Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет36/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
darister 1-15

мәдениеті экстраверттік (extra,- латын сөзі,- сыртқа бағытталған деген мағна береді),- жағалай 
қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болып шықты.
Бұл арада "Шындық қайда, кімнің қолында,- Батыста, я Шығыста ма? ",- деген заңды сұрақ 
пайда болады. Батыс Рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениеттік тарихында жағалай 
қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан-алуан жетістіктерге жетті – оның айқын көріністері - 
ғарыштағы ұшып жүрген жасанды Жердің серіктері, бүкіл Дүниежүзін шырмап алған Интернет 
жүйесі, өмірдің шын сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клональдау эксперименттері, 
миллиондаған әр-түрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с.
Бірақ, сонымен қатар, өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар ХІХ ғ. аяғынан бастап-ақ бүкіл 
ХХ ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағанын ашық айтқан болатын 
(О.Шпенглер, Х.Ортега-и-Гассет, Э.Фромм, Г.Маркузе т.с.с.). Материалдық Дүниені өз еркіне 
көндіріп оны өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бүгінгі таңда әбден көзі 
жетті. ХХғ. өткен екі Дүниежүзілік соғыстар, соның нәтижесінде қырылған миллиондаған 
адамдар, бүгінгі таңдағы экологиялық апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдық 
жағынан бай болғанымен рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бәрі де – Батыс 
өркениетінің тұйықтыққа келіп тірелгенін көрсетеді.
Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны өз мәдениеті
дүниесезімімен ұштастыра білген елдерді саусақпен ғана санауға болады (Жапония, Малайзия, 
Сингапур, Оңтүстік Корея). Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше 
тарихы болса да, көп Шығыс елдері жаңа ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады – 
онда кедейшілік пен қайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс 
елдеріндегі халықтар Батыс mass medіa туындыларын қабылдамайды, өйткені, олардың рухани 
болмысына олар қайшы келіп қалың бұқараның наразылығын тудырады. Сонымен қатар
әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп алшақтай 
түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдердің табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға 
мәжбүр етуі т.с.с. себептер, әсіресе, ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде экстремизм мен 
терроризмнің етек алуына, сонымен қатар, "ғаламдасу үрдісімен " бірге кіретін Батыстың 
зорлық-зомбылық, порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым 
адамдардың "таза исламға қайтып оралу" идеясын насихаттайтын вахабизм сияқты кертартпа 
діни ұйымдардың құрамына кіріп, саяси эстремизмнің қайнар көзіне айналып жатқанын 
байқауға болады.
Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ сияқты. Бүгінгі таңдағы адамзат 
болмыс тірегін бір жағынан ашынған, қорқынышты үрейлік сезіммен, екінші жағынан, 
бітпейтін үмітпен іздестіруде… Бұл адамзат ізденістеріне, құрметті оқырман, сіз де, пісіп-
жетіле келе, өз үлесіңізді қосарсыз деген үміттеміз.
Енді болмыс ұғымын әрі қарай талдасақ, оның құрамынан негізгі екі шындықты табуға болады: 
оның бірі – жағалай бізді қоршаған табиғат, материалдық әлем, екіншісі – рух әлемі, адамның 
жан-дүниесі мен санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасынан тәуелсіз 
өмір сүрсе, екінші – рух әлемі – адамның, яғни субъектің ішкі жан-дүниесімен, оның ырқы, 
қалауы, қажеттіктерімен тығыз байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық 
әлемді анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз. Уақытында ұлы 
Л.Фейербах айтқанындай "Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни, болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну
түсіну дәрежесіне көтеріледі ".
Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіні тудырады, яғни ол материалдық денесі, 
сонымен қатар, санасы бар, өзінің сан-алуан қажеттіктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатын 
пенде – адам. Сонымен, жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойында жинақталады екен. 
Адам дене ретінде өз қажеттіліктерін өтеп, басқа тіршіліктер сияқты осы болмыста өмір сүреді. 
Сонда адам болмысы осы тіршілікте болумен теңеле ме ? Бұл дүниеде құмырсқа да, жаңбыр 
құрты да өмір сүріп жатқан жоқ па? - Әрине, адамды


құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды 
шынайы адам қылатын – оның санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатын 
шығармашылық іс-әрекеті емес пе ?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол өз болмысын бұлдыр, 
көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы Әлем жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл 
өмірде тіршілік жасап қоймай, сонымен қатар, Дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның 
әржағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді, "мен бұл Дүниеге не 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет