ЛЕКЦИЯ №11-12. XIXғ. Бірінші жартысындағы АҚШ дипломатиясы
Жоспары:
1.ХІХЪғ бірінші жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуының негізгі тенденциялары
2.АҚШ-тың сыртқы саясатының белсенділігінің артуы
3. Монро доктринасы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Исмаилов А.И. Лекции по истории международных отношении. Учебник., Шымкент, 1998
История дипломатии / под ред. В.А Зорина, В.С. Семенова, С.Д.Сказкина, В.М. Хвостова. В 5-ти тт. М., 1959-1979
Қосымша әдебиеттер:
Хрестоматия по новой истории стран Европы и Америки. М., 1990
Лекцияның мәтіні:
Тәуелсіздікпен Конституция қабылдаған соң АҚШ- та үлкен экономикалық өрлеу басталды. АҚШ- тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон (1789-1797) ел финанс жүйесін нығайтып, ұлтық банк құрылып, елде біркелкі ақша жүйесі қалыптастып, мемлекеттік төлем жүйесі пайда болды. ХҮІІ ғасырда діни сана мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ашылғандығына АҚШ Европа мемлекеттерінен оның ішінде Англиядан көп қалып қойды. Бұл кезең оның өндіріснің қалыптасуының алғашқы кезеңі болатын. Капиталдың шоғырлануы, ішкі рынок енді қалыптаса бастаған болатын. Транспорт жүйесі салынуы экономикаға үлкен игі әсерін тигізді. Елдегі халықтың сирек қоныстануы, Прирерия ел саудасының дамуына кері әсерін тигізді. ХІҮ ғасырдың алғашқы ширегінде Атлант орталықты аудандарға каналдар салу аграрлық саланың дамуына дұрыс әсер етті. ХІХ ғасыр ортасында АҚШ өзендерінде кемелер жүзе бастады. Алғашқы темір жолдар ХІҮ ғасырдың отызыншы жылдарында пайда болып 1860 жылы әлемде ең бірінші орынға шығып оның ұзындығы 30626 км 1 мил 1,6 км. АҚШ солтүстікке қарай дами бастады. 1861 жыл АҚШ картасында 40 штат болды. Ғасырдың ортасында оның шеті Тынық мұхитқа жетті. 1867 жылы Россиядан Алясканы сатып алды. Материктерді басып ала отырып Испания, Франция, Мексика жерлерін де қосып ала бастады. Жаңа жерлерді игеру АҚШ экономикасын аграрлық саласын күшейтті. АҚШ-қа Европадан қоныс аударушылар көптен келе бастады. Алғашқы кезде жерлер үлкен көлемде қымбат бағаға сатылса кейінен аз мөлшерде арзан бағаға сатыла бастады. Жер сату АҚШ мемлекетті қазынасы үшін пайданың көзіне айналды. Жерді сатып алып қоныстану етек алды. Бидай, жүгері, шошқа етін өндіру арта түсті, ауыл тұрғындары фабрика товарларын ала бастады. Ауыл шаруашылықтарында өнімді плугтар, механикалық, орақ, т.б. механизмдер ене бастады. С. Маккормик зоводынан шыққан жаткалар шет елге мыңдап шығарылды.
АҚШ – та жұмысшы табы қалыптасты. Иммигранттар емес, американдықтар жалақы төлейтін жұмыстарға барды. Фаб рикаларға қыздар көптеп бара бастады. Фермалар мұраға қалдырылды, үлкен үйде қалды, ал кіші қыздар, ұлдар кетеді. Қара жұмысшылар күніне 1 доллар алды.
АҚШ қоғамында бір жұмыскер бір орында отырып қалу сирек болды, барлық жұмысты істеп көрді. Орыс саяхатшысы, ғалым А.Лапйер 1859 былай деп жазған болатын. Американ бір қызметте тұрақтамайды, ол бүгін егінші болса, ертең чиновник, көпес, теңізші, соңынан ең ыңғайлысына тоқталады. Ірі американ іскерлері төменнен шыққан адамдар болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шотландиядан келген Эндрю Карнети темір жол., болат қорыту магнаты 12 жыл фабрикада қосымша жұмысшы болды. Оңтүстік штаттарда құл иеленуші плантаторлар билік жүргізді. Темекі мен мақта өсіру үлкен пайдаға кенелтті. 1793 ж мақтаны шитінен тазалайтын, “джина” механикасы ойлап шығарылды. Американ планттар ыбарып тұрған қанаудың орхайкалық формасын пайдаланды. Олар құлдарды барынша аяусыз қанады. Мақта, темекі егумен қатар қант құрағы, күріш егілді. Құлиеленушілік АҚШ экономикасының онан әрі өркендеуіне кедергі болды. Оңтүстікте росизм кең қанат жайды.
АҚШ – тың экономикалық сыртқы саясат ы екі бағытта жүргізілді.
-
Солтүстіктен сауда буржуазиясының пайдасы
-
Оңтүстік прлантаторлары үшін.
1812 ж АҚШ үкіметі Англияның Франциямен соғысы барысында АҚШ кемелерін басып алғаны үшін Францияға соғыс жариялады. Метрополияның сағын сындыру мақсатында АҚШ аушыл топтары азғана әскері тұрған Канаданы Франциядан тарттып алуды ойластырды.
Монрсалды алу сәтсіз болып соыс АҚШ жеріне ауысты. 1814 ж декабрьдегі Генте (Бельгия) бейбіт келісім АҚШ үшін пайдалы болмады, бірақ 1815 ж январьда американ армиясы Жаңа Орман түбенде ағылшындарға күйрете соққы берді. Война Хотя окончилось нулевым результатом, но упрогиля независимости США сплотила американскую нацию. Бұдан бұрын 1803 ж АҚШ үкіметі шебер дипломатиямен 15 мың долларға франциядан Луизианяны алды. (1800 ж Наполеон Испаниядан тартып алған болатын). Бұл үлкен 1 мың кв км Миссисипи өзені бассейні аймағын алып жатқан Жаңа Орлеан портымен бірге болатын. Наполеон ақша қаражатына тапшы болып оны сатқан болатын. 1810-1818 ж.ж. Испаниядан Флориданы тартып алды. Батыс жарты шарда АҚШ үстіндегі орнап 1823 ж Монро доутринасын жариялады. Бұл доктрина бойынша АҚШ Европа державалары үстемдігін тиым салады және латын америкасына қамқорлық жасайды. АҚШ үкіметі Европа державаларына америка материгін колонизация жасауға тиым салды. Латын Америкасы елдері тәуелсіздік жолындағы соғыстарын қолдай отырып АҚШ өзінің көршісі Мексикамен соғысқа шықты. Оңтүстік штаттар өкілдері Мексиканың Техас штатынан арзан бағаға жер сатып алуға үкіметтен рұқсат алды. 1833 ж Техасты басып алып тәуелсіз республика құрды. Бұл 1846-48 ж.ж. соғысқа әкеп соқты. Бұл АҚШ-тың соғысына жеңісімен аяқталды. Мексика Техас, Калифорния, Жаңа Мексика, Аризона айрылды, ол компенсация ретінде 15 мың доллар алды. Европа державалары оның ішінде Ангия АҚШ-тың бұл экспенсиясына қарсы болды. АҚШ Алеут аралын орыстардан 1867 ж 7,2 мың долларға сатып алды.
ЛЕКЦИЯ №13 XIXғ. Бірінші жартысындағы Орта Шығыс пен Үндістандағы халықаралық қатынастар
Жоспары:
1.Герат мәселесі
2.Ресейдің Орта Азия хандықтарын жаулап алуы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
История дипломатии / под ред. В.А Зорина, В.С. Семенова, С.Д.Сказкина, В.М. Хвостова. В 5-ти тт. М., 1959-1979
Қосымша әдебиеттер:
Новая история стран Азии и Африки / под ред. А.М. Родригеса М., 2004
Лекцияның мәтіні:
1838ж Иран әскері Гераттың бас қаласын қоршауға алды.Ұлыбритания Иран мен дипломатиялық қатынастарды үзді.1838ж қазан айында Гератты қорғауды сылтау етіп 12 мыңдық ағылшын-үнді әскері, 40 мыңдық жүк тасушыларымен қоса Махнатеннің жалпы басышылығымен Ауғанстанға қарай жылжыды.Соғыстағы сәтсіздіктер, Ресейдің қолдауының әлсіз болуы, Ұлыбританияның Иранға қысым көрсетуі Мохаммед шахты Гератты жаулап алу жоспарынан бас тартуға мәжбүрледі.1838ж күзде Иран әскері қамалға оқ жаудыруды тоқтатты.1839ж Иран мен Ұлыбритания арасында келісім жасалды, оның шарты бойынша Ұлыбритания Герат князьдігінен әскерін шығаруға міндеттенді.1841ж бұл келісімді сауда келісімімен толықтырды, ол бойынша Ұлыбритания Иранда, Түркманшай бітімі бойынша Ресей ие болған сауда жеңілдіктеріне қол жеткізді.Орталық Азиядан өзінің бақталасы Ресейді дипломатиялық жолмен ығыстырып, қару кшімен Ауғанстанды алғанннан кейін Ұлыбритания Герат ханын келісімге келуге мәжбүрледі, бірақ ол Ираннан көмек сұрады.Гератты толық бағындыруға жаңа билеуші Шуджа мен ағылшын әскеріне қарсы қарсы басталған азаматтық соғыс кедергі болды.2 қараша 1841ж Кабул көтерілісі нәтижесінде Шуджа тақтан түсірілді.Көтерілісті басуға күші жетпейдіндігіне көзі жеткен Ост-Инд компаниясының генерал-губернатор маңындағы сыртқы істер жөніндегі хатшы Махнатен көтеріліс жетекшіремінен Ауғанстаннан әскерін шығару туралы келісімге қол қойды.
Ауғанстанға жіберілген Ост-Инд компаниясының әскерін 1842ж қаңтар айында ауған моджахедтері жойып жіберді.
Өзінің әскери беделінің жойылуынан қорыққан Британия 1842ж тамызда Ауғанстанға басып кірді.Бұл жолы да ауған елін бағындыру сәтсіз аяқталды.
1837-1842жж Герат жанжалы мен ағылшын-ауған соғысы Орталық Азиядағы Ресейдің экономикалық және саяси ықпалын әлсіретіп, Ұлыбританияның позициясын күшейтті, нәтижесінде ол Ауғанстанмен Солтүстік үндістанда отарлау саясатын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Ол жаңа герат соғысына алып келді.(1857-1873жж)
ХІХ ғ 60 жж Ресейдің Қытаймен саудасының құлдырауына байланысты, Ресей үшін Иран мен қатар Орта Азия хандықтарының маңызы өсті.Бұл елдер Ресейді өнеркәсіптік тауар сататын рынок, және тоқыма өндірісінің шикізат көзі ретінде қарастырды. Ортаазиялық феодалдық мемлекеттерде: Бұқар, Қоқан, Хиуа, Герат хандықтарында, Кабул әмірлігінде, тағы басқа ауған, қарақалпақ т.б. халықтар өмір сүрді.
ХІХғ 60жж Ұлыбританияның отарлауынан қауіптенген Ресей, әскери жолмен шекаралас болғандықтан осы жерлерді жаулап алуға кірісті.
ЛЕКЦИЯ №14-15. XIXғ. 70-90 жж. халықаралық қатынастар
Жоспары:
1.Халықаралық қатынастарға жалпы сипаттама
2. Әскери-саяси блоктардың қалыптаса бастауы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Ерусалимский А.С. Внешняя политика и дипломатия германского империализма в конце ХІХв.. М., 1957
Қосымша әдебиеттер:
Деборин В.П. Международные отношения до первой мировой войны(1871-1914) Саратов., 1978
Лекцияның мәтіні:
. Франция-Пруссия соғысы 1871 жылы Франкфурт бітіміне қол қоюмен аяқталды да, халықаралық жағдайға түбірлі өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістердің бірінші себебі-капитализмнің әркелкі дамуының күшейе түсуі болды. Бұл әсіресе біріккен Германияның индустриясы жедел дамуынан айқын көрінді. Эльзас пен Лотарингияны иемденген және Фанциядан өтемақы ретінде 5 млрд франк алған Германияның экономикасы күшейе түсті.
Франция мен Германияның арақатынасы басқа мемлекеттердің өзара арақатынасына үлкен әсер етті. Экспансиялық сыртқы саясатын күшейте түскен кайзерлік Германия, кез келген елмен әскери шиеленіске түсе қалған жағдайда, Францияның міндетті түрде сол елдің одақтасына айналарын біліп отырды. Сондықтан Бисмарк германияға көрші елдермен Францияның арасына сына қағу үшін шешуші қадамдар жасауға асықты. Германия империясының өсе түскен экономикасы және әскери қуаты Австро-Венгрияның сыртқы саяси бағытының өзгеруіне әсер етті.
Алайда 1874-1875 жылдары германия Францияны оңай талқандай алатын еді, бірақ онда өзге елдермен дипломатиялық жағдайы күрделілене түсетін-ді.
Патшалық Ресей Германияға Францияны талқандауға жол бермейтінін үзілді-кесілді ескертті. Ресейден соң ағылшын өкіметі де Германияның Францияға қарсы басқыншылғына келіспейтіндігін білдірді. Сөйтіп, Ресей Францияға қарсы герман басқыншылығының жолында басты кедергі болды.
70-жылдар басында Балқан түбегінің көптеген халқы түрік басқыншыларының езгісінде болды. Олар-Болгария, Босни, Герцоговина, македония, Албания, Эпир, Фессалия еді. Сербия мен Румыния да түрік сұлтанының билігінде болды және оған алым-салық төлеп тұрды. Түркияның езгісіндегі халықтардың ұлт-азаттық күресі 70-жылдар ортасында жаңа, біршама ұйымдасқан кезеңіне өтті.
1875 жылы жазда алдымен Герцоговинада, содан соң Боснияда түрік үстемдігіне қарсы көтеріліс тұтанды. Түрік әскерлерінің тықсыруымен сербтер жеңіліске ұшырады. Серб өкіметін құпия жақтап отырған Орыс патшалығы Түркия ғана емес, Еуропа державаларымен де қақтығысқа барғысы келмеді.
Герман өкіметі Балқандағы Австро-Венгрия экспансиясын қолдай отырып, Ресесйді Түркиямен соғысқа итермеледі, Ресейдің көңілін Еуропадағы мәселелерден басқа жаққа аударуға тырысты, сөйтіп, германия Францияны екінші рет талқандауға мүмкіндік алғысы келді.
1877 жылы 24 сәуірде Ресей Түркияға соғыс жариялады. Орыс әскерлері Адрианопольді алып, Константинопольді құлатуға жақын қалған кезде түрік өкіметі бітімге келісім сұрады.
1878 жылы 3 наурызда Сан-Стефанода Ресейге Карс, Ардаган, Баязет және Батуми қалаларын беру және Қырым соғысынан соң Ресейден тартып алынған Бессарабияның оңтүстік бөлігін қайтаруды қарастырған бітім шартына қол қойылды. Бұл шарттың бір пункті балқан мемлекеттерінің аумақтық құрылымына қатысты болды. Өзіндік біртұтас Балқан мемлекеттері: Черногория, Сербия және Румыния заңды толық тәуелсіздік алды. Болгария Сан-Стефано шарты бойынша Константинопольге жақын келіп, Эгей жағалауының бірқатар бөлігін қосып алды. Осылайша, Сан-Стефано шарты серб және румын халықтарын түрік езгісінен толық азат етті және Болгарияның жартылай азаттық алуына жол ашты.
Ағылшын төбелтобы Ресейдің Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі өзінің позияциясын күшейту үшін пайдалануынан қауіптеніп, Болгария шекарасын анықтау «сызығын» тапты, ол «сызық» балқанда Англия үшін қолайлы жағдай тудырды.
1878 жылы 13 маусымда шақырылған берлин конгресі сан-Стефанода қабылданған шешімдерді қайта қарау туралы мәселелерді талқылай бастады. Конгресс жұмысынәтижесінде Берлин трактатына қол қойылды. Ол бойынша Карс, Ардаган, Батуми Ресейге өтті, Баязит Түркияда қалды. Ресейге Оңтүстік Бессарабия қайтарылды, Добруджа румынияға өтті. Сондай-ақ Черногория, Сербия және Румыния тәуелсіздігі бекітілді.
Берлин трактаты бойынша Болгарияның аумағы бірден қысқартылды. 1877-1878 жылдары болған орыс-түрік соғысы балқан халықтарының ұлттық тәуелсіздік алуына мүмкіндік берді, ол ұлттық Болгария мемлекетінің құрылуын тездетті.
Ресеймен достық қатынастан айрылған Бисмарк Австро-Венгриямен жақындасуға тырысты.
1879 жылы 7 қарашада Венада Австро-герман шартына қол қойылды.
Италияның Тунисті басып алуы Германия тарапынан қолдау тапты. Нәтижесінде 1882 жылы 20 мамырда Германия, Австро-Венгрия және Италия арасында Үштік одақ деп аталатын одақтық шартқа қол қойылды. Шарт бес жылға жасалынды, бірақ әрбір бес жыл сайын ол жаңартылып отыру арқылы 1945 жылға дейін созылып келді. Шарт Үштік одақтың әрбір қатысушы мүшесі басқа елмен соғысып қалған жағдайда Франциядан басқа елдерге бейтараптық сақтауға міндеттенді.
Англия ол кезде континенттік мемлекеттердің бірімен одақтық шартқа отыру арқылы, өзінің саясатын өзгелермен байланыстыруды қажет деп есептемеді. Керісінше, Солсберидің «таза оқшаулану» деп аталатын консервативтік сыртқы саясаты, басқа мемлекеттер арасындағы қақтығысты өздерінің сыртқы саяси мақсатына жету үшін пайдалануды көздеді.
Бисмарктің орнына келген жаңа канцлер Каприви Бас штабты және император ІІ Вильгельмнің әскери бағдарын барлқ жағынан қолдады. Оның сыртқы саясатты ұстанған «жалпы бағыты» бойынша Германия француз-орыс блогына қарсы соғысқа дайындалуға тиіс болды.
1887 жылы француз-герман қақтығысынан кейін Франция өкіметі Петербургте Ресеймен әскери одақ құру мүмүкіндіктерін ойластыра бастаған.
1891 жылы тамызда француз-орыс факті жасалды. 1892 жылы жазда француз Бас штабының өкілдері мен орыс Бас штабының өкілдері әскери конвенцияға қол қойды. Ол өте құпия сипатта болды. Әскери конвенция 1893 жылдың соңында бекітілді. Осылайша 1891 .1892 және 1893 жылдардағы келісімдермен француз-орыс одағы ресми сипат алды.
Германия өзінің алдына дүниежүзін бөлісуге байланысты ауқымды міндеттер қоя отырып, аса қуатты флот құруға кірісті.
ХХ ғасыр басында ағылшын-герман бақталастығы күшейе түсті Англия дүниені бөлісу үшін болатын соғыста өзіне одақтастар іздестіре бастады.
Англия мен Франция арасында одақ туралы келіссөздер басталды. 1904 жылы сәуірде «шын жүректі келісім» немесе Антанта деп аталатын ағылшын-француз келісіміне қол қойылды. Бұл келісім бойынша Франция Судан мен Мысырға қол созудан бас тартты, ал Англия француздардың Мароккоға жорығын қолдауға міндеттенді.
1904 жылы Англия мен Франция арасындағы Африканы бөлісу туралы келісім аяқталмаған сипатта болды. Германияның негізгі міндеттерінің бірі- Ресеймен Англия одағына қалайда жол бермеу болды. Ал қалыптасқан Ресей мен Франция одағын әртүрлі шаралармен әлсірету –бұл Германияның алдында тұрған екінші міндет болды.
Қиыр Шығыста орыс-жапон соғысы өрши түсті. Бұл соғыста патшалық армияның жеңілуі Германияның қарсыластарының бірі Ресейдің қауіпті жау ретінде қатардан шығып қалғанын білдірді.
Орыс-жапон соғысындағы Ресей жеңілісі ХХ ғасырдың басындағы басты қарсыластар-Англия мен германияның арасына мемлекеттердің топтасуын жеңілдетті.
1904 жылы ағылшын-француз Антанта шартынан кейін, Англия өкіметі антигерманиялық коалицияға Ресейді тарту үшін бар күшін жұмсады.
ЛЕКЦИЯ № 16. XIXғ соңғы ширегіндегі Балқан дағдарысы
Жоспар:
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Бошкович Б. Балканы и международный империализм. М.,1936
Қосымша әдебиеттер:
Ротштейн Ф.А. Международные отношения в конце ХІХ вМ., 1960
Лекцияның мәтіні:
Батыс державалары Осман империясының ішкі ісіне белсене араласа бастады. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде империя Болгария, Сербия, Черногория, румыния сияқты иеліктерінен айрылды. Балқан түбегінің түрік билігінде қалған славян тұрғындары өзін-өзі билеуге ие болды. Закавказьедегі Ресейдің шекарасы империяға ішкерілеп, түріктер тұрып жатқан жерге дейін жылжыды. Басқа да иеліктерден айырылуға тура келді: Франция, Алжир мен Тунисті, Англия Мысыр мен Қаһіраны түріктерден тартып алды. ХІХ ғасырдың соңына қарай Осман империясының солтүстік Африкалық иеліктері еуропалық мемлекеттердің билігіне көшті. Франция Сирия мен Ливанда, Англия парсы шығанағы мен Қосөзен аймағында үстемдік етуге ұмтылды. Австро-Венгрия әскерлері Босния мен Герцоговинаға енді.
Англия, Франция және Австро-Венгрия егер Осман империясы толық күйрейтін болса, ресей империясының ықпалы күшейіп, славян мемлекеттерін және Қара теңіз бұғаздарын өз бақылауына алады деп қауіптенді. Міне, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы «шығыс мәселесінің» басты мәні осылайша дамыды.
ІІ Абдул Хамид енді Германиямен тығыз байланыс орнатуға бет бұрды. 1888 жылы билікке ІІ Вильгельмнің келуі Германияны Осман империясымен жақындатты. Герман императоры өзін «мұсылмандардың қолдаушысымын» деп мәлімдеді. Неміс офицерлеріне осман әскерін қайта құруға тапсырма берілді. Германияның Осман империясына орныққандығының басты бір мысалы-немістердің берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы болды. Бұл әскери маңызы зор магистраль болашақта Бағдатты Парсы шығанағымен жалғастырады деп жоспарланды. Бұл Германияның өз әскерлерін Еуропадан Таяу Шығысқа әкелуіне мүмкіндік беретін еді. Сөйтіп, ондағы Англия мен Францияның отарлық иеліктеріне, Ресейге де қауіп төнетін еді.
Осман империясының дағдарысы Балқан түбегінің түрік билігі сақталған жерлерде қатты байқалды. Бұл жерлерде ұлт-азаттық қозғалыс күшейді.
1875 жылы жазда герцоговинада халықтық көтеріліс басталды, ол Боснияға ұласты. Балгар халқының азаттық күресі басталды. Бұл көтерілістерді Сербия мен Черногория халқы қолдады. Түрік үкіметі әскерін басуға жұмсады. 1875 жылы үкімет (қазан айында) ресми түрде өзін банкрот деп жариялады.
Елдегі наразылықты басу үшін христиандарға қарсы провекация ұйымдастырды. Мұсылмандар мен христиандар арасында болған қақтығыста Салоники де француз-неміс консулдары қаза тапты. Герцоговина көтерілісі мен Салоникидегі жағдай шетел державалары осман империясының ішкі істеріне қол сұғуға себеп болып қолданылды. 1876 жылы париж трактатына қол қойған мемлекеттер Түркиядан Босния ме Герцоговинада тез арада реформа жүргізуді талап етті. Сұлтан үкіметі ол талапты қабылдауға келісімін білдірді. Бірақ шетел державаларының талаптары онымен аяқталған жоқ, жаңа Таяу Шығыс дағдарысы басталды.
ЛЕКЦИЯ № 17. Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар(ХІХғ соңы-ХХғ басы)
Жоспары:
1.Ұлы державалардың Қиыр Шығыстағы күресінің шиеленісуі
2.Державалардың Қытайды бөлісу үшін күресі
3.Ресей-Жапония қайшылықтары
Негізгі әдебиеттер:
Кутаков Л.Н. Внешняя политика и дипломатия Японии.- М., 1964
Қосымша әдебиеттер:
Ротштейн Ф.А. международные отношения В конце ХІХ века М., 1960
Лекцияның мәтіні:
Патшалық Ресейдің Қытайдағы табысты іс-әрекеттері басқа державалардың да Қытайға деген қызығушылығын арттырып, Қытайды ықпал сфераларына бөлуге алып келді.1897ж Германия 99 жылға Киао-Чао портын жалға және Шаньдун жартылай түбегінде ірі концессиялар алды.1898ж Ресей Ляодун жартылай түбегінің оңтүстігін Порт-Артур және Дальний мен Харбин-Мукден-Дальний маршруты бойынша Оңтүстік-Маньчжур темір жолының құрылысына концессия алды.Бұл концессия арқылы Ресей оңтүстік Маьчжурияда өз бақылауын орнатты.1898ж Англия Шаньдун жартылай түбегінде Вей-Хай-Вэй портын жалға алды да Янцзы өзенінің бассейнін ықпал аймағына айналдырды.Франция Ресейдің көмегімен Юньнань провинциясындағы Гуан-Чжоу-Вань портын маңызды темір жол концессияларын және Францияның Үндіқытай түбегіндегі отары Тонкин мен шекаралас Қытайдың 3 оңтүстік-шығыс провинцияларында саяси артықшылықтарға ие болды.Италия Сан-Мун порты мен Чжецзян провинциясын жалға алып өз позициясын күшейтуге әрекеттенді, бірақ Қытай, Ресей мен Англияның қарсылығы нәтижесінде одан бас тартты.Қытайды ықпал сфераларына бөлу ең алдымен Англияға қарсы бағытталды.Ал Англия болса ұлы державаларды бір бірімен қақтығыстырды.Осы мақсатта 1898ж қаңтар айында ағылшын үкіметі Ресейге тек ғана Қытайды емес, сонымен қатар бүкіл Азияны экономикалық ықпал сферасына бөлуді ұсынды: Азияның оңтүстік бөлігі- англияныкі, солтүстігі- Ресейдікі. Патшалық үкімет бұдан бас тартты.осыдан кейін барып ағылшын үкіметі 1898ж маусымында Германияға Азияда Ресейге, ал Африкада –Францияға қарсы бағытталған ағылшын-герман одағын құруды ұсынды.германия үкіметі бұл ұсыныстан бас тартты, себебі еркіндігін сақтап Англия мен Ресейге талаптар қоюды дұрыс көрді.
1898ж ұлы державалар арасындағы қайшылықтар шегіне жетті.Англияның жағдайы ауыр болды: Қытай мен Түркиядағы Ресеймен күреске , енді Солтүстік Африкада Франция, испан-американ соғысы және бур республикаларымен соғыстығ дайындығы қосылды.
Осы жағдайда Англия АҚШ пен жақындасуға бет бұрды.Венесуэла мен британдық Гвиананы бөлу жөніндегі дау-дамайда , АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Олнидің 1896ж желтоқсанда Венесуэланы қорғғау нотасынан кейін Англия бұл территориядан бас тартты.Сонымен 1898ж испан-американ соғысы барысында Англия бейтараптық сақтады және де Англия АҚШ-ты құрылысы басталған Панама каналының иесі ретінде мойындады (1901ж келісім)
Ресеймен ағылшын үкіметі 1899ж Қытайдағы теміржол құрылысы аудандарын бөлу туралы келісім жасады: Ресей Янцзы өзенінің бассейнін- ағылшын, ал Англия Солтүстік Қытайды Ресей –құрылыс аймағы деп мойндады.
Германияны ағылшын үкіметі Африкадағы португал отарларын бөлу туралы ұсынысымен тыныштандырды, осы мәселе жөніндегі 1898ж ағылшын-герман келісімі нәтижесінде Германия ағылшын –бур соғыстары кезінде бейтараптық сақтады.Бірақ1899 жылы күзде Англия Португалия мен құпия келісімге қол қояды: оның шарты бойынша Португалия өз отарлдарын ешкімге бермеуге, ал Англия болса оларды «өз иелігіндей» етіп қорғауға міндеттенді.
Осы іс-әрекеттер нәтижесінде Англия Францияның Суданға және Нілдің жоғары бойына қойған талаптарына қарсылығын білдіруге мүмкіндік берді.1893ж француз үкіметі батыста Сенегалдан, оңтүстік-батыста- франциялық Конгодан , француздық Сомалиден Абиссиния арқылы Нілдің жоғары бойына үш экспедиция жіберуге шешім қабылдады.Оны болдырмау үшін Англия Италияның Абиссинияға деген құқығын мойындады да Италияны Францияға қарсы қоюды жоспарлады.Француздардың үш экспедициясы Бір уақытта Ніл бойында Фашода жерінде кездесу жоспарланған еді.
Бірақ Абиссиниядағы итальян әскері талқандалғаннан кейін ағылшын үкіметі Суданға ірі әскери күшін жіберіп Махди мемлекетін құлатты.Осы әскердің Китчененр басқарған отряды 1898ж қыркүйек айында Фашодаға келді.Англия мен Франция Нілдің жоғары бойында арасында пайда болған қақтығыс Францияның артқа шегінуімен аяқталды, себебі патшалық Ресей көмек көрсетуден бас тартты.1899ж наурызда Англия мен Франция арасында Африканы ықпал аймақтарға бөлу туралы келісімге қол қойды: Франция батыс Судан , ал Англия шығыс Судан мен Нілдің жоғары бойын сақтап қалды.1899ж келісім 1904ж ағылшын-француз Антантасының құрылуына жол ашты.Бұл Англиянның бур республикаларына қарсы 1899ж қазанда соғыс бастауға мүмкіндік берді.Англияның соғыстың алғашқы кезеңінде жеңіліске ұшырауы Вильгельм ІІ 1900ж қаңтар-наурызда Франция мен Ресейді Англияға соғысты тоқтату туралы талап қойып, оған қарсы соғысқа итермеледі.
1898ж Ақш-тың Испанияны талқандап испаниялық Вест-Индияны(Куба, Пуэрто-Рико аралдары) және Тынық мұхиттағы Гуам аралы мен Филиппинді тартып алды.Филиппинге ие болған американдықтар Қытайға жақындап оны бөлуге белсенді түрде қатысуға мүмкіндік алды.1899ж АҚШ үкіметі Қытайда «ашық есік» саясатын жариялады.Осы доктрина негізінде 1899-1900жж Англия мен АҚШ Ресейді Қытайдан ығыстыру үшін державалар блогін құруға әрекеттенді, оған ихэтуань көтерілісі кедергі болды.
Сонымен, жер шары территориясын бөлуді аяқтау кезеңінде күштер арақатынасы төмендегідей қалыптасты: Англия мен Германия арасындағы күрес жер шарының түкпір-түкпірінде жүріп жатты, бұл әлемдік үстемдік үшін күрес болды.Германия мен АҚШ арасында қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті.Германияның Түркияға енуінің салдарынан Ресей мен Германия арасындағы қайшылықтар шиеленісті.Англияның АҚШпен, Жапония және Франция мен жақындасуы басталды.Англия мен Ресей арасындағы қатынастар Қытайдағы күрес нәтижесінде нашарлады, себебі Англия бұл мәселеде АҚШ пен Жапонияға арқа сүйеген.
Ұлы державалар империализм сатысына өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |