Лекция 15 Отбасы тәрбиесі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасының ролін көрсету, мектеп пен отбасының бірлескен жұмыс формаларымен таныстыру.
Жоспар:
1. Отбасы - баланың алғашқы ұжымы
2. Мектеп - тәрбие жұмысының орталығы
3. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Негізгі ұғымдар: отбасы тәрбиесі, ынтымақтастық.
Отбасы тәрбиесi – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналармен жанұя мүшелерiнiң тарапынан жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Әлеуметтiк, отбасы және мектеп тәрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенiң мектеп тәрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ол сол мәселенiң әлеуметтiк жағдайлары әлеуметтiк педагогиканың үлесiнде. Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тәрбиеленiп жатқан адамның тән дене және рухани дамуына әсер етушi ықпалдар мәнi мен мағынасының тереңдiгiне тәуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр жағынан – тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан тәрбиелiк орта. Баланың алғашқы өмiрi жағдайндағы отбасы ықпалы басқа жағдайлармен кейiнгi жас кезеңдерiндiе болатын ықпалдардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзi де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос – жарандар да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелiлiгi ең алдымен отбасына тәуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелiк ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани- адамгерщiлiк, еңбектiк тәрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тәуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нәтижесiне болар отбасы тәрбиесiнiң күшi мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелiк шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген көзқарас, халықтық және ұлттық үрдiстердi естен шығару инабаттылық принциптерiнен тайғу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тәртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең ажырасулар – бәрi де отбасындағы бала тәрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.
Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе» - деп ұлы ұґлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк және әлеуметтiк бағыт- бағдар түзiледi. Отбасыда өз ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проблемалар, есейген ересек шақта бiтiскен шырқалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.
Жоғары да әңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелiк әсерлердiң бәрiнен де күштiрек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- Отбасы тұлғаның әлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тәндiк, моральдық және еңбектiк тәрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады.
Қоғамның азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi:
Отбасының аса маңызды әлеуметтiк қызметтерi – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру.
Отбасы - бала алғаш өмірге келіп, ең алғашқы сөзін айтатын, тәй-тәй аяғын басатын ортасы. Отбасындағы тәрбие баланың дамып қалыптасуындағы маңызды фактор. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген халық мақалында айтылғандай, баланың болашақта қандай адам болатыны отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Егер отбасындағы жағдай бірқалыпты, ата-анасы бір-бірін сыйлап, ақылдасып әрекет етсе, бала да ертең өзінің отбасын солай құрады. Алайда кейбір отбасында теріс қылықтар да көрініп қалады. Бұл балаға кері әсерін тигізеді.
Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарады:
Репродуктивтік - баланың туылуы.
Тәрбиелілік - отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасау.
Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
Коммуникативтік - отбасылық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
Рекреативтік - іс-әректті ұйымдастыру.
Обасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенция" маңызды негізгі құжат болып табылады. Конвенцияда: "балаға, дене жағынан және ақыл ойы жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау қажет", - деп жазылған.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажеттін" орындамаған жағдайда өз құқықтарынан айрылады.
ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
Неке мен жанұя, аналық, әкелік, және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті.
Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған "Неке және отбасы туралы" Заңның 52 тарауында былай делінген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар".
Мектеп пен ата-аналардың бірлесіп атқаратын жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен іс-әрекеті бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. сынып жетекшісі мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен тығыз жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қажет етеді. Ата-аналармен жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;
Атбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;
Ата-аналар ұжымын құру;
Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесін мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;
Осы міндеттерге сай сынып жетекшісі келесі бес қызметті атқарады:
Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен таныстыру;
Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу;
Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру;
Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру;
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс;
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырады және басқарады. Мектептің басшылығымен ата-аналармен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар: ата-аналар жиналысы, педагогтардың оқушының үйіне баруы, насихат жұмысы, ата-аналар комитетінің жұмысы, т.б.
Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты ата-аналардан құрылған қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпымектептік ата-аналар комитеті) және сыныптық (сыныптық ата-аналар комитеті) жиналыстырда сайланады. Ол 5-6 адамнан (төрағасы және негізгі міндеттерді бөліп алған мүшелерден) тұрады. Ата-аналар комитеті мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие шараларын ұйымдастыруға, өткізуге көмектеседі.
Ата-аналар жиналысы немесе конференциясы жалпы мектеп бойынша, не сынып бойынша өтеді. Онда отбасы мен мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің маңызды мәселелері талқыланады. Жалпымектептік ата-аналар жиналысы жылына екі не үш рет өткізіледі. Сынап ата-аналар жиналысында сынып өмірі, оқу үлгерімі, тәртібі туралы ақпараттар беріледі.
"Ашық есік" күндері ата-аналар сабақтарға қатысады, балалардың сабақтағы белсенділігін бақылайды, оқушылардың өнерін тамашалайды, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |