Лекция бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі



бет7/9
Дата02.11.2023
өлшемі44.03 Kb.
#482221
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Doc2

15-лекция
Начало формы
"СӨЙЛЕМ" ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ

«Сөйлем» такырыбын окыту - кіші жастағы балалар ға аса қажетті де қиын. Сөйлемнің қыр-сырын жете та нымаған оқушы сөйлеуді де, байланыстырып жазуды да біле бермейдi. Бұл тақырып алдымен окушыларға жеке хабарлы сөйлемдердi үлгi арқылы практикалык жолмен үйретуді керек етеді. Бұл тұрғыда, сауат ашу кезінде тапсырылған сөйлем үлгiлерi еске түсiрiледi. Ондай сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан құралған мына дай жалан сөйлемдер.


1. Баяндауышы¹ кiм? не? кімдер? нелер? сұрақтары на жауап беретін зат есімнен жасалған жалаң сөйлемдер.


Мынау - карындаш. Аскар - окушы. Әсет - әнші. Сен бишiсiн. Баяндауышы зат есімнен болған жалаң сөйлемнің бастауыштарын үш жакта келген бұл, мынау, ол, анау де ген сілтеу есiмдiктерiнен және адам аттары мен баска зат есім болатын сөздерден, сондай-ак мен, сен, ол, бiз, сендер, сiздер, олар сиякты жіктеу есімдіктерінен жасауға болады. Аталған сөйлем түрін құрастыруды жеңілдету үшін мұғалім тарапынан сұрақтар қойылып, ол сұрақтарға окушылар жауап кайтару керек, яғни мұғалім диалог тәсілі арқылы ондағы сұраулы сөйлемдерге тікелей жауап бола тын хабарлы сөйлемдерді жасатуды да жеке алып (жаздырып) қарастырады. Мысалы:


- Бұл кім? - Бұл - Аскар.


Мынау кім? - Бул - Сеуле. - Ол не? - Ол - балапан.


- Анау не? Ол - тауық.


жауап сөйлемдерден мынадай монолог жасатуға болады: Бұл – Асқар. Бұл – Сәуле. Ол – балапан. Ол – тауық. Аталған монологтағы жеке сөйлемдерді оқушылар дәптерлеріне жазады, тыныс белгілерін, бас әріппен жа зылатын сөйлемдерді тексеріп түсіндіреді. Оқулықтағы “Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнен соң нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады” деген анықтаманы еске түсіреді. Жазған сөйлемдерін түсініп, белгілі жылдамдықпен оқиды. Оқу барысында сөйлемнің интонациясына баса назар аудара ды. Атап айтқанда: сұраулы сөйлемді сұрау интонация - сымен, хабарлы сөйлемді, бұл жерде әдеттегі дауыс ыр ғағымен емес, одан басқаша етіп, яғни бастауыш пен ба яндауыш арасында сызықша қойылғандықтан, ол араға үлкен үзіліс жасап, арнайы интонациямен окиды. Жасал ған дауыс кідірісінің аталған сөйлем түрлерін жасауға аса қажетті екенін мұғалім түсіндіреді. Жазуда сызық ша қойылмаса, окуда дауыс кідірісі жасалмаса, “Бұл Ас қар, ол тауық” сияқты (сөйлем емес) сөз тіркестері пайда болатынын мұғалім практикалық жолмен дәлелдеп түсіндіруі тиіс.


Диалог сұрағына жауап беретін мұндай сөйлем құры лымдарын оқушылар өз тараптарынан көптеп жасап ма шықтану керек. Оларды дұрыс жазу мен дұрыс оқу техни касын жете меңгеретін дәрежеге дейін өз бетінше жұмыс істеп дағдылануға тиіс.


Бұл тәріздес жалаң сөйлемдерді құрастыруға үйретудің ендігі бір тиімді жолы ол сөйлемдердің бастауыштарын жіктеу есімдіктерінен жасап, зат есімнен болган баянда уышты үш жаққа жіктеу арқылы сөйлемдер құрастыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет