Лекция: 52 сағ Семинар: 50 сағ СӨЖ: 17 сағ обсөЖ: 16 сағ Барлығы: 135 сағ


Ақ орда. Ортағасырлық саяхатшылар Қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак) аталған жердің шығыс бөлігінде XIV—XV ғасырдың алғашқы ширегі аралығында Ақ орда атты мемлекеттің болғанын хабарлайды



бет2/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#142378
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ақ орда. Ортағасырлық саяхатшылар Қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак) аталған жердің шығыс бөлігінде XIV—XV ғасырдың алғашқы ширегі аралығында Ақ орда атты мемлекеттің болғанын хабарлайды.


Рашид ад-диннің (XIVғ.) айтуына қарағанда Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Иген) әкесінің тірі кезінде еншіге алған. Әбілғазының (XVIIғ.) көрсетуі бойынша Ордаға бұл жерді кіші інісі Батый хан ХІІІ ғ. орта тұсында бөлген. Орданың мұрагерлері Батый ханның тұқымына сырттай тәуелді көрінгенімен, іс жүзінде олар өз ұлысының дербес билеушілері болды.

Ақ орда жері Алтын Ордадан алған тәуелсіздігінің нығаюы барысында XIVғ. екінші жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендері аралығы, Арал теңізі төңірегі мен Сырдарияның төменгі сағасы Жошының тағы бір ұлы Шайбан ұлысына қарады.

ХІІІғ. орта тұсында Орда Еженнің ел басқарған ордасы Ертістің бойында және Алакөл көлінде болған. XIVғ. Орда Еженнің мұрагерлерінің билігі Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгінгі Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетісу өңірі ғана бұл кезде шағатайлық ұлысына, соңынан Мағолстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюіне байланысты оның орталығы енді Қазақстанның оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауысады.

XIVғ. бас кезінен Орда Еженнің мұрагерлері Шағатайлықтармен Сыр бойы қалалары және Жетісу үшін күрес жүргізе бастайды. Ертістен сырдарияға шейін, Алтайдан Ұлытау және Аралға шейінгі аралықта қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығына қуат бере отырып, Ақ Орда билеушілері сыр бойы, Талас, Шу және Ұлытау өңірлерінде отырықшы егіншілік пен мәдениеттің қайта жандануына ден қойды. Сығанақ, Отырар, сауран және Жентте бірақ жаңа құрылыстар өмірге келді, Ақ орда хандары өз аттарынан теңге құйғызды.

Орта Азия мен Хорезмнің қала, егіншілік және сауда аудандарымен байланыс орнатқан Ақ Орда хандары біртіндеп Алтын Орда билігінен алыстай бастайды да, XIVғ. алғашқы жартысында, яғни Ерзен және Мүбәрәк қожа (1320—1344жж.) хандар тұсында біржола дербестікке өтеді. Ақ Орданың күшеюі Ұрыс ханның билігіне тұс келеді (XIVғ. 60-70жж.). Тарихшы қадырғали би Қасымұлы Ұрыс ханды ақылды да батыл билеуші ретінде сипаттайды. Осы ханның тұсында қысқа мерзімге болса да Ақ Орданың билігі жеріне де тарайды.

XIVғ. соңғы ширегінде және XVғ. алғашқы ширегінде Ақ Орда Әмір Темірдің, оның мұрагерлерінің, ең ақыры шайбандықтардың шабуылдарына ұшырады. Тынымсыз әскери қақтығысулар нәтижесінде әлсіреген Ақ Орда жерінің үлкен бөлігін XVғ. 20-шы жылдарының соңына қарай шайбандықтар өздеріне бағындырды.

Мұсылман деректері Ақ Орданы билеген хандар шежіресін шамамен мынадай жүйеде береді: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Ұрыс хан, Құйыршық және Барақ.

Ақ Орда — Қазақстан жерінде манғолдар шабуылынан соң жергілікті этникалық негізде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылым.

Бұл жер ерте замандардан түркі тілі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердің, сондай-ақ басым бөлігі Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға іргелес оңтүстік-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа ірі тайпалық одақтардың атамекені болды.

Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.



V-лекция.
Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы.
(2 сағат)

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Шыңғысхан империясының саяси жағдайы және ұлы жасақ (ясы) заңдары.

  2. Шыңғысханның заңдары – ұлы жасақ.

  3. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Монғол империясы жеріндегі билік Шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық өкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға және халықтан салық жинауға араласа алмайтын.

Хан мемлекеттік биліктің иегері ретінде мемлекет басшысы, әскери, заң шығару және әкемшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер-бегі басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, туменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төмеді.

Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.


VІ-лекция.
Моғолстан
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Моғолстан мемлекетінің құрылуы.

  2. Моғолстанның жер аумағы мен халқы.

  3. Оңтүстік Шығыс Қазақстан Моғолстанның құрамында.

  4. Моғолстанның ыдырауы.

  5. Моғолстанның мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Мақсаты: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған Мағолстан мемлекетінің саяси тарихын көрсету.
Тірек ұғымдары: Мағолстанның құрылуы. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты. Мауеренахрды жаулау. Әмір Темір және Мағолстан. XIVғ. соңы - XVғ. Басындағы Мағолстан. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты. Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүніс хан тұсындағы Мағолстан. XV ғ.соңындағы ыдыраушылық процесстер Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар саясаты. Мағолстанның ыдырауы. Мағолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына
Мағолстан. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың ұлысы құрамына Оңтүстік Алтайдан Әмударияға шейінгі аралық, ұйғыр жерлері Самарқан және Бұқара, яғни Шығыс Түркістан, Жетісудың үлкен бөлігі және Мауреннахр енген болатын.

XIVғ. орта тұсында Шағатай мемлекетінің батыс және шығыс бөліктері дербес екі мемлекетке бөлініп кетті. Мағолстан атанған шығыс бөлігінің Әмір Болатшы дулат бастаған билеушілері 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғлық Темірді хан сайлайды. Бұл тарихи кезеңде дулат тайпасы Мағолстанның үлкен бөлігін иемденді, сондай-ақ оның ел билеуші ақсүйектері мемлекеттің саяси өмірінде жетекші роль атқарды, тәуелсіз, тұрақты мемлекеттік орнықтыру жолында болды. Тарихшы Мұхаммед Хайдар дулаттың көрсетуіне қарағанда дулаттар бұл тарихи кезеңде дәстүрлі мал шаруашылығымен қатар, отырықшы егіншілікпен де айналысқан. Дулат шонжарларының Шығыс Түркістанда ірі жер иеліктері (иқта) болған. Тоғлық Темір дулат әмірлері мен жергілікті қожалардың қолдауымен ислам дінін қабылдап, оны мемлекеттік дінге айналдырады. Ислам діні жергілікті халыққа қарақандықтар заманынан бері таныс болғанымен, билеуші топтың, сондай-ақ қара халықтың біраз бөлігі әлі де болса мұсылмандыққа өте қойған жоқ еді.

Мұхаммед Хайдардың көрсетуі бойынша Мағолстанның жері шығысында, қалмақ жерімен шектесіп, Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Көкше теңіз (Балқаш), Бұм, Қаратал қарайды. Батыста — Түркістанмен Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана уалайатымен, Турфанмен шектеледі. Басқаша айтқанда Мағолстанның үлкен бөлігі оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғыз жерлерінен тұрды.

Бұл ортағасырлық мемлекет құрамындағы халқы Мағолдардың (“могол”, “маңғұл”) атымен “Мағолстан” атанғанымен, Мағолдар оның тұрғындарының өз ғана бөлігін құрады, ал оның халқының басым бөлігі Шығыс Түркістан, Жетісу және Солтүстік Қырғызтанның жергілікті тұрғындары, яғни түркі халықтары еді. Олардың арасында көне ұйғыр, керей, барлас және басқа түркі тайпалары жетісулық қазақтар, ыстық көлдік және Шу бойындағы қырғыздар да берді. Мағолстанның орталығы алғашында Жетісуда Алмалықта болды.

Тоғлық Темір өз билігін Мауреннахрға жайып, Шағатай мемлекетін қалпына келтіру әрекетін де жасайды (1360, 1361жж.), бірақ оның мұндағы билігі ұзаққа созылған жоқ. Оның мұрагері Ілияс Қожаның тұсында Мағолстан ыдырау жолына түсті.

Әмір Темірдің XIVғ. соңғы ширегінде жасаған бірнеше дүркін жорығы Мағолстан мемлекетін қайтып күшею мүмкіндігінен біржола айырды. Сөйтіп, ол XIVғ. ортасына қарай дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.

XIVғ. ортасында Ақ Ордамен бір мезгілде Мағолстан мемлекетінің өмірге келуі Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болды. Мағолстан түркі халықтарының Орталық Азияда қуатты мемлекет құру, сол арқылы өздерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету әрекеті ретінде тарихта өз ізін қалдырды. Сондай-ақ ол, феодалдық, ұлыстық мүдденің үстемдік алуы жалпыелдік, жалпыұлттық мүдденің аяқ асты болуына соқтырмай қоймайтындығын да көрсетті.

Әмір Темірдің әскери жорықтары Мағолстанда феодалдық бытыранқылықтың күшеюіне, ал Ақ Орданың Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы болып ыдырауына алып келді.



VІІ-лекция.
Әмір Темір мемлекеті.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Әмір Темірдің билікке келуі.

  2. Мауренахрда бір орталыққа бағынтын мемлекет құру саясаты.

  3. Моғолстан, Хорезм, Индияға жорықтары.

  4. Темір жорықтарының түркі хлықтары үшін трагедиялық зардаптары


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Әмір Темір

 

Шағатай мемлекетінің екіге бөлінуі салдарынан XIV-70-ші жылдарында Маураннахрдағы билікті барлас руынан шыққан Темір (1336—1405) басып алды. Әмір Темірдің үлкен империя құрудағы жаугершілік әрекеті, алдымен әлсіз көршілері Моғолстан мен Ақ Ордадан басталды. Осы шапқыншылық соғыстарында Темір Ақ орда билеушісі өлтірткен Маңғыстау өңірі басшысының баласы Тоқтамысты пайдаланды.



1374—1378жж. аралығында Ақ орда хандарынан жеңіліп келген Тоқтамыс 1379 жылы Ақорданы, келесі жылы, Сауранды, Қырымды, Масай ордасын басып алды. Ендігі жерде екі одақтас Алтын Орда иеліктері үшін өз ара соғысқа түсті. Темірдің үздіксіз жорықтары Алтын Орданың ыдырауының негізгі сыртқы себептерінің бірі болып табылды. Темір билігінің соңғы кезінде, оның империясына Хорезм, Түркістан, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Кавказ бен ‡ндістанныњ бір бөлігі бағынды.

Темір 1405ж. Қытайға бағытталған әскери жорығының басында, Отырарда қайтыс болды.



VІІІ-лекция.
Әбілқайыр хандығы

(«Көшпелі өзбектер мемлекетті»)
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Әбілқайыр хандығының құрылуы.

  2. Әбілқайырдың Сырдария қалалары үшін Темір әулеттерімен жүргізген күресі.

  3. Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы.

  4. Әбілқайыр хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Мақсаты: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған Әбілқайыр хандығының саяси тарихын көрсету.
Әбілқайыр хандығы. Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XVғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның (Сабан, Шайбан) ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428ж. Батыс Сібірдегі Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады. Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найманғ тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIVғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты (этноним) емес, тек саяси мағнадағы сөз еді.

Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек.

Әбілқайыр ұлысы батысында Хайықтан шығысында Балқашқа, оңтүстігінде Арал теңізімен Сырдарияның төменгі ағысының солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта сағасына дейінгі аралықты қамтыды.

XVғ. 30—40-шы жылдары Әбілқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бірнеше жорықтар жасайды. 1430ж. оның әскері қысқа мерзімге Хорезмді алады. 1446ж. Әбілқайыр хан қолдары сыр бойындағы және Қаратау етегіндегі Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады.

Дегенмен, Әбілқайыр ұлысының ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая алған жоқ-тын. Жошы ұрпағынан тарайтын сұлтандардың біразы, арасында Ұрыс ханна тарайтын Жәнібек хан мен Керей сұлтан бар топ Әбілқайыр ханмен жараса алмай, өз ара араздық отын жағады. Ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтар тарапынан төнген шабуыл қаупі қосылады.

Маңғұл халқының батыс қанатын құрайтын қалмақтар (ойраттар) XVғ. 20-шы жылдарына қарай Орталық Азиядағы елеулі саяси және әскери күшке айнала бастайды. Қалмақтардың әсіресе көз тіккен жері Жетісудың шұрайлы жайылымдары мен егіншілік оазистері болды. XVғ. 50-ші жылдары ойраттар қолы Сыр бойына да жетеді. 1456—1457жж. Көк-Кесеке атты жерде (Сығанақ маңы) Әбілқайыр қолдары Ұз-Темір тайшы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады. Бұл шайқас Әбілқайыр ұлысының әлсіреуіне себепші болған оқиға еді. Қалыптасқан саяси ұтымды пайдаланған Жәнібек хан мен Керей сұлтан бастаған ұлыс халқының біраз бөлігі Мағолстанға қарайтын Шу өзені бойындағы Қозы-Басы атты мекенге келіп қазақ хандығының құрылғандығын жария етеді. 1468ж. Әбілқайыр хан Мағолстанға жорыққа аттанып, жол үстінде қазаға ұшырайды.

Сонымен, Әбілқайыр опат болған соң көп ұзамай оның құрған ұлысы да ыдырауға ұшырады. Оған себепші болған билеуші сұлтандар тобының өз арасында билік үшін жүрген таластың толастамауы, қала және отырықшы егіншілік мәдениетінің ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды. Бұл Ақ Орда, Ноғай ұлысы, Әбілқайыр хандығы сияқты мемлекеттік құрылымдардың ыдырауына негіз болған ортақ себептер еді.

ІХ-лекция.

XIII-XV ғғ. Ноғай Ордасы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Ноғай Ордасының құрылуы.

  2. XIII-XV ғғ. Солтүстік Қазақстан

  3. Батыс Сібір.

  4. Ноғай ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.



Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Мақсаты: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған Ноғай орданың саяси тарихын көрсету.
Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырау барысында өмірге келген ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы. XIV—XV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерінің бөлігін қамтыды. XIVғ. соңына қарай Жайық пен Еділдің арасындағы тайпаларды біріктірген қауым өзін маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы” деген атаулар деректерде XVIғ. бас кезінде пайда болады. Ноғай Ордасының мемлекеттік құрылым ретінде оқшаулануы Едіге бидің Алтын Орданы билеген кезеңіне түс келеді (1396—1411жж.). “Беклар-бегі” атанған би іс жүзінде бұл құрылымның негізін қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмірінде шешуші роль атқарған Едіге би өз елі маңғыттар ұлысын күшейтуге біраз күш жұмсайды. Едіге би опат болған соң (1419ж.) маңғыттардың билеушілері шығыс жағындағы көршілерімен жақын қатынаста болуға ұмтылды, Әбілқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестікке біржола Едігенің ұлы Нұр ад-Дин билігі (1426—1440жж.) тұсында қол жеткізеді.

Ноғай Ордасының жер көлемі өзгеріп отырған. XVғ. Екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан асып өтіп, шығыс және оңтүстікке жылжыды. Сыр бойы қалалары үшін күрес және Мауреннахрға ықпалын арттыру жолында жүрген Әбілқайыр хан ноғайларға ешқандай да кедергі жасаған жоқ, қайта одақтастық пиғылда болды. Мұны пайдаланған ноғай билеушілері солтүстік-шығыста жайылымдарын Батыс Сібірге дейін жеткізді. Төменнің оңтүстік шығыс беті Ноғай даласы аталды. Сондай-ақ, ноғайлар көші ауық-ауық Сыр бойы мен Арал теңізі жағалауына шейін де жетіп жатты. Ноғайлардың сол кездегі билеушілері, Едіге бидің үрім-бұтағы Уақас би, Мұса мырза, Ямғұрчи және басқалары Әбілқайырға Сыр бойы қалаларын алуға көмек береді. Қазақ еліне тілі, салт-дәстүрі жақын ноғай жұрты қазақтармен жылы, одақтастық қатынаста болды. Алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында (XVғ.) қазақпен ноғай жылы, туыстық қатынаста болды. XVIғ. орта тұсында деректер Хақназар ханды “қазақтар мен ноғайлардың ханы” атады.

Ноғай ордасының этникалық құрамы төңірегіндегі түркі халықтарының, яғни олардың жеке ұлттық тұтастыққа көшкенге шейінгі құрамына ұқсас болды. Оның құрамына маңғыттардан басқа қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлық, алшын, тама және басқа тайпалардың бөліктері енді. Әуелде этносаяси құрылым ретінде пайда болған Ноғай Ордасы негізінде кейінірек, яғни XVғ. соңына қарай ноғай халқы қалыптаса бастайды.

Ресейдің Қазан және Астрахан халықтарын өзіне қосып алған соң, XVIғ. екінші жартысына қарай Ноғай хандығының да тәуелсіз жағдайы әлсірей түсіп, ақыры бірнеше өзара тәуелсіз иеліктерге ыдырайды. Оның халқының бір бөлігі Кіші жүздің құрамына енді.



Х-лекция.

Қазақстанның XIV-XV ғғ. экономикасы.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Мал шаруашылығы мен егіншілік.

  2. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

  3. Қалалар, қалалық және селолық қоныстар.

  4. Қолөнер.

  5. Керуен жолдары, сауда және ақша айналымы.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

 

  Шаруашылықтың негізгі түрі жыл бойы тебінді жайлымда жүретін жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Онымен қатар Қазақстанның оңтүстік аудандарында Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауында отырықшы мал шаруашылығы да таралды.



Қазақтар негізінен жылқы, қой және түйе өсірумен шұғылданды, ал отырықшы шаруашылықпен айналысатындары ірі қара мен ешкі де өсірген. Бойы ұзын, қысқа аяқты жылқыларды қазақтар қысы-жазы мал бағуда мініске ұстайтын, олар қазіргі “жабы” дейтін жылқылар тұқымына ұқсас келеді. Қазақтар асыл тұқымды сәйгүліктер мен арғымақтарды өсіру мен де жақсы айналысқан.

Қазақ халқы түйе өсіруге көп мән берген. Себебі көшпелі және жартылай көшпелі өмірде түйе негізгі көлік ретінде пайдаланылѓан, суыққа және шөлге төзімді жануар. Түйе жыл бойы үй маңында ашық далада жатады, тек қатты суық түскенде ғана үстіне киізден жабу жабатын. ХV-XIXғ. қазақтар жалғыз өркешті “қар түйелерді” өсірсе де, шаруашылыққа қолайлы қос өркешті түйелерге көбірек мән берген.

Қазақтар ірі құйрықты қойлар мен қатар ұсақ, биязы жүнді қой өсірумен де шұғылданған. Табиғи жағдайдың ерекшелігіне байланысты мерзімдік жайылымдары болған. Қыста қыстап шығу үшін өзен бойына, қамысты жерлерге, тау аңғарларына, жота бөктерлеріне, орманды жерлерге қыстау салған. Ал қоры ерте кететін жас төлдің жайылымына ыңғайлы жерлерді көктеуге қойған. Көктеуден соң жаздың нағыз ортасында қойдың жүнін қырқып, шыбыны мен масасы аз, шөбі шалғын, суы мол жайлауға көшкен. Күз түсе қайтадан қыстауларына жақындау жерге көшіп келген, оны “күздеу” дейді. Мұндай айнала көшудің себебі, мал жеп кеткен шөптің қайта өсуін қамтамасыз ету, малға жақсы жағдай жасау.

Қазақстанның шөлейт аудандарында малды қолдан суару үшін құдықтар қазып, қауғамен су алатын. Қауға теріден тігілетін үлкен шелек тәрізді ыдыс, онымен бірнеше мәрте құдықтан су алып бүкіл табынды суару оңай емес, сондықтан оны тартуға түйе мен өгізді жиі пайдаланған. Терең, тас құдықтардан қауға тарту ісі – Маңғыстау мен Үстірт жерлерінде жиі пайдаланылған.

Қазақтар малын жайылымға қыста да шығаратын болған, оны “тебінді жайылым” деп атаған. Себебі қар астында қалған шөпті мал тұяғымен теуіп, тартып, жұлып жейтін болған. Ондай жерлерге алдымен жылқыны, одан соң сиыр мен түйені жайған, олар қарын аршып бетіндегі шөбін жеген соң, аршылған жерге ұсақ малды, қойды жайып отырған.

Кейбір жерлерді қиын-қыстау кезең үшін әдейі сақтап “қарамал жері” деп қорып отырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет