Лекция. Қазіргі кездегі Азиядағы араб елдері. Африканың Араб елдері және олардың қазіргі кездегі рөлі. Араб-мұсылман елдері. Араб-мұсылман әлемі және жаһандану үрдісі


Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб әлемінің қалыптасуын анықтауда оның кезеңдену сипатына сай бағамдау орынды



бет4/4
Дата16.02.2023
өлшемі4.47 Mb.
#469664
түріЛекция
1   2   3   4
Азиядағы Араб елдері(2)

Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб әлемінің қалыптасуын анықтауда оның кезеңдену сипатына сай бағамдау орынды.

  • Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб әлемінің қалыптасуын анықтауда оның кезеңдену сипатына сай бағамдау орынды.
  • Бірінші кезең ХХ ғасырдың 50-жылдарынан 90-жылдарын қамтиды. Бұл кезең тәуелсіздікке ие болу және мемлекеттілік қалыптастыруды сипаттайды.
  • Екінші кезең өткен ғасырдың 90-жылдарының басы және ХХІ ғасырдың алғашқы жылдары. Бұл кезеңде араб әлеміндегі шашыраңқылық басталып, Ирак және Кувейтке барлық салдарымен туындаған басқыншылық, ең бастысы араб бұғазы аудандарына американдық әскерлердің енгізілуі және аймақтағы келесідей «Шөлдегі қалқан» (1990-1991 жж.) және «Шөлдегі дауыл» (1991 ж.) әскери әрекеттер орын алды.
  • Үшінші кезең маңызды сипат ретінде орын алған «Араб көктемі» оқиғасымен өрбиді. 2011 жылдың қаңтарынан басталған бұл кезеңді қорытындылау тұр ғой, оның нәтижелерін алдын ала бағамдаудың өзі қиын. Бұл кезең қазіргі кездегі араб тарихының дамуының соңы емес екені анық [4]. 2011 жылдың басындағы тұтанған оқиға, араб әлемінің геосаяси сипатын әлі де болса келтіріп тұр. Араб елдеріндегі Тунистің, Египеттің, Ливияның, Бахрейннің, Йеменнің және Сирияның «Көктемінің» саяси әртүрлігі болғанымен де, олардағы орын алған оқиғалардың бір уақытқа сәйкес келуі кездейсоқ емес және қақтығыстардың ішкі себебі мен оларға ықпал етуші сыртқы жағдайлар бойынша да көптеген ортақтықтарға ие.
  • Тунис – «араб көктемінің» бастау тұғыры іспетті, Буазизидің қазасынан кейінгі кедейшілік пен жұмыссыздық жайлаған ел халқының үні күш алады. Зин эль-Абидин Бен Али 2011 жылдың 14 қаңтарында елдегі зорлықтың өршуінен кейін елді басқарудан бас тартып, елден кетуге мәжбүр болды. Бен Али сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін сырттай 35 жылға түрмеге қамалу үкіміне кесіледі. Сол жылдың 17 қаңтарында құрылған уақытша үкімет құрамына құлаған жүйе өкілдерінің етіп кетуі де елдегі қарама-қайшылықты шиеленістіріп жібереді. 2011 жылдың 23 қазанындағы сайлауда ұзақ уақыт тыйым салынған «Қайта өрлеу-аль Нахда» партиясы болса 41% дауыс жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет