Лекция 30 Семинар: 15 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Ќорытынды емтихан 7 семестр Аралыќ баќылау -2 (60)



бет8/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#140076
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қимылды дамыту ерекшеліктері

Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді., Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде "өміршеңдік кешені" деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бүлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жылжыйды, жеті-сегіз айлығында отырып-түра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, түруға, жүруге үйрету қажет.

Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу ксрек. Бала алғашқыда сенімсіз,қимылдайды Алайда, екінші жылдың соңына қарай ол бүл қимылдарды толық игеріп, 1-1,3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі бөгеттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.

Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуіне талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып, шанамен сырғанайды,, велосипед айдайды.

Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.

Алтыншы, - жетінші жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б. меңгереді.



Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.



Лекция № 14

Мектептегі ДТ жүйесін жоспарлау және бақылау түрлері

  1. Денсаулық және спорт күндері

  2. Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны

Денсаулық және спорт күндерін өткізу мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына жазылып, оның өтетін уақыты көрсетіледі.

Денсаулық және спорт күндері тоқсанына 1 рет сабақтан босатылып, ал айына бір рет сабақтан тыс уақытта немесе каникул кезінде міндетті түрде өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері бастауыш сыныптарда 2-3 сағат, 5-8- сыныптарда 3-4 сағат, жоғары сыныптарда 4-5 сағат шамасында өткізіледі. Жарыстардың өтетін уақыты жергілікті ауа райына, мектептің мүліктік қорына, түрғылықты халықтың әдет-ғүрпына т.б. байланысты белгіленеді. Денсаулық және спорт күндерін 1-4, 5-8 9-11- сыныптарда бөлек немесе барлығын бір күнде өткізуге болады. Командаларды басқаруға, төрешілікке барлық педагогикалық үжым, ата-аналар т.б. жұмылдырылады. Жарыс бағдарламасына әр түрлі спорттық қозғалмалы ойындарды, жаяу, шаңғы саяхаттарын, жарысқа шық жас ұлан, жүгіру, секіру, лақтыру күндерін, эстафеталарды шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауды кіргізуге болады.

Жарысты ойдағыдай өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтарды,- төрешілерді, нүсқаушыларды, үгіт-насихат жүмыстарын, өтетін орындарын, алдыңғы қатарлы спортшыларды марапаттау жүмыстары алдын-ала дайындалады.

Денсаулық және спорт күні мектептегі ең бір үлкен мейрам болып саналады. сондықтан салтанатты түрде ашылады, оған атақты спортшылар шақырылып, олардың өнері көрсетіледі. Жарыстың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталады. Жарыстың басталуы және қорытындысы ата- аналарга, қоғамдық үйымдарға, оқушыларға радио арқылы хабарланады. Үйымдастыру жүмыстарын мектеп директоры, оның орынбасарлары және дене тәбиесінің мүғалімдері басқарады. Оқушылардың жарысқа қатысуын сынып жетекшілері, бастауыш сыныптың мүғалімдерімен басқа да мектеп қызметкерлері төрешілікке қатыстырылады.

Дене тәрбиесі мүғалімі сабағынан уақытша босатылған оқушылар мерекеге міндетті түрде қатысьш, төрешілерге мүмкіндігінше кемектеседі, бірақ олар жарыстардан және жорықтардан босатылады.

Денсаулық күнінің негізі оның бұқаралығында, сондықтан мерекелерге барлық оқушылар қамтылады. Денсаулық және спорт күндерін театр, кино, көрме т.б. кездесулерге пайдалануға тыйым салынады.

Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмүны.

1-тоқсан қыркүйек-қазан. Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Бастауыш сыныптарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және жоғарғы сыныптарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяхаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. үлттық ойындар өткізіледі.

II тоқсан - қараша-желтоқсан .Аймақтардағы ауа райы және мектептердің мүліктік қорына байланысты гимнасикалык эстафеталар жаяу және шаңғы жорықтары , бір орында тұрып үзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу. нығыздаған доп лақтыру сияқты залда үйымдастырып жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысын шығару мектеп қауымының міндеті.

III тоқсан - қаңтар - ақпан . Бұл мерзімде жарыстар негізінде: спорттың қысқы түрінен өткізіледі. 1-2- сыныптарда алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен шанамен сырғанаудан сынып аралық, жекешілік жарыстар өткізілсе ,3-4- сыныптарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі.

Жоғары сыныптарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Шаңғымен өткізілетін эстафеталармен бұрын оқып үйренген қозғалмалы ойындарды қар үсінде өткізудің денсаулыққа пайдасы өте зор. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген.

Жарыстар наурыз айында өткізілсе, ауа райының қолайлығына байланысты ойындарды таза ауада өткізуге болады. Жарыс бағдарламасына шаңғы, коньки, хоккей, төбешіктен шанамен сырғанау, спорттық және қозғалмалы ойындарды енгізуге болады. Ойындар мен эстафеталардың әр түрлері ұсынылады.

І-УШ сыныптар үшін: баскетбол добын алып жүру эстафетасы, екі допты қарама-қарсыы алып жүру, допты алыстан тастау, кедергі эстефеталары , т.б. ойындар өткізіледі.

ІХ-ХІ сыныптар үшін: доптарды алып жүру, допқа талас. допты алуға тырысу, волейбол, баскетбол, гандбол сияқты спорттық ойындар.

ІХ-ХІ сыныптарда ІІІ-ІУ тоқсандарда "Жігіт сыны", "Қыз сыны"ойындарын өткізу мерекенің сәнін және сапасын жақсартады. Жарыстың кезінде ерекше көзге түскен төрешілермен белсенді оқушылар мен оқытушылардың еңбегін марапаттаған мақүл.
Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999



Лекция № 15

Қимыл қозғалыс іс әрекеттеріне үйрету

  1. Дене тәрбиесінің мазмұны

  2. Қозғалыстағы жылдамдық

Жасына лайықты қимыл - қозғалыс ерекшеліктерімен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.

Бала дене тәрбиесінде, әсіресе ете жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінін тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.

Бала дамуы үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын. жарығын, жылылығын реттеу, дүрыс киіну - дене тәрбиесіндегі ең басты нэрсе.

Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысты шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.

Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу. қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, түлғаны ию т.б.) және рефлекторлы (табан саусақтарын жазу, бүгу т.б.) жаттығулар жатады.

Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайданылады: 1) гимнастикалық:: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, үзындыққа, биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті ("Аққулар мен қаздар"), спорт ойындарыныц элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б.; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.

Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:

1 .Қарапайым және күрделі қозғалыс жылдамдығы.

2. Жалғыз қимыл жылдамдығы.

3. Қимыл жиілігі.

Қарапайым жауап дегеніміз алдын ала белгілі қозғалыспен бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (мысалы, старттык тапаншаның атылуына жауап). Қарапайым көру - қозғалыс жауабының ұзақтығы спортшыларда орташа 0,10-0,20 секөнтте спортпен жаттықпайтындарға 0,15-0,25 секөнттен көбірек уақыт болады. Берілген дыбысқа жауап, спортшыларда 0,05-16 секөнтке дейін, жай амалдарда 0,20-0,35 секөнттен көбірек уақыт мөлшерінде болады. Қозғалыс жауабының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңнен түрады. Бірініші кезеңде кен тараған әдістер мыналар: қайталау әдісі (кенеттен болған дабылға көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну реакциясы). Мысалы: төменгі стартты орындау, дабыл бойынша қозғалыс өзгеруі жүріп келе жатып кілт тоқтау т.б.

Ойын әдісі (әр түрлі қимылдағы ойындар, баскетбол, стол теннисі т.б.) Жарыстық әдіс (кешігіп, жарыстан шығып келу т.б.)

Екінші кезеңде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады, ол жылдам және аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс жүзінде ол мынадай болып байқалады:-спортшы жаттықтырушының уақытқа жауабы туралы хабарын ала отырып старттық дабылды өте тез сезінуге тырысады. Сонан соң келесі: жаттығу сериясында ол сезіну шапшаңдығын өзі бағалайды. жатгықтырушы бұдан соң уақыт ұзақтығын хабарлайды. Спортшы мен бапкердің уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, жаттығушыға алдын ала келісілген шапшандык сезіну тапсырмасы беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығынын жақсаруына көмектеседі.

Күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы дегеніміз -белгісіз қоздырғышты сезіну, көру, жауап қайтару уақыты.

Күрделі қозғалыс жауабы көбінесе спорт ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Мұнда қозғалып келе жатқап объектіні (доп, қарсылас, семсер) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен, бір дүрыс әрекетті тауып, тез қолдану міндеті турады. Мысалы:доп соғылғанда қақпашының алдында төрт міндет тұрады: допты көру, бағытын және ұшу жылдамдығн-бағалау, әрекет жоспарын құру, оны орындауға кірісу. Күрделі қозғалыс уақыты қарапайымға қарағанда ұзағырақ 025-0,80 секөнтке созылады. Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіру үшін берілетін жаттығулар біртіндеп қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста қарсыластың соғу жылдамдығып арттыру, футболда ойын алаңының көлемін кішірейту, жеке сайыста қашықтықты азайту, жазу блоктары бар тренажерлық қондырғыштарды пайдалану т.б.). Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіруге ойын және жарыс әдістері қолданылады.

Негізгі қолданылатын - қайталау әдісі. Кенеттен пайда болатын дыбысты сезіну, басында бір (бокстегі оң қолмен соғатыі: соққы) сонан соң басында бір (бокстегі оң қолмен соғатын соққы) -сонан соң екі, үш, төрт және с.с серия соққылармен жауап қайтару.

Жалғыз қимыл жылдамдығы. Жалғыз қимыл жылдамдығы \семсерлесудегі түйреу, футболдағы доп тебу, баскетболдагы дон лақтыру т.б.) спорт ойындарында, жеке сайыста жергілікті жаттығулар бұлшық ет жүмысы кезінде пайда болады және қозғалыс реакциясы шапшандығымен қатар тәрбиеленеді.

Жалғыз қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған шапшандықпен орындалатын жергілікті жаттығулар (еңкею, сермеу, секіру, түйреу т.с.с.) қолданылады. Бүл жаттығулар, жалпы дамытатын жаттығулар комплексіне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бөлімінде орындалады.

Қимыл жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда қимыл жиілігі, жылдамдығы пайда болады (мысалы, 10 секөнтте орынла турып жүгірудегі өте көп қадам саны). Қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшандықта орындауға болатын жаттығулар пайдалынады (мысалы, 10 секөнт бойы жүгір}). Бұл жағдайда шапшаңдығыңды дамыту үшін, аз қашықтыкта катты (шапшаңдық қашықтықтың аяғына дейін бәсеңдемеу керек) жүгіру кажет.

Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайға түскен кезде беріледі. Қимыл жиілігін дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады. Жарыс әдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдық мүмкшшіліктернің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекті жылдамдық жаттығуларын көп рет қайталау шапшаңдық кедергісін» тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкіншіліктерінің өсуіне бөгеу болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін арнайы (мысалы, таудан еңіске жүгіру, бір нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядтарды лақтыру т.б.) жылдамдық қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Жылдамдық мүмкіншіліктерінің дамыту жағдайына қолайлы жас қыздарда 11 -12 жас, жасөспірім үл балаларда 12-13 жас. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Мысалы, эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б. Орта мектеп жасында жылдам күш жаттығуларын көп жасатудың маңызы зор. Мәселсн, секіру, көп ретте жоғары секіру, үдемелі жаттығулар, қысқа. қашықтыққа қатты жүгіру (30-60м) жаттығулары т.с.с.

Жоғары сынып оқушыларына мұндай жаттығулар күрделінеді. Өз жылдамдығын, күш жылдамдығын және төзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны (100-200) көбейеді. Спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады.

Балаларға жылдамдық жаттығуларын, бұлшық ет босаңситын жаттығулармен араластыра орындату керек жорғалай жүгіру, аяқты, қолды сілку т.б.)- Жаттықтырушы өзінің практикалық жүмысында жылдамдық мүмкіншілігі қысқа қашықтыққа жүгіруде ғана емес, жылдамдық күші қасиеттінің даму деңгейіне де байланысты екенін ескеруге тиіс.

Жылдамдықтың өсуіне көп күштің әсері тиетіні белгілі, сондықтанда, күштің өсуі жылдамдықтың өсуіне себебін тигізіп отырады. Жаттығу кезінде жылдамдықты үйренуге арналған жаттығуларды жоғарғы дәрежеге жуық жылдамдықта орындау шеберлікті шыңдауға жол ашады. Жылдамдықты тәрбиелеуде дене сапасының ішінде ептіліктің орны ерекше. Дененін барлық сапалары мен қозғалыс дағдылары бірімен - бірі тығыз

байланыста болады.




Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.


Лекция № 16

Сабақ мектептегі негізгі оқу түрі

  1. Сабақты ұйымдастыру

  2. Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері

Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау,, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ үзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақта бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады жэпс қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.

Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).

Дене тәрбиесі сабақтары - оқу-тәрбие жұмыстарының. ең негізгі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты - жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Ол төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен түрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінді жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлім негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

Таңғы жаттығу - балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жүмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның үзақтығы 5-10 мин., Дайындық тобында 12 - 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері),, негізгі (негізгі бұлшық ет бөлімдерін дамыту жаттығулары),, қорытынды (қарапайым жүру).

Дене тәрбиесінің мезеті - тіл дамыту, математикалык, сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жүмысын арттыруға қолданады. Ол шаршаудан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.

Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.

Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарында 45-50 минуттан өтеді. Демалыс балалардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған. Ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.

Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта және дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренгсн спорт ойындарын,, жаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат. Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күндізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.

Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері

Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрестелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дүрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса ыждақатпен түсіндіреді.

Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіреді. Бұл топтарда көбінесе дербес жүмыс істеткен жөн.

Музыкамен өткізілген сабақ оқушы ынта - ықыласын артырады және баланың темппен ырғақты қабылдауына көмектеседі.



Әдебиеттер

1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.


Лекция № 17

Бастауыш, орта және жоғарғы сыныптарда ДШ сабағын

ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

  1. Дене тәрбиесінің сабақ жоспары

  2. Оқу жұмысын талдау

Сабақты күнделікті жоспарлау мүғалімнің міндеті. *

Сабақ жоспарына қойылатын талаптар:

-жылдық 68 сабақтың жоспары қатар сыныптар бойынша арнаулы дәптерге жазылады;

-жоспарда әр сабақтың нөмері, өтетін орыны , уақыты және оқу-тәрбие жүмыстарының мақсаты көрсетіледі.

Сабақта 2-3 мақсат қойылады; жаңа жаттығуларды үйрету, өткенді қайталау, жетілдіру. Әр сабақта қайраттылық, шешімділік, жолдастық, достық тәлім-т рбие жүмыстар тәртіптілік қасиеттерінің дамуына назар аударылады. Сонымен қатар, төзімділік, жылдамдықты, күш-қуатты, айла-тәсілді дамыту сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.

Сабақтың мақсаты анықталған соң, оның өтетін орыны және қажетті құрал-жабдықтары ескеріледі.

Сабақ жоспарының бірінші /дайындық/ бөлімінде оның ұйымдастырылуы, оқушылардың спорт залға кіруі /қоңырау кезінде немесе сабақтан бүрын, топ ағасының немесе кезекшісінің бұйрығымен т.б./ рапорттың қалай берілетіні көрсетіледі.

Х-ХІ сыныпта кезекші баяндамасының қүрылымы :

Жолдас оқытушы 9а сынып оқушылары құрамында 30 адам дене тәрбиесі сабағын өту үшін сапта тұр !

Медеуов - ауыру, Әбішев-себепсіз, сабақта жоқ.

Кезекші Мақсатов.

Егер сабақтардың мақсаты бірдей болса, онда жоспарда олардың бәрін толық жазу міндет емес.

Қажет жағдайда жоспардың дайындық бөлімінде сапта орындалмайтын жаттығулар тобымен теориялық мәліметтерді жазуға болады. Жоспарда жалпы дамыту жаттығулары міндетті түрде жазылады.

Бұл жаттығуларды жоспарға көрсеткенде олардың құрылымын қысқаша жазу, адамдардың мүсінінің графикалык көрінісін түсіру, немесе жаттығулардың нөмерін көрсету әдістері пайдаланылады. Жаттығулардың толық мазмүнын арнайы дәптерге жазуға болады, онда қолданылған жаттығулар топтамасының кітапшасы немесе оқу карточкаларының нөмері көрсетіледі.

Жоспардың екінші /негізгі/ бөлімінде , оқушыларды «ұйымдастыру түрлері, сабақта оқу-тәрбие жұмыстарын орындау мақсатында қолданылатын әдістер мен шаралар көрсетіледі.

Негізгі қозғалыс әдістерін дамытатын дайындық және мақсатын орындалуына арналған жаттығулар топтамасымен қоса қозғалыс сапасын дамытатын жаттығулар көрсетіледі. Жаттығуларды орындау кезінде жіберілетін қателіктер, сақтану және өзін-өзі сақтандыру кезеңдері ескеріледі. Орындалуы күрделі жэне орындауға қиын жаттығулар тобының мөлшерін реттеу анықталады.

Жоспардың 3-ші /қорытынды/ бөлімінде оқушылардың организмін бастапқы тыныштықтағы қалпына келтіріп олардың- көңіл-күйін көтеретін жаттығулар көрсетіледі. 5-8 оқушыға баға қою, үй тапсырмасын беру, сабақтың қорытындысын шығару мәселелері ескеріледі.

Тәжирбелі мұғалімдер жоспарды қысқаша жазғанымен оның

негізгі мазмұны толық қамтылуы тиіс. Мектеп басшылары мүғалімнен сабақты жоспарлдауды талап етеді. Сабақтың барлық бөлімдерін бірімен-бірін байланыстыра отырып, берілген уақытты толық пайдалануға міндетті.

Мысалы: 1-ші бөлім 4-6 мин, 2-ші бөлім 30-35 мин, 3-ші бөлім 3-5 мин.

Үй тапсырмасы: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ережесі негізінде оқу бағдарламасына «Үй тапсырмасын» орындауды енгізеді. Осы талаптардың орындалуы, оқушылардың қозғалыс белсенділігінің көлемін жоғарлатуға олардың шынығуы дайындық деңгейінің жоғарлауына, денсаулығының нығайуына, дене тәрбиесін жанұяға енгізуіне жағдай туғызады.

Үй тапсырмалары оқушылардың шынығуы деңгейінің жоғарлауына, жаттығуларды қайталауға яғни сабаққа дайындалуына мүмкіншілік туғызады. Жаттығулар орындауға қолайлы, сабақта пысықталған, құрал-жабдықтарсыз орындалатын, қауіпсіздік сақтануды талап етпейтіндей болуы керек. Үй тапсырмасы оқушы топтарына немесе және оқушыға сабақтың кез-келген бөлімінде беріледі. Оның мазмүны түсінікті,үйде орындауға қолайлы қайталау уақыты шектелетін жаттығулар топтамасынан қүрастырылады. Мысалы: таңертеңгілік бой жазу жаттығулар топтамасын сабақтың дайындық бөлімінде берген дүрыс. Үй тапсырмаларын сабақтың қорытынды бөлімінде еске салу керек. Мысалы: 3-6- сыныптарды бой жазу жаттығулары оқушылардың икемділігін, жылдамдығын қозғалыс тірегін, қозғалыс сапасын дамытатын жаттығуларда құрастырылады.

7-8- сыныптарда тепе-теңдік сақтау, секіргіштік, төзімділік, жылдамдық, күш-қуат қасиетін дамытатын жаттығулар қолданылады.

9-11- сыныптарда төменгі сынып оқушыларымен өз бетінше жұмыс /жаттығулар топтамасын құрастыру, сыныптармен сабақтың дайындық бөлімін, денсаулық сағатын т.б./ өткізу. жүгіргенде және шаңғымен жүгіргенде жылдамдық және күш қуат төзімділігін дамытуға арналған жаттығулар тобын пайдалану керек. Үй тапсырмасын орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Жаттығулар үзілістерде үйретіледі.

Үй тапсырмалары мүғалімнің қалауыны байланысты күнделікті немесе ішінара тексеріледі. Күнделікті тексерілгенде баға қойылмайды. Бұл тексеру оқушыларды мақтау, тапсырманы орындауға қызықтыру мақсатында қолданылады. Алдымен жаттығуды жақсы игерген оқушыларға баға қойылады.

Қорытында баға сыныптағы барлық оқушылары белгілен мерзімде қойылады. Әдетте үй тапсырмасы сабақтың бас кезінде тексеріледі. /Сабақтың дайындық бөліміне дайындаған сияқіы Мысалы : оқушылар қарама-қарсы екі қатарға түрғызылады, бірінші қатардағы оқушылар тапсырманы орындайды да екінші: қатардағылар оларды тексеріп бағалайды.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмалар жеңілдетіліп немесе күрделілендіріп беріледі.

Үй тапсырмасын тексеру әдістері: Жан-жақты /таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, кейбір акробатикалық жаттығулар және қозгалыс сапасын дамытатын еркін жаттығулар/ тексеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет