Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет37/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
darister 1-15

үшін келдім",- деген сұрақты өз алдына оқтын-оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған 
сұрақ "to be ore not to be? – That іs the guestіon! " ( Болу ма, я болмау ма? – Міне, негізгі сұрақ !) 
– адамзаты қаншалықты өмір сүрсе, соншалықты өміршеңді болып қала бермек. ХХ ғ. 
ортасында бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті американ философы Э.Фромм, қазіргі 
Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі болмысын баю, иелену арқылы көреді,- деген 
тұжырымға келіп, оның тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің 
трагедияға толық тарихында өз жолынан таймай "жігіт бір сырлы, сегіз қырлы" болу керек, әр 
күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан, өнер-сайысқа айналдыру керек деп есептеген – бұл 
оның даналығын көрсетеді. Бірақ, бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара жолдан тайып, 
Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарай ауысып бара жатқан жоқпыз ба?,-деген сұрақ та 
ойландырмай қоймайды.
Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде Жер бетінде "екінші табиғат
болмысы пайда болды. Егер "бірінші табиғат" деп біз адам қолымен өзгеріске түспеген тағы 
табиғатты айтатын болсақ, "екінші табиғат" - адамның саналы іс-әрекеті арқылы өзгеріске 
түскен. Егер жануар өзіне қажеттінің бәрін таза табиғаттан тауып алатын болса, адам оған 
қанағаттанбайды. Сондықтан, ол табиғатты өзгертіп, өз мүддесіне сай етіп өмір сүреді. Оның 
бүгінгі таңдағы көріністері – алып қалалар, асфальт және темір жолдар, жасанды көлдер мен 
ормандар, мәшинелер мен неше-түрлі техникалық жабдықтар т.с.с. Олардың бәрі де саналы іс-
әрекеттің туындылары. Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғаттың 
туындыларында сөнген, яғни, заттанған. Қайсыбір адамның қолымен жасалған заттың 
негізінде белгілі-бір идея жатыр. Сол жасалған затты пайдаланып, оны игерген кезде,- сөнген 
идея дереу "лап етіп жанып" тағы да сол адамның ішкі рухани өмірінің құрамдас бір бөлігіне 
айналады, яғни заттанған идея өзінің материалдық қабығынан босап, тағы да санаға айналады. 
Екінші табиғаттың бұл терең сырын жете түсіну үшін, оқырманға бір қарапайым мысал 
келтірейік. Егер сіздің мәшинәңіз сынып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең 
алдымен ол қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, бұл жәйтті түсінген кезде, соны ойлап 
шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған идеясын тағы да "тірілтіп" өз санаңыздың 
байлығына айналдырасыз. Егер сіздің техникаға икеміңіз болса, сол бөлшектің жетілмеген 
жерін анықтап оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін. Оны қоғам рационализаторлық әрекет деп 
бағалайды. Идеяның затқа, заттың қайта идеяға айналу диалектикасын осы мысалдан көруге 
болады. Қорыта келе айтарымыз – мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыққан 
туындыларда оның барлық дүниеден алған тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған. 
Әрбір Дүниеге келген жаңа ұрпақ соларды игеріп, оны әрі қарай дамытып, өзінің рухани 
байлығына айналдырады.
Енді, міне, сол "екінші табиғатты" тудырған адамның рухани болмысын талдауға да уақыт келіп 
қалған сияқты. Алғашқы жақындағанда, оны екіге бөлуге болады. Біріншіден, ол тарихи 
сахнада өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адамның рухани өмірі – оны субъективті рух деуімізге 
әбден болады. Тірі адамның түйсіктері, сезім тебіреністері, ырқы, өзіндік сана-сезімі, ғылыми 
түсініктері, тіпті бейсаналық инстинктері – бәрі де оның ішкі рухани өмірін құрайды. Адамның 
ішкі өмірі сыртқы Дүние сияқты – тұңғиық, шексіз. Сондықтан да көне гректер адамды 
"микрокосм" ретінде қарап оны "макрокосмға", яғни, Дүниеге теңеген болатын. Бір адам басқа 
адамның ішкі дүниесін толық білмек түгіл, кейбір кезде өз ішінен бұрын білмеген қасиеттерді 
тауып алып таңғалады !! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет