Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Жалпы, информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер



бет2/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Жалпы, информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер:


  • информацияны алып, өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;

  • оны өңдеу үшін жинақты түрде нұсқаулар тізбегін(алгоритмін) құру;

  • машина түсіне алатын командаларды(командалар жүйесін) пайдаланатын бір программалау тілінде алгоритмді программаға айналдыру;

  • программаны ЭЕМ-де орындап, нәтиже алу;

  • нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;

  • керек кезінде пайдалану үшін берілген мен дұрысталған программаны тасымалдаушыларға тиеп, сақтау.

Информатикада жаңа информациялық технологиямен қатар ннформациялық жүйелер (ИЖ) ұғымы да кеңінен пайдаланылып келеді. ИЖ –басқару функцияларын іске асыратын нысан (объект) жөнінде информацияны алуды, беруді және өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. ИЖ-ні пайдалану түрлері:

  • ұйымдастырылған басқару;

  • ғылыми зерттеулер жүргізу;

  • автоматты түрде жобалау;

  • технологиялық процестерді басқару және т.б.

Ұйымдастырылған басқару ИЖ-сі өнідірістік, өндірістік емес мекемелер(банктер, сақтандыру компаниялары, биржалар т.б.) сияқты басқару аппараттарының жұмыстарын автоматтандыруға арналған т.с.с.
Ғылыми ИЖ ғылыми жұмыстарды автоматтандыру, статистикалық информацияны талдау сияқты жұмыстарда пайдаланылады.

Электронды есептеуіш машиналарының даму тарихы


Адамзат барлық тарихи кезеңдерде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға мұқтаж болған. Есептеу жұмыстарының қажеттілігі артьш оны жеңілдету үшін арнайы құрал-жабдықтар, есепшот, арифмометр, арнайы математикалық кестелер шығарыла бастады.
Мысалы: XVII ғасырдың 40-шы жылдарында Б.Паскаль (1613-1662) сандарды қоса алатын механикалық құрылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч.Бэббидж (1792-1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. ХХ-ғасырдың ортасында информацияны өндеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның карқынды дамуына себепші болды.
Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техника аспаптары Электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады. ЭЕМ-нің даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді.
I-ші кезең. 1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ - дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істеген, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болған.
II-ші кезең. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен-транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталғанымен, көлемі жүз есеге дейін кішірейтілді.
IIІ-ші кезең. 70-жылдың соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың (біріккен интегралдық схемадан-БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.
IV-ші кезең. Дегенмен, микрокомпьютерлердің дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен "дербес компьютер" деп аталатын шағын компьютердің шығуы болды. Қазіргі кездегі шыққан IBM фирмасының компьютерлері (8086, 80286, 80386, 80486) қарқынды дамуда. Соңғы шығып жатқан компьютерлер Pentium-дер (Pentium I, Pentium II, Pentium III, Pentium IV) болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет