және Дүниедегі алатын орнымыз қандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде
және ол Дүниенің ішкі сырын аша ала ма? Ақиқат, шындық дегеніміз не? Сезімдік пен ақыл-
ойдың ара қатынасы қандай? т.с.с.
Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі - ол оның
аксиологиялық, яғни,
құндылық
жақтары, құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда
философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда,
философияда мына
сұрақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам өміріндегі еріктік,
әділеттілік, теңдік,
жақсылық, өлшем, парасаттылық т.с.с. құндылықтар қандай орын алады? т.с.с.
Философия пәнінің келесі жағы – ол оның
праксеологиялық,
прагматикалық мәселелері
(praktіcos – грек сөзі – белсенді, іс-әрекетшіл; pragmatos – грек сөзі, -іс-қимыл). Өйткені, адам
Дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай,
өз іс-әрекеттерімен
түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады. Кең
түрде алғанда, философияның праксеологиялық мәселелеріне бүкіл адамзат
тарихындағы
материялық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжрибесі, соларға жеткізген сан-алуан
адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады.
Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниесезімі мен оның
іс-әрекет
Достарыңызбен бөлісу: