Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе



бет31/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

АҒЗАНЫҢ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕСІ.

ИММУНИТЕТ ТҮРЛЕРІ. АҒЗАНЫҢ БЕЙАРНАМАЛЫ ҚОРҒАНЫС ФАКТОРЛАРЫ. ИММУНИТЕТТІҢ АРНАЙЫ ФАКТОРЛАРЫ. ҚАРСЫДЕНЕЛЕР, ҚАРСЫТЕКТЕР. ИММУНОПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ ИММУНОТЕРАПИЯ НЕГІЗДЕРІ
Иммунитет дегеніміз - ағзаның патогенді микроорганизмдерді немесе қарсы денелерді қабылдаушылық қасиеті. Иммунология - ағзаның бөтен заттарға, бөтен микробтарға қарсы әсерін зерттейтін ғылым. Иммунинет 2 - ге бөлінеді: 1. туа пайда болған (наследственное); 2. жүре пайда болған. Жүре пайда болған 2 - ге бөлінеді: 1. табиғи иммунитет; 2. жасанды иммунитет.

Табиғи иммунитет - қалыптасқан немесе инфекциялық процестен пайда болған иммунитет. Жасанды иммунитет - жасанды иммундаудан (вакцинациядан) кейін пайда болған иммунитет.

Табиғи иммунитет 2 - ге бөлінеді: 1. белсенді (активті) иммунитет - инфекциялық аурудан кейін пайда болады (мысалы: қызылша, ветряная оспа, оба); 2. енжар (пассивті) иммунитет - жаңа туған сәбилерде болады анасының жатыры арқылы, ана сүтінен беріледі. Бірақ бұнда иммунитет тұрақты емес, 6-8 айдан кейін жоқ болады. Жасанды иммунитет 2 - ге бөлінеді: 1. белсенді (активті) иммунитет - иммундаудан кейін прививкіден кейін пайда болады, әсері 3-4 аптадан кейін болып, 3-5 жылға дейін созылады. 2. енжар (пассивті) иммунитет - ағзаға дайын қарсыденелер енгізгеннен кейін пайда болады (сарысулар, иммуноглобулиндер) бірақ әсері ұзақ емес, 15-20 күннен кейін жоқ болады.

Иммунитеттің даму механизміне байланысты:

1. антимикробтық - микроорганизмге қарсы;

2. антитоксикалық иммунитет - бактериялардың уына, токсиндерге қарсы;

3. антивирустық - вирустарға қарсы болып бөлінеді.

Ағзаның инфекциялық ауруға қарсы қабылдамаушылық қасиеті оның арнайы және бейарнамалы қорғаныс факторымен байланысты.

Бейарнамалы факторлар ағзаның туғаннан пайда болған микрооргангомдерді жоюға арналған қабілеті.

Арнайы қорғаныс факторлары ағзамен қоздырғыш немесе оның токсині жанасқан кезде пайда болады да, оның әсері тек қоздырғышқа немесе токсиніне бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет