Жауын-шашын. Жауын-шашынның жалпы мөлшерi құрылық бойынша өте көп болғанымен, оның кейбiр аймақтарда өте аз жауып су жетiспеушiлiгiне әкелiп соғады. Оны мынадай себептермен түсiнiдiрiп дәлелдеуге болады:
- су буының атмосферадағы айналымының географиялық ерекшелiктерi. Мысалы:
Бұрынғы одақ аумағының Европа бөлiгiнде жауын-шашын оның зияя бөлiгiне қарағанда көбiрек жауады. Себебi Европалық бөлiкте ауаның циклондық қозғалысы ал Азия бөлiгiнде антициклондық қозғалыс басым:
Ауаның циклонды қозғалысын туғызып, жаңбыр жаууы мүмкiндiгiн арттыратын себеп-орман-тоғайлардың бiркелкi орналаспауы және жер бетi рельефiнiң әртүрлiлiгi. Биiк таулар етегiнде жауын-шашын теңiздеңгейi аймақтарынақарағанда бiрнеше есе көп жауады.
Егер жауыншашыннан өсiмдiктердiң су пайдалану үлесiн алсақ, ол жоғарыдағы айтылған себептерге байланысты-20 пайыздан 80 пайызға дейiн ауытқиды. Бұл ауытқулар үш түрлi себепке байланысты болады: бiрiншiсi-егiстiң географиялық орны (шөлей тжәне далалық аймақтар); екiншiсi-жылдық жауын-шашын мөлшерiнiң өзгеруi; үшiншiсi-жылдық жауын-шашынның өсiмдiк вегетациясы кезеңдерiнде және жыл айларында бiр келкi жаумауы.
Қаржамылғысы. Ауылшаруашылығында қар жамылғысының үлкен маңызы бар. Қаржамылғысы өсiмдiкке қажеттi су қоры болып табылады, ал сонымен қатар жемiс-жидек және күздiк дақылдарды, көпжылдық шөптердi үсiкке шалдықпауынан қорғайды. Қаржамылғысы аз аудандарда күздiк дақылдар егiлмейдi, өйткенi олар үлкен аяздар әсерiнен үсiкке шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |