Лекция: 45 сағ. Лаборатория сабақтар: СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет4/15
Дата17.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#142050
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




Лекция № 1. Кіріспе. Пәннің мазмұны.

Жоспар:

  1. Пәнді оқып- үйренудің негізгі обьектісі.

  2. Пәннің мазмұны.


Кіріспе ретінде кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті барынша дамыту ушін құқықтық, экономикалық, интеллектуалдық және ұйымдастырушылық сипатта керекті жағдайларды мемлекеттің ұйымдастыруы мен оған қолдау көрсетуі барысында қалыптасатын қарым-қатынастар пәнді оқып-үйренудің негізгі обьектісі болып табылатынын атап өту керек. Қазақстанда бұл қарым қатынастардың айтарлықтай дамуы сонғы 5-6 жыл кезеңіне сай келеді, өйткені жузеге асырылған экономикалық реформалардың негізгі нәтижелері шаруашылық жүргізудің нарықтық үлгісінің өміршендігі мен барынша дамыған жағдайына алып келді. Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастар жөніндегі ғылым зерттеу жұмыстарының тіптен жаңа бағыты және экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша жасалатын ғылыми-теориялық жұмыстардың құрамды бөлігі болып табылады.

Пән мазмұны мен оны оқып-үйренудің негізгі бөлігі транзиттік экономиканың проблемалары, нарықтық қатынастар сферасының кеңеюі жағдайында оны мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру мен оның методологиясы бойынша студенттердің жеткілікті білімдері болуын талап етеді. Екі жақ – мемлекет пен бизнес – үшін де табысты “қызметтестікті” қамтамасыз ететін механизмдердің барлық арсеналын негіздеу мен тиімді пайдалану осындай реттеудің маңызды жағы болып табылады.

Кәсіпкерлік іс-әрекет пен бизнес үшін мемлекеттің осы іс-әрекеттің кедергісіз қанат жаюына керекті кеңістікті және кәсіпкерлер мен бизнесмендердің инвестициялық белсенділігін ынталандыруды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық жағдайларын жасауы өте маңызды. Ал, мемлекет мүдделеріне келетін болсақ, лоар тауар өндіру мен ақылы қызмет көрсетудің сұраныс коньюктурасына икемділігі арқасында тұрақты өсу жолында болуы, сондай-ақ қоғамның табиғи-экономикалық, материалдық-техникалық және интеллектуалдық әлеуетін үтымды пайдалану ісіне жетекші болып табылатын экономикада белсенді тұрғындардың орташа класының қалыптасуы болып табылады. Сонымен, мемлекеттік мүдделердің басынқылығы кәсіпкерлер мен бизнесмендердің мүдделерін ескеру мен жүзеге асыру бағытындағы Үкіметтің іс-шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Осыдан барып мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатвнасы проблемаларын тұрақты түрде шешіп отыру керектігі туындайды. Оларды дұрыс шешіп отыру үрдісі көбіне-көп басқару жүйесіндегі мамандардың білім деңгейінің шаруашылық жүргізудің түрлі үлгілерін ұтымды ұштастыру талаптарына қаншалықты жауап бере алатындығына тәуелді болады.
Лекция № 2. Италия жоғары оқу орындарының профессорлары жасаған бағдарламаларды талдау.

Жоспар:

  1. Курстың негізгі сұрақтары.

  2. Сабақтың өтілу ережелері..


Мысал ретінде шетелдерде курсты оқытудың бірнеше бағдарламаларды қарастырайық. Итальяндық бағдарламаны профессорлар Паоло Рондо және Лука Брузати жасаған. Бағдарлама 18 тақырыптан турады. Курстың негізгі сүрақтары: әр турлі әлеуметтік-қоғамдық ғылымдарда үкімет және бизнес арасындағы қаржы қатынастардың ролі; Европалық мемлекеттерде үкімет пен бизнес арасындағы қарым қатынастар; стартегия және жоспарлау сүрақтары; жеке кәсіпкерлікті бассқару; қайта реттеу; жекешелендіру; үкімет және бизнес арасындағы институционалдық және институционалдық емес қарым қатынастар; осы қарым қатынастарда этикалық аспекті; логролинг және лоббирование; кейбір салаларда үкімет және бизнес арасындағы қарым қатынастар – телекоммуникация, энергетикалық, ғылыми-зерттеу, транспорт, денсаулық сақтау; әртурлі экономикалық халықаралық ұйымдармен кәсіпкерліктің қарым қатынасы.

Практикалық сабактар әртурлі іскер ойындар түрінде өткізіліп, студенттер әр түрлі топтардың мудделерін үсынады. Көбінесе кейс-метод қолданылып, онда студенттер нақты экономика саласыдан практикалық жағдайларды талқылайды.

Мысал ретінде келесі кейстердің тақырыптарын келтірейік: «Лоббирование және мұнай өнеркәсібін қаитамасыз ету», «Нбю-Йорктағы ренталық қадағалау», «Жекешелендіру, Балтика елдерінде саяси т»уекелдік», «Бизнес ұйымдастыру үлгілері және биоиндустриядағы саясий тәртіп».

Студенттер 4 кейс бойынша өздерінің қорытынды және ұсыныстарымен баяндама жазады.

Әр бір студент семестр ішінде жоғарыдағы аталған мәселелер бойынша эссе немесе мақала жазу керек. Ұсынылған көлем – 20 бет, әдебиеттер тіркелуі тиіс, жұмыс қорытынды және усыныстармен аяқталуы тиіс.

Экзамен бағасына эссе бағасы (40%) кіреді, баяндама бағасы (20%), ашық аяқталуы бойынша тесттің бағасы (40%).
Лекция №3 Нидерланды жоғары оқу орындарының профессорлары жасаған бағдарламаларды талдау.

Жоспар:

  1. Курстың негізгі сұрақтары.

  2. Сабақтың өтілу ережелері.


Профессор Н. Ван Риллер жасаған нидерландық бағдарлама 13 тақырыптан турады. «Мемлекет және бизнес» курсының негізгі сұрақтары келесі: тарихи ретроспектив мемлекет және бизнес арсындағы қарым қатынас; ұлт меншігіне айналдыру және жекешелендіру, лоббирование және саясый тәуекелдікті талдау; қалалық маркетингтің мәселелері; коррупция жәнебюрократизм. Курс 1 семестрдің ішінде оқытылады. Лекциялар аптасында бір рет өтіледі. Практикалық сабақтарда әр түрлі тақырыптардың тұсау кесуі және сұрақтарды талқылап болғаннан кейін жеке жазбаша жұмыс қабылданады. Барлығы бағаланып қорытындысы емтихан бағасына кірітіледі. Емтихан аузша турінде.
Лекция №4. Курстың америеалық пен канадалық бағдарламаларының және оны оқытудың ерекшеліктері.

Жоспар:

  1. Курстың негізгі сұрақтары.

  2. Сабақтың өтілу ережелері.


Канада бағдарламасын жазған профессор Франк маре. Ол 18 тақырыптан турады. Оқулықтың негізгі сұрақтары: үкімет қимылын нормативтік және позитивтік талдау; саясий және басқару мәдениеті; олардың интеграциясы; орталық координация ұйымдар және федералдық уәкілдігі; бизнестің белсендігінде, әлеуметтік үсынуда үкіметтің бақылау орны; мемлекеттік кәсіпкерлік; бюрократия.

Сабактар семестр ішінде аптасында 2 рет 2 сағаттан өткізуледі. Студент өзінің таңдаған тақырып бойынша мақала жазуы міндетті (10-14) бет. Сәйкес тақырыптар бойынша әр бір сабаққа газеталық материал дайындау ұсынады.

Емтихан бағасының құрылымы осылайша: орталық жабық тест октябрьдің соңына (25%), мақала (25%), сабақтардағы белсенділік (10%), соңы жазбаша экзамен (40%).

Америка программасыны профессор Виллиам Вискче дайындаған. Оның негізгі сұрақтары: қоғамдық өнім және фритрайдерство ммәселелері; қоғамдық таңдау және саясий таукымет; үкімет инвестициялары және субсидиялар; әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік сақтандыру; мемлекеттік қаржы; мемлекеттік кәсіпкерлік; заңдар және экономика; мемлекеттік бағдарламау; жекешелендіру.

Курсты оқытудың бірінші күнінде студенттердің жалпы білім деңгейін білу үшін экономиканың макромәселелері бойынша кіріспе тест өткізіледі. Студенттердің лекцияларға қатысуі қадағаланып 3 нб-дан артық жинағанға баға төмендетіледі.
Лекция № 5. Дания бағдарламасы.

Жоспар:

  1. Курстын негізгі сұрақтары.

  2. Сабақтың өтілу ережелері.


Дания бағдарламасын дайындаған профессор Ли Дәвис. Ол 11 тақырыптан тұрады. Европалық Одақ тарихына тиісті сұрақтар зерттеледі; парламент, әртұрлі коммисиялардың жұмысы; лоббирование; логролинг; саясый рентаны іздеу сұрақтары. Практикалық сабақтар кейстерді талдау тұрінде өткізіледі.

Данияда бұл курс бітіруші студенттерге беріліп, 225 сағаттан тұрады. Аптасында 1 рет 2,5 сағат. Таңдаған тақырыпа бойынша мақала жазу міндетті. Емтихан 3 сұрақтан туратын 4 сағаттық жазбаша түүрінде өткізіледі.
Лекция №6. Tacis жобасы шеңберінде Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университеті үшін жасалған оқу бағдарламасына салыстырмалы көзқарас.

Жоспар:

1. ТАСИС жалпы сипаттамасы.

2. Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетеінде ТАСИС проекті.



1995 жылдан бастап Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетеінде ТАСИС ТDKFZ 9301, «Үш региондық аймақтарында және Қазақ мемлекеттік баскару академиясында оқыту қабілетін жақсарту» проекті бойынша жұмыс істеліп келуде.

ТАСИС –бұл Европалық одақ жаңа егемен мемлекеттер және Монголия үшін жасалған бағдарламасы. Оның мақсаты – Европалық одақ және жоғарыда аталып кеткен мемлекеттер арсындағы экономикалық және саясий байланыстарды дамытуда жәрдем беру.

ТАСИС демократиялық қоғамға және нарық экономикасына өту процессін қолдап бұл мақсатқа субсидиялар беру арқалы барады. 1991-1994 жылдары ТАСИС серіктестеріне 1 млрд 757 млн экю ажыратып берген.

Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетеінде ТАСИС проекті оқу орынның стратегиялық жоспарлау облысында, жаңа оқу бағдарламаларды жасауда, оқытушыларды уйретуде, тілдер дайындығы компьютер жабдықтарымен қамтамасыз етуде, кітапхана және басқада мәліметтермен қамту мәселесінде нығайтылып келесі қалаларда алып барылған –Алматы, Шымкент, Ақтөбе.

Осы порект шеңберінде «Менеджмент», «Экономика »курстар бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқу бағдарламаларына 60 курстық модульдер еңгізілген. Университетте барлық модульдерге сипаттамалар берілген каталогы жасалған. Бірінші оқу жылының мазмұны барлық студенттерге бірдей, екінші үшінші курстарда мамандақ анықталады. Төртінші курста спец пәндер өтіледі. Кәзіргі кезде жасалған ТАСИС оқу модульдер мемлекеттік стандартқа кіреді.
Лекция 7. Мемлекеттің ұғымы, функциялары.

Жоспар:

  1. Мемлекет туралы ұғым.

  2. Мемлекет функциясының сипаттамасы.

Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субьектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субьектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет функцияларын түрлу негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғурлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға блоады.
Лекция 8. Экономикалық жүйелердің үлгілері.

Жоспар:

1. Экономикалық жүйелерге жалпы сипаттама.

2. Экономикалық үлгілер.
Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ереукше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дуниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.

Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңаландырып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтын ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады.

Енді осы үлгілермен танысайық:

а) таза капитализм;

б) әкімшілік-бұйрық экономикасы;

в) аралас экономика;

г) дәстүрлі экономика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет