Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет22/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
darister 1-15

реализм деген атақ берілген (realіs – латын сөзі, -шындық).
Әрине, тарихи реализм материалистік және идеалистік ағымдардан кейін қалыптасады, өйткені 
бұл ағым аталған бағыттардың біржақтылығын байқап, бұлардан асып, Дүниеге деген шынайы 
көзқарас жасауға әрекеттенеді. Ал, бірақ, бұл жол өте қиын және адамның ой-өрісін 
философиялық біртектілікке, оны аяғына шейін ұстауға деген іңкәріне қайшы келеді. 
Сондықтан реализм бағыты әрқашанда материалистер мен идеалистер өкілдерінің сынына 
түседі.
Тарихи алғашқы жақсы дамыған, кемеліне келген реалистік философияның негізін жасаған ұлы 
Аристотель болды. Ол өзінің көзқарасында бұрынғы Дүниеге деген натурфилософиялық 
көзқарастарды Платонның идеалистік принциптерімен ұштастырады (natura – грек сөзі, -
табиғат).
Аристотель натурфилософияның шеңберінде дүниеге келген материя ұғымын Платонның бітім 
(morphe, іdea – грек сөздері, forma – латын сөзі, -бітім, түр) категориясымен ұштастырып, 
ажыратпай бірге қарайды. Екеуі де бірдей қажетті, бірдей шындықты бейнелейді. 
Аристотельдің философиясының негізгі қағидасы: “материясыз бітім жоқ, бітімсіз (dunamіs – 
грек . Бұл мәселені нақтылай келе, оларды “мүмкіндік – материя жоқ (energeja – грек сөзі, -
шындық) “шындық сөзі, -мүмкіндік) пен “іске асу категорияларына алмастырады.
Аристотель адамның жан-дүниесінің өзін Платонға қарағанда басқаша түсінеді. Егер Платон 
адамның жан-дүниесінің қайнар көзін аспандағы “идеялар әлемінен тапса, Аристотель 
адамның жаны – ол тірі дененің энтелехиясы, өмірді қамтамасыз ететін ішкі күші.
Аристотельден кейінгі философтар бұл кісінің ұлы философиясының деңгейін биіктете алмай, 
керісінше, біреулері материалистік, келесілері – идеалистік жолға тағы да түсіп кетті.
Х ғасырда пайда болған схоластика реализмге қайта оралғанымен онда Құдай идеясы 
басымырақ болды.
Жаңа дәуірдің философиясының негізін қалаушылардың бірі Р.Декарт реалистік философия 
жүйесін жасайды. Оның ерекшелігі – дүниенің екі бір-біріне тәуелсіз дене және жан деген 
субстанциясы болуы. Олай болса, олар Аристотельдің философиясындағыдай ажырамайтын 
бірлікте емес, керісінше бір-біріне ымыраласпайтын дуалистік жағдайда болады. Сондықтан
Р.Декарт мәңгілік ешкім жаратпаған субстанцияны - Құдайды - өзінің философиясына еңгізуге 
мәжбүр болды. Дене мен жанды адамның табиғатында бір-бірімен байланыстырып 
ұштастырған - Құдай.
Голландия философы Б.Спинозаны екі субстанциялық дуалистік Р.Декарттың көзқарасы 
қанағаттандырмайды. Сондықтан, Спиноза Жаңа дәуірдегі ұлы реалистік философияның 
жүйесін жасайды.
Б.Спинозаның субстанциясы біреу, ол - дене - шексіз де мәңгілік өзінің өмір сүруі үшін еш 
нәрсені қажет етпейтін өз-өзіне жеткілікті, себебі - өзінің ішінде (causa suі – латын сөзі, -себебі 
өзінде). Ол - Құдай, я болмаса, Табиғат, өйткені, Спиноза оларды бір-бірімен теңеп пантеистік 
көзқараста болды.
Ал бізді жағалай қоршаған шектелген дүниенің заттары мен құбылыстарын алатын болсақ - 
олар субстанцияның жеке модустары, көріністері ғана (modus – латын сөзі, -өлшем, тәсіл, кейіп, 
түр).
Шексіз субстанцияның екі атрибуты (attrіbuo – латын сөзі, қасиет, тағу) арқылы адам дүниені 
танып біле алады. Олар – созылу мен ойлау. Әрбір зат субстанцияның модусы ретінде 
кеңістікте созылып жатыр және белгілі бір идеяны көрсетеді. Ал адамға келетін


болсақ, ол Дүниедегі ең күрделі зат –оның ойлау дәрежесі ең дамыған, ол өз-өзін ойлай алатын 
денелік пенде.
Х1Х ғасырда реализмнің ерекше . түрі дүниеге келеді. Ол неміс философы А.Шопенгауэрдің 
“еріктік философиясы Оның айтуына қарағанда, Дүниенің ең терең сыры оның өмірге деген 
ессіз, мақсатсыз талпынысында – негізі жоқ ерікте. Дүние – ызаға толы, өзін-өзі тіліп жатқан 
аласұрған жыртқышқа ұқсайды. Дүниенің негізінде жатқан өмірге деген мақсатсыз ерік, әрине, 
нақтылы өмір сүріп жатқан барлық заттар мен құбылыстарға тән. Олай болса, олардың 
арасында таусылмайтын мән-мағнасы жоқ жүріп жатыр. “барлығының барлығына деген 
соғысы
Ал адамдарға келер болсақ, Дүниежүзілік еріктің оның табиғатындағы көрінісі әр кісінің шексіз 
өзімшілдігінде (эгоизм) байқалады. Өмірге деген ерік әр адамның үстемдікке талпынуына 
әкеліп, оларды зардап шегуге, бақытсыздыққа әкеліп соғады.
Мемлекет, заңдық күрес оны жоя алмайды. Жалғыз амал – Будданың жолы - өмірге деген 
еріктен бас тарту …
ХХ ғасырда өмір сүрген реалистік философияның ұлы өкілдерінің бірі- француз ғылымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет