Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет16/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
darister 1-15

белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын оның 
қажеттіліктерінің табиғаты неде? Мақсатқа лайықты іс-әрекет деп нені айтамыз? Адамның 
іс-әрекетінде мақсат-мұрат пен соған жеткізетін құралдардың ара-қатынасы қандай? Адам 
өзінің іс-әрекеттерінен шығатын Дүниеге тигізетін барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені 
адамзат қаншалықты өзгертуі керек және де сол өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің ара-
қатынасы қандай болмақ?, - т.с.с. сұрақтар философияның праксеологиялық мәселелеріне 
жатады.
Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей-теңіз сезімдер, рухани 
толғау тудыратын жағын атап өтуіміз қажет. Ол Дүниенің өзін-өзі танып білу дәрежесіне 
көтерген ең әсем күш – адам.
Адам мәселесі әсіресе ХХ ғасырдағы ойшылардың философиясында аса үлкен орын алды. 
Адам – кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа 
тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп 
өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пәнделердің біреуі 
ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді.
Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан 
тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты 
есептеуден де қиын. Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) 
теңеген ертедегі грек ойшылардың ойында үлкен сыр жатса керек.
Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты 
болып белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең 
жалпы қарым-қатынастарын толыққанды суреттей аламыз.
Алайда, әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе, оны зерттеудегі ерекше бір салаға 
деген қызығушылығы болуы мүмкін. Әдетте солай болады да. Мысалы, жаратылыстану 
ғылымдарының өкілдері көбінесе болмыс философиясына (онтология), тәрбие мәселелерімен 
айналысатындар адам және құндылық философиясына (философиялық антропология мен 
аксиология), логика және математика салаларының өкілдері - таным философиясына 
(гносеология), өндіріске жақын әр-түрлі техникалық мамандар иесі – іс-қимыл философиясына 
(праксиологиялық философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. Өйткені, атап өткен философия 
салалары олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ, мұның өзі 
философияның басқа салаларын да ешқашанда естен шығармай, әрқашанда олардың өзара бір-
бірімен байланысын мен біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда ғана біз 
философиялық ой-өрістің шеңберінде


боламыз. Егерде біз философияның белгілі бір саласын толығынан бөліп алып қарасақ, онда ол 
бірте-бірте жеке ғылымдар саласына қарай жылжып, өзінің философиялық қасиеттерінен 
айырылып, жеке ғылымдар саласымен сіңісіп кетуі мүмкін. Философия өз-өзін шегіне жеткен 
ең жалпы сақтап қалу үшін “Адам мен Дүниенің қарым-қатынастарының шеңберінде 
әрқашанда болуы керек. Бұл философияның ерекшелігі оның негізгі мәселесін шешу арқылы 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет