Лекция. Қазіргі кездегі Азиядағы араб елдері. Африканың Араб елдері және олардың қазіргі кездегі рөлі. Араб-мұсылман елдері. Араб-мұсылман әлемі және жаһандану үрдісі

бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі4.47 Mb.
#469664
түріЛекция
1   2   3   4
Азиядағы Араб елдері(2)

Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс мемлекеттерiндегі саяси оқиғалар таралымы қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңдік жүйесінің қалыптасуына негіз болуы мүмкін делінетін жаңа алғышарттар қалыптастыруда. Халықаралық ақуал және геосаяси орта қарқынды өзгеруде және әрқашан жақсы жағына қарай ойыса бермейді. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан Солтүстік-Шығыс Азияға дейін тұрақсыздықтың алып белдеуі созылып жатыр. Күштердің ара салмағы жаһандық деңгейде де, сонымен қатар, Жер шарының жекелеген аймақтарында да елеулі өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі халықаралық қатынастар сараптамасына «араб көктемі» атты атаумен енген араб тектес мемлекеттердегі саяси тұрақсыздық геосаяси бетбұрыстар белесін өзгертіп, аймақтың әлемдік саясат жүйесіне жаңаша түзілу әкелетіндей үдерістерді тудырған болатын. Алайда, әлі де болса аймаққа қатысты геосаяси өлшемдер қандай да бір анықтамалар ауқымына сай келіп, шынайы тұжырымдар параметрлеріне бағынбай отырған сыңайлы.

ХХ ғасырдың 50-жылдары тәуелсіздіктеріне қол жеткізгеннен бергі кезеңде араб әлеміне кіретін мемлекеттер ауқымды сілкіністерді басынан өткізе, әлемдік қауымдастықтың қашанда назарына ілініп келеді. Таяу Шығыс немесе араб шығысы секілді бірде-бір аймақ әлемдік саясат назарын өзіне соншалықты терең аудартқан емес. Аймаққа деген ерекше назардың болу себебі де, араб елдерінің дүниежүзіндегі маңызды стратегиялық орнымен сипатталып, аймақтағы негізгі әлемдік көмірсутегі қорының шоғырлануымен ғана емес, су, құрлықтық, әуе желістерінің тоғысуы, құрлықтар мен өркениеттердің бірігуінің де аумағы ретінде геосаяси параметрлерге де бағынуымен сипатталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет