Бақылау сұрақтары
Формулалар редакторы не үшін қолданылады?
Формулалар редакторын қалай іске қосамыз?
Объектілер тізімінде Формулалар редакторы жоқ болған жағдайда не істеу керек?
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. О.Сейітқұлов Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар. Оқу құралы-Шымкент, 2012 (50д)
2. Медетбекова Р. Информатика. Оқулық-Шымкент-2011 (20д)
3. О.Ибрагимов WEB бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы-Шымкент, 2015 (30д)
4. Зәуірбеков Н. Алгоритмдеу және программалау негіздері. Оқулық –Қарағанды, 2014 (15д)
5. Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама. 1-бөлім. Оқулық-Алматы, 2013 (10д)
6. Алдажаров Қ. Компьютерлік желілер. Оқу құралы-Алматы, 2010 (10д)
7. Таненбаум Э. Компьютерлік желілер. Том-1. Оқу құралы-Алматы, 2013 (10д)
8. Беркімбаев К. Информатика. Оқулық-Алматы-2010 (12д)
9. Королева Н. Информатика. Оқулық-Алматы-2012 (10д)
Лекция №13
Графикалық объектілерді қою.
1. Графикалық объектілерді қою.
2. Формулалар редакторын пайдалану. MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері.
3. Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу.
4. Презентация материалдарын баспаға шығару.
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы презентация материалдарын дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лiк мөлдiр қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестiрiлетiн материалдар, компьютер экранында анимациялық көрiнiстердi бейнелей алатын тұсаукесерлерді дайындау мүмкiндiгiн бередi. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.
MS Powerpoint программасын жүктеудің ең қарапайым тәсілі – есептер тақтасындағы ПускПрограммыMicrosoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту.
Powerpoint программасы iске қосылған мезетте презентация құрудың тәсiлдерiн таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкiндiгiн беретiн сұхбаттық терезе ашылады (1-сурет).
1-сурет. Power point программасының сұхбаттық терезесі.
Автомазмұн шеберi (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгiлi тақырыпқа сәйкес мәтiн және безендiру элементтерi енгiзiлiп сақталған презентациялар тiзiмiнен қажеттiсiн таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.
Презентациялар шаблоны (Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендiру элементтерi сақталып қойылған шаблон түрiне келтiрiп дайындау мүмкiндiгiн бередi.
Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтiн енгiзiлмеген және безендiру элементтерi пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкiндiгiн бередi.
Презентацияны ашу (Открыть презентацию) ауыстырғышы бұрын – құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкiндiгiн бередi. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейiн, ашуға қажеттi презентация сақталған орынды көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезе ашылады.
Microsoft PowerPoint программасы iске қосылғаннан кейiн пайда болған сұхбаттық терезеде Автомазмұн шеберi өрiсiн таңдап, ОК батырмасын шертемiз. Осы кезде Автомазмұн шеберi iске қосылады (2-сурет).
2-сурет. Автомазмұн шеберi көмегiмен презентация құру терезесі.
Автомазмұн шеберi презентация құру үшiн сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап берудi талап етедi:
1-шi қадамда Презентацияның түрi, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесi қадамға өту үшiн қажеттi тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай (Далее) батырмасын шертемiз.
2-шi қадамда Презентацияны көрсету тәсiлдерi, презентацияның баяндамашы өзi түсiндiретiн болғандықтан тек иллюстративтi слайдтардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрiнде дайындалып, көрермендер өз беттерiнше қарауға арналатын опцияларының бiрiн таңдау қажет;
3-шi қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектiгiн көрсету қажет.
4-шi қадамда Қосымша мәлiметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтiндердi терiп жазамыз.
Осы сұрақтардың бәрiне жауап алғанннан кейiн автомазмұн шеберi презентацияны дайындайды. Тиiстi мәлiметтердi енгiзгеннен кейiн Дайын (Готово) батырмасын шертемiз.
Дайын болған презентациядағы мәтiндердi өз ыңғайымызға қарай өзгертiп, арнайы эффектiлер қосып, көркемдеу элементтерiн қолдана аламыз. Автомазмұн шеберiн презентациямен жұмыс iстеп отырған кезде қосу қажет болса, ФайлҚұру (ФайлСоздать) командасын орындап, ашылған сұхбат терезенiң Презентациялар iшкi бетiнде Автомазмұн шеберi шарт белгiсiнде тышқанды екi рет шерту жеткiлiктi.
PowerPoint программасында көркемделiп, дайындалған презентациялар шаблондар түрiнде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетiн PowerPoint программасы iске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкiндiгi бар. Осы опция таңдалғаннан кейiн Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерiнен түратын, Презентацияны құру сұхбаттық терезесi ашылады (3-сурет).
3-сурет. Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) сұхбат терезесі.
Осы сұхбаттық терезе ФайлҚұру командасын жүктегенде де ашылады. Сұхбаттық терезенiң оң жақ шетiнде орналасқан үш батырма көмегiмен презентациялар тiзiмiн iрi шарт белгiлер, ұсақ шарт белгiлер және кесте түрiнде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқан көмегiмен белгiлеген кезде шығатын үлгiден қарап отырып, өзiмiзге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертемiз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбаттық терезесi шығады (4-сурет). Бұл сұхбаттық терезеде қажеттi слайдтың түрiн көрсетуiмiз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос перзентация пайда болады. Осы презентацияға тиiстi мәтiндердi енгiзiп, арнайы эффектiлер қосып, көркемдеймiз.
4-сурет. Слайд құру сұхбаттық терезесi.
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтерi қолданылмаған таза презентация құру әрекетiн:
1)PowerPoint программасын iске қосу мезетiнде экранда пайда болған сұхбат терезенiң Презентация құру өрiсiндегi Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;
2)Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенiң Жалпы (Общие) астарлы бетiнде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгiсiн таңдау арқылы;
3)Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.
Осы әрекеттердiң бiрi орындалған соң экранда Слайд құру сұхбаттық терезесi ашылады (5-сурет).
5-сурет. Бос презентация (Пустую презентацию) құру сұхбаттық терезесі.
Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестiру схемасын таңдау әрекетiн Слайд құру сұхбаттық терезесiнде жүзеге асыруға болады. PowerPoint программасында слайдтар белгiленуiнiң 24 түрлi варианты бар. Осы варианттар iшiнен өзiмiзге қажеттiсiн таңдаған соң ОК батырмасын шертемiз.
Достарыңызбен бөлісу: |