Лекция Қазақстандағы банк жүйесі. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты



бет4/11
Дата29.09.2024
өлшемі29.17 Kb.
#504103
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстандағы банк жүйесі. мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Ұлттық банкінің басқармасы мен төрағасы Қазақстан Ұлттық банкінің қызметі үшін жауап береді. Ұлттық банкінің құрамына департаметтер мен дербес қызметтерден тұратын орталық аппарат, облыстық фирмалар кіреді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның қаражаты: жарғылық , резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен, бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қорлардың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен қатар өзінің басты қызметі ─ ақша-несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды.

14-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары.

1. Әлеуметтік саясат ұғымы, міндеттері
2. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
3. Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
4. Аймақтар дамуының (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.

Мақсаты: Әлеуметтік саясаттың маңыздылығын, мақсаттарын, мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты анықтауға үйрету. Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру

Негізгі түсініктер мен терминдер
Аймақтық саясат; Индустриялық дамыған аймақтар; Агроөнеркәсіптік аймақтар; Дағдарыстық аймақтар; Аймақтардың саяси жағдайы; Аймақтың даму тарихы; Аймақтық даму мақсаттары; Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет