Лекция 51 Семинарлық сабақтар. 34 СӨЖ. 17 ОбсөЖ. 18. Барлық сағат 120. Ағымдағы бақылау саны кредит бойынша



бет2/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#3585
түріЛекция
1   2   3   4   5

Оқу жоспарынан көшірме











Оқу жүктемесінің көлемі




Семестр.

Қорытынды бақылау




Жалпы сағат саны




лек

сем

лаб

ОБ

СӨЖ


СӨЖ

№1кредит







120

51

34




18

17




емтихан


5. Оқу сабақтарының құрылымы.
Лекция.- студентке тақырыпты игеруге неге назар аударуына бағыт

береді.Пәндітолық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттерді

барлығымен жұмыс істеуі қажет.

Семинар сабақтарында- студент талдау,салыстыру,тұжырымдау,

Проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді

Ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.

СӨЖ- студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды,өз бетімен меңгереді.

ОБСӨЖ-оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып

меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін

тексереді ,бақылайды.

6.Студентке арналған ережелер.

1.Сабаққа кешікпеу керек.

2.Сабақ кезінде әңгімелеспеу,газет оқымау,сағыз шайнамау,ұялы телефонды өшіріп қою керек.

3.Сабаққа іскер киіммен келу керек.

4.Сабақтан қалмау,науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

5.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтіленеді.

6.Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




7.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша

бөліну кестесі.



Лекцияның тақырыбы.

Лекция

Семинар сабақ.

СӨЖ.

ОБСӨЖ

1.

Адамның рухани және материалдық өмірінде алатын орны.

2

2







2.

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.

2

2




2

3.

Бейнелеу өнерінің эмоциялы –мазмұндық мәнінің көркемдік тілін құраушыбейнелеуші

Құрал-тәсілдер.



2

2

2




4.

Пластикалық өнердің пайда болуы.

2

2

2




5.

Палеолит,мезолит, неолит өнері.

2

2




2

6.

Ежелгі Египет өнері.

2

2




2

7.

Ежелгі Греция өнері.

2

2

2




8

Ежелгі Рим өнері.

2

2




2

9

Орта ғасыр Батыс Еуропа өнері.

2

2

2




10.

Ерте Христиандық кезең.

2

2




2

11

Роман өнері.

2

2




2

12.

Готикалық өнер.

2

2

2




13

Ежелгі,орта ғас. Үнді мәдениеті.

2

2







14

Ежелгі,орта ғас. Қытай мәдениеті

2

2




2

15

Орта ғасырлық

Жапон мәдениеті.



2

2




2

16.

Монғол қағанатының мәдениеті.

2

2

2




17

Орта ғасырдағы Орта Азия мәдениеті

2




2




18

Орта ғасырдағы Орыс мәдениеті

2







2






















19

.Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің жалпы сипаттама


2

2

2




20

13-14 ғасырдағы Италия өнері.


2




1




21

15-ғаырдағы Италия өнері.


2










22

Қайта өркендеу дәуірі Ерте кезеңдегі сәулет өнері.


2










23

.Флорнеция мен Тоскандағы мүсін өнері

2










24

Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірі флоренциялық римдік өнер.

2










25

Венециядағы Жоғары Қайта өркендеу дәуірі.


2













Барлығы

51

34

17

18

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.


«Сырдария » университеті.

«Өнер.» факулътеті.

«Бейнелеу өнері және сызу.»кафедрасы.
«Бейнелеу өнері тарихы және теориясы »пәні

бойынша 050107 «Бейнелеу өнері және сызу »

мамандықтарының студенттері үшін.

Лекцияның Қысқаша курсы.

Жетісай-2005ж.


8.Лекция сабақтарының жоспары.

1-лекция.

1.Тақырыбы.Адамның рухани және материалдық өмірінде бейнелеу

өнерінің алатын орны.

Жоспары .

1.Бейнелеу өнерінің тарихы.

2. Теориялық даму процесі.

3. Басты принциптері.

Бейнелеу өнерінің адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері жеке өнер саласы емес, бірнеше өнер cаласының өмірге келуіне себепкер болған бейнелеу өнерінің атасы.

Сурет тарихы бұл адамзат тарихы. Оның айналасындағы ортаны тануына сана сезімінің жетілуіне эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен . Үлес қосқан өмірмен өзектес өнер. Сурет-бұл шежіре. Ондағы ғасырбүкіләлем тарихын жеткізген бірден-бір куәгер.Осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын әдет-ғұрпын, кәсібін,мәдениетін,мың құлпырған бояуын жан-жануар дүниесінің алуан тірлігін танып білеміз.Өнер тарихы сабағының мақсаты студенттерге бейнелеу өнерінің тарихы және теориялық даму процесі жөнінде тереңірек білім алып көркем шығарманы талдауға және ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе.үйрету.Өнер тарихы мен теориясы пәнінің негізгі міндеті бейнелеу өнерінің кеңістік пен уақыт аралығындағы көркемдік ырғақта форма мен образдың көріну сипатын ашу.

Кеңістік- біз үшін әлеуметтік рухани және мәдени орта. Уақыт тарихи кезең. Берілген пәннің міндеті заманның әлеуметтік рухани талап тілектерінентуындайтын мәселелер өнер шығармасы көркемдік образ және образды сомдаушы суреттер жөнінде көркем құбылыстар мен стиъдік бағыттар туралы мағлұматтар беріп осылардың ішкі бірлігі мен үндестігіне өзара қатынасы мен табиғи байланысына деген теориялық танымды тереңдету болып табылыды. Теориялық мәселелерді талдау барысында мынадай проблемаға көңіл бөле отырып міндеттер Батыс мәдениеті мен Шығыс өнерінің түрлері арасындағы пластикалық тіл айырмашылықтары әсіресе бейнелі өнер живописъ,графика,мүсінөнері,бейнесіз

пластикалы кеңістік ажыратулы мен жіктеулі арасындағы сипаттық айырмашылықтарға мән беру және осы ерекшіліктерге жеке проблема ретінде қарастыра отырып салыстырмалы дәлелдеу жасау.Студенттерге мынадай талаптар қойылады. Теориялықматериалды жете меңгеру,білімді тәжірибемен ұштастыра білу. Еңбек мақаланы дұрыс пайдаланып конспектілей білу.Ұстаздық мамандықты жете меңгеру, кәсіптік даярлығын

өрістетіп отыру.Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор.Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын балаларға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру.Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардыңтабиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігіншеөзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды

көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады.Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудегі негізгі болып табылады.Бейнелеуөнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін Үйлесімді ұштастыра білуге,шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді.Айналадағы өмір шындығын көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні. Айналадағы шындық объектілерді мен құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулу. Балалардың көру мен есту байқампаздық қабілетін бояу түстерін ажыраиа білу түстерін дағдыларын қалыптастыру.

Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен

көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген. шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері , суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды. Суретші еңбектері енді жарамсыз оның ішінде құны төмендейтін болар деген тәрізді оған қарамай тіпті кейін түрлі-түсті бейне шығаратын техникалық құралдар пайда болса бейнелеу өнері оның ішінде живописъ өнері өз құнын жойған бүгінгі күннің мыңдаған суретшілері көптеген өнер мектептері дәлел бола алады. Сәндік әсемдік өнері халықпен бірге туған өнер халыққа су мен ауадай қажет,деп орыстың ұлы философы Достоевскии. Шынында адамзат өнерсіз

болмайды. Негізінде адам баласы жазу сызу ілімі болмаған дәуірде

сурет өнерімен айналысқан . Бұған дәлел жер үңгірлеріндегі тасқа қашап салынған ерте дәуірдің суретшілерінің туындылары.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Герман.М.Антуан Ватто.-Искусство1984-208.

2.Заподноевропейская художественная кулътура 18века.М.Наука.1980г.

3.Золотов.Ю.Французская живописъ 18 века. и вопросы стилистики искусства 1988-№4 с.58-62.

4.Немилова.И.Французская живописъ.1985-492ст

5.А.С.Щипанов. Жас суретшілер мен мүсіншілер.5-12беттер.

6.Байжігітов. Өнер тарихы мен теориясы. 4-13беттер.

Лекция 2.

2.Тақырыбы Бейнелеу өнерінің түрлері және жанрлары.

Жоспары .

1.Живописъ, графика, мүсін өнері.


  1. Қол өнері,сәулет өнері.

  2. Жанрларға тоқталу.

Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі.Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн. Сәулет өнері ,скулъптура , живописъ өнердің басты үш түрі болып есептелінеді. 19 ғ. Аяғына қарай өнердің бір түрі графика дербес түрге айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де айқын бейнесін тапты.Сәулет өнері

әрқашан да пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді.

Ол дәуір идеясы мейлінше күшті өз заманының бейнелеу өнерлерінің мүсін мен сұңғаттың стилъін анықтап отырды.мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер. Египеттік пирамидалар немесеАмерикан үндістері ежелгі храмдары сан мың жылдаған тұрып

бізге дейін жетті.Сәулет өнері бұл адам қызметінің ерекше түрі мұнда техника мен өнер пайда мен әсемдік бірге өрілген.

Бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде біздің сезімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылады. Дарынды архитекторлар жасаған әрбір құрылыста әрбір ғимаратта өзіндік бет-бейне бар оған ерекше көңіл күй берілген.Ленинградтағы қысқы сарай ол парадтық салтанаттылық құлпырған сәнділік пен байлық әсерін туғызады. Үйдің композициясымен оның құрылысының логикасымен бөліктерімен пропорцияларымен оның деталъдары мен әшекей сипатымен және суретімен анықталады. Мүсін өнері-бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер.Ол шынында адамдарды ,хайуанаттарды ,түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан ағаштан тастан металъдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек әсіресе скулъптураны тастан шапқан кезде тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет.Оның есесіне ол,архитектура сияқты ұзақ сақталады. Сондықтан көптеген скулъптуралық туындылар ғасырды емес мыңдаған жылдарды басып өтіп мысалға ежелгі Мысырдың патша әйелі Нефертитидің басы сияқты күні бүгінге дейін біздерді толғандырып келеді.Скулъптураның әсерлік құралдары графикамен және живописъпен салыстырғанда өте шектеулі. Мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды фигуралардың өзімен олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен қимылымен материалмен фактурамен білдіруге тиіс.Скулъптурада материалды таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды.Бұл образдың құрама сипаттамаларының бірі.

Суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте ұстайды. Живописъ –бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласының көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.Біреулер портретті,екіншілер пейзажды үшіншілер тарихи , соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады.Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан.Живописъті мынадайЖанрларға бөлінеді. Натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Натюрморт жанры өнердің дербес жанры ретінде Голландияда туды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де суретшінің оларға

деген көзқарасын ашып берді.«Пейзаж » бұл табиғатты бейнелеу дербес жанр ретінде Қытайда Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде Еуропадан ерте қалыптасты. Еуропалық живописъте ол алдымен Италияда пайда болды. Содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды.Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі 19ғ. Соңына тура келді. Пейзаж-қайсібір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты. Бұлт торлаған аспан теңіз толқындары ормандар мен таулар жүздеген мыңдаған жылдар бұрын қандай болса сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше керіп түрліше бейнеледі. Голландсуретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді. Олар табиғат сұлулығын іңкарлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз сауда мен жұмыс орны тіршілік арекеті іздестіретін кеңістік.

Біздің атақты Маринисіміз Айвазовскийде теңіз-әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш , мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық . Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де -осынау қаһарлы, өлшеуміз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз . Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.

Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламнан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып , шебердің талғамын, көз-қарастарын, көңіл күйін береді.Оның үстіне , «Мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар автомобилъ жолдары, жоғары волътті электр желілерінің сорайған діңгегтері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі – осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі мұны қазіргі заманға суретші аңғармай тұра алмайды.

Пейзаж және натюрморт-әлбетте, тақырыптың картинаның құрамдас бөліктері болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауға белсенді қосалқы ролъ атқарады. Портрет-бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. Үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скулъптуралық Египет портреттері ,екі мың жыл бұрынғы мозайкалық Рим жәек темпаралық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келеді. Ол ежелгі Египеттіктерге тіпті қайтыс адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Үлкен шебердің шабытты қолмен жазылған әрбір портрет шынындыда рухтанғандай болады. Портретке түсірілген бет-әлпетке ой қайғы-күйініш, қуаныш күрделі кейде және қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. Портреттің бірінші және қажетті сапасы –оның түп нұсқасымен ұқсастығы.Бірақ бұл математиктер айтатындай қажетті бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын қуаныш-күйінішін , ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз.Біз суретшінің оған қатынасын сезінуге тиіспіз.Тек бұлардың бәрі ғана бейнені портрет етеді. Осыған ғана бейнеленген адамдар тіпті бізге мүлдем бейтаныс болғанын өзінде бізге көз салуға ,ой шомуға және тебіренуге мәжбүр етеді. Портреттер өзінің сипатты жағынан алуан түрлі болады.

Бір портреттер адамды дәріптеу, оның барынша әсемдікпен сәндікте көру үшін жасалады. Бұл 18ғ. Орыс өнерінде мейлінше кең тараған парадтың портреттері. Екінші портреттер адамды әдептегі күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интимдік , психологиялық портреттер деп аталады. Портреттік жанрдың ерекше түрі топтық портрет болып табылады.Портрет бейне бір портрет картина сияқты болып, өз композициясына портретеліп отырған адамнан басқа , пейзажды алуан тіпті әйгілі картинадағыдай алыс пландағы басқа адамдардың бейнесін енгізу
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Әлмұханбетов Сурет салу және бояу жолдары мен тәсілдері.

2.В.Сапожников. Портрет. 9-18 беттер.

3.Н.С.Боголюбов Өнер тарихы.

4.Немилова.И.Французская живописъ.1985-492ст

5.А.С.Щипанов. Жас суретшілер мен мүсіншілер.5-12беттер.

6.Байжігітов. Өнер тарихы мен теориясы. 4-13беттер.


Лекция3.

3.Тақырыбы.Бейнелеу өнерінің эмоциялы мазмұндық мәнәнің

көркемдік тілін құраушы бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдер. Жоспар .

1.Бояу түсі колорит,кеңістік проблемалары.

2. Өлшем масштаб сызық, таңба, жарық, жазық.
Живописъті үйрену ол түрлі әдістерді меңгеру яғни әсем сәнді бояу түстері арқылы нағыз бейне түрін

көрсете білу. Оған үйренуде ең басты міндеттердің бірі алдымен дұрыс көре білу қасиетін түсте болады. Шөп жасыл,қар ақ помидор қызыл.Осы түстер живописъ өнерінде дене түстер деп аталады. Жұмыс барысында суретші осы дене түстерін таза күйінде пайдаланбайды. Бұндай қасиет суретшілерге үлкен тәжірибенің арқасында келеді. Дене түстері жарыққа байланысты жиі өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, қызыл түсті қызанды жасыл шөптің үстіне орналастырсақ қызанның дене түсі әлде қайда өзгеріске ұшырайды. Ашық қызыл түсті бояуының түрі

Төмендейді.осындай өзгерістерді құбылмалы дене бояу түрлері

Деп атайды. Құбылмалы дене бояу түрлері дене бояу түріне қарағанда әлде қайда күрделі болып келеді.Табиғи ортаның өзгеруіне байланысты жарық, сәуле құбылмалы дене бояу түрлері де өзгеріске ұшырап отырады. Бұндай жағдайды табиғат көрінісін бейнелеп жатқан суретшілердің жұмыстарынан

Жиі байқаймыз.егерде табиғаттың белгілі бір көрінісін суретші екі мезгілде таңертең түсте жазатын болса онда жазылған екі картинадағы көріністер екі түрлі болады,алғашқы картинада суық бояулар түрі басым соңғы картинада жылы бояулар түрі көп болады. Сол себептен де осы өзгеріске орай суретшілер табиғи көріністі бір мезгілде бейнелеуге

Тырысады. О:Таңсықбаевтің картиналарында таңертеңгі сәтттер

Көп бейнеленген әсіресе күн шықпай тұрғандағы мезгілдер

Суретші күніне жарты сағаттан жұмыс істеп тұрған яғни

Таңғы бестен нұсқа арқылы жұмыс жүргізіп отырған

Суретші ең алдымен дене бояуларын не себептен өзгеріске

Ұшырап жатқандығын түсінуі тиіс. Табиғи орта жарық күші

Ауа райы осы мәселелерді толық меңгергеннен кейін жазылар картина эстетикалық жағынан әсем болады.Шынында да көп нәрсе әсіресе денелер мен денелер мен орта қайткен күнде де табиғи немесе физикалық химиялық байланыстарда болып отырады. Себебі күннің түсуі әсерінен

Жарқын жатқан бояу түстері бір-біріне әсер етсе яғни бір бояу

Түрі екінші бояу түрін өзіне жатады. Бір жылдың ішінде төрт мезгіл белгілі өздеріне сай бояу түстері бар. Қыс мезгіліҮлпе ақ қардың түсіне сай табиғат көрінісіне ақ бояуға бөленсе жаз мезгілі жасыл жапырақтарға шалғындарға көмілген жайма шуақ жасы-көк бояу түсіне енгендігін байқаймыз немесекүзде сары алтынға қапталған күз мезгілін еске аламыз.

Міне осыған байланысты суретшілердің қызметінде көп кездесетін

Бір терминнің түрі ол колорит.колоритті меңгермеген суретші

өз маманының беделді азаматы бола алмайды.Колорит-дегеніміз бірнеше бояу түсі. Колоритті ажырата білу өте сирек кездесетін

қабілет. Орыс сурешілері арасында бұл жағынан Суриков айрықша көзге түскен. Суреткер өмір шындығының ақиқаттығына әсемдік арқылы береді десек де адамды жан-жақты жарасымдыдамытып жетілдіру мұраты алдыменен ақылды орындалмақ.

Балалардың түс туралы түсінігін қалыптастырудағы мұғалімніңнегізгі міндеті оларды табиғат әлеміндегі әр алуан түстерді көре білуге дағдыландыру. Бұл нұсқаға көптеген түс дақтарын байқау, оларды қолда бар бояу арқылы қағаз бетіне түсіру деген сөз.

Түсті игерудегі алғашқы қадам қылқаламды дұрычс ұстап , оған бояуды жұқтыра білуден басталады . Екіншісі- түрлі түс қопасын жасайтын түр тапқышты ( палитра ) қолдана білуді меңгерңу .

Живопистегі түстер көбінісе қылқаламға жұқтырылған бояу қоспасына да байланысты болады. Бояу құрамында су неғұрлым көп болса , жағылған бояу соғұрлым мөлдіреп түседі. Бұл тек бір қабат жағылған бояуға тән. Егер түс дақтары көп араласып кетсе , онда бояу түсі куүңгірт тартып , жойыла бастайды. Сол себепті акварел живописін бір қабатты бояу қоспасымен салған орынды. Бұл тұста қолданылған қағаздың бояу астынан көрінуінің де маңызы бар. Сондықтан бояу мен қағазды дұрыс таңдап , олардың өзіндік ерекшеліктерін акварель жұмыстарында ұтымды қолдана білген жөн.

Бояуды пайдаланғанда беткі қабаты қылқаламға жеңіл жұғу үшін оны алдын ала сулап қояды.

Бояу кішігірім дақ түрінде өзара байланыстыра жағу керек , бірақ бір бояу дағының үстіне екінші бояу дағының ағып кетуіне жол бермеген жөн.

Әлемдегі түс байлығын игеруге апаратын бағыт , әр түрлі түс дақтарының ұлғайған диапазондарыарқылы өтетін жолдарда жатыр.

Табиғат әлемінде кездесетін барлық түс дақтарыекі топқа бөліңнеді: 1) . хроматикалық (түстік) түстер.

2) . ахроиатикалық (түссіз) түстер.



  1. хроматикалық түстерге – қызыл, сары, көк, жасыл т.б түстер және олардың түрлі қоспасы жатады.

  2. ахроматикалық түстерге – ақтан қараға дейін сұр түстер жатады.

  • Хроматикалық түстер түс өңіне , жарықтығына , қанықтығына байланысты ажыратылады.

  • Ахроматикалық түстер тек жарықтың түсу деңгейімен анықталады.


Пайдаланған әдебиеттер:


1.Е.Каменова.Твоя палитра. 6-15 беттер.

2.Әлмұханбетов. Сурет салу және бояу әдістері.

3.Щипанов Жас суретшілер мен мүсіншілер.110-130беттер.

4.Боголюбов. Өнер тарихы.15-17беттер.

5.Боголюбов. Композиция.4-9беттер.

Лекция 4.

4.Тақырыбы.Пластикалық өнердің пайда болуы.

Жоспары .

1.Мифология және өнер.
Мифология –деп жазады Маркс өнердің тек арсеналы емес сонымен бірге негізі де болғаны мәлім. Кез келген мифология ұғымда және ұғым арқылы табиғат күштерін жеңеді бағындырады,қалыптастырады,демек табиғаттың осы күштеріне шынайы үстемдіктің басылуымен бірге ол жойылады.Оқ-дәрі мен қорғасын дәуірінде ғана емес біздің атом ғасырында да құдайлар мен грек мифологиясының кейіпкерлерін бейнелейтін грек өнерінің тамаша туындылары бізді еріксіз елітіп әкетеді. «Ер адам біржола сәбилікке берілмейінше қайтадан сәбиге айнала алмайды» бірақ оны сәбидің аңқаулығы қуантпайма ма ал адамзат қоғамының барлық жердегіден де тамаша дамыған балалық шағы енді ешқашан да қайталанбайтын саты ретінде біз үшін неліктен мәңгі сүйкімді болып қалуға тиіс.Барлық мифология сияқты грек мифологиясы табиғаттың тылсым күштерін нақты бейнелерге айналдыратын халықтың табиғи көркем творчествосы болып табылады. Грек өнері нәр алып өскен Элладаның мифологиялық аңыздары адамның табиғатты жеңу жолындағы күресін басқа өлкелерде бұрын туындаған аңыздардан мүлдем өзгеше сипаттады. Мифология қатерлі стихияны табиғаттың адамға аяусыз өктемдігін бейнелейтін қаһарлы да еңсе басар күш хайуанның адам үшін бейнесі қашып құтыла алмайтын тағдырдың көрінісі болған хайуанның билігі аяқталғанын білдіреді. Хайуан ежелгі грек эпосында бар,оның барлық табиғаттың бейнесі және әмірші ретінде емес, оның бар болғаны құрамдас бөлігі ретінде сипатталады.Грек мифологиясы дүние толы құштарлық пен арманды тамаша адам бейнесі арқылы көрсетіп сансыз құдайларды туғызды. Мұны тағы бір атап көрсетелік хайуан палеолит үңгірін мекндеуші оның бейнесі нысана ретінде салынған. Хайуан тылсым да елес те сияқты тәңірі скиф оны металда хайуан тұмсықтары мен кескіндерін ерінбей бейнелеу арқылы бағындырғысы келеді. Хайуан мәңгі ажалдық күш оған өз патшаларының бұлшықтары мен қаһары бейнесін қатар қойды. Дүниені аша бастаған адамның сүйініске толы құмарлығы эллинге шабыт берді.

Ғылымның әрбір даму кезеңі адамзат ақыл-ойының жаңа серпілісінің дүниені танудағы адамның жаңа жеңісінің куәсі,сонымен бірге ол бұрынғыдан да биік шарықтау жаршысы. Өнердің ұлы күшін жан—тәнімен сезіп ұғынатын адам Эрмитажда антикалық мүсін залдарын аралап оның пәк та кіршіксіз сұлулығын нәр алған Византияның, ежелгі Иранның, Қытай,мен Араб,Шығыс өнері жайнаған . Адамның табиғатпен терезесі тең ол оның құшағында еркін өмір сүреді. Және бұл адамның өзінің ұлылығының саналы түрде түсінеді сонымен бірге оған адамдық пендешілік те жат емес. Грек эпосы бейнеленген ежелгі грек өзі Олимпке жайғастырған құдайлардың өздері сияқты дене сырқатынан зар қағады, шыбын жанымды сақтап қал деп жалбарынады. Күрес үстінде көбіне қулық жасайды кейде өзінен күші басымдардан жасырынып сақтанады,таң қаларлықтай ержүректіктік көрсетеді. Оның бойында қаһармандық әрқашан адамға тән қасиеттерімен ұштасып жатады. Гомердің кейіпкерлері осындай.

Ол адамға тән қасиеттің ешқайсысы жат емес қарапайым жаны жарқын жайсаң жандар. Бірақ балалық шақ та тамаша ғой және адамзаттың балалық шағы ежелгі Элладағыдай ешбір жерде соншалық ләззаты болған емес. Табиғаттың қайырымсыз қожасы хайуан алдындағы үрей секілді оның орнын қуаныш басты. Сонымен бірге адам құдіретті деген асқақ сезім дүниеге келді.

Барлық басқа мифология сияқты табиғаттың тылсым күштерін нақты бейнелерге айналдыратын халықтың табиғи көркем творчествосы болып табылады. Грек поэзиясы және ең алдымен Гомер эпосы халық аңызына толысқан баяндау жүйелігін берді. Египет құдайларына келсек олар мифологияда өзінің дара сипатын сақтап қала берді.

Грек өнері нәр алып өскен Элладаның мифологиялық аңыздары адамның табиғатты жеңу жолындағы күресін басқа өлкелерде бұрын туындаған аңыздардан мүлдем өзгеше сипатталады. Өйткені Критте санадан тыс бір сәт қана жарқыраған сияқты көрінетін болмыс қуанышы Элладада өзінің бүкіл игі нұрымен толық орнығады.

Мифология қатерлі стихияны табиғаттың адамға аяусыз өктемдігін

Бейнелейтін қаһарлы да еңсерлі басар күш хайуанның адам үшін бейнесі қашып құтыла алмайтын тағдырдың көрінісі болған хайуанның билігі аяқталғанын білдіреді. Мифология дүние толы құштарлық пен арманды тамаша адам бейнесі арқылы көрсетіп сансыз құдайларды туғызды. Пластикалық өнерге сурет, мүсін өнерлеріне архитектураға арналған халықтың қанат серпіні туралы әңгімелеп беру.
Пайдаланатын әдебиеттер.
1.Герман.М.Антуан Ватто.-Искусство1984-208.

2.Заподноевропейская художественная кулътура 18века.М.Наука.1980г.

3.Золотов.Ю.Французская живописъ 18 века. и вопросы стилистики искусства 1988-№4 с.58-62.

4.Немилова.И.Французская живописъ.1985-492стр.

5.Тортаев.Орта ғасыр тарихы.

6.Қазақстан тарихы. Очерктер.

7.Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

8.Л.Любимов.Батыс Еуропа өнері.

Лекция 5

5. Тақырыбы.Алғашқы қауымдық кезеңдегі бейнелеу өнері.

Жоспар .

1. Палеолит,мезолит өнері.

2. Неолит өнері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет