Лекция бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі


Дауысты және дауыссыз дыбыстар



бет3/9
Дата02.11.2023
өлшемі44.03 Kb.
#482221
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Doc2

Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз у дыбысы ы, і аркылы емес, Ұ, Ү дыбыстары арқылы дыбысталады, яғни дауысты у дыбысына айналып, буын ретінде айтылады.
Қазіргі мектеп жағдайында кездесетін қиындықтың бірі - көпшіліктің орысша сөйлеу салдарынан окушылардың да өзінің ана тіліндегі тума дыбыстарды дұрыс айта алмау фактілерi жиi кездеседі.
Әсіресе қазақ тіліне тән қ, ғ, ң, о, ө, ұ, ү, ы, і сияқты дыбыстарды кате айтып, қате жазатын оқушылар баршылык. Бул жагдай казак тiлiнде дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқыту барысында мұқият ескеруді қажет етеді. Аталған кемшілікті болдырмау мәселесі ұстаздын көп жұмыс істеуін керек етеді. Атап айтқанда, әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу, баланың дыбыстау кабілетін анықтау, кате түрлерін есепке алу, арнайы жаттығулар жүйесін жасау сиякты жұмыс түрлерi мұғалім тарапынан тиянакты аткарылуды талап етеді.
Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар - казак тілінің дыбыстық жүйесінен үлкен орын алатын негізгі фонемалар. Сондыктан да бул такырыпты оқытуға жете назар аударылады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесiн кiшi жастагы окушыларға танытуда оларды жуан және жіңішке топтарға жiктеудiн аса үлкен мәні бар. Өйткені казак тілі басқа туыстас түркi тiлдерi сиякты әйгiлi сингармонизм занына негiзделедi. Дыбыстарды жуан не жіңішке дыбысталуына карай жіктеу сөз мағынасының өзгеруі, сөздердің жуан не жіңішке болып дыбысталуы сиякты тiлдiң дыбыстык жүйесiне тiкелей ыкпал етеді. Мәселен, орыс тiлiнде дыбыстын жуан не жіңішке естiлуi жуандык белгiсi - ъ мен жіңішкелік белгiсi - ь аркылы көрсетiлсе, казак тілінде мәселе мулде баскаша. Атап айтканда, ондай ерекшеліктер ар- найы белгілер аркылы емес, дауысты дыбыстардын жуан-жіңішкелігі аркылы атқарылады. Осыған орай, казак тіліндегі дауысты дыбыстар жуан дауыстылар және жінішке дауыстылар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Бұған байланысты казак тілі оқулығында мынандай анықтама беріледі.

Жуан дауыстылар: а, о, ы, х.
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, і, ү, е.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып жіктелуі сингармонизм құбылысының негізгі бір көрінісі. Сингармонизм дегеніміз дауысты дыбыстардың үндесуі. Бұл құбылыс - (жуан-жіңішкелік) басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, әсіресе қазақ тілінде қатаң сақталады. Олай дейтініміз, қазақ тілінде дауысты дыбыстар өзара қалай болса солай байланыса салмайды, байланысушы дыбыстардың жуан-жіңішке болып дыбысталуына негізделеді, басқаша айтқанда, жуан дауыстылар тек жуан дауыстылармен ғана үндесіп байланысса, жіңішке дауыстылар тек жіңішке дауыстылармен ғана үндесіп байланысады. Осыған қарай, сөздегі дауысты дыбыстар бастан-аяқ не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып жұмсалады, яғни сөздің алғашқы дауысты дыбысы жуан болса, он дағы келесі дауыстылардың бәрі де жуан дауыстылар болып келеді. Мысалы: балалар. Сөздің бастапқы дауысты дыбысы жіңішке болса, келесі дауыстылардың бәрі де жіңішке болады. Мысалы: терезелер. Демек, сөзде әрі жуан, әрі жіңішке дауысты дыбыстар араласа қолданыл майды. Жуан және жіңішке дауыстылар аралас келген сөздер қазақ тілінде тек біріккен сөздерде: Гүлжан, әрқашан және басқа тілдерден енген – кітап, мұғалім сөздерін де ғана кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет