Sd = ;
(1 + a)n
бұл жерде: Sd – дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;
mt - ақшаның келешектегі құны;
a – пайданың талапты нормасы немесе ақшаныңуақытша құны;
n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабілдік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның табыстылық көрсеткіші пайдаланылады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кзеңіндегі инвестиция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.
Лекция 13
Тақырыбы: Салықтық реттеу шаралары.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экокомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жап-пы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері лакеті қабылданды.
Екінші кезең 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылган құн салығы енгізілді.
Үшінші кезең 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданды, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен телеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасын-дагы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді телеу жөніндегі Салық кодексінде кезделмеген міндет ешкімге жүкте-луге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақса-тында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жагдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қол-данылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлгалар мен олардың құры-лымдық белімшелеріне қолданылады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкаиары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешікгірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Лекция 14
Тақырыбы: Мемлекеттің қаржы –бюджеттік саясаты.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекетгік бюджет ретінде 1991-ші жылғадейін Одакгық бюджет болып келді. Оған барлык Одақгас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған сон, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекетгік бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылык күйін кеше бастады. Нарықтық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына катты әсер етті. Ол жылма-жыл карыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығыньщ салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін стып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-тендігінің бүзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттік бюджет — мемлекеттін, негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет ұрымы француздьщ сөзі немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын қүрылымы және нарықтык экономикада елдің мемлекетгік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей:
Табыстар
|
Жеке
баптар,%
|
Шығындар
баптар%
|
Жеке
|
Салық, акциз,
баж салығы
|
75-80
|
Халық шаруашылығы
|
30-40
|
Салықтық түсімдер
(мемлекеттік
меншіктен табыстар)
|
5-8
|
Әлсуметтік шыгындар
(денсаулык сактаү.
білім, жергілікті
органдарға субсидия)
|
25-30
|
Мақсатты бағыттағы
қорларға түсімдер:
әлеуметтік, медицина-
лық камсыздандыру;
зейнеткерлік қамсыз-
дандыру,
жұмыссыздықтан
|
10-12
|
Қарулану мен
сыртқы экономикалық
кызмет шығындары
|
20-10
|
|
|
Құқык қорғау
органын баскару мен
оған басқада қажетті
шығындар
Мемлекеттік
қарыз төлемі
|
10-15
-5
|
Барлығы
|
100,0
|
Барлығы
|
100,0
|
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығы жою ұшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін кысқартқан жөн. Бюджеттің табысы мен шығысының айырмашылығын жабу үшін, мемлекет киыстыруылған вариантына көшеді. Демек мемлекет ұлттык банк несие корының, тұрғындардың халықтық банктегі салымының. сақтандыру коғамдары қорының, белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттік карызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі карызы.
Мемлекеттің ішкі карызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет тапшылығын бәсеңдету ұшін мемлекет тек қана ішкі мүмкіндіктермен ғана шектелмей, қайтару мақсатымен сырткы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Міне, осылай мемлекетгің сырткы қарызы да пайда болады.
Лекция 15
Тақырыбы: . Ақшалай факторлардың шаруашылық коньюктурасына әсері.
Икемді ақша саясаты қогамдық үдайы өндірісті мем-лекеттік реттеудің аса маңызды қүралдарының бірі. Дж. М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фис-кальдық саясат және бага мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте сақтауға мүмкіндік туады. Түрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға деңгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жа-лақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі — қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дүрыс шешім қабылдауға, ягни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ес-кертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай үсыныс-тың үлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемінің артуы несие өсімінің төмендеуіне, қаржыландыруды, ендіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді-міс. Монетаристердің кейнсшілдерден езгешелігі сол, олардың пікірінше, ақша көлемінің артуы нақтылы өндіріс пен іске тартуға тікелей әсер етпейді, тек қана жалпы бага өзгерістеріне алып келеді.
Ақшалай үсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның үзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы баганың шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың түтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың
нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыс-тырғанда) азайып, сүраныс пен өндірістің арақатынасы жаңа жағдайларда өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.
Сонымен, ұлғаймалы ақша саясаты қысқа мерзімдік өндірістің үлғаюына, жүмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізгенімен түбінде өндірістің тоқырауы мен жүмыссыз-дыктың үлғаюына алып келеді. Сондықтан да монетарис-тер ақша айналымы мен мөлшерін реттеудін дискреттік (үзілмелі) саясатының орнына ақша эмиссиясын шектеу саясатын үсынады. Мүның мәні үзақ мерзімдік өндіріс динамикасының тенденциясын ақша көлемі мен ақшаның айналу жылдамдығын ескере отырып, ақша мөлшерінің қарқынын түрақты реттеу саясаты.
Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар қүрылымынын, сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сүраныс пен үсыныс-тың қүрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Түрақты баға деңгейімен үйлестірілген жалақыға сенімнің артуы шаруа-шылық үйымдарына экономикалык негізді және тиімді
шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. "Қолайлы күту" концепциясы қазіргі экономикалық теория бағыттарының бірі. Бүл концепция үстіміздегі ғасырдың 70-жылдары қолданыла бастады. Классикалық экономиканың методикалық принциптеріне қүрылуына байланысты, "қолайлы күту" теориясын "жана классикалық экономика" деп те атайды (неоклассиктер теориясымен шатастырмау керек).
Жана классиктердің орталық идеяларының бірі эконо-микалық объектілер қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, экономикалык процестерді өз беттерінше болжай алады және үйлесімді шешімдер қабылдайды. Экономика-лық объектілер баға деңгейінің болашағын болжай оты-рып, ағымдағы және келешектегі түтынуды белгілей алады. Бүл жерде түтынушылар пайдалылықты үлғайтуға тырысады. Әрине, экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді әр қилы бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы да мүмкін. Мысалы, өндірушілер бағалардың жалпы өсуін нақты тауарға сүраныстын артуы деп түсініп, тауарлар үсынысын көбейтуі мүмкін.
Негізгі әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Конститууциясы.
2. Қазақстан Республикасының Салық кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы заң актілері.
4. Қазақстан Республикасының Жер кодексі.
5. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі.
6. Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы.
7.“Экономикалық теория” В. Крымова. Алматы 2003ж.
8.“Государственное регулирование экономики ” Н.А. Волгин Моск-2000г.
9.“Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері ” Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков Алиаты 2002 ж.
10.“Государственное регулирование в условиях Казахстана ” Н.К. Мамыров,
А.Н. Саханова, Ш.С. Ахметова Алматы 2000г.
11.“ Салық және салық салу “ әдістемелік оқу құралы Ғ. Керімбек Шымкент 2004ж
12.“ Система социяльной защиты населения и ее проблемы “ Г.Н. Сансызбаева Алматы Экономика 1998г.
Қосымша әдебиеттер
13. Г.С. Смағұлова “ Аймақтық экономиканы басқару негіздері“ Алм 2005ж
14 Б.Серіков “Агроқұрылымдар бізнес жоспары” Шымкент,2004.
15. Қаржы Қаражат мерзімдік басылым.
Қзақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” університеті
“ Педогогика және экономика” факультеті
“Экономика” кафедрасы
“Экономиканы мемлекеттік реттеу” пәні бойынша
050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050510 ”Мемлекеттік және жергілікті басқару”050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін
Достарыңызбен бөлісу: |