Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстын барлық саласында қолданып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік-экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтармен сипатталып, қоғамдықтұрақсыздықты көрсетті.
Орталықтын Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей-берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталынғандай жүйенің ішкі тоқыраунда болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үднй түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен қатар көптеген мемлекеттердің тәжірибесі айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1991жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттікегемендігі туралы декларациясы» және 1993 жылдың 28қантарында Републиканың Ата Заңыныңқабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі тұралы» конституциялық заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субьектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды.Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез келген шектеуіне жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.
Лекция №3. Қазақстан экономикасын басқарудың саяси-экономикалық негіздері.
Жоспар:
-
Мемлекеттік сектордың мәні, мақсаты.
-
Мемлекеттік сектордың анықтамасы.
-
Мемлекеттік сектордың қызметтері.
Нарықтық экономика белгілі бір жағдайларда инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіптің кейбір салаларын реконструкциялау, халықшаруашылығын арзан электроэнергия және шікізатпен қамтамасыз ету, мемлекеттік маңызы бар ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру мәселелерін шеше алмайды. Экономикада осы мәселелерді шешуді мемлекеттік сектор өз мойнына алуға мәжбур.
Мемлекеттік сектордың мақсаты – мемлекеттің конституциялық функцияларын жүзеге асыруын және қоғамның аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады.Елдің экономикасындағы мемлекеттік сектордың үлесі, оның қызмет етуінің сипаты сол мемлекеттің экономикалық саясатын, сонымен қатар, жалпы саясатын анықтайды.
Мемлекеттің араласуының экономикалық негізі мемлекеттік сектор болып табылады. Қазіргі кезде «экономиканың мемлекеттік секторы» ұғымының әртүрлі анықтамалары бар. Экономиканың мемлекеттік секторының толық анықтамасына сәйкес, Қазақстан экономикасында оның шаруашылық субьектілеріне келесілер жатады:
-
Шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқықтарындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
-
Мемлекеттің 100%-қ қатысуымен акционерлік қоғам нысанындағы ұлттық компаниялар;
-
Акциялардың бақылау пакеті мемлекетте болатын компаниялар;
-
Акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік акция пакеттері мен шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттің қатысу үлестері;
-
Мемлекеттік мекемелер.
Мемлекеттік сектор – мемлекеттің құрылымдық саясатында айтарлықтай рол атқарады. Мемлекет жаңа обьектілер салады, кеңейтеді, жеке меншік илелерінен сатып алады және ескілерді жөндейді.
Мемлекттік сектор қаржы нарығында бірнеше маңызды қызмет атқарады:
-
Ақша қаражаттарын шоғырландырып, елдің экономикалық коньюктурасы мен халық шаруашылығының құрылымының дамуымен байланысты сфераларға жіберіледі;
-
Ссудалық капитал нарығындағы пайыз мөлшерлемесін анықтап, сол арқылы экономиканың өсу қарқынына әсер етеді;
-
Бағалы қағаздар нарығында әрекет ете отырып, экономикадағы өтімді қаражаттардың түсуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сектор көмегімен мемлекеттік реттеуді жүргізудің бір айқын артықшылығы: ол бюджетпен қаржыландырылатын шаралардан арзан түседі. Мемлекеттік компаниялар қанша рентабельдігі аз болғанымен, олардың меншікті ұдайы өндірісті қорлары бар, бағалы қағаздар шығарады, банк несиелерін пайдаланады, сондықтан олардың капитал салымдары, қарыздары толықтай немесе жартылай олардың өз қаражаттары арқылы қаржыландырылады. Кейбір кәсіпорындар бюджетке табыс әкеледі, сол арқылы басқа мемлекеттік сектор обьектілерінің шығындарын жабады.
Ұлттық экономикада мемлекеттік сектордың құрамын, құрылымы және көлемін өңтайландыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекеттік сектордың масштабын өзгертудің бір тәсілі – жекешелендіру. Осыған балама тәсіл болып ұлттандыру табылады, яғни мемлекеттің жеке меншік иелерінен кәсіпорындар мен акция пакеттерін сатып алуы.
Мемлекеттік сектордың көлемін өзгертудің тағы бір әдісі мемлекеттік кәсіпорындарды құру немесе өзгерту.
Экономиканың мемлекеттік секторында мемлекет өндірісті жедел басқаруда келесідей жолдар арқылы орындайды: кәсіпорындардың өндірістік қызметін индикативті жоспарлауі; өндірістік тапсырмалар мен келісім шарттардың орындалуын ұйымдастыру; кадірлік саясатты жүргізу; әртүрлі кәсіпорындар арасындағы коммерциялық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу; тәртіп сақтауды, құндылық тетіктерді тиімді пайдалануды бақылау.
Лекция №4. Мемлекеттік сектордың шетел тәжірибесі.
Жоспар:
-
Шетел тәжірибесінде мемлекеттік сектордың орны.
-
Қазақстанда мемлекеттік сектордың үлесі.
Шетел тәжірибесінде мемлекеттік сектордың шекарасын анықтағанда нақты критерийлер қолданылады. Кейбір жағдайларда оған мемлекттің капиталда қатысуы 50 пайыз жоғары кәсіпорындар жатқызылады.
Францияда мемлекеттің қатысуы 30 пайыздан жоғары кәсіпорындар кіретін мемлекеттік кәсіпорындардың жыл сайын ресми тізімі жасалады.
Түркияда салыстырмалы тиімді мемлекеттік сектор жақында қалыптасқан. Барлық кәсіпорындар екі топқа бөлінеді – мемлекеттік экономикалық кәсіпорындар және мемлекеттік экономикалық ұйымдар. Мемлекеттік экономикалық кәсіпорындарға капиталы үкіметке тиесілі, нарықтық экономика қағидаларына сәйкес қызмет ететінзаңды тұлғалар жатады. Мемлекеттік экономикалық ұйымдар –капиталы үкіметке тиесілі, нақты өнім өндірісі және өткізумен айналысатын, көлемі, ассортимент імен бағасын мемлекет белгілейтін заңды тұлғалар жатады. Осылардың екеуіде «үшзвенолы» құрылымға ие, яғни барлық капиталы мемлекетке тиесілі шаруашылық бірліктерден, капиталының 50 пайызынан астамын мемлекет иеленетін еншілес ұйымдардан және мемлекеттің қатысу үлесі 15-50 пайыз болатын құрылымдардан тұрады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік сектордың үлесі төмен деңгейде. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2002 ж. тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санында мемлекет меншігіндегі және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың үлесі 15,2 пайызды құрады.
Ұлттық экономикада мемлекеттік сектордың үлесі едәуір елдерде ол экономикалық циклды түзеу мен жұмысбастылықты қолдаудың тірегі қызметін атқарады. Коньюктура нашарлаған кезде, депрессия немесе дағдарыс кездерінде, жеке капитал салымдары қысқарған жағдайларда мемлекеттік обьектілер өндірісті қысқартпайды. Сонымен қатар, тауар сатып алу мен құрылыс жұмыстарына тапсырыстың өсуімен қатар жүретін мемлекеттік темір жолдарындағы негізгі капиталдың жаңаруы, пошта мен телеграфтың қымбат жабдықтарды сатып алуы, автомобиль жолдарының құрылысы, порт пен аэродромдарды қайта құру әдетте дағдарысты кезеңдерге келеді. Осылайша, мемлекеттік шаруашылық обьектілері реттеуші органдардың ықыласымен өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың өсуіне қарсы тұруға талпынады.
Мемлекеттік секторда шикізат, азық-түлік және жанармай резервтері маңызды орында. Олар ұлттық қауіпсіздікті және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сектор басқа әдістермен үйлесе отырып, мемлекеттің барлық дерлік әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына жетудің реттеуші құралы ретінде кең қолданылады.
Қаржы нарығының жағдайы ел жағдайы мен даму перспективаларында шешуші рөл атқаратындықтан, дамыған елдердің қаржы нарығындағы мемлекеттік сектордың үлесі ерекше үлкен: Европалық Одақ елдеріндегі өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың орташа үлесі 7пайыз болғанда, Франция мен Италияда – 50пайыз, ал ГФР-да 1/3-ін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |