Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде "болу", "өмір сүруге"
келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде "бытие" - "быть", ағылшын тілінде "beіng" - "to be"
– деген етістіктен шыққан). Олай болса,
болмыс ұғымы Дүниеде өмір сүріп жатқанның
бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әрине, Дүниеде өмір сүріп жатқан
нәрселердің сан-алуан қасиеттері бар – олар
көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл - құрғақ, т.с.с.-
шексіз айта беруге болар еді. Бірақ, олардың бәрін біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір
сүруі, яғни, - болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай ешнәрсеге талдау жасай
алмас едік
. Бұл – философиялық бастама.
Алайда, философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдардың үлкен қиындыққа тап
болғанын байқаймыз. Өйткені, жағалай қоршаған Дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-
бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды.
Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға
да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған
жылдардан кейін құмға, шаңға айналып ғайып болады. Яғни,
болмыс бейболмысқа ауысып
жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені "жалған" деп түсінген. Үнді ойшылдары
да бұл Дүниені "Ұлы сағым - Мая" деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты
"жоғала бастаған болмыс" , "Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу",- деп түсінді.
Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі негізгі қиындық - бір
жағынан, Дүниенің
ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске түссе де -
өмір сүріп қала
Достарыңызбен бөлісу: