Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары



бет40/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
дәрістер (1)

Жоспар:
1. Мектепішілік менеджменттің мәні
2. Мектепішілік басқару принциптері
3. Мектеп басшылары және олардың қызметтері
Негізгі ұғымдар: басқару, бақылау, менеджмент, өзіндік басқару.
«Менеджмент» термині ағылшын тілінен аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық басқару бүгінгі педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Ол жайлы ғалым педагог Хмель Н.Д. өзінің зерттеулерінде былай дейді: «Педагогикалық процесті басқару дегеніміз - әлеуметтік жүйені басқару».
Кез–келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар принциптерді сақтауға негізделеді. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің басшылыққа алатын қағидалары туындайды. Ол принциптер:
Педагогикалық жүйені басқарудағы демократияландыру және ізгілендіру. Шешім қабылдау мен талқылаудың ашықтығы, мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды конкурспен және контракт негізінде қабылдау – мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпарыттың ашықтығы мен түсініктілігіне негізделеді. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беруі, оны талқылауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыру мектеп өмірінде демократияның орнығуының негізін қалайды.
Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы. Жүйеліліктің бірінші белгісі – мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі – мектептің құрылымы. Үшінші белгі – жүйенің ерекшеліктері мен сипаттары. Төртінші белгі – оның қоршаған ортамен тығыз байланыста болуы.
Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі. Шамадан тыс орталықтандыру әкімшілік басқаруды күшейтуге әкеледі. Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетекшілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамашылдығын шектейді, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдерді жай ғана орындаушығы айналдырады. Сонымен қатар орталықсыздандыруға да шамадан тыс көп мән беруге болмайды. Артық орталықсыздандыру тұтастай басқару мен әкімшіліктің ролін төмендетеді, басқарудың қадағаушылық қызметін жояды. Педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пайда болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару органдарының бір –біріне қарсы тұруына негіз болады. Сондықтан орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіріп, бүкіл мектеп ұжымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет