Жоспары:
1.ҚР-ның халықаралық деңгейде мойындалуы
2.Қазақстан және БҰҰ.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Декларация о государственной независимости Республики Казахстан // Казахстанская правда, 16 декабря 1991г.
Қосымша:
Договор о коллективной безопасности между республиками СНГ// Казахстанская правда, 19 мая 1992г
Лекция мәтіні:
Тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстанға шетелдер назар аудара бастады. Оның АҚШ, Франция, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Сингапур, Италия және басқа мемлекеттермен үкіметаралық байланыстары мен іскерлік жақындасулары барған сайын ұлғая түсті. Әсіресе Түркиямен, Қытайдың, Синьцзян-Ұйғыр автономиясы районымен, Корей Республикасымен тығыз қатынастар орнықты. 1991 жылы Қазақстанда 35 бірлескен кәсіпорын, 16 сыртқы экономикалық ассоциация тіркелді. Халықаралық бірлескен коммерциялық банк ашылды. Шетелдік әріптестердің қатысуымен қажетті ғылыми ауқымда өнімдердің бірқатар түрлерін, соның ішінде қазіргі заманның теледидарларын жасап шығаратын, тері-мех және басқа ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін, құрылыс материалдарын жасайтын, т.б. өндіретін кәсіпорындар ұйымдастырылды.
«Достық -Алашаньчоу» темір жолының іске қосылуы көне «Жібек жолын» жандандыру мақсатында жасалған нақты қадам болды. Бұл жол Қазақстанның Азия-Тынық Мұхит аймағындағы мемлекеттермен және араб елдерімен байланысының одан әрі кең көлемде дамуына сөзсіз көмектеседі. Қазақстанның Шығысқа иек артуы оның географиялық жағдайынан, этникалық жақындығы мен мәдениетінің туыстастығынан ғана емес, осы елдердің нарықтық қатынастар жөніндегі тәжірибесі ол үшін неғұрлым тиімді. Қазақстан сияқты Орта Азия республикаларының да проблемалары батыстағы жоғары дамыған елдерге қарағанда нақ осылай.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассаблеясының 46- сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Сөйтіп, Қазақстан Бас Ассамблеяның биік мінберінен халықаралық өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар білдіруге мүмкіндік алды. «Жүздеген адамның көз алдында мен залдың орталығында орналасқан тақтайшада «Қазақстан» деп жазылған үстелге қарай бет алдым. Креслоны қозғап, протокол бастығы маған үстел басынан орын алуыма көмектесті. Бұл орында енді Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа мүшесі-Қазақстан Республикасының мүшесі отыратын болады.»
БҰҰ ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО,АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуы мен халықаралық ұйым. Ұйымның құрылуы 4 жылға созылды. Осы жылдар ішінде аталған елдердің басшылары сыртқы істер министрлері бірнеше рет бас қосып ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Бүгінде БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Бас ассамблеяның алғашқы сессиясы 1946 жылы 10 қаңтарында Лондондағы Вестминстер орталық залында ашылған. Ондағы инаугурациялық сөз сөйлеу құрметіне Ұлыбританияның премьер-министрі Клемент Эттли ие болған. Белгияның Поль Анри Споак І-ші сессиясының президенті болып сайланған. Қауіпсіздік кеңесінің алғашқы сессиясы 17 қаңтарда болған. Оған Австралияның елшісі төрағалық еткен.
Тәуелсіз Қазақстан 1992 жылы 24 наурызда БҰҰ-на мүшелікке қабылданды. Еліміз БҰҰ-ның бас ассамблеяның 46 сессиясында ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Осы уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан БҰҰ-ның қыркүйек айында өтетін сессиясына басқа да мәжілісіне қатысты. Ең басы Н.Ә назарбаев 47 сессиясында Қазақстанның халықтарының саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты.
-
Барлық үкіметтің ізгі ниет білдіру тәртібімен «1+1» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен 1 пайызын бөліп жыл сайын оны 1 % -ға ұлғайтып отыруды көздейді.
-
Азиядағы өзара ықпалдастың және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру. Елбасының бұл бастамасы көпшілік және сондай-ақ БҰҰ-ның қолдауын тапты.
2002 жылы маусымда Қазақстан басшыларының Азиядағы ықпалдастық және сенім шақыру. Кеңестің Алматы қаласында өткен алғашқы саммитіне Азиядағы және әлемдегі ірі мемлекеттер Үндістанның, Пәкістанның т.б. елдердің өкілдері қатысты. Оның нәтижесінде қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа бағытталған.
Кеңестік терраризмді аластату және өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірден-бір ел. Қазақстан БҰҰ-на мүше мемлекет ретінде көптеген саяси проблемалардың оның ішінде орталық Азия аймағы елдерінің қауіпсіздігіне қатысты проблемалардың реттелуіне ұсыныстар жасап келеді. БҰҰ-ның аясында өткен мың жылдық саммтінде Қазақстан басшыларының Ауған мәселесін зерттеуде оны тұрақтандыруға нақты іс шараларды әзірлеу үшін Ауғанстанның Орталық Азиядағы арнайы қауіпсіздік кеңесін отырысын шақыруды ұсынды. БҰҰ ның бас ассамблеясының 53 сессиясын Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды. Бүгінде Қазақстан ұйымдарның көптеген құрылымдары мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар БҰҰ-ның босқындар істері басқармасы мен және әйелдер және балалар қорларымен жүйелі байланыс орнатқан.
ЛЕКЦИЯ № 44-45. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Жоспары:
1.Қр-ның сыртқы саяси бағыттары
2. ҚР президенті Н. Назарбаевтің мемлекеттік іс-сапарлары
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Декларация о государственной независимости Республики Казахстан // Казахстанская правда, 16 декабря 1991г.
Қосымша:
Договор о коллективной безопасности между республиками СНГ// Казахстанская правда, 19 мая 1992г
Лекцияның мәтіні:
Шығыстағы елдермен жанасу өзінің жемісін бере бастады. Мәселен, Түркиямен көлік және телекоммуникациялар, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтасу жайында келісім жасалынды. Пекин-Алматы-Ташкент Стамбул Трансазиаттық халықаралық темір жол магистралін салуға мүдделі мемлекеттер ниет білдірді. Оның іске қосылуы дүниежүзілік жүк тасымалдау схемасын едәуір өзгертті:Қазақстан мен бүкіл Орта Азияның Шығыс және Азия-Үнді Мұхит аймағының елдермен берік қатынасын орнықтырады.
Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы және дүниежүзіндегі беделінің үнемі артып отыруы шетелдік инвесторлардың өз капиталдарын алаңсыз оның экономикасына жұмсауына мүмкіндік беруде: конкурс негізінде танымал американдық «Шеврон» фирмасы «Теңіз», ал ағылшын-италян фирмалары мұнай конденсаттарын игеру жөнінде контракт жасасты.
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастыққа белсенді түрде еніп, көптеген елдермен, оның ішінде Еуропа елдерімен де тең құқықты қатынастар орнатып отыр. Ол 1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік және ынтымақтасу жөніндегі Еуропалық Кеңеске, Дүниежүзілік валюта қорына мүше болды.
Елтаңба, ту, Әнұран сияқты өзінің мемлекеттік рәміздерін бекіту жөніндегі шаралар жас тәуелсіз мемлекеттің егемендігін нығайту жолында жасалынған маңызды қадамдар. Осының бәрі тәуелсіздіті нығайтудағы қол жеткен ізгі нәтижелер.
Қайта құру басталғаннан кейін көп уақыт өтсе де ол өзін көрсете алмады, халықтық негізгі сала-экономикаға артқан үміті ақталмады. Мұнда жақсылыққа қарай бетбұрыс болмады, жағдай ауыр күйінде қалып қойды: ндірістің құлдырауы одан әрі жалғасты, қаржы-несие жүйесіндегі дағдарыс тереңдей түсті. ТМД елдері басшыларының бірлесіп қабылдаған шешімдерін жүзеге асыратын қабілетті Экономикалық одақ және үйлестіру органдары қалыптаспады. Қабылданған шешімдер орындалмады.
Қазақстан 2 қаңтарда Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесіне толыққанды мүше ретінде қабылданды. 25 қаңтар күні Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Галидің атынан ресми хаттама келіп түсті. Бутрос Гали өзінің ресми хаттамасында 23 қаңтар 1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Бас Ассамблеяға Қазқстанды толыққанды мүше ретінде қабылдауы үшін ұсыныс жасағанын Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевқа білдірді.
1-ақпанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Швейцарияның давос қалсындағы «Дүниежүзілік экономикалық форумға» қатысты. Бұл форумда Елбасымыз ТМД елдеріне арналған жиында ресми баяндама жасады.
3-наурыз күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 46 жиынының 46/224 ұйғарымына сай Қазақстан БҰҰ-на толыққанды мүше ретінде қабылданды. Дәл осы күні еліміз автоматты түрде ЮНЕСКО –ға толыққанды мүше ретінде қабылданды.
23-мамырда Лиссабонда Қазақстан, Белорусь, Украина, ресей және АҚШ елдері «Лиссабон хаттамасына» қол қойды. Бұл хаттамада Қазақстанның «Ядролық қаруды таратпау туралы келісім шартына» (ЯҚТШ) қосылғандығы бекітілді.
5 маусым күні Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен БҰҰ-ның штаб пәтері Нью-Йоркте Қазақстанның тұрақты өкілдігі ашылды.
20-маусымда Қазақстан ТҮРІКСОЙ-ға мүше болды. 26 маусым күні еліміздің «Халықаралық валюта қорына», «Халықаралық қайта құру және даму банкіне», «Халықаралық қаржы корпорациясы» мен «Халықаралық даму ассоциациясына» мүше болуы үшін арнайы заң қабылданды.
30 маусымда Қазақстан «Дүниежүзілік кеден ұйымына» мүше болды. 15-шілдеде еліміз «Халықаралық валюта қорына» мүше ел ретінде қабылданды. 19-тамызда Қазақстан «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына» мүше болды. 30-қыркүйекте Алматыда бірінші «Дүниежүзілік қазақтарының құрылтайы» өтті. Бұл құрылтайда Елбасымыз Н.Ә. назарбаев ресми баяндама жасады. 5-қазан күні Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында қазақстанның сыртқы саясатымен байланысты сөз сөйлеп, АӨСШК-ні құру туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс көптеген мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. 17-қарашада Қазақстан «Қылмысты полициясының халықаралық ұйымына (ИНТЕРПОЛ) мүше болды.
28-қараша күні еліміз «Экономикалық ынтымақтастық ұйымына» толыққанды мүше ретінде қабылданды.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
“Тарих-құқықтану» факулътеті
«Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқының тарихы» пәні бойынша
050114 «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ
(СӨЖ)
Жетісай – 2009 ж.
Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі
№
|
СӨЖ тапсырмаларының мазмұны
|
Сағ
саны
|
Бақылау түрі
|
Әдебиеттер
|
1
|
Кіріспе
1 Халықаралық қатынастардың жалпы сипаттамасы
2.Халықаралық қатынастардың маңызды кезеңдері мен заңдылықтары
Сауда-отаршылдық соғыстардың маңызы
|
1
|
Ауызша
талдау
|
1-5
|
2
|
XVII ғ. халықаралық қатынастар
-
XVII ғ. халықаралық қатынастар Ұлттық мемлекеттер жүйесінің қалыптасуы
-
Ресей, Осман империясы, Англия, Францияның халықаралық ролі
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1-5
|
3
|
XVIII. халықаралық қатынастар
1.Осман империясының халықаралық жағдайы
2.Польша мәселесі
|
1
|
Тестілік
сауалнама
|
1-5
|
4
|
XVIII. халықаралық қатынастар
1.Ресейдің қазақ хандықтарымен дипломатиялық байланыстары
2.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздіктен айрылуы
|
1
|
реферат
|
5-10
|
5
|
Отаршылдық империялардың қалыптасуы(XVII- XVIIIғғ.)
1. Отаршылдық экспансия типологиясы
2.Англияның отаршылдық үстемдкке қол жеткізуі(ХІХ ғ.)
|
1
|
глоссарий
|
5-10
|
6
|
XVIIIғ-XIXғғ. европалық дипломатия
1.Францияның жаулап алу соғыстарының басталуы
2. Напалеонның Египет жорығы
|
1
|
Реферат
|
10-15
|
7
|
XVIIIғ-XIXғғ. европалық дипломатия
1.Француз әскерінің Португалия мен Испанияға басып кіруі
2.Напалеон соғыстарының нәтижесі мен маңызы
|
1
|
Тестілік
сауалнама
|
10-15
|
8
|
Шығыс мәселесінің тууы және европалық дипломатия
1. «Шығыс мәселесінің» мәні
2.1806-1812 жж орыс-түрік соғысы
|
1
|
Тестілік
сауалнама
|
10-15
|
9
|
Шығыс мәселесінің тууы және европалық дипломатия .
-
1821 ж грек көтерілісі маңындағы дипломатиялық күрес
Грек көтерілісін қолдау туралы Лондон конвенциясы
|
1
|
Жазбаша
бақылау
|
15-20
|
10
|
ХІХ ғ бір жарт АҚШ дипломатиясы
1.ХІХ ғ бас АҚШ сыртқы саясатының белсенділігінің артуы
2.Флориданы оккупациялауы
3.Аляска және Алеут аралдарын алуы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
45-47
|
11
|
ХІХ ғ бір жарт АҚШ дипломатиясы
1.Монро доктринасы
2.Азаматтық соғыс, державалар позициясы
|
1
|
Ауызшы талдау
|
45-47
|
12
|
XIXғ. бір. жарт. Орта шығыс пен Үндістандағы . халықаралық қатынастар
1.Ора Шығыс пен Үндістан елдері дипломатиясын сипаттайтын белгілер
2.Европалық державалардың отаршылдық экспансиясы
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
15-20
|
13
|
ХІХ ғ. 70-90 жж. халықаралық қатынастар
1.Отар және ықпал сферасы үшін күрестің күшеюі
2.Қарулану мәселесі және европалық дипломатия
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
20-25
|
14
|
XIXғ соңғы ширегіндегі Балқан дағдарысы
1.Сербияның Балқан Одағын құру үшін күресі
2.ХІХ ғ.70 жж. орт. Балқан дағдарысының ерекшеліктері
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
20-25
|
15
|
Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар(ХІХғ бір жарт)
1.Қытайдағы Англия, АҚШ, Франция позициялары
2.АҚШ-тың Қиыр Шығысқа енуі (ХІХғ 50-60жж
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
25-30
|
16
|
Әлемді отаршылдық бөлудің аяқталуы
1.Индустриялық даму кезеңіндегі отарлардың ролі.
2.Шетел капиталының Сирия мен Ливанға енуі...
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
25-30
|
17
|
Әлемді отаршылдық бөлудің аяқталуы
1.Индустриялық даму кезеңіндегі отарлардың ролі.
2.Шетел капиталының Сирия мен Ливанға енуі
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
25-30
|
18
|
ХІХғ соңы ХХғ бас халықаралық қатынастар
1.Европада екі блоктің құрылуы
2.Қару бәсекесі
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
23-25
|
19
|
ХІХғ соңы ХХғ бас халықаралық қатынастар
1.Панамериканизм. Т.Рузвельт саясаты
2.Ресей-Қытай келісімдері
|
1
|
Ауызша талдау
|
23-25
|
20
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес (1914-1918 жж)
-
Европаның бейтарап елдері үшін дипломатиялық күрес
Италия маңындағы дипломатиялық күрес
|
1
|
Ауызша талдау
|
30-35
|
21
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес (1914-1918 жж)
1.Әскери-саяси блоктардың мақсаты мен міндеттері
2.Әскери қимылдардың басталуы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
30-35
|
22
|
Версаль-Вашингтон жүйесінің құрылуы
-
Компьен бітімі: қатысушылар, шарты.
Ұлттар Лигасының статутының қабылдануы
|
1
|
глоссарий
|
30-35
|
23
|
1918-1924 жж. халықаралық қатынастар
1. Лозанна конференциясындағы дипломатиялық күрес
2.Екі соғыс аралығының халықаралық қатынастарындағы орыс мәселесі.
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
40-45
|
24
|
1918-1924 жж. халықаралық қатынастар
1. Лозанна конференциясындағы дипломатиялық күрес
2.Екі соғыс аралығының халықаралық қатынастарындағы орыс мәселесі
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
4-45
|
25
|
1924-1933 жж халықаралық қатынастар.
1. Арабтық Шығыстағы ағылшын дипломатиясы
2.Кіші Антанта:қалыптасуы, қызметі
|
1
|
Ауызша талдау
|
40-45
|
26
|
1924-1933 жж халықаралық қатынастар
1.Локарно конференциясындағы дипломатиялық күрес
2.1926ж КСРО мен Германия арасындағы Достық және бейтараптық туралы келісім
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
40-45
|
27
|
1931-1933 жж Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар
1.Танака меморандумы
2.Жапонияның Қытайдағы агрессиясы және державалар позициясы.
|
1
|
реферат
|
50-55
|
28
|
1931-1933 жж Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар
1.Маньчжоу-Го құрылуы
2.КСРО-Жапония арасындағы қарама-қайшылықтар
|
1
|
Тестілік саулнама
|
50-55
|
29
|
1933-1939 жж халықаралық қатынастар
1.Италиядағы фашизм және оның басқыншылық жоспары
2.Гитлер дипломатиясының бағдарламасы, міндеттері, әдіс-тәсілдері..
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
50-55
|
30
|
1933-1939 жж халықаралық қатынастар
1.Фашистік үгіт-насихаттың идеялық негізі
2.Германияның территориялық экспансия жоспары
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
55-60
|
31
|
30жж. бейбітшілік және қауіпсіздік үшін күрес.
1.Бриан-Келлог пакті
2.Теңіз қаруын шектеу жөніндегі Лондон конференциясы(1930)
|
1
|
Ауызша талдау
|
55-60
|
32
|
30жж. бейбітшілік және қауіпсіздік үшін күрес.
1.Женева конференциясы (1932-1934жж)
2.Муссолини және Төрттік пакт
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
55-60
|
33
|
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес (1939-1945 жж)
1.Соғыс қарсаңындағы халықаралық күштердің орналасуы.
2.Одақтастар үшін дипломатиялық күрес
|
1
|
глоссарий
|
55-60
|
34
|
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық аренада күштердің орналасуы (1945-50 жж соңы)
1.Соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп
2.Әлемнің екі лагерьге бөлінуі.
|
1
|
Реферат
|
60-65
|
35
|
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық аренада күштердің орналасуы (1945-50 жж соңы)
1.Париж бітім конференциясы
2.Герман мәселесі бойынша КСРО позициясы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
60-65
|
36
|
Отаршылдық жүйенің құлауы
1.Азия мен Африкада тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы
2.Бандунг конференциясы және оның халықаралық қатынастардағы ролі
|
1
|
Ауызша бақылау
|
65-66
|
37
|
. БҰҰ және басқа арнаулы халықаралық ұйымдар БҰҰ және басқа арнаулы халықаралық ұйымдар
-
Бас Ассамблея: құрылымы, функциясы және қызметі
2.БҰҰ-ның бітімгерлік ролі
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
65-66
|
38
|
БҰҰ және басқа арнаулы халықаралық ұйымдар
1.БҰҰ-ның адам құқығын қорғау жөніндегі қзметі
2.Жаңа әлемдік тәртіп және БҰҰ-н қайта құру мәселесі
|
1
|
Ауызша талдау
|
65-66
|
39
|
Европалық интеграция процессі
-
Европаның бірігу идеясы
2.Адам құқығы жөніндегі европалық комиссия
|
1
|
Глоссарий
|
66-67
|
40
|
. Өзгерген әлемдегі АҚШ-ң ролі
1.Б. Клинтон әкімшілігінің сыртқы саясаты
2.АҚШ-тың БҰҰ-ғы ролі
|
1
|
Ауызша бақылау
|
66-67
|
41
|
Өзгерген әлемдегі АҚШ-ң ролі
1.Амеика-Қытай қатынастары
2.АҚШ-тың Европалық саясаты
|
1
|
Глоссарий
|
95
|
42
|
КСРО-ң құлауы.ТМД халықаралық қатынастар жүйесінде
1.КСРО-ның құлауының халықаралық салдары
2.ТМД-ның жарғысы: мақсаты, принциптері
|
1
|
реферат
|
4, 22
|
43
|
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
1.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларациясы
2Қазақстан дипломатиясы және мұсылмандық әлем
|
1
|
Ауызша бақылау
|
10
|
44
|
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
1.ҚР ядролық концепциясының эволюциясы
2.Қазақстанның сыртқы саудасының құрылымы
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
10
|
45
|
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
1.ҚР ядролық концепциясының эволюциясы
2.Қазақстанның сыртқы саудасының құрылымы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1-3
|
|
барлығы
|
45
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |