3. Топырақтағы ылғалдың тепе-теңдiгi (теңгерiмi)
Топырақтың су жүргiсiнiң (режiмiнiң) сандық көрсеткiшi болып су теңгерiмi, яғни судың барлық кiрiс пен шығыс көрсеткiштерiнiң жиынтығын айтады.
Топырақ су теңгерiмiнiң жалпы теңдемесi:
В0+Вос+Вор+Вг+Вк+Впр=Висп+Вт+Вн+Впс+В1,
В0- топырақтағы ылғалдың бастапқы қоры, Вос-зерттелу кезеңiндегi атмосфералық жауын-шашынның мөлшерi, Вор-суғару суы, Вг-ыза суы, Вк-су буының конденсациясының нәтижесi, Впр-беткi ағыннан келген ылғал.
Висп-зерттеу мерзiмiндегi физикалық булану, Вт-транспирацияға жұмсалған ылғал, Вн-төмен ағып, топырақтан шығынданған ылғал, Впс-беткi ағыннан жоғалған ылғал, В1-зерттеу соңындағы топырақта қалған ылғалдың қоры (мөлшерi).
Су теңгерiмiнiң әр элементiнiң ара салмағы әртүрлi болып келедi. Сондықтан практикада қолдану үшiн су теңгерiмiнiң барлық элементтерiн есептеп жатпайды, тек қана маңыздыларын зерттеуге тырысады. Онымен қатар олардың кейбiреулерiн дәл есептеуге бүгiнгi күнi мүмкiндiк аз (тамыр жайылатын қабатқа келетiн жер асты суы, будың конденсациялану суы, қапталдан келетiн және кететiн ылғалдың мөлшерi ж.б.). Оған қоса тағы бiр айта кететiн жағдай, су теңгерiмiнiң кейбiр элементтерiн зерттеу көп қаражат пен еңбектi керек етедi. Топырақтағы ылғал қорын (м3/га немесе су қабатының мм)
В=а·d·h
формуласымен есептеп шығаруға болады (В-су қоры м3/га; а- топырақ ылғалдылығы,%; d-топырақ көлемдiк салмағы, г/см3; h-топырақ қабатының қалыңдығы, см). Су қорын мм өлшеу үшiн, алынған мөлшердi (көлемдi) онға бөлу керек.
Шамамен топырақтағы су қорын, әсiресе қуаңшылық аудандарда, ылғалдану тереңдiгiне қарап айтуға болады: ылғалданған әрбiр сантиметр 1 мм сiңiмдi суға сәйкес деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |