Іш сүзегі, паратиф А жэне В
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Инфекция қоздырғыштары адам нәжістерімен ластанған заттар арқылы, қол арқылы, су және тамақтар арқылы тарайды. Сонымен қатар шыбындар да таратады. Таралу жолына байланысты тұрмыстық, су және тамақ арқылы жұғу түрлері болады.
Патогенез. Ауыз арқылы жұғады. Ауыз қуысынан микроорганизмдер асқазанға түседі, онда асқазан сөлі мен ферменттердің әсерінен бұзылады. Қалған сальмонеллалар аш ішекке түсіп, одан ішектің лимфоидті тіндерінен өтіп, бүкіл инкубациялық кезенде көбейеді. Осы кезеңнің соңында қоздырғыштар лимфаға және қанға түсіп, бүкіл организмге жайылады (бактериемия). Бұл кезде олар ішкі органдардың лимфоидті тканінде, макрофагтарда, бауырда, талақта, жілік майында орналасады. Сальмонеллдер өтте жиналып, көбейеді, себебі өт бактерияларға жақсы қоректік орта. Аш ішекке қайтадан өтіп, арнайы іш сүзегінің жарасын тудырады. Бактериемия кезінде кейбір бактериялар бұзылып, эндотоксин шығып интоксикация пайда болады: қызу көтеріледі, әлсіздік, бас ауру, т.б.
2 - ші, 3 - ші аптада сальмонеллдар организмнен зәр, нәжіс сілекей арқылы бөлінін шығады. Сауығу кезеңінде (реконволесценция) организм қоздырғыштан арылып, фагоцитарлы белсенділігі артады, қанда қарсыденелер пайда болады.
Ауру бактериятасымалдаушы болып қалуы да мүмкін.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет қалады. Ауруды қайталануы сирек. Ауру кезеңінде қанда қарсыденелер пайда болып, қансарысуда көпке дейін сақталады.
Алдын - алу шаралары. Жеке гигиена және санитарлы-гигиеналық шаралар: су көзін бақылау, азық - түліктерді және қоғамдық тамақтану мекемелерін бақылау.
Арнайы шаралар. Химиялық вакциналар, анатоксин, Vi -антигені бар спиртті вакцина, ошақта аурумен жанасқан адамдарға іш сүзегіне қарсы бактериофаг.
Емі. Антибиотиктер: левомицетин, тетрациклин.
Тамақтан улану инфекциясы (токсикоинфекция).
Инфекция көзі. Жануарлар мен құстар, ауру адамдар мен бактериятасымалдаушылар.
Таралу жолдары. Ауру сальмонеллдер жұққан ет, сут, жұмыртқа, ет және сүт тағамдары аркылы таралады.
Патогенез. Сальмонеллдер ауыз арқылы организмге енеді, эндотоксин қанға тарап, токсикоз, қарын - ішектер зақымданады, ауру 4-5 күнге созылады, кейде бактериятасымалдаушы болып қалады.
Иммунитет. Тұрақсыз, себебі сальмонеллдің сероварлары өте көп, ал иммунитет тек қана 1 түрге болады, сондықтан адам қайтадан ауруы мүмкін.
Алдын - алу шаралары. Мал, мал союде ветеринарлық - санитарлық бақылау. Қоғамдық тамақтану мекемелерінде санитарлық- гигиена сақтау.
Арнайы шаралар. Сальмонеллез ошағында болған адамдарға сальмонеллезге қарсы бактериофаг беру.
Емі. Асқазанды жуу, көп мөлшерде сұйық тағайындау, антибиотиктер.
Достарыңызбен бөлісу: |