Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет13/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
darister 1-15

метафизикалық (meta phіsіka – грек сөзі, - табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті 
бастамалары жөніндегі ілім) және позитивтік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы 
ғылым және таным методтары (method – грек сөзі, -әдіс) жөніндегі пәнге айналмақ, қалған 
мәселелердің бәрі жеке ғылымдардың үлесіне кете бермек.
Философия пәніне деген мұндай көзқарасты сынға алу үшін, біз бұл ғылымның шығу тарихына 
көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен 
бөлінудің негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің пайда болып (жер өңдеу, оған су әкелу, 
геометриялық, математикалық түсініктерді, мал бағу, көшіп-қону, жұлдыздар мен 
планеталарға, айға қарап, олардың қозғалуы, жерге тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің 
негізінің пайда болуына әкелді), мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап, 
Дүниеге деген ақыл-ойға негізделген білімді тудырғанын атап өтуіміз керек. Негізінен 
алғанда, бұл алғашқы өмірге келген білімнің синкретикалық табиғатын атап көрсеткен жөн - 
ол әлі философия, я болмаса физика, психология т.с.с. емес, оның ішінде барлық болашақ 
Дүниеге келген ғылымдардың ұрығы болса керек.
Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол шынында сол 
кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның алғашқы деректері мен 
тұжырымдамаларын өз бойына сіңірді. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән 
сұрақтары да пайда бола бастайды. Олар – Дүниенің негізінде не жатыр? Адам – ол кім? 
Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік дегеніміз не? т.с.с. сұрақтар. Бұл Дүние жөніндегі шегіне жеткен ең 
жалпы сұрақтар пайда болып, өзінің мазмұнын ғасырлар өткен сайын тереңдете түсті. Көне 
заманның ұлы ойшысы Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық 
философия (ой-өрісінен шығады), практикалық (адамның өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-
әрекетін зерттейді) және көркемөнерлік (шығармашылықты зерттейді).
Аристотель өз заманының ғұлама ғалымы ретінде ғылымның жеке мәселелерімен де 
айналысты, мысалы – жануарлардың дене құрылысы, я болмаса, риторика т.с.с. (rhetorіke – грек 
сөзі, - әсем сөйлеу өнері). Бірақ, бұл ғылым салаларын ол кісі философиядан бөлек ажыратып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет