құбылыстарды адамға ұқсатып түсіндіреді – оларды жандандырады. Әрі қарай жүре келе,
адамның абстрактылық ойлау дәрежесі жоғарылаған сайын, идеализмнің дүниеге келуіне толық
жол ашылады. Өйткені, қайсыбір Дүниедегі құбылыстарды бейнелейтін жалпы ұғымдарда сол
заттардың ішкі терең мәні берілген. Сезіммен қабылданатын сол заттар күнбе-күн өзгеріп,
тіпті
өмірден кеткенмен, ұғымның мағнасы тұрақты болғандықтан, ол өмірде қала береді. Мәселенің
екінші жағы - қайсыбір
нақтылы зат, құбылыс өзінің ұғымына ешқашанда толық сәйкес
келмейді (ханның қызында да деген нақыл сөзінде терең кемшіліктер бар). Сондықтан, ұлы
Абайдың “адам бол сыр жатыр. Өйткені, бұл Дүниедегі өмір сүріп жатқан миллиондаған
адамдардың ішінен бірде-бір адам идеясына толығына сәйкес келетін жанды табу мүмкін емес.
Тірі адамның үлесі - өмірінің соңына шейін күнбе-күн өзін жетілдіруге тырысу, сол адам
ұғымына жеткенінше сай болу.
Олай болса, идеалистердің айтуына қарағанда ұғым шынайы
болмысқа жатса, нақтылы дүниеге келіп, біршама уақыттан кейін дүниеден кетіп жатқан мінді
заттар –
елес, жалған болмыс ретінде түсіндіріледі.
Егер материализм адамның ішкі өмірінен гөрі сыртқы дүниені танып-білуге бағытталса,
идеализмнің ең негізгі мәселесі – адам, оның өмірі мен ой-өрісі, тағдыры мен үміті, зардабы
мен қуанышы т.с.с. Сондықтан идеалистік философияның аксиологиялық, праксеологиялық
жақтары онтологиялық, гносеологиялық жақтарына қарағанда басымырақ болады.
Идеалистік
философияның негізгі екі түрін бір-бірінен ажыратуға болады: ол
объективті және
Достарыңызбен бөлісу: