Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе


Микробиологиялық зерттеу.Зерттеу мақсаты



бет41/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

Микробиологиялық зерттеу.Зерттеу мақсаты.

Стрептококкты табу және оның серовары анықтау.

Зерттеу материалы:
1. Аңқадан шырыш алу (ангина, скарлатина)

2. Зақымданған теріден жағынды (стрептодермия, рожа)

3.Ірің (абсцесс); 4. Зәр (нефрит); 5. Қан (эндокардит, сепсис);

Материилды алу әдістері.



  1. Кілегей қабаттан шырыш – стерильді мақта тампонымен алады.

  2. іріңді ашық жарақаттан – стерильді мақта тампонымен алады.

  3. іріңді жабық жарақаттан – стерильді шприцпен алады.

  4. қан- тамырдан шприцпен 10 – 15 мл алады.

  5. зәр – катетермен стерильді ыдысқа алады.

Негізгі зерттеу әдістері: 1.Бактериологиялық,

2. Микроскопиялық


Пневмококктар
Пневмококктарді бірінше рет 1871 жьшы Р.Кох анықтаған.

Морфология. Пневмококктар бұл диплококктар - екі – екіден орналасқан, көлемі 0,75 - 0,5 * 0,5 - 1 мкм. Сұйық ортада тізбектеліп стрептококктарша орналасады. Пневмококктар қозғалмайды, спора түзбейді, организмде капсула құрады. Капсулада ыстыққа шыдамды антифагин деген зат болады, ол пневмококкты фагоцитоздан және қарсыдененің әсерінен қорғайды. Жасанды қоректік ортада капсуласы жойылады. Пневмококк Грам оң. Культиврлеу. Пневмококктар факультативті анаэробтар 36 - 37 градус температурада, рН 7,2 - 7,4 ортада өседі. Олар қоректік ортаға талғампаз, себебі өздері аминқышқьшдарын синтездей алмайды. Қансарысу агарда ұсақ, нәзік, мөлдір колониялар құрайды.

Қанды агарда жасыл аймақпен қоршалған, жасыл - сұрғылт түсті дымқыл колония құрайды, жасыл түс - бұл гемоглобиннің метгемоглобинге айналуы.

Пневмококктар қансарысу сорпада жэне 0,2 % глюкоза қосылған сорпада жақсы өседі. Сұйық ортада өсім лайланған және түбінде тұнба болады. Ферментативті қасиеті. Пневмококктардың қантыдырату қасиеті жақсы дамыған, олар лактозаны, глюкозаны, сахарозаны, мальтозаны, инулинді қышқылға дейін ыдыратады. Маннитті ыдыратпайды. Белокыдырату қасиеті нашарлау: сүтті ұйытады, желатинді ерітпейді,

Индол түзбейді. Пневмококктар өтте ериді. Инулинді ыдыратуы және өтте еруі пневмококкті, стрептококктан ажыратуда диагностикалық маңызы зор. Патогендік факторы. Пневмококктар гиалуронидаза, фибринолизин, т.б. өндіреді. Токсин түзуі Пневмококктар эндотоксин, гемолизин, лейкоц түзеді. Вируленттігі пневмококктың капсуласындағы антифагинге байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет