақ.

Күшті дамытудың амалдары мен әдістері. Күшті дамыту үшін жоғары қарсылықты жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді: І.Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт қүралдарының салмағы, серігінің қарсы әрекеті, сыртқы ортаның қарсылығы жатады. 2. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (серіппеде тартылу, отырып-түру, секіру т.б.)-

Ауырлық шамасын білу үшін спортшы қанша рет көтере алатыны белгілі салмақ қолданылады. Ол салмақ қайталау максиумы (ҚМ) деп аталады. Мысалы, 2 ҚМ дегеніміз, спортшы екіден артық көтере алмайтын салмақ. Дене тәжірибесінде мынадай кең тараған күш дамыту әдістері бар: максималдық күш салу әдісі. Жаттығуларды аса ауыр заттармен орындау сипаты ауыр салмақты штанганы көтеру, салмақ қосу тартылу т.б.), жүйкені бұлшық ет аппаратының жұмысын шегіне жете қолдануға, сол арқылы күштің көп өсуіне мүмкіндік береді. Алайда бүл әдіс психикалық ауруға соқтырады, сондықтан да балалармен жұмыс істегенде бүл әдісті байқап қолдану керек. Қарсыласу шамасы 1-4 ҚМ, бір жаттығу сабағында 3-4 бөліммен орындалады. Бөлім аралығында тынығу толық бастапқы қалыпқа келгенге дейін 3-5 минөтке созылады.

Қайталап күш салу әдісі. Бұл әдіс екі негізгі ауырлық шегі аймақтарына бөлінеді. Әрбір аймақта жаттығу әбден болдырғанша немесе келмей қалғанша орындалады. Бүл" жағдайда' күш түсірудің шегіне жету әсері байқалады, жаттығуға көптеген бұлшық еттер саны қатысып, көмектесе бастайды.

Бірінші аймақ: жаттығу сабағында қарсылау шамасы 4-12 ҚМ (масимуммен 30-70), 3-6 сериямен орындалады. Серия арасындағы тынығу 2-4 минөт. Мұнда организм толық бастапқы калпына келмейді. Бұл жерде абсолюттік күш және күш төзімділігі дамиды.

Екінші аймақ: қарсылық шамасы 15-25 ҚМ (максимумнан 30), 15 сериядан артық орындалады. Серия арасындағы тынығу 2-4 минөт. Мұнда күш төзімділігі дамиды. Жаттығу өте тез қарқынды орындалса, күш жылдамдығы қасиеті өседі. Қайталап күш салу әдісі балаларды зақындандырмайды, тәсілді жақсарту жұмысын жеңілдетеді, зат алмасу процесін жақсартады, бұлшық етті өсіреді. Жеке бұлшық ет топтарын дамыту үшін қолдануға болады.

Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі: балалар мен жасөспірімдердің күшінің өсу қарқыны сүйек-бұлшық ет жүйелерінің морфофункциональдық өзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық жетілуіне, қозғалыс белсенділігі деңгейіне т.б көптеген себептерге байланысты. Сүйек - бұлшық ет аппараты өзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондыктан бастауыш және орта мектеп жасындағы оқушылардың күшін дамытуды жылдамдатуға болмайды. Статистикалык жаттығуларды шектеп жалпы қозғалыс сипатындағы жаттығуларды көп қолдану қажст.

Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдірудің негізгі міндеттері: барлык бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуы, дененің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік "бұлшық ет белдемесін" құру. 7-8 жасгағы балалардың күшін жетілдірудің қарапайым амалдары: гимнастикалық қабырғаға, сүйенбелі сатыларға өрмелеу, ұсак доп лақтыру, секіру, жеке сайыс элеметтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б. 10-11 жастағылардың күшін жетілдіру талабы артады: толтырылған доппен жаттығулар, арқанға өрмелеу. козғалыс сипатта күш түсіретін козғалмалы ойындармен жаттығу т.б. колданылады. 12-13 жаста күшті арттыру амалдарын көбейтуге болады. Бұл жастағыларға арнайы қүрастырылган бүлшык ет топтарына арналған ұсақ ауырлықтарымен қозғалыс сипаттағы күш жаттығуларының комплексін беруге болады. 14-15 жастағы жасөспірімдердін денеге күш түсіретін жаттығулар жасауына шамалары жетеді. Осы жастан күшке бағытталған жаттықтырулар беруге әбден болады. Осы міндеттерді орындау үшін дене тәрбиесі сабактарында толтырылған доптармен жаттығу, айналмалы жаттықтыру, аркан тартысу сияқты күш ойындары т.б. қолданылады. Жаттығу динамикалық, статикалық сипаттарда орындала береді.

Абсолюттік :күштін табиғи өсуі бозбалаларда 16-17 жаста қыздарда 10-11 және 16-17 жаста айқын байқалады. Осы кезеңдерге жүргізілген окушылардын күш дайындығының жедел жетілуіне көмектеседі

Адамның жүмысты ұзақ қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алу уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз. Төзімділікті анықтаудың, түзу жэне жанама деген екі әдісі бар. Түзу әдісінде сыналатын спортшыға бір тапсырма беріледі де (мысалы, велоэргометрде жүмыс істеу, стадионды айналып жүгіру т.с.с.) сол жүмыстың орындалған уақыты анықталады. Жанама жолмен төзімділікті анықтауда ұзак қашықтыққа (500,1000,3000 метр) жүгіру уақыты немесе белгілі уақытта бір жұмысты орындау. Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Жалпы төзімділіктің сипаты - спортшының ұзақ уакытқы, жай қарқынды, бұлшық ет топтарының көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу, ескек есу т.с.с). Жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның үзақ аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап түра алу қабілеттілігі) мүмкіндігі.

Белгілі әрекетке арналған, спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы төзімділік дейміз. Мысалы, палуанның арнайы төзімділігі, шаңғышының арнайы төзімділігі т.с.с. Арнайы төзімділіктің көптеген түрлері бар: шапшандық төзімділігі, күш төзімділігі, шапшандық күш төзімділігі, статикалық күш төзімділігі және аралас төзімділік. Жұмысты энергиямен қамтамасыз ету жағынан аэробты, анаэробты және аралас (аэробты-анаэробты) деген төзімділіктің үш түрі бар.

Аэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Аэробты төзімділіктің физиологиялық негізі, ол оттегінің жұмыс күшіне сәйкес пайдалану немесе «дем жетімсіздігінің пайда болмауы». Аэробты төзімділікті дамытқанда үш негізгі міндетті орындаймыз:

1. Тыныс алу денгейін жоғары дамыту.

2. Сол деңгейді ұзак уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту.

3. Тыныс алу процестерін тез өрістетуді жоғары шамаға көтеру.

Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді (жүгіру, ескек есу т.б.) және циклді (күрестегі лақтырулар т.б.) жаттығулар,тыныс, жүрек-қан тамыры жүйелерінің өнімділігін арттырады, аэробты төзімділікті дамыту амалдары табылады. Аэробты тезімділікті дамыту үшін стандартты, үздіксіз және интервалды күш түсіру мен қатаң уақыт тәртібі жаттығулары қолданылады.

Стандартты үздіксіз жаттығулар әдісі. Жаттығуды орындау. уақыты 10-нан 30 минөтке дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезіңде минөтіне 150-170 рет. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүректің соғу шамасын, тыныс алу деңгейін көтеруге көмектеседі. Бұл әдіс төзімділікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады.

Интервалды жаттығу әдісі. Бұл жаттықтыруды жүргізу, жүрек қызметінің мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған Интервалды жаттықтыру кезінде жұмыс ұзақтығы 1-ден 3 минөтке дейін, күш түсіру қарқыны минөтіне 170-180 рет, тынығу ұзықтығы 45-90 секөнд. Жаттығуды орындау ұзақтығы, оқушының дайындығына байланысты беріледі.



Әдебиеттер

1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет