Өнімді сәйкестігін растау тәртібі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттары төмендегі өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу ретін қарастырады:
өтінімші сертификаттау жөніндегі органға өтінім береді;
өтінімді қарастыру нәтижесі бойынша шешімді өтінушіге жіберу;
өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге келесім-шарт өңдеу;
сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілерін таңдап алу, оларды идентификациялау және сынақ зертханаларына жеткізу;
сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілеріне сертификаттау сынағын және басқа жұмыстарды жүргізу;
өндірістің жай-күйін талдау (таңдалған схемаға сәйкес);
алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкүндігі бойынша шешім қабылдау;
сәйкестік сертификатын беру және оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіліміне тіркеу;
сертификаттаудан өткен өнімді сәйкестік Белгісімен маркалау;
өнімгің сертификатталған сипаттарының және сапаны қамтамасыз eту жүйесінің жұмысының үстінен инспекциялық бақылау жүргізу.
Кейбір схемалар бойынша сертификаттау кезінде кейбір кезеңдер қарастырылмауы мүмкүн.
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау тәртібі.
Өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рәсімі отандық тауар өндірушілерді қолдау және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттауға жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында енгізілген.
Бірақ өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау отандық өнімдерге ғана таралады және импортталатын өнімдерге қолданылмайды.
Сәйкестік туралы декларация міндетті сертификаттауға жататын және «Сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рұқсат етілген өнімдердің Тізіліміне» енгізілген өнімдерге қатысты қолданылады.
Өнімді жеткізуші (шығарушы, сатушы) сәйкестік туралы декларацияны өнімнің өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келетінінрастайтын құжаттардың негізінде қабылдайды. Мұндай құжаттарға жатады:
өнімнің үстінен шығарушымен (тапсырушымен) және (немесе) компетентный сынақ зертханаларымен жүргізілген бақылау сынақтарының хаттамалары;
өнімге бұрыннан берілген күшіндегі сәйкестік сертификаттар және (немесе) шикізатты, материалдарды, комплекттеуші бұйымдарды сынау хаттамалары;
стандарттардың талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау актілері (стандарттардың талаптары бұзылмаған жағдайда);
өнімнің (шикізаттың, өндіріс процесінің, буыпөтүю, маркалаудың) тағайындалған талаптарға сәйкестігін растаушы құжаттар, сапа жүйесінің немесе шығарушы кәсіпорынның өндірісінің сәйкестік сертификаты және т.б.
Сәйкестік туралы декларация нақты өнім немесе олардың сәйкестікті растайтын бірыңғай талаптар қойылатын біртекті өнімдер топтарына қатысты қабылдануы мүмкүн.
Сәйкестік туралы декларация Мемстандартпен бекітілген форма бойынша толтырылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Сәйкестікті растау схемасы нені білдіреді?
2 Сәйкестікті растау тәсілі ретінде нелер қолданылады?
3 Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі неше схема қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Достарыңызбен бөлісу: |