ЛЕКЦИЯ № 38. БҰҰ және басқа арнаулы халықаралық ұйымдар
Жоспары:
-
Халықаралық ұйымдардың құқықтардың статусы.
-
БҰҰ әмбебап халықаралық ұйым.
-
БҰҰ-ның арнаулы бөлімшелері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Организация Обьединенных Нации и современные международные отношения. М., 1986
Қосымша әдебиеттер:
Организация Обьединенных Нации. Сборник документов. М., 1981
Лекцияның мәтіні:
Алғашқы халықаралық ұйымдар ол дүние жүзілі метрологиялық ұйым дүние жүзілік пошта одағы халықаралық телеграф одағы. Бұл ұйымдардың барлығы Швецария территориясында орналасып және сол елдің бақылауымен жұмыс істейтін халықаралық субьект ретінде құқықтары болмаған. ХІХ ғасырда бұл ұйымның статусы халықаралық құқықтық сипатта болмаған. Қазіргі уақытта дүние жүзінде ешбір мемлекеттің халықаралық ұйымның қызметінің бақылауға құқықтары жоқ. Әрбір халықаралық ұйым территорияда орналасқан мемлекеттер тәуелсіз болуы қажет. Осындай тәуелсіздікті қамтамассыз ету үшін ұйым мен мемлекет арасында келісім жасасады.
Халықаралық ұйымдар тарихында алғы келісім 1926 жылы ұлттар лигасы мен Швецария арасында жасалды. Осындай келісім БҰҰ және Африканың бірлік ұйымы осы ұйым мен БҰҰ-ның экономикалық комиссиясы арасында 15 қараша 1965 жылы қызмет туралы келісім жасалды. Халықаралық ұйымдардың санының өсуі халықаралық қатынастарда олардың рөлінің өсуі, халықаралық құқықта өзіндік салаларының пайда болуына алып келді. Халықаралық ұйымдардың құқықтары жалпы принципімен нормативтер жиынтығы халықаралық үкімет арасының құқықтарының статусы қызметтері артықшылықтары мен имунитеті осының бәрі 13 ақпан 1946 жылы БҰҰ-ның артықшылықтарымен имунитет туралы конвенцияларында бекітілген. Бұл құжат халықаралық ұйымдардың осындай конвенцияларына негіз болып табылады. Мүшелерінің саны бойынша халықтардың үкімет аралық ұйымдарды дүние жүзілік және жергілікті етіп екіге бөлуге болады.
-
Дүниежүзілік ұйымдар: БҰҰ және оның арнаулы ұйымдары Могате, Боз, ЮНЕСКО
-
жергілікті ұйымдар: Африканың бірлік ұйымы, НАТО және Американың мемлекеттер ұйымы.
Шешім қабылдау працедурасына байланысты халықаралық ұйымдар тағы 2 топқа бөлінеді.
-
Егемендік теңдік принципі.
-
Салмақты дауыс беру принципі
Халықаралық үкімет аралық принципі егемендік теңдік принципі негізінде қызмет етеді. БҰҰ-ы және арнаулы ұйымдарда бір мемлекет бір дауысқа ие және мемлекеттер арасында теңдік орнатылған. Ал салмақты дауыс беру принципібұған қарама-қарсы бірқатар валюта қаржы халықаралық ұйымдарда оның ішінде БҰҰ-ның арнаулы ұйымдарында халықтардың реконструкция даму банкінде әр бір мүше мемлекет 250 дауысқа ие және оның акцияларының санына байланысты қосымша даусқа ие болуы мүмкін. Егер мемлекет осы ұйымдарда шешім қабылдағанға ықпал еткісі келсе, ол өзінің экономикасын дамыту қажет. Сеебі осы жағдайда өзінің акцияларын көбейту керек. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдер АҚШ, Англия, Франция несие саясаты жүргізуде шешуші роль атқарады. Құрылтайшы статусына байланысты үкімет аралық ұйымдар: БҰҰ,НАТО, Африканың бірлік ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы, экономикалық ықпалдылық ұйымы. Қазақстан дүние жүзінде зияткерлік меншік ұйымының меншігі. Үкімет аралық емес ұйымдар: Пагуош қозғалысы, Всемирная Федерация Породненных Городов, Парламент аралық одағы, халықаралық ұйым маңында тұрақты өкілдік құрылады. Құқықтық статусы 1975 жылы мемлекет өкілдігінің халықаралық ұйымдарымен қатынастарға Вена конвенциясы орнады.
ЛЕКЦИЯ №39 БҰҰ және басқа арнаулы халықаралық ұйымдар
Жоспары:
1.БҰҰ-ның құрылуы
2.БҰҰ-ның құрылымы
3.БҰҰ-ның 60 жж. қызметі
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Организация Обьединенных Нации и современные международные отношения. М., 1986
Қосымша әдебиеттер:
Организация Обьединенных Нации. Сборник документов. М., 1981
Лекция мәтіні:
БҰҰ-ы ең беделді халықаралық әмбебап ұйым. 1943 жылы 30-қазанда Мәскеу қаласында АҚШ, КСРО. Ұлыбританияның сыртқы істер министрінің кездесуінде «жалпы қауіпсіздік декларациясына» қол қойылған. Яғни осы кезеңнің нәтижесінде әмбебап халықаралық қауіпсіздік ұйымдары құру туралы шешім қабылданды. 1943 жылы тегеран конференциясында 1944 жылы тамыз-қыркүйек айларында өткен АҚШ-тың Думбатои-Окс қаласында өткен эксперттер конференциясында мақұлдайды. Ол құжат «бейбітшілік пен қауіпсіздік» қорғау барысында халықаралық ұйым құру жөніндегі ұсыныстар деп аталады. Ол конференцияда дауыс беру мәселесі шешілмеді. Халықтардың сот статусы мәселелері шешілген жоқ. Бұл мәселелердің бәрі 1945 жылы ақпанда Ялтада өткен конференцияда шешімдері қаралды. 1945 жылы сәуір және маусым айларында Санфранциско конференциясында шешім тапты. Конференция қорытынды 50 мемлекет қол қойған. БҰҰ-ның жарғысы болып табылады. 1945 жылы 24 қазанда жарғы заң күшіне енді. Жарғыда мынадай мақсат негізделді.
-
Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау.
-
Мемлекеттер арасында достастық пен қарым-қатынастарды дамыту.
-
Әр түрлі салада пайда болған проблемаларды бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық қатынастарды нығайту.
Бұл мақсаттарға жету үшін БҰҰ төмендегі принциптерді ұстанады.
-
Егемендік теңдік.
-
Дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу.
-
Мемлекеттердің ішкі істеріне араласу.
-
міндеттерді толық орндау, күшқолданудағы қауіп төндіруден бас тарту.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары.
-
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау.
-
Әр түрлі салада мемлекеттердің ара қатынасын нығайту.
-
Адам құқықтарын қорғау.
-
Халықтардың құқықтарының кодификациясы және прогрессивті даму бағыты.
Халықтардың экономикалық-әлеуметтік ара қатынастар мәселелерін шешу мақсатында бірқатр қосалқы органдар комитеттері мен комиссиялар ұйымдастырылды. БҰҰ адам құқықтары жөнінде комитеті мен комиссиясы құрылды. 10 желтоқсан 1948 жылы адам құқықтарының жалпы декларациясы қабылданды. 16 желтоқсан 1986 жылы адам құқықтары туралы халықаралық факт қабылданды. БҰҰ-ның жарғысының 6 бабында БҰҰ мүшелігінен шығу айтылады. Бірақ іс жүзінде ол әрі кездеспеген жағдай. БҰҰ-ның органдарын екіге бөлуге болады.
-
негізгі
-
қосымша
Негізгіде бас ассамблея қауіпсіздік кеңес халықаралық сот, экономикалық және әлеуметтік кеңес қамқорлығының жөніндегі кеңес және секретарияд.
Қосымша органдардың саны 300-ге жақын. Пан Гимон БҰҰ-ның бас хатшысы.
Бас ассамблея. Негізгі органдардың бірі барлық мүше мемлекеттердің өкімдері бар. Жарғының 10-шы бабына сәйкес бас ассамблея барлық мәселелрді қарастыруға құқылы. Басассамблея экономикалық әлеуметтік мәдени гуманистік саладағы халықаралық қарым-қатынастарды қамтамассыз етеді. Сонымен қатар бас ассамблея қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлайды. Бас ассамблеяның сессиясы жыл сайын өткізіледі. Қауіпсізік кеңесі 15 мүшеден тұрады.
Оның 5-уі тұрақты.
-
Ұлыбритания
-
Қытай халық ресаубликасы
-
Ресей
-
АҚШ
-
Франция
Экономикалық және әлеуметтік мүшесі экасос құрамында 54 мемлекет мүше бар. Геграфияның өкілділік принцип негізінде сайланады. 10-нан асатын тұрақты комитеттер бар.
ЛЕКЦИЯ №40. Европалық интеграция процесі
Жоспары:
-
Европалық одақтың қалыптасу тарихы.
-
Европа одақтық құрылымы.
-
Европалық одақ және Қазақстан.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Европейская интеграция : происхождение и развитие Европейского Союза . М., 1996
Қосымша әдебиеттер:
Европа: век ХХ. Хрестоматия .М., 1980
Лекция мәтіні:
Европалық одақ 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Европалық экономикасын ынтымақтастықтың ұйымы ретінде құрылды. Ең алғаш оның құрамында 3 мемлекет болды. Бельгия, Нидерланд, Люксембург. Сондықтан бұл ұйым Бенилюс деп аталады. 1949 жылы Европа Кеңесінің негізі қаланды. Ал 1951 жылы париж шартына қол қойылып, көмір мен болат жөніндегі Европалық бірлестігі құрылды. Оның құрамына 6 мемлекет кірді. Бельгия, Италия, Люксембург, ГФР, Нидерланд, Франция кірді. Уақыт өткен сайын Евро одақтың қызмет ауқымы кеңейіп оған мүше елдердің саны арта түсті. 1957 жылы наурызда қол қойылған Рим шартына байланысты бірлестік Европалық экономиканың кеңістік және атом энергиясы жөніндегі кеңістік деп аталады. Оның қызметі негізінен кедендік одақ құрып ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды. 1967 жылы Евро одақ құрылғанда өзгерістер жасалып оның атқарушы органдары яғни имнституттары құрылды. Ол еврокомиссия, евро кеңес, евро парламент, евро сотдүниеге келді. 1973 жылы 6 мемлекеттің одағына дания, Ұлыбритания, Ирландия 1981 жылы Греция, 1986 жлы Испания мен Португалия қосылды. 1987 жылы Евро Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын және 1992 жылы Евро одаққа мүше алдер арасында еркін тауар айналымына қызмет көрсетуге қаржы мен адам қозғалысына көшу жөніндегі біртұтас Европалық акт қабылданды.
1993 жылы бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық валюталық саяси одақтар және жалпы Европалық азаматтардың мәселелерін шешуге негізделген европалық одақ туралы шарт күшіне енді. Сонымен осы құжат Е.О. конституциялық негізін қалаған құжат болып табылады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Евро одақ өз шекарасын шығысқа қарай ұлғайтуға мүмүкіндік алды. ХХ ғасырдың соңғы 10 жылдығында Евро одақтың құрамы 25 мемлекетке жетті. 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция қабылдады. 2004 жылы Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Славакия, Чехия және Эстония қосылды.
ХХ ғасырдың соңғы 10 жылдығы Евро одақтың белсенділігімен сипатталды. Бұл кезеңде Евро одақты кеңейтуге жаңа стратегия қабылдады. Сонымен қатар Евро одақтың алдындағы ішкі және сыртқы міндеттері нақтыланып оның институттарын оған мүше елдердің азаматтығына жақындату және одақтың әлемдегі жетекшілік ролін арттыру міндеті белгіленді. 2002 жылы 1 қаңтарда Европалық одақтың бірыңғай ортақ валютасы евро айналымға енгізілді.
Европалық одақтың институттары европалық парламент, европалық одақтың кеңесі, европалық комиссия аудиториялық сот, экономикалық және әлеуметтік комитет, европалық имнстициялық банк, европалық орталық банк, европалық омбуцмен.
Европалық парламент-тікелей дауыс беру арқылы 5 жылға сайланған 732 депутаттарынан тұрады. Депутаттар саны жағынан ең көбі Германия 92, Франция, Италия, Ұлыбритания 78 депутаттан Испания, Польша 54, Нидерланд 27, Бельгия, Венгрия, Грекия, Португалия, Чехия 24, Швеция-19, Австриядан-18, Дания, Славакия, Финляндия-14 Ирландия мен Литва-13, латвия-9, Словениядан-7, Кипр, Люксембург, Эстониядан-6, Мальтадан-5 депутаттарын сайланған. Европалық одақтыңкезекті сайлауы 2009 жылы маусымда өтуге тиісті. Евро парламент евро одақтың кеңесімен бірлесе отырып заңдылық функцияларды жүзеге асырады және жұмыс күшінің қозғалысына кәсіпкерлікке қызмет көрсетуге білім беру мен зерттеу жұмысына қоршаған орта мен денсаулық сақтауға тұтынушыларды қорғауға қатысуға тиісті шешімдер қабылдай алады. Қажет болған жағдайда Евро парламент евро одақтың кеңесінің шешімін қабылдамауы және заңнамалық үдерісті тоқтатып тастауы ықтимал. Осы себепті Европалық одақ кеңесі халықтардық ынтымақтастық және оны кеңейту туралы келісімдерінің қорытындысын европалық парламент пен келісуге мүдделі. Қазіргі уақытта Евро парламентте тұрақты жұмыс істейтін 20 комиссия бар. Бас хатшыдағы Люксембургте қазіргі төрағасы социалитік партиясының өкілі Хосе Борис Хонтелес.
ЛЕКЦИЯ №41. Өзгерген әлемдегі АҚШ-ң ролі
Жоспары:
-
І-ші Әлем соғысынан кейінгі АҚШ-тың дүниежүзілік үстемдікке ұмтылуы.
-
АҚШ және «Қырғи-қабақ» соғысы.
-
Билл Клинтон және гуманитарлық араласу доктринасы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред Адо :М., 1986
Қосымша әдебиеттер:
Яковлев А.Н. От Трумэна до Рейгана. Доктрины и реальности ядерного века. М., 1985
Лекция мәтіні:
І-ші Әлем соғысы басталғаннан кейін екі жыл бойы АҚШ бейтараптық саясат сақтады. 1917 жылы көктемде АҚШ соғысқа кірісті. Бұл соғыс Американ экономикасының одан әрі көтерілуіне және АҚШ дүниежүзілік крелиторға айналуына үлкен рол атқарды. 1910 жылға таман АҚШ бүкіл әлемде өндірісті шойын мен болаттың 5/3 бөлігін өндірген. Мұнай мен мұнай өнімдерін 3/2 бөлігін өндірген. Соғыс жылдарында АҚШ антанта еліне 11 млрд доллар несие береді. АҚШ-тың қаржы экономикалық басымдылығы оның басшысының ойы бойынша саяси жетекшілікке ұмтылуға негіз болды.
1918 жылы Вудро Вильсон соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың «14 бабын» ұсынды. Бұл бағдарлама осы уақытқа дейінгі сыртқы либералдық демократиялық принциптерге негізделді. В.Вильсонның өзі Монро доктринасымен салыстырды. Англия мен Франция соғыстан жеңіске жеткен екі мемлекет осы 14 бабы бойынша өзінің көп отарларынан айрылуға тиісті еді. Сонымен қатар АҚШ арзан әрі сапалы тауарлар үлкен банктер арқылы әлемде өздерінің экономикалық үстемдігін орната алатын еді. Ал экономикалық үстемдікке жеткізеді. 1919 жылы Англия, Франция, Париж конференциясына жиналды. Англия мен Франция бұл конференцияда Вильсонның бағдарламасынан бас тартып өзіндік ұсынысын жасайды. Соғыста жеңілген Германияға Англия мен Франция үлкен мөлшерде репарация қойды. Ал АҚШ Германияда реваншизмді солшыл және оқшыл эктремизмді тудырмас үшін оның жағдайын жеңілдетуді көздеді. Англия мен Франция АҚШ тек бір ұсынысын қабылдады. Ол ұлттар лигасын құру ондағы мақсат дүние жүзілік тәртіпке ұжымдық жетекшілік етуАҚШ-та париж бітім конференциясының қортындылары сынға алынды. В.Вильсон және оны қолданушылары «интернационалистер» деп аталды. Американың сыртқы саясаты жетекшілігімен аластатылды. Алдыңғы орынға «изомеоционалистер» шықты.изомеоционалстер республикалық партияда басым болды. Ал интернационалистер демократиялық партияда басым болды. Әлем соғысынан кейін АҚШ-тың сыртқы саясаты басты бағыттың бірі Англия мен Франция мен дүниежүзілік үстемдік үшін бақталастық Кеңестік Ресеймен күрес 1918 жылы Англия мен Франциямен бірге Ресейдің солтүстігіне өзінің әскерін кіргізді. Оған сылтау болған Ресейдің антанта елдерінің алдындағы одақтфқ міндетін орындамау. (1914 жылы қыркүйекте Ресей антанта елдерімен Германия мен сепараттық білімге қол қоймау туралы шарт жасасады) 1918 жылы АҚШ өзінің әскерін кіргізіп коммунизмді жою әрекетін 1920 жылы АҚШ-тың үкіметі «еркін қол» принципіне байланысты әлемнің әртүрлі аймақтарында өздерінің құрамын қолдады. Европада АҚШ «Күш балансын» сақтауға бағытталған саясат жүргізді. АҚШ-тың Германияның либералдық үкіметіне көмек көрсету саясаты сәтсіздікке ұшырады. АҚШ-тың Германия экономикасына құйған үлкен қаржысына қарамастан Германия дағдарыстан шығуы өте ауыр болды. Оған қоса 1929 жылы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс басталды. Оның нәтижесінде Германияда либералдық демократиялық үкімет құлатылып оңшыл радикалдар яғни фашистер елге келді. 1932-1933 жылдары бірқатар ұлттық сайлау нәтижесінде Гитлер бастаған фашистік партия келді. Бұл үкімет экономиканы милитаризациялауға шығыста неміс ұлты үшін «өмірлік кеңістікті жаулап алуға бағыт алды».
Гитлердің билікке келуі және оның стратегиялық жоспарлары әлемдік аренадағы күштердің орналасуын өзгертті.Гитлер батыс демократиясында , кеңестік социализмдіде күйретуді мақсат етті.Европалық істерге байланысты АҚШ 1940 ж. дейін «бейтараптық» саясатын ұстады.Осы уақытта АҚШ-та «изоляционистер» беделі төмендеп, Ф.Д. Рузвельт бастаған «интернационалистер» позициясы күшейді.АҚШ позициясының біржолата өзгеруі 22 маусым және 7 желтоқсан 1941 ж. оқиғаларға байланысты болды.
1941 ж. кеңестік социализм мен либералдыққ-капиталистік батыс фашизмге қарсы күшін біріктірді.Ал шын мәнінде АҚШ пен КСРО арасындағы қатынастар екінші дүниежүзілік соғыс жылдары екі жақты сипатқа ие болды.Соғыстан кейін еі ел арасында «қырғи-қабақ соғысы» саясаты басталды.Ол экономикалық, саяси, идеологиялық салаларда және барлық континеттерде жүрді.
1963 ж. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасында үш сферада: атмосфера, су асты мен ғарышта ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қойды.
АҚШ КСРО мен салыстырғанда анағұрлым көп әскери базалар құрды. «Қырғи-қабақ» соғысында АҚШ экономикалық басымдық арқасында жеңіске қол жеткізді.
1980 жж. АҚШ КСРО-ны біржолата жеңді.АҚШ президенті және республикалық партияның көшбасшысы Р. Рейган қол жеткізген экономикалық басымдықты тиімді пайдалана білді.Осыған арқа сүйеп ол қару бәсекесін бастады.80 жж соңы мен90 жж. басында КСРО-да бейбіт саяси революция болып ол мемлекеттің ыдырауымен аяқталды, онымен бірге «қырғи-қабақ соғысы» да аяқталды. «Қырғқабақ соғысы» аяқталғаннан кейін АҚШ жалғыз супер-державаға айналды.АҚШ-тың жаңа ролі әлемдік ахуал тудырды:ескі халықаралық қарама-қайшылықтардың шешілуі үлгілі халықаралық тәртіптің орнауына алып келмеді, керісінше жаңа қарама-қайшылықтар тудырды.
1990 жж. президент Б. Клинтон «гуманитарлық араласу» доктринасын жариялады.Осыған сүйенген АҚШ 1999 ж. егеменді Югославия мемлекетіне қарулы шабуыл жасап, күштеп өзіне қолайлы қоғамдық құрылыс принциптерін қабылдауға мәжбүрледі.
Қазіргі кезеңде АҚШ-тың әлемдік экономикалық саясаттағы үстемдігі одан әрі күшейді.Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық экономикалық құрылымдарды ұйымдастырып және онда шешуші роль атқарып АҚШ дамушы елдерге өз шартын қойып отыруға мүмкіндік алды.
ЛЕКЦИЯ №42. КСРО-ң құлауы.ТМД халықаралық қатынастар жүйесінде.
Жоспары:
1.КСРО-дағы саяси және экономикалық дағдарыс
2.КСРО-ның құлауы. ТМД-ның құрылуы
3. Әлемдік аренаға Ресей мен Қазақстанның шығуы
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі:
История международных отношении и внешней политики СССР1917-1987.В 3-х тт.М., 1986-1987
Қосымша:
Документы внешней политики СССР. Т. І-ІІ М., 1959
Лекция мәтіні:
8-желтоқсанда Беловежде Ресей Федерациясы, Украина және Белорусь басшылары (Б. Ельцин, Л. Кравчук, С. Шушкевич) КСРО-ның ыдырағанын, оның орнына «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы» (ТМД) ұйымының құрылғанын мәлімдеді.
16-желтоқсанда Республиканың Жоғары кеңесі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. 21-желтоқсанда Алматыда Балтық аймағындағы елдер (Эстония, Латвия, Литва) мен Грузиядан тыс КСРО елдері «Алматы декларациясына» қол қойды. Осы декларацияға сай ТМД ұйымы толыққанды ұйым ретінде қалыптасты.
30-желтоқсан күні Ресей, Қазақстан ,Белорусь және Украина мемлекеттері өз араларында ядролық қаруды басқа елдерге таратпау туралы келісім шартқа қол қойды.
Қайта құру мен жариялылық белгілі дәрежеде қоғамдық өмірді демократияландыруды туғызғанымен миллиондаған кеңес адамдарының тұрмыс-тірлігін жақсартуға елеулі ықпал жасамады. Сан алуан мінбелерден шексіз құрғақ уәделер, серттер беріліп жатты, түрлі тұғырнамалар, бағдарламалр жасалынды. Олардан «жоғарыдағылардың» іс-әрекеттеріндегі батылсыздық, жалтақтық, орынсыз ымырашылдық, әр түрлі бұлтарыстар сезіліп тұрды.
Қайта құру процесінің тактикасын айқындауда өрескел қателіктер жіберілді, бірақ қайта құруды бастаушылар өздерінің кемшіліктерін дер кезінде мойындамады. Экономика мен саясаттағы дағдарыс өрши түсті. Кейбір аймақта саяси талап қойған кеншілердің ереуілдері болды. Осындай жағдайда орталықтың позициясы әлсірей берді.
Халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған заңдар бірінен соң бірі шығарылып жатты. Алайда олар орындалмады, ақшаның құнсыздануы одан әрі жалғасты, халықтың тұрмысы төмендей берді. Таразы басында екі қарама-қайшылық тұрды: біріншісі-орталық пен республикалар, екіншісі –орталықтанған бақылау мен экономиканың тізгінін босату.
Кремльдің құны кеткенін көрген одақтас республикалар өздерінің егемендігі туралы Деларацияларын жариялап, өздерінің заңдарын Одақтың заңдарынан жоғары қойды. Бұл процесс «тәуелсіздердің шеруі» деген атқа ие болды. Кейбір табысы мол одақтас республикалар өз мүдделерін қорғап, басқаларға бөлуге қажет түскен пайдасының тиісті бөлігін одақтық бюджетке құймады. Одан ең алдымен шикізатты республикалар зиян шекті, олардың қатарында Қазақстан да бар. Мұндай жағдай «Бюджеттер шайқасы» деп аталды. Кәсіпорындардың көлбеу байланысы үзіле бастады, республикалар мен аймақтардың өзара өнім алмасу жөніндегі міндеттемелері орындалмады.
Осындай жағдайда таразының басын тең ұстау орталыққа барған сайын қиындай берді. Мәселе былайша қатал қойылды: енді не істеу керек? Жауап біреу-ақ еді: демократияландыруды одан әрі жүргізу және экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру. Бұл КСРО халық депутаттарының Бірінші съезінде анық айтылды. Одақтық үкімет экономиканы тұрақтандырудың Бағдарламасын жасады, оны халық депутаттарының Төртінші съезі (1990 жылғы желтоқсан) мақұлдады.
Алайда мемлекеттік құрылымның бақылау қызметінің әлсіреуінен елде «көлеңкелі экономика» мен қылмыскерлік қауырт өсті, кейбір аймақтарда ұлтаралық қақтығыстар одан әрі жалғасты. Осындай тығырыққа тірелген жағдайдан тезірек шығуды көздеген КСРО Президенті мен Одақтас республиканың басшылары жаңа Одақ Шартын жасауды ойластырды. Бұл жұмыс «9+1» формуласы немесе «Новоогарев инициативасы» аталды. Осы Шартты дайындау процесіне қатысушылар КСРО мемлекеттік құрылымын «Тәуелсіз мемлекеттер одағы» ретінде реттейтін маңзды құжат әзірледі. Бұл шартқа қол қою 1991 жылдың 20 тамызында белгіленді.
Бірақ бұл іс жүзеге асырылмай қалды. Республиклаарға тәуелсіздікті беруді қаламаған озбыр Орталықтың кертартпа күштері, дәлірек айтқанда ұлыдержавалық шовинистер 19-21 тамызда мемлекеттік төңкеріс жасады. Бүлікшілер Төтенше жағдай жөніндегі Мемлкеттік Комитет (ТМЖК) сияқты конституциялық емес өкіметтік құрылым құрды, ол бірнеше антиконституциялық заңдар шығарды.
Төңкерісшілердің империялық озбырлықты сақтап қалмақ болып алымты меңзеген залым пиғылы жүзеге аспады. Мәсекудің демократияшыл күтері, Ресей Федерациясының парламенті және Конституцияға адал әскери құрамалар антиконституциялық төңкерісті жақтамады. Төңкеріс жаншылды, оны жасауылар қамауға алынды.
1991 жылғы тамызда демократияшыл күштердің тегеурінімен тарихи оқиға болды: 70 жыл бойы еркін және терезесі тең республикалар Одағы атанып келген мемлекеттің билеушісі Коммунистік партия тағынан тайды. 1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде о бастағы КСР Одағының құрылтайшылары болған үш республика-Украина, Белоруссия басшылығының басшыларының кездесуі болды. Онда конфедерациялық біртұтас жаңа одақ орнына басқаша құрылым –Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына (ТМД) бірігетіндерін мәлімдеді.
Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары 1991 жылы 12 желтоқсанда Ашхабадта бас қосып, мәлімдеме жасады. Онда «бұрынғы құқықсыз болған республикалар орнына» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғаны қуатталды. Сонымен бірге олар ТМД өз субъектілерінің барлығының мүддесін есепке алатын болса, оның тепе-тең құрылтайшылары болуға өздерінің әзір екенін білдірді.
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тәуелсіз 11 мемлекеттің (бұрынғы одақтас республикалардың) басшылары кездесті, олар 8 желтоқсанда Минскіде ТМД құрылғаны туралы келісім Хаттамасына өздерінің қолдарын қойы. Қабылданған Декларацияда мемлекеттік жаңа құрылым құрылғаны және осыған байланысты Кеңес Социалистік Рсепубликалар Одағының өмір сүруінің тоқтағаны жария етілді.
Достастыққа қатысушы мемлекеттер өздерінің конституциялық заңдарына сәйкес бұрынғы КСР Одағының жасаған шарттары мен келісімдерінен туындайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуына кепілдік жасайтындарын мәлімдейді. Сонымен қатар олар өздері қол қойған Алматы Декларациясының принциптерін бұлжытпай сақтауға міндеттенді.
ЛЕКЦИЯ №43 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
Достарыңызбен бөлісу: |