Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 13 Балалар ұжымы. Ұжым тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде



бет17/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 13 Балалар ұжымы. Ұжым тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде.
Мақсаты: ұжым, ұжымның белгілері, перспективалары туралы түсінік беру, ұжымның жеке тұлғаның дамуына ықпалы, жеке адам мен ұжымның арасындағы қарым-қатынастың түрлері туралы түсінік беру.
Жоспар:
1. Ұжым туралы түсінік
2. Ұжым проблемасының зерттелуі
3. Ұжымның перспективалары
4. Жеке адам мен ұжымның арасындағы қарым-қатынастың түрлері
5. Ұжымға педагогикалық басшылық
Негізгі ұғымдар: ұжым, өзара әрекет, балалар ұжымы, ұжымдық іс-әрекет, тапсырма беру, педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.ұжымның дамуы мен қалыптасуы, ұжымның перспективалары, қарым-қатынас, лидер, конформизм, гармония, ұжымға басшылық.
«Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.
Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:
 Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.
 Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..
 Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.
 Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.
Ұжымның теориялық мәселелері көптеген ғалым-педагогтардың еңбектерінде барынша терең зерттелді.
Н.К. Крупская жеке адамның даму мен қалыптасу ортасы – ұжым деп атады. Ол мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдарына, олардағы балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берді.
С.Т. Шацкий де ұжым мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол өзі басшылық еткен мектептің балаларын тату ұжымға біріктіруге тырысты. Педагогтарды балалар ұжымын терең зерттеп білуге шақырды.
Балалар ұжымын дамыту теориясына орыс педагогы В.А.Сухомлинский де айтарлықтай үлес қосты. Ол ұжымда балалар мен тәрбиешілер арасында рухани қарым-қатынас дамиды деп есептеді.
Ұжым тақырыбын терең зерттеген орыс педагогы А.С.Макаренконың еңбектері әлі күнге дейін өзінің құндылықтарын жойған жоқ. Ол ұжымдағы балалар арасындағы қарым-қатынас, ұжымды қалыптастыру жолдары жайлы терең жазған. Жеке адамды ұжымда тәрбиелеудің маңызын көрсетті.
А.С.Макаренко ұжымның төмендегідей белгілерін көрсетті:
1. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым басқа ұжымдармен табиғи байланысты.
3. Ұжым адамдарды ортақ мақсатқа, еңбекке ұйымдастырады.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және ұйымдастырушылары болады.
А.С.Макаренконың айтуынша, ұжым бір орында тұра алмайды, ол үнемі дамып отырады.
А.С.Макаренко ұжымның дамуының 3 сатысын көрсетеді:
1) Ұжымның құрылуы;
2) Белсенділердің ықпалының артуы;
3) Қоғамдық пікірдің пайда болуы.
Ұжым теориясын зерттеуші қазіргі педагогтар ұжымның дамуының төрт және одан да көп сатыларын атайды. Соңғы сатылар ұжымның кемелденуін көрсетеді. Яғни жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талаптар қоюы, көзқарастары мен іс-әрекеттерінің тұрақтануы.
Ұжымның дамуы мен қалыптасуында алға қойған мақсат - перспектива маңызды роль атқарады. А.С.Макаренко перспективаны үшке бөледі:
1. Жақын перспектива - күнделікті өмірде пайда болып, орындалатын міндеттер, мысалы жарыс, жексенбілік саяхат, үйірмеге қатысу, т.б.
2. Орта перспектива - оқу жылы ішінде орындалатын міндеттер, мысалы балалар лагеріне бару, конкурстар өткізу, т.б.
3. Қашық перспектива - ұзақ мерзімге жоспарланған жұмыстар. Мысалы, мамандық таңдау, мектеп бітірген соң оқуға түсу, т.б
Перспективалар оқушыға, мектепке, қоғамға пайда келтіретіндей болуы керек. Перспективаларды жоспарлағанда мұғалім балалардың жас және дербес ерекшеліктерін, қызығушылығын, дайындығын ескеруі керек.
Ұжымның өмірінде дәстүрдің тәрбиелік мәні зор. Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, адамдар арасындағы қатынастарды көрсететін нормалар мен принциптер. Дәстүр ұжымды нығайтады, ұжымның өмірінің қызықты өтуіне әсер етеді. Мысалы, мектеп мерекелері, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыға көмектесу, т.б.
Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас маңызды болып саналады. Көп уақыт бойы ұжымның жеке адамға тәрбиелік әсеріне көңіл бөлінбеді. Жеке адам ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп есептелді. Қазір бұл мәселеге жаңа көзқарас пайда болды.
Оқушының ұжымға енуі - күрделі, қарама-қайшылықты процесс. Өйткені бір ұжымға енетін балалардың мінез-құлқы, сыртқы келбеті, денсаулығы, білімі, көзқарастары, т.б. ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан олар ұжымға әртүрлі енеді, жолдастарының талаптарына әртүрлі қарайды.
Егер оқушының әлеуметтік тәжірибесі ұжымның тәжірибесіне сәйкес келсе, ондай оқушы ұжымға жеңіл енеді. Егер оқушының тәжірибесі төмен немесе, керісінше, жоғары болса, онда оған құрдастарымен қарым-қатынас жасау қиынырақ болады.
Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас тек оқушыға ғана емес, ұжымға да байланысты. Жоғары дәрежеде дамыған ұжымда қарым-қатынас та жақсы деңгейде болады.
Әрбір адам ұжымда өз орнын табуға тырысады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың 3 түрін көрсетуге болады:
1. Жеке адам ұжымға бағынады.
2. Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынас.
3. Жеке адам ұжымды бағындырады.
Жеке адамның ұжымға бағынуының екі жағы бар: 1). Жеке адам өз еркімен бағынады. 2). Жеке адам сырттай бағынғанымен, іштей өз көзқарасын сақтайды, үнсіз бағынады. Ашық қарсы шығу сирек кездеседі. Өйткені өзін-өзі сақтау инстинкті жұмыс істейді.
Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынаста өзара түсінушілік, келісушілік орын алады.
Жеке адамның ұжымды бағындыруы сирек кездеседі. Егер лидердің көзқарасы, білімі, қызығушылығы, т.б. ерекшеліктері ұжымнан жоғары болса, ұжымның дамуына жағымды әсер етеді. Егер керісінше болса, онда ұжым дамымайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет