Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 25 Педагогикалық технологиялар



бет38/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 25 Педагогикалық технологиялар
Мақсаты: педагогикалық технологиялар туралы түсінік беру, технологиялармен таныстыру
Жоспар:
1. Педагогикалық технологиялар туралы ұғым.
2. Олардың негізгі сипаттамалары.
Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық білім беру технологиялары, шығармашылық, шығармашылық іс-әрекет.
Технология термині гректің техно-өнер, логос-білім деген сөздерінен құралған. Технология өндіріс процесінде шикізат, материал, жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу әдістерінің жиынтығытуралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Мысалы, металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыс материалдары технологиясы, т.б. Оқыту процесіне технология алғаш рет ХХғ. 40-50 жылдары енді. Техникалық оқыту құралдарының қолданылуымен "оқыту технологиясы" ұғымы пайда болды. 50-60-шы жылдары бұл ұғым "педагогикалық технология" болып өзгертілді. 60-шы жылдары американдық психологБ.Скиннер негізін салған бағдарламалық оқытумен байланысты "оқыту технологиясы" термині қолданыла басталды. 70-ші жылдары компьютерлік құралдарды қолдануға байланысты "оқытудың ақпараттық технологиясы" туындады. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан "педагогикалық технология" ұғымы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде түсіндірілді. Қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық технология білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын дамыту мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субьектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестіруде.
қазіргі уақытта "педагогикалық технология" ұғымына Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, В.М.Монахов, Н.Д.Хмель, т.б. ғалымдар анықтама берген.
Зерттеуші ғалым В.С.Безрукова педагогикалық технологияларды оларды құрастыру негізіне жататын идеялары бойынша төрт топқа топтастырады:

  1. Танымдық процестерді қатал басқару технологиясы (модульдік технология, В.Ф.Шаталов технологиясы, П.М.Эрдниев технологиясы, М.И.махмутовтың проблемалық технологиясы, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин бойынша оқыту технологиясы, т.б.)

  2. "Еркін тәрбие" идеясына негізделген технологиялар (Ш.И.Амонашвилидің ізгілікті-оқыту технологиясы, Вальдорф педагогикасы, Л.Н.Толстой мектебі, Отбасылық мектеп, т.б.)

  3. "Мектептің жойылуы" теориясына негізделген технологиялар (парктік технология, дистанциялық оқыту, мәдениеттер диалогы мектебі, артпедагогика технологиясы т.б.)

  4. Невропсихикалық ықпал жасау технологиясы (суггестия, иландыру, түсінде ұйықтап жатқанда оқыту, биоритмология негізінде оқыту, гипноздық оқыту, медитация, аутотренинг, т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет