Лекция: 45 сағ. Лаборатория сабақтар: СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ


Лекция № 5.Мемлекет және бюрократия



бет11/15
Дата17.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#142050
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Лекция5.Мемлекет және бюрократия.


Жоспар:

1.Бюрократияға жалпы түсінік.

2. Бюрократиялық көріністер.

Мұндай құрылымдар белгілі бір мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында құрылады. Олар өзінің жеке мүддесін күйттейтін атқарушылармен толықса алдын ала белгіленген жұмыс тәртібінен ауытқулар басталады. Үлкенді, кішілі бастықтар саны көбейеді. Өздерінің қажеттілігі мен жұмыс бастылығын көрсетуге тырысқан олар сансыз және мағынасыз инструкциялар мен іс қағаздарын ойдан шығара бастайды. Бюрократияның қас жауы, ағылшын жазушысы Сирил Н. Паркисон былай деп жазған: «Түгелдей қағаз басты адам, сөзсіз өз еркіндігін жояды. Ол көңіліне келгенді ғана істейді, ал өздігінен ешкімге ештеңе ұсына алмайды. Оны қағаз тасқыны алқымынан алады.»

Бюрократиялық көріністер кез келген ұйымда, мекемеде, кәсіпорында, басқару орындарында кездеседі. Алайда, қажетті еңбек ьөлінісі мен міндеттері оның шешім қабылдау тәртібі мен жауапкершілікті күн ілгері белгілі ұйымдарда бюрократияның таралу мүмкіндігі төмен болады. Мұндайда чиновниктер бюрократтық жолға түспей, өз қызметтерін тікелей хабарламаларды талдау, басқару шешімдерін дайындау мен қабылдау арқылы атқарады.

Бюрократия өзін-өзі реттейтін рыноктық, құндық тетіктерге түбегейлі экономикалық реформаларға әрдайым қарсы. Ал реформа болса жұмыс істеудің принципті жаңа әдістерін, кәсіптік білгірлікпен қазіргі есептеу техникасын пайдалана білуді, үнемі оқып, оны қайта пысықтауды ұаынады. Реформа басқару жүйесіндегі артық буындармен баспалдықтарды анықтап, олардың халық шаруашылығына қаншалықты зиянды екенін көрсетеді. Алайда, осы буындар мен баспалдақтардың жан-жағында мыңдаған адамдар бар, олар өздері үшін басқарудың экономикалық әдістерін енгізудің қаншалықты қауіпті екенін жақсы түсінеді, бірақ, жылы орындарынан кеткісі келмейді. Мұның соңы биліктен, үйреншікті тұрмыс-салт артықшылығынан айырылу екендігін олар жақсы түсінеді. Сондықтан, бюрократ реформаларға берілгендігін айтып-су ішуге даяр және сөйте тұра оны жүзеге асыру мәселелеріне қолдан келгенше бөгет жасайды.

Бюрократтық бұрмалау әкімшілік-әміршілік жүйенің рынокқа қарсы күресін көрсетеді. Рыноктық қатынастардың қарқынды дамуы бюрократизмді жоюдың ең тиімді жолы. Дегенмен бұл мәселені түбегейлі шешуге мемлекеттің реттеуші қызметінің де қажеттігі даусыз.
Лекция №6. Бюрократизмнің мәні.

Жоспар:

  1. Бюрократия мәні.

  2. Бюрократия түрлері.

  3. Бюрократияның пайда болуы.


«Бюрократия » термині француз сөзінен аударғанда канцелярия үстемдігі деген мағынаны білдіріді.

Бюрократизм басқарушыларға тиісті әлеуметтік ауру . Әлеуметтік-саясий аспектінде оның мәні - басқару аппаратының қоғамнан бөлінуі нәтижесінде, қоғам жұмыстарында бұйрық беру орнын пайдаланып еркін күш болу.

Бюрократияның екі түрі белгілі:

  1. Авторитарлық.

  2. Коррумпировандық.

Оңай шешім – бюрократияны мемлекетке теңестіру –жартылай дұрыс. Бір жағынан, бюрократизмнің пайда болуы тарихи даму деңгейінде қоғамға қарсы биліктің пайда болуымен байланысты. Бірақ, басқа жағынан бюрократия – бұл қоғам өміріні ұйымдастыруда нақты қызметтерінен айырылған мемлекет аппаратының бір бөлігі.

Бюрократтар ерекше бір билігі жоқ қызметкерлер.

Бюрократия-адамдарға обьективті заңдардың үстемдік етудің түрлерінің бірі.

Бюрократизмнің теориялық және практикалық мәнін ашу үшін,оны үш маңызын қарастырып кетейік:

  1. Бюрократизм – бұл қағазбастылық,созбалаумағынасын білдіреді.

  2. Бюрократизм – бұл басқару қызметін орындауда аппараттың жеке меншігі.

  3. Бырократизм – басқару аппаратының жұмысшыларының кәсіби «ауруы».

Бюрократияның пайда болу себебі:

  1. Келісімдердің көптігі.

  2. Мақсаттармен ресурстар арасындағы дисбаланс.

  3. Техника және технология басқаруда артта қалуы.

Бірінші рет бюрократия концепциясын 1990 жылдардың басында нем. Ғалым М.Вебер еңгізген.
Лекция № 7 . Бюрократиялық нарық қағидасы.

Жоспар:

1 Бюрократия нарығы.

2. Тік саудалар.

3. Горизонтал саудалар.
Сталин дәуірінен кейін бюрократиялық немесе әкімшілік нарық қалыптасты. Бюрократиялық нарық – үйлестіру экономикасы. Россия экономисті В. Найшульдің айтуы бойынша қарапайым ақша-тауар және қызмет нарығына қарағанда бұл жерде материалдық құндылықтармен ғана емес билік және бағынушылық, ережелер, қоғамдағы орнымен, құндылығы бар барлық заттармен айырбастау болады.

Кәсіпорындар пассив болып жоғарыдан тапсырма алмай,ресурстарға хабарлама беріп жоғарыда турған органдардың шешімдеріне әсер ететін болған. Кәсіпорынның ресурстарға хабарламалары жоғарыға иерархия бауларынан өндірушілерге тапсырма беруге құқы бар органдарына жетіп барған. Тапсырмалар өндірушілер арасында таратылып, олар да өздеріңің талаптарын шығапған. Осылай, жоғары және төмендегі топтар арасында сауда түрінде бюрократия нарығы қалыптасты. Жоғарыдағы топтар бұл саудада ресурстарды аз беріп тапсырмаларды көбейтуге, ал төмендегі топтар керісінше мақсаттарға курескен.

Бюрократиялық нарықта толық және дұрыс мәлімет алу өте қиін.

Кәсіпорындар жоғары турган органдарға «қысым»жасауы мүмкін: мәліметтерге қол жеткізбей, планды орындаудан бас тартып оларға зиян акелтіруі. Ал жоғары тұрған органдар әртүрлі әр түрлі әдістер пайдалана бастайды: өндірісті жаңарлатуына ажыратылған қаражаттарды көбейтіп не азайтып, кәсіпорын басшыларының мәртебесіне тікелей әсер етеді. Негізгі көңіл өндірістің нақты қызуғыларға емес екі жақтың қысым күшіне аударылады.

Осылай тік (жоғарғы және төмендегі топтар арасындағы) саудалар іске асрылды. Бірақ бір деңгейдегі элементтер арасында бір-бірімен өзара қатынасқа көбірек тусіп – горизонтал сауда жүйесін дамытқан.

Ресурстарды нормалық тарату барысында, көбінесе бір кәсіпорын артық немесе жетіспеітін мөлшерде ресурстарға ие болған. Қайта тарату мәселесімен жоғары органдарға хабарламай бұл мәселелерді айырбас арқылы шешкен. Осының нәтижесінде горизонтал сауда немесе «сүр нарық» пайда болған.


Лекция №8. Әкімшілік рента.

Жоспар:

  1. Әкімшілік рента.

  2. Көлеңкелі экономика.

  3. Қазақстан Республикасының статистика мәліметтері.


Әкімшілік рента деп – қызмет орнын, иерархиялық мәртебесін пайдаланып пайда табуын айтады. Бұл процесс саясий процесс болып, оның қатысушылары: сайлаушылар, саясаткерлер, бюро және бюрократтар, Қысым топтар және лобби.

Совет экономикасында әкімшілік реииеумен байланысты қарапайым құқықтар әкімшілік рентаны мойындауна әкелген. Әкімшілік рентаны иелік ету талапы экімшілік әкімшілік құқықтар және ерекше жеңілдіктер саудасын тұғызды.

Бұл жерде көлеңкелі экономиканың орны ерекше.

Әдебиеттерде колеңкелі экономиканың біркелкі анықтамасы жоқ. Бұл түсініктің 4 тобын келтіріп кетейік:

  1. Экономикалық қызметтердің тыйім салынған түрлерінің бірі деп қарастырылады.

  2. Экономикалық қызметтердің мәлім етілмеген жасырын түрініәң бірі деб қарастырылады.

  3. Тек қана жабық өндіріс ретінде қарастырылады.

  4. Әртүрлі себептер бойынша статистикамен санаспайтын, салық төлемдерден құтылып ЖІӨ кірітілмейтін экономикалық қызметтер.

Қорыта айтқанда, көлеңкелі экономика – заңға қарсы келетін немесе табыс төлеуден қашу мақсатымен, кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың айналысатын экономикалық іс-әрекеттер.

Көлеңкелі экономика екі блоктан түрады:

  • Сұрқай;

  • Қара.

Бірінші түріне заңдастырылмаған юридик санкциялар, экономикалық қатынастар және де товарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруде тіркелменген қызметтер жатады.

Екінші түріне экономикалық құқықтық бұзулар, қылмыстар жатады.

Көлеңкелі экономиканы талдауда келесілерді анықтаумыз керек: оның көлемін және экономикалық процестерге тигізетін әсерін: табыстарды реттеу және қалыптастыру, халықаралық сауда, инвестициялау және экономикалық өсу.

Көленкелеңкелі экономиканы бағалау өте қиіын, сондықтан, барлық қорыиындылар мен бағалаулар гипотеза ретінде көрсетіледі.

Жалпы дуние көлемінде көлеңкелі экономиканың ЖІӨ үлес салмағы 5-10%-те бағаланады, ал шектелген көрсеткіш 40-50% болу керек.

Африка елдерінде бұл көрсеткіш - 30%, Чехияда - 18%, Россияда – кәсіпорын 40%, коммерциялық ұйымдар - 70%.

Статистика мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында көлеңкелі сектордың көлемі ЖІӨ 20-25% деп бағаланған, оның ішінде экономикалық қылмыстардың 1992 жылдан бастап өсуде, 1995 жылда төмендеді 17-4%ке 1993 жылмен салыстыпғанда, 12% 1994 жылмен салыстырғанда.

1996 жылдағы экономикалық қылмыстардың құрылымы келесі:

1. Қызмет орнын пайдаланып иемдену және қиянат арқылы қамқырту 33,6%.

2. Алдампаздық 12%.

3. Қызмет қылмыстар 3,5%.

4. Пара беру 4,5%.

5. Басқа қылмыстардың саны бойынша және келтірілген залалы бойынша 1% құрады.

Экономикалық қылмыстарды регион бойынша бөлінуі келесі:

  1. орын Алматы 2074.

  2. орын Өңтүстік Қазақстан 1364.

  3. орын Қараганды 888.

  4. орын Қостанай 863.

  5. орын Павлодар 769.



Лекция № 9. Ұжымдық іс-әрекет логикасы.

Жоспар:

  1. Ұжымдық іс-әрекеттеріне жалпы сипаттама.

  2. Лоббизм мазмұны.

  3. Лоббизмнің саяси мәні.


Әкімшілік мәселелерді шешуде ұйымдастырылған топтардың ұжымдық іс-әрекеттеріне назар аудару тиіс.

Лоббизм – социалистік шаруашылық тәжірибесінде белгілі құбылыс. Ұжымдық іс-әрекеттер уақыт пен куштерді қолдануды талап етеді. Басқа қысым топтарға қарағанда олар ертерек, совет экономикасында ұжымдық іс-әрекеттерді жузеге шығару үшін пайда болған.

Ұжымдық іс-әрекеттерді, көбінесе, директорлар ұтымды пайдаланған. Үндемес келісім бойынша өздерінің потенциал өндіріс мүмкіндіктері тұралы мемлекетке толық хабарлама бермей материал және қаржылық ресурстарды таратуда мемлекетке қысым жасайды.

Бұндай ұжымдық іс-әрекеттер біріншіден, орталық органдарға кәсіпорындар арасында бәсекені ұйымдакстыруда; толық ақпарат алуда, анық орындалатын жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Екіншіден, әрбір кәсіпорын жоспар тапсырмаларын орындауда, ресурстық талаптарды көтерінкілеуге қызығады, бірақ ұжымдық іс-әрекеттер арқылы кәсіпорындардың бірлесуі арқылы жоғарыда айтылып кеткен нәтижелерге ертерек жетеді.

Ұжымдық іс-әрекеттер концепциясын М. Олсон өз еңбегінде «Ұжымдық іс-әрекеттер логикасы: қоғамдық игіліктер және топтар теориясы» қарастырған. Онда топтар қызуғылары не себеп пен пайдаланды, олардың маңыздылығы, іс-әрекеттерін талдаған.

Лоббизм – демократиялық саяси жүйенің интегралды элементі болып, саяси мазмұны бар құқықты негізлелген жоғары мамандырылған іс-әрекет. Лобби, лоббизм - Әртұрлі азаматтар топтарының қызуғыларын орындауда мемлекет органдарының құқықтық және әкімшілік қызметтеріне әсер етуші ұйымдастырылған жүйе , тәжірибе.

Лоббизмнің саяси мәні:

  1. Лоббистік топтар мемлекет және азаматтар арасында делдалдық қызметін атқарады.

  2. Лоббизм қоғамда плюреализмді ұйымдастыру қызметін атқарады.

  3. Басқа мүмкіншілігі жоқ топтарға саясий шешімдерді қабылдауда оларды қатыстырып, конституционал жұйені толықтырады.

Қазақстан Республикасында лоббизм қалыптастыру және даму процессі кәзіргі кезде өте курделі мәселе.

Шешімдерді қабылдауда мемлекеттік деңгейде бюрократиялық аппараттың үлесі бірінші орында; маңыздылығы бойынша келесі әлеуметтік топ – кландық топтар; үшінші орында – орта таптардың қызуғылары.

Әр бір елде лоббистік іс-әрекетінің жағдайы конституционалдықсапымен, құқықтық негізі, саясий процестердің жүргізілу дәстүрімен тығыз байланыста.

Лоббирование әдістерінің арасында бірінші орында беделді адамдармен жеке қатынас 80%; екінші орында лауазымды қызметкерлерге пара беру 43%; үшінші орында лоббистік топтар мүшелерін біліми конференцияларда қатысу 26%; төртінші орында саяси-конституциялық акттерде қатысу 24%; бесінші орында митингтер және көтерілістер арқылы әсер ету 18-16%; соңғы әдіс – аналитикалық және ақпараттық қолдану, лауазымды қызметкерлердіңрегиондарға және кәсіпорындарға шығуын ұйымдастыру.

Лекция № 10. Қоғамдық таңдау теориясы.

Жоспар:

  1. Обьективтә себептер.

  2. Субьективті себептер.

  3. Лобби, лоббизм.


Қоғамдық таңдау теориясы экономика және экономикалық саясаттың саясий құқықтық психологиялық факторлармен қарым-қатынасын қарастырып байланыс арасында мемлекеттік аппаратқа, оның сапасына және қызметіне көңіл аударады. Қоғамдық таңдау теориясы үкіметтін атқаратын қызметін түсіндіреді.

Қоғамдық таңдау теориясының жақтаушыларының қөз-қарасы бойынша мемлекет чиновниктердің өздерінің қызметін орындауда жарамсыздығының субьективті және обьективті себептері бар деп айтады.

Обьективті себептер: мемлекет аппаратының бюрократия ұйым ретінде тікелей байланысты емес себептер. Бұл жағдай қоғамның әр түрлі топтардың болжамдары және қызығулары тұралы қате шешім қабылдауда болады.

Субьективті себептер: үкіметтің өзіне бағынышты себептер:

  1. чиновниктердің жеке қызуғылары;

  2. чиновниктер – профессионалдар.

Бұндай құбылыстар нарық шаруашылығында, әкімшілік-әміршілік жүйеде пайда болады. Әр бір саяси жүйеде өзіне тән механизмдер мемлекет және азаматтар арасындағы қарымқатынастарды реттеуші қызметін атқарады.. Солардың ішінде негізгі орында – топтар қызығуларына жатады. Бүл ұйымдар халық және мемлекет арасында делдал ретінде әлеуметтік, улттық, аймақтық қоғ,амдардың қызыгуларын көрсетеді. Өз қызметін атқарып жатып, олар өкіметке тікелей қысым жасап, әртұрлі сауалдарқойып, шешімдерді қабылдауда оңтайлы етеді.

Лобби, лоббизм (алғылшын тілінен lobby – кулуарлар) – АҚШ заң шығарушы органдарында кеңсе және ірі монополия агенттер жүйесі.

Лоббизм АҚШ-қа ғана емес басқа елдерге де тән құбылыс.

Лоббировандық бағдарламалар арқылы топтар мүшелері басқа ұжым топтар шығыны арқылы ұлкен пайда алады. Буған лоббирование процесінің даму деңгейі жетілдіреді. Лоббисттер – кәсіби негізде ұйымдастырылып саясатшылар және чиновниктер арқылы әсер етуші жаңа саяси институт.

Керекті заң шығарушы басқада өкімет шаралар арқылы тиімділік және әділетті көз қарастан ақталмаған. Лоббированиенің мысалдары көп: шетел товарларына тарифтерді еңгізу, салық жеңілдіктерін еңгізу, салық төлеушілер арқылы ұлкен субсидиялар беру, т.б.
Лекция №11. Қазақстандағылоббистік іс-әрекеттің мағынасы.

Жоспар:

  1. Қазақстанда лоббизмнің деңгейі.

  2. Қазақстанда лоббизмнің тұрлері.



Қазақстанда лоббизм меңгере алмайтын түрде қалыптасқан. Біздің елде қызығулар лоббированиесі мәдениетті деп айталмаймыз, өйткені өзінің мақсатына жетуде кәсіпкерлер әртұрлі әдістерді пайдаланады.

Қазақстанда лоббирование Совет дәуіріндегі салтымен дәліз және атқарушы үкімет кабинеттерінде жүргізіледі.

Лоббизм Парламентте заңды тұрде бекітілмеген, жасырынқы. Лоббирование атқарушы үкімет арасында бақылануға тиіс. Парламент шешімдерді алқа арқылы қабылдаса, атқарушы үкімет жүйесінде бір адам – кеңсені басқарушы шешеді.

Қазақстанда лоббизмді шартты тұрде бірнеше деңгейге болсек болады:

  • президенттік;

  • кландық;

  • аймақтық;

  • қаржы-өнеркәсіптік;

  • шетел;

  • Лобби НПО (МЕҰ).

Қазақстанда лоббизмнің ерекшеліктері – саясатшылар шешімдерді қабылдауда кландық, жерлестік, өзінің қызығуларын қолданады.

Лобби қызметінде ғалымдар 6 негізгі әлеуметтік күштерді белгілейді:

  1. Директорлық лобби.

  2. Аграрлық лобби.

  3. Салалық лобби.

  4. Бюрократиялық лобби.

  5. Бизнес лобби.

  6. қылмысты лобби.


Лекция №12. Америка Құрама Штаттары ның лоббистік іс-әрекетті талдау.

Жоспар:

  1. АҚШ-та лоббированиенің тарихы.

  2. Лоббисттер және олардың тұрлері.


АҚШ тарихында бірінші күндерден-ақ лоббисттер барлық күшін Вашингтонға бағыттаған. Олар арнайы топтардың: бизнес, жұмысшылар, тұтынушылар, қоршаған ортаны қорғаушылар және шетел мемлекеттерінің қызығуларын жақтайды.

Вашингтон өкілдері ретінде танылған, мемлекет жұмыстары бойынша мамандар, қысым топтар, саяси қызмет топтары, заңшығарушылар, кеңесшілер және лоббисттер «қысым саясатын софистік өнеріне айналдырған мамандар» корпусын құрған.Олардың атаулары әртұрлі болсада, мақсаттары бір – керекті ақпаратты алып заң шығарушы және шешуші мемлекеттік органдарға әсер ету.

1850 жылға дейін лоббирование дербес, арнайы тіркелмеген аз көлемде жургізілген. Америка өнеркәсібінің дамуы 1870-1880 ж. ж. Лоббист агенттердің санының өсуіне алып келді. Олардың күштері ірі корпорациялар үшін қолайлы заңдарды сақтауға бағытталған.

Мұнай, болат қуйуі, банк, темекі кәсіпорындар компанины ұйымдастыруда заң шығарушыларға өте көп қаражатын шыгындауға мәжбурлі.

Мысалы Даниель Вебстер сенатор қызметін атқарғанда 30000 долларды банктің бір тұріне қолайлы заңдарды сақтағаны үшін алған.

АҚШ президенттерінің әкімшілігінде рәсми өкілдері пара мен байланысты жанжалдарда араласқан. Франклин Рузвелт әкімшілік кезеңінде лоббирование өз өркендеуіне жетті.

1940 жылдан бастап лоббирование өзгерістерге ушырады. Лоббисттердің саны өсіп, олар әртұрлітапсырмалар орындауға, керекті деңгейде тәжірибелі, компания туралы толық мәліметтері, бәсекелестер, олардың лоббисттері туралы ақпараттар, заңдарды толық білуі, оның клиенттерге әсерін талдауы, ақша салымдарын керек кезінде компанияға салуға дайын болу керек.

АҚШ-та Заң лоббисттердің тіркелуін талап етеді.

Лоббисттер келесі топтарға бөлінеді:

  1. бизнестің лоббисттері;

  2. жұмысшылар және басқа топтардың лоббисттері;

  3. шетел қызуғышыларының лоббисттері;

  4. федерал өкіметінің лоббисттері.


Лекция №13. Аралас экономиканың мазмұны.

Жоспар:

  1. Аралас экономиканың пайда болуы.

  2. Аралас экономиканың басты белгісі

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргішкүштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер тұғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: « Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзаттық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар... ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгілікпен қосуға бағытталған». Мәселенің бұл қойылысына казіргі дуниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын – аралас экономиканы туғызады.

Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихы процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

Қазіргі қоғам дамуының обьективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық қүрылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Аралас экономика бір қоғамдық өндіріс түрінен екіншісімен ауысу қатынастарын жиынтығы.

Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі – мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы – тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлігі тән, мұнда жеке- дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндылық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде «тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы».

Аралас экономиканың мәні бір сипаты – микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.қарастырып отарған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы жекеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы – бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтың берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Лекция № 14. Ауспалы экономиканың модельдері.

Жоспар:

  1. Модельдерге жалпы сипаттама.

  2. Есептеулерде қолданылатын капиталдар.


Ауспалы кезеңің экономикасын Т. Вамос, Д Путнам ой пікірлерін және Әлдем банктің материалдарын пайдаланып бағалап көрейік. Жетілдірген модельдердің бірі келесілерден тұрады:даму деңгейі, уйрену деңгейі, қор және қарыздар.Оларға кыскаша сипаттама берейік.

Даму деңгейі: оның маңызы технологиялық және әлеуметтік даму деңгейінің сипаттамасын үстау. Мысалы қазіргі инфраструктура тұралы мәліметтер, қызметтердің сенімділігі және мәртебесі, білім деңгейі т.б.

Уйрену деңгейі келесі факторларға байланысты: мамандандырылуына, кәсіпкерлік, экономика және қоғамның құрылымды өзгерістеріне қатысты жүйелердің ашық деңгейі, жылдамдығы.

Қорлар және қарыздар. Қорлар – табиғи ресурстар, стратегиялық орналасу, инфраструктура дамуы, білім деңгейінің жоғарылығы, физикалық және әлеуметтік қорлар сияқтыуақытша пайдалар. Олардың ішінде ең маңыздысы – инфрақұрылым аймақтарының қаржы қарыздарын талдау.

Есептеулер капиталдың 4 тұрінің негізінде жургізіледі:

  1. Табиғи капитал;

  2. Адам капиталы:

  3. Әлеуметтік капитал;

  4. Жасанды капитал.


Лекция № 15. Нарыққа трансформация кезінде мемлекет және либерализация.

Жоспар:

  1. Трансформация.

  2. Аралас жүйенің қалыптасуы.

  3. Экономикалық іс-әрекеттерді басқаруда қолданылатын жоспарлар.


Нарықты экономиканы тиімді қалыптасуын қарастырғанда көптеген мәселелерді елеусіз қалдыруға болмайды. Бұл мәселелердің қалыптасуы, олардың пайда болуы мультпликатор ретінде мемлекет өзінің басына алған. Сондықтан бұл жерде трансформация тұралы айтып кеткен жөн.

Трансформация – нарық жүйеге өту.

Еркін нарық қатынас жүйесіне өту үшін, оның маңызын түсіну керек. Бұл жүйенің негізіне адамдарға тиімді мінез-қулық таңдауда көмектесетің дәстүрлер мен институттар жатады. Бұл таңдау рыноктағы болып жатқан конкуренция, баға тұралы информация, заңды бекітілген жеке меншік құқығының әртұрлілігі арқылы жүзеге асды.

Енді біз қоғамның трансформацияға, жаңа қалыпқа өту дайындығының дәрежесін анықтаумыз керек. Трансформацияға өту кезінде, әр қадамымыздың нәтижесі, жетістіктердің бағасы мен жылдамдығы мемлекеттің экономикалық, саясый,қогамдық жағдайымен тікелей байланысты.

Әкімшщілік-әміршілік экономикадан нарықтық қатынасқа өту үшін Қазақстан аралас экономикалық қоғамға трансформациялану керек. Бұл мақсатқа жету үшін мәселені мемлекеттің тарихи-коғамдық дамуы жағынан, басқа дамыған елдердің тәжрибесінің жағдайларын қарастыру тиіс.

Бұл жерде басты тенденция – аралас жүйенің қалыптасуы. Оның екі сипаты белгіленген:

  1. Бәсеке.

  2. Әлеуметтік және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу.

Осы екі сипаттың қиюлысуі әлеуметтік және экономикалық динамизмін қалыптасуын тұғызады.

Социалистік жүйе экономиканы құлдырауна алып келді. Қалыптасқан басқару құрылымы техникалық процестердің дамуын тоқтатып, экономикалық өсуіне бәсендік жасады. Мұның бәріне ебеп -экономиканы мемлекеттендіру:

  1. СССр-де мемлекет меншігінің бөлігі 90% құрап, 10% ғана колхоз- кооперативтерінде болған;

  2. Мемлекеттендіру колхоз-кооперативті днңгейін ғана емес, алайда, жеке меншіктіде орап алды;

  3. мемлекеттендіру гипертрофировандық мінезге, абсолютизацияға ие болды. Мемлекеттік экономикалық орталығы – Госплан СССР барлығын жоспарлаб,дербестік құқығынан айырылды.

  4. Кәсіпорындар пайдасының 90 % мемлекетке тапсырған.

  5. Көп табысты кәсіпорындар аз табысты, залалды кәсіпорындарды асырады.

Горбачев өз қызметін атқарды: мемлекет меншігіні қайта бөлуіне алып келді. Меншік тиімді өндірушілердің қолында болатын болды. Адамдар өкіметті меншікке аустыра бастады.

Кризистан шығу – саясатты меншік құқығы негізінде құру керегін көрсетті.

Экономикалық іс-әрекекттердің басқаруы келесі жоспарлар арқылы жүзеге асады:

  1. Жеке секторда құқықтық инфраструктураны құру: коммерциялық, келісім-шарт құқықтары, антитрест және еңбек құқығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау құқығы, шет ел капиталына жататын компаниялардың қызметтерін реттеуші ережелер.

  2. Салық салудың жаңа жеке секторын құрастыру: халықаралық стандарттар бойынша бухгалтерлік есептің жургізудің ережелерін анықтау, жеке секторлардан салық салуда салық қызметін ұйымдастыру.

  3. Жаңа қаржылық секторда жаңы қызметтер ережелерін ұйымдастыру: кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің нәтижесі акционерлерге, банктерге көрсетілуі тиіс; банк қызметін реттеу жүйесін құру. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басты мәселелерді шешуде еркін болуы тиіс.

  4. Нақты активтерге меншік меншік құқықтарын анықтау: арендатор және жер иеленушілер арасындағы қарым қатынастарды қарастыру, заңдарды қабылдау.

  5. Халықаралық айырбастау: жеке тұлғалар, жеке фирмалардың шетел валютасын, шетел товарларын сатып алу және сату ережелерін анықтау, сол ережелерді жекешелендірілмеген кәсіпорындарға еңгізу, сыртқы кредиттерін қайтаруды қамтамасыз етуде, экспорт-импорт операцияларды бақылауда жузеге асырылудағы ережелер.

  6. Баға реформасы: жекешеленген кәсіпорындарға баға белгілеуде еркіндәік беру, бірақ осы кезеңнің басында, мемлекет бюджетін толтыру мақсатында тұтынушы бұрын шығындарды ақтамаған таурларды көтерінкі бағамен сатып алуға мәжбұр.

  7. Әлеуметтік қорғау: жұмыссыздыққа жардем ақы бойынша жүйені еңгізу; реформа әсері тиген адамдарға жардем беруді көздеу; денсаулық қорғау, білім беру салаларды қаржыландыру.

  8. Макроэкономикалық тұрақтандыру: банк жүйесіне берілген кредит көлемін реттеу, және дефицитті болдырмай мемлекетті басқару.

  9. Жалпы экономикалық өлшемдер:

    • өндірістік құлдыраун болдырмау;

    • экономиканың құрылымын қайта құру;

    • тиімді инвестициялық саясат; инвестициялық тәуекелдерді сақтандыру.

  10. Көлеңкі экономикамен және коррупциямен құрес.

  11. Кіші жекешелендіру: жеке тұлғаларға автокөліктерді, магазин, ресторандарды, т.б.жалға беру; жеке кәсіпорындарға темір жол қызметтерін, басқа мемлекет секторында қалған кәсіпорындардың қызметтерін сатып алуға құқық беру.

  12. Ірі және орта жекешелендіру:

    • Ірі және орта кәсіпорындарды жеке сектрға өткізу, жекешелендірілмеген кәсіпорындарды басқару;

    • Мемлекеттік банктерді жекешелендіру, оларды басқару.

Келтәірілген жоспарлардан басқада мәселелер өте көп. Мысалы, экологиялық ережелерге мән бермеу суды, ауаны ластауға алып келеді.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Нормативті құқықтық актілер:

  1. 1995 жылдың тамыздың 30 күні шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясы.

  3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекет қызмет туралы (1999 ж. шілденің 23 шыққан).

  4. Қазақстан Республикасының Заңы: закон РК от 2 июля 1998 г. «О борьбе с коррупцией».

  5. Қазақстан Республикасының Клнституциясы, президенті, Парламентіжәне оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, сайлау туралы Қазақстан Республикасының Заңдары Конституция РК, Конституционныезаконы РК о Президенте, Парламенте и статусе его депутатов, Правительстве, республиканском референдуме, выборах. Алматы, Жеті жарғы, 1999 г.

  6. Закон о защите и поддержке частного препринимательства от 4 июня.


Оқулықтар мен оқу құралдары:

  1. Абельдинов А.К. Административное право: 33 вопроса и ответа. Алматы, жеті жарғы.

  2. Абенов. Е.М. и др. Казахстан: эволюция государства и общества. Алматы, ИРК, 1996 г.

  3. Альгин А.П. и др. Инициатива и риск против бюрократизма. Москва. Знание, 1993 г.

  4. Аткинсон Э. Б. и др. Лекции по экономической теории государственного сектора, Москва 1995 г.

  5. Ашитов З. О. Право суверенного Казахстана. Алматы 1995 г.

  6. Габитов Т.Х. и лр. Этика бизнеса: Курс лекций для студентов,1996 г.

  7. Гайдар Е. Государство и эволюция. Москва 1995 г.

  8. Гуревичев М.М. Государственнон регулирование переходной экономики, 1997 г

  9. Макаренко В. П. Бюрократия и государство. Ростов на Дону, 1987 г.

  10. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. 4 тома 2002 г.

  11. Сансызбаева Г. Н. Государственное регулирование экономики в зарубежных странах. Алматы, 1996 г.

  12. Худокоморв А. Г. Экономические корни бюрократизма, Москва, 1988 г.

Мерзімді басылымдар:

  1. Абалкин Л. Роль государства в становлении и регулировании рыночной экономики. Вопросы экономики № 6, 1997 г.

  2. Бизнес, государство и общество. Материалы международной конференции. Университет Боккони, Милан, Италия7 1996 г7

  3. Джаксыбаев С. И др. Пути развития Казахстана. Евразийское сообщество, 2000 г., №2, с.59-66.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Сырдария” університеті


Педагогика жєне экономика” факультеті



Экономика” кафедрасы
Мемлекет және бизнес ” пәні бойынша

050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050510 “Мемлекеттік және жергілікті басқару”,050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет